Материалдар / Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мен тәрбиелеудегі заманауи педагогтың ролі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мен тәрбиелеудегі заманауи педагогтың ролі

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мен тәрбиелеудегі заманауи педагогтың ролі туралы өз тәжірибемді бөлісу
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Эссе

Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мен тәрбиелеудегі

Заманауи педагогтың рөлі


Ғылым  иесі  ғалым  да,  ел  қорғаған  батыр  да, тілінен  бал  тамған ақын  да,  тегеуріні   темір   балқытқан   жұмысшы  да, егін  салған диқан да, мал  бағып   терін   төккен  шопан  да, көк  күмбезінен  әрі  өткен ғарышкер  де  бәрі — бәрі  ұстаздан  білім,  тәлім-тәрбие  алған,  сондықтан ұлағатты  ұстаздарға  бүкіл  адам баласы  құрметпен  бас  иеді.

Ал мұғалімнен де бұрын мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндерді жан-жақты білімді, өнерлі, ибалы да инабатты, ұлтжанды ержүрек етіп тәрбиелеу мектепке дейін даярлап тәрбиелейтін балабақшадағы тәрбиешілерді балалардың алғашқы ұстазы десе де болады. Балабақшаға ешнәрседен  хабары  жоқ, кіршіксіз таза, жазылмаған ақ парақ секілді бүлдіршіндер келеді. Ал олардың бойларына барлық ізгі қасиеттерді сіңіру, қазақы салт-дәстүрлерді үйретіп, елін, жерін, отанын шексіз сүйетін, білімге, өмірге құштар патриот ұл қыздарды тәрбиелеу балабақшадағы тәрбиешілердің білім біліктілігімен қатар отан алдындағы жауапкершілігін сезінуіне байланысты. Қиындығы  да, қызығы  да  жетерлік, ең  бастысы  —  жауапкершілігі   жоғары  мамандықтың  бірі  бала тәрбиелеу  екені  ақиқат. Өйткені  бұл  мамандық  иелерінің  мойнына  кішкентай   ғана   бүлдіршіндердің   бойына  білім  нәрін  сеуіп, алғыр да, өмірге құштар, өзіне сенімді, ержүрек батыр, елжанды, тәрбиелі патриот  етіп  шығару  міндеті  жүктелген. Қазіргі заманда балабақшаға бармайтын мектепке дейінгі тәрбиешінің алдынан тәлім-тәрбие  алмайтын  балалар жоқ десе де болады. Балабақшадағы тәрбиешінің  берген  тәрбиесі мен алғашқы білімі  әрбір баланың  өміріне  жол  сілтер  шамшырақ  болары  анық.

Мен, 2000 жылы Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, қазіргі Кейден елді мекенінде ұстаз педагогтар отбасында дүниеге келдім. Атам Тұрабайұлы Айдар осы ауыл мектебінің алғашқы басшысы, әрі мұғалімі болып қызмет атқарған. Менің атам әрі ұстазым Айдар ағай (ауыл бойынша ол кісіні осылай атайды) ауылдағы № 208 орта мектепте 40 жылдай ұстаздық қызметін атқарып, абыроймен зейнетке шықты. Ал әкем Нұрлан мен анам Жанат атамның ұстаздық жолын жалғастырып, осы мектепте денешынықтыру пәні бойынша дәріс беріп, балаларды түрлі спорт түріне баулып, салауаттылыққа тәрбиелеуде. Дана  халқымыз «Ұяда  не  көрсең,  ұшқанда  соны  ілерсің»  демекші,  ұстаздар  жанұясы  болғанымыз  мен  үшін  үлкен бақыт. Мен өз отбасымнан әрбір  ұстаздың  бойында  болатын білімділік пен тәрбиелік,  төзімділік пен сыпайылық, тазалық пен адамгершілік, еңбек сүйгіштік пен адалдық, елжандылық пен патриоттық, тиянақтылық пен жауапкершілік сияқты жақсы  қасиеттерді көріп, үйреніп, бала жүрегіммен сезініп, осы жақсы қасиеттерді бойыма  сіңірдім және баланың  бойына  ақыл — білім  дәнін  сеуіп,  аялап,  көңілін  табуды,  барлық баланы алаламай, бірдей көріп сүйе  білуді  үйрендім. Сондықтан да қиындығы  да, қызығы  да  жетерлік, ең  бастысы  —  жауапкершілігі   жоғары  мамандықты яғни тәрбиеші мамандығын таңдадым. Себебі, көңілі кіршіксіз таза, еш уайымсыз, пәк, әрі бал қылықты бүлдіршіндерді өте жақсы көремін.

Менің  түсінігімдегі  тәрбиеші – рухы  таза,  ой – өрісі  биік, білімді де тәрбиелі, шыдамдылық  пен  та­бандылықтың  үлгісін  көрсетуші, өнерлі, қазақтың салт-дәстүрін жетік білетін елжанды патриот, ибалы, инабатты, өз  бойындағы  асыл  қасиеттері  мен білімін  болашақ  ұрпақтың  бақыты  мен  кәдесіне  жаратып,  қоғамды өрге  өркендетуші,  жа­ңа­шылдықтың  бастаушысы,  жү­ре­гі – жылы,  көңілі – даладай дарқан  адам. Тәрбиеші балаларға  қараушы  ғана  емес,  тұла  бойы  тұнған  өнеге,  ақ  тілеулі  ана  тәрізді  барлық  адам­ның  бойынан  жақсылық  іздейтін және балалардың бойына мейрімділіктің нұрын сеуіп, жақсылықтың ұрығын егуші, үлкен жүректі,  ізгі  ниет  иесі болуы тиіс деп ойлаймын. «Ұстаздық - ұлы іс» - деп кемеңгер жазушымыз М. Әуезов айтқандай, мен өзім жұмыс жасап жатқан « Алтын кілт » бөбекжай – балабақшасындағы әдіскеріміз білімді де білікті, бала жүрегіне жол таба білетін, тәрбиешілердің жол сілтеушісі, әдістемелік көмек беруші Айгүл Бекжасарқызынан және тағы басқа үлкен аға тәрбиешілерден бала бағбаны болуды үйреніп, мол тәжрибе жинақтадым. Менің басты мақсатым, үлкен жүректі бала тәрбиешісі деген атқа лайық болу және болашақ қазақ елін қорғап дамытатын білімді де тәрбиелі, елін халқын шексіз сүйетін ұрпақ тәрбиелеп өсіру өзімнің басты борышым деп есептеймін. Сөз соңында айтарым аспанымыз ашық, еліміз тыныш, әлемде бейбітшілік орнап, ешкімнің кішкентай бүлдіршіндерді шаттық күлкісінен айырмауын тілеймін.


Жауқазын ортаңғы тобының тәрбиешісі: Айдар Әлия

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!