жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ КӨПТІЛДІЛІК ОҚЫТУДА ИННОВЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ КӨПТІЛДІЛІК ОҚЫТУДА ИННОВЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Шоманова Фатима
Қызылорда қаласы
КМҚК «Сыр Жұлдызы» бөбекжай бақшасының тәрбиешісі
Қазіргі кезде болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мен еліміздің білім беру саласының әлемдік білім кеңістігіне өтуі білім беру саласында, соның ішінде мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға уақыт талабына сай өзгерістер енгізуді талап етіп отыр.Атап айтқанда, білім ғылым саласында инновациялық педагогикалық технологиялар қаншалықты маңызды болса, мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуде де педагогикалық технологиялар ұғымы кеңінен қолданылатын ұғымдардың біріне айналды. Сонымен қатар, жалпы мектепке дейінгі балаларды көптілділік контекстінде осы технологияларды пайлдалану өзекті мәселелердің бірі.Осы мақсатта бірінші кезекте көптілділік оқыту мәселесіне тоқталып кетеміз.
Үш тілдік туралы ҚР Президиенті Н.Ә.Назарбаев білім және ғылым саласы қызметкерлерінің III сьезінде сөйлеген сөзінде: « Ағылшын тілінің қажеттілігі әлемге тән қажеттілік,бүгінгі күн талабы.Ал орыс тілін жақсы білу-біздің байлығымыз» десе,2007 жылғы « Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауында: «Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілде пайдаланылатын жоғары білімді ел ретінде танылуы тиіс.Бұлар: қазақ тілі-мемлекеттік тіл,орыс тілі-ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі-жаhандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі» деген болатын [1]. Яғни, оның бастауы мектепке дейінгі кезеңнен басталмақ. Тіл,тіл мәдениетін игеру-әр баланың сәби шағынан басталып, ары қарай біртіндеп жетіліп отыратын үрдіс.Тіл,дүние танудың кілті.Ол мәдениет деп аталатын дүниенің мәңгілік ажырамас бөлшегі,бүкіл қоғамды алға жылжытушы,дүниетанудың негізі,қарым-қатынас құралы.Тіл игеру арқылы бала айналасындағы дүниені таниды,басқалармен қарым-қатынасқа түсе отырып оның танымдық қызметі оянады.
Көптілді оқыту -жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, баланы жан-жақты дамытатын, өз қабілетін дамытуға мүмкіндік беретін бүгінгі күннің ең басты мәселесі.Алдағы уақытта 12 жылдық білім жүйесіне көшкен кезде білім беру мекемелерінде кей пәндер ағылшын тілінде өтілетін болады.Сондықтан баланы ерте жастан бейімдеу қажет [2]. К
Бұл тілді үйренуді мектеп жасына дейінгі балалардан бастаған қолайлы.Неғұрлым көп естіп білуге ынталанған балалардың еске сақтау қабілеті соғұрлым жоғары дәрежеде дамиды. Ал ерте жастан балаға көңіл аудармай оның ақыл-ой, қабылдау, есте сақтау қабілеті баяу дамиды.Себебі, баланың дамуы кішкентайынан бастап қалыптасатындықтан, тілді үйрету мәселесін де ерте бастаған тиімді екені айтылуда[2]. Бұл жастағы балалардың психологиялық ерекшеліктерін ескере кету керек. Джон Локк атап өткендей, бала ақ бет тәріздес, оның үстіне не жазсаң болашақта соны игереді. Бұл жерден біз баланың тез қабылдағыш екенін және еліктегіш болып келетінін байқауға болады. Сол сияқты бізде баланың тәрбиелеу және дамыту процесінде тілдің маңызы зор екенін атап өту керек. Соның ішінде ана тілімен қоса, басқа шет тілдерін игеру маңызды. Ол болашақта баланың өмірлік іс-тәжірибесінде және тұлға ретінде дамуына септігін тигізеді. Тілді үйреткенде,бала ол тілде еркін сөйлей алса болды дегенді қанағат етпей,тілді баланың бүкіл мүмкіндігі,қабілетін ашатындай дәрежеде оқыту керек.Қай кезде болмасын ана тілі мәселесі-сол тілде сөйлейтін,сол тілден сусындаған,ұлттық, тілдік белгісі болып саналатын халықтың мәселесі.
Қазақстандағы көптілді білім беру моделі, әр білім алушының мектеп жасына дейінгі кезеңінен бастап, ел дамуының игілігі үшін бойындағы тұлғалық қабілеттерін ашуға үш тілді - қазақ, орыс, ағылшын тілдерін қарқынды түрде меңгеруге бағытталған. Тілді қазіргі замандағы диалогтың құралы ретінде қолданатын тұлғаны қалыптастыру білім беру үдерісінің негізгі мақсаттарының бірі болып табылады. «Тілді иеленуші тұлға» тек лингвистикалық қабілеттерінде емес, сөйлеу әрекетінде сөзді түсініп өз ойын тұжырымдау қабілетінде байқалуы тиіс, бұл қасиет біртіндеп басқа тілде сөйлесу кезінде өзінің адами әлеуеті мен кәсіби құзыреттілігін жүзеге асыра алатын «екінші тілді меңгерген» тұлғаны қалыптастырады [3].
Мектепке дейінгі жастағы балаларға қазір үш тіл болсын, басқа да бірнеше тілдер болсын, жақсылап үйретсе, тез меңгеріп кетеді. Сол себепті, мектепке дейінгі кезеңнен бастап жетілдіруіміз керек.Балалар тілді табиғи түрде тез меңгереді.Осы орайда айта кететінім Америка социологтары мынадай бір тәжірбие өткізіпті.Бір мезетте туылған неміс,орыс,ағылшын балаларын оңаша жатқызып қойып,алдымен неміс тілінде, «Өмірге қош келдіңдер!»деп,айтқан екен.Ағылшын мен орыс баласы қыбырсыз жатыпты да,неміс сәби қозғалып жағымды үн шығарыпты.Осы сөздерді ағылшын тілінде айтқанда,ағылшын сәби қимылдап,көңіл аударыпты.Орысша айтқанда орыс нәресте бұлқыныпты.Мұның себебін ғалымдар тілдің адам генетикасына әсері бар деген қорытындыға келген [4]. Адам генетикасында сонымен қатар, басқа да тілдерге деген икемділік болады. Себебі мектепке дейінгі жаста шет тілдерін үйренген бала есейген кезде басқа да тілдерді меңгеруі жеңілге түседі делінеді.
Қазіргі балаларға білім алуға және тілді еркін меңгеруге барлық жағдай жасалынған. Мысал ретінде айтар болсақ «Мектепке дейінгі ұйымдарда тілдің үштұғырлығын дамыту» бағдарламасы» жұмыс жасайды. Бұл бағдарлама мектеп жасына дейінгі балалардың үш тілде бірдей белсенді сөздік қорын дамытуға бағытталған. Тілдердің үштұғырлығы мектеп жасына дейінгі балалардың мемлекеттік тілде, Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші болып есептелетін, жалпы қолданыстағы орыс тілінде және халықаралық тілі болып саналатын - ағылшын тілінде қарым-қатынас жасау дағдыларын қалыптастыруға негізделген. Бағдарламаның мына мақсаттарды көздейді – мектеп жасына дейінгі балаларға мектепке дейінгі ұйымдарда ағылшын, орыс және қазақ тілдерін үйретуді ұйымдастыру, үш тілді меңгерген тұлғаны тәрбиелеп дамыту. Және мынадай міндеттерге сүйенеді:
- мектеп жасына дейінгі балаларға ана тілін және шет тілдерін үйретудің тиімді бағдарламаларын қолдану бойынша шетел педагогтерінің озық тәжірибелерін зерттеу;
- мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық және тілдік қабілеттерін қалыптастыру әдістемесін әзірлеу;
- тілдердің үштұғырлығын дамыту үшін лексикалық материалды іріктеп алу және жүйеге келтіру;
- мектеп жасына дейінгі балалардың үйреніп жатқан тілдері бойынша жиі қолданылатын және жиі қолданылмайтын сөздік қорларын дамыту жағдайын анықтау;
- көптілді үйрету бойынша балалардың білімдерін бағалау критерийлерін әзірлеу [3].
Біздің ойымызша, олар бүгін жақсы оқыса, көптілді меңгерсе,келешекте еліміздің өркениетті дамуына өз үлестерін қосады.Балаға үш тілді емес, оданда көп тілді үйретуге болады. Әрине, балабақшадан бастап ең алдымен балаға қазақ тілін меңгертуіміз қажет.Болашақта біздің балаларымыз басқа елдің адамдарымен еркін қатынас жасай алуы үшін біз оларға сәби кезінен бастап өз ана тілімен қоса басқа тілдерді меңгеруге мүмкіндік жасауымыз керек. Сонымен қатар «Тілдердің үштұғырлығының» өзектілігі практикалық маңыздылығымен де себепші. Мектеп жасына дейінгі балалар алған білімдерін мектепте оқыған кезде де қолдана алады. Мектепке алғашқы барған кезде балалардың ең бастысы — екінші тілді ары қарай үйренуге қызығушылықтары қалыптасуы, белгілі білім көлемі жинақталуы тиіс, бұл балаларға бастауыш мектепте тілдердің үштұғырлығы бағдарламасын жеңіл меңгеруге мүмкіндік беретін.
Мемлекеттік тіл рухани және ұлттық бірліктің басымдылығымен негізделген. Ана тілін білу Қазақстанның мектеп жасына дейінгі ерте жастан бастап әрбір азаматының, міндеті мен борышы, өзінің бәсекеге қабілетті бола білуін және қоғамдық өмірге араласуды айқындайтын ынталылығы болуы тиіс.
Мемлекеттік тіл-қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту,оны азаматтардың барлығы меңгеруі үшін қажетті материалдық-техникалық жағдайларды тегін жасап отыр.Үш тілдің бірлігі мәдени жобасының басты мақсаты-мемлекеттік қазақ тілінің халықаралық қолданыстағы орыс, ағылшын тілдерімен терезесін теңестіріп,әлемдік деңгейге көтеріп,жаhан тілдерімен тең қолданылатын биікке жеткізу. Балаларға жас ерекшеліктеріне сай тілді меңгерту басқа халықтың мәдениетін білуіне жол ашады. Бірақ Ағылшын тілін орыс тілі арқылы үйрену мен үйрету қолайсыз.Оның қазақ тілі негізінде болғаны дұрыс.Ағылшын тілін үйрететін оқулықтар орыс тілінде ғана емес, қазақ тілінде де жүргізілуі тиіс ,себебі ағылышын және орыс тілдерінде оқулықтар өте көп..Ағылшын немесе басқа да шетел тілін оқытқын кезде тілдік ерекшеліктер, мысалы, род-тек категориясы қазақ тілінде қалай деген тұрғыдан түсіндірілуі тиіс.Яғни өзге тілді қазақ тілінің негізінде оқыту қажет.Бұл жерде ағылшын тілі мен қазақ тілін жетік білетін мамандар даярлауды күшейту керек.Сонымен қатар ағылшын тілін оқытуда бейнебаян,аудиожазбаларды қолдану баланың қызығушылығын ғана арттырып қоймай, оның тілді тез меңгеріп кетуіне де септігін тигізеді.Ал электронды оқулықтар баланың тапсырма орындау барысында өз әсерін тигізеді.Баланың экранды басуы арқылы тапсырмаларды орындатып қана қоймай, оның ұсақ саусақ моторикасының да дамуына әсер ете аламыз.Сондықтан электронды оқулықтарды, яғни, бір сөзбен айтқанда, жаңа заман талабына сай инновациялық технологияларды қолдана отырып, балаларды келешек өмірге дәл қазіргі сәттен бастап даярлауымыз қажет.
ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасында 2020 жылға қарай мектепе дейінгі тәрбие мен оқытудың вариативтік нысандарын енгізу, балалардың мектепке білім алуға даындығының жоғары болуын қалыптастыру міндеттері қойылған.
Сонымен қатар, мектепке дейінгі мекемелерде инновациялық білім беру құралдарын қолданудың да маңызы зор. Мысалы, инновациялық білім беру құралдарына: аудио, видео, құралдар, компьютер, интерактивті тақта, интернет, мультимедиялық құрал, электрондық оқулықтар, мен оқу әдістемелік кешендер, инновациялық ақпараттық банк, инновациялық сайт және тағы басқалары жатады.Біз білім беру жүйесінде осы педагогикалық және инновациялық технологияларды қолдану арқылы келешек ұрпақтың еркін дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына жағдай жасай аламыз, әрі бұл біздің, яғни, тәрбиешілердің басты міндеті деп есептейміз.
Бұл мультимедиялық оқулықтар балалардың қызығушылығын арттырады және зейін қойып көрумен қатар түсінбеген жерлерін қайта көруге мүмкіндіктері болады .Мультимедиялық оқулықтар балабақшада балаларға арналған таптырмас құрал болып табылады. Өйткені, балалардың зейіні әр түрлі әдемі түстерге, ойыншықтарға, әдемі суреттерге, әсемдікке әуес болады.Сонымен қатар мектепке дейінгі балалардың есте сақтау қабілеті әлсіз, қабылдау процестері тұрақсыз келеді.Сондықтан олар затты қолмен ұстап, көзімен көргенді ұнатады.
Мультимедиялық электронды оқулықтар бала үшін де, тәрбиеші үшін де күнде дамытылып отыратын анық түрдегі әдістемелік жүйе болып табылады.[5]
Сонымен, қорыта келе, білім беруді жаңғырту үдерісін мектеп жасына дейінгі кезеңнен бастау қажет, өйткені бұл кезеңде тұлғаның қалыптасу негізі қаланады. Қазіргі жаһандану заманында жан-жақты тұлғаны тәрбиелеуде біз барлық мүмкіндіктерді пайдалану керек. Бәсекеге қабілетті мемлекеттер арасында өзіміздің ерік-күш жігеріміз, қайсарлы мінезімізді көрсету үшін көптілділік оқыту контексінде инновациялық технологияларды қолдану мүмкіндігін кеңейту қажет.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.С.Ж. Саламбаева. Балаға үш тілді білім беру мәселелері. //Отбасы және балабақша.-№ 5.2012ж.,-3-4 бет
2.Г.М. Сейілбекова. Балаға ерте жастан ағылшын тілін үйретудің тиімділігі.//Отбасы және балабақша № 1-2012ж .,-51-бет
3. «Мектепке дейінгі ұйымдарда тілдердің үштұғырлығын дамыту» бағдарламасы.- Астана, 2013ж
4. Www.namys.kz
5.А.Ш.Серікбаева.Мектепке дейінгі мекемеде инновациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі. //Отбасы және балабақша.-№ 5-2011 ж.,10-11бет
Аннотация
Бұл мақалада мектеп жасына дейінгі балаларды көптілділік оқытуда инновациялық технологияларды пайдаланудың маңызы, ерекшелігі, жетістіктері оны қолданудың тиімділігі баяндалған.Көптілді оқыту бағдарламасының мақсат-міндеттері аталып, көрсетілген.
В этой статье рассматривается некоторые вопросы дошкольного полияызчного образования, а также применение инновационных технологии в полиязычном обучений.
In this article examined some questions of preschool полияызчного education, and also application innovative to technology in полиязычном educating.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген