400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мектеп жасына дейінгі балаларды психологиялық-педагогикалық бейімделуіне АРТ – ТЕРАПИЯНЫҢ ықпалы

Материал туралы қысқаша түсінік
психолог мамандарға бұл материал өте қажет деп ойлаймын
Материалдың қысқаша нұсқасы



Мектеп жасына дейінгі балаларды психологиялық педагогикалық бейімделуіне

АРТ – ТЕРАПИЯНЫҢ ықпалы.



Қазіргі таңда әлеуметтік экономикалық өзгерістер жағдайында жүріп жатқан жаңару үрдістері ықпалынан қоғамда эмоциялық атмосфера тұрақтанбай келеді.

Елімізде нарықтық қатынастардың күшеюінен тәлім – тәрбие бағдары болып табылатын жоғары сезімдер, идеал, адамгершілік құндылықтар маңыздылығы айтарлықтай еленбей келеді.

4377eddce5d9b32471ac253fdaacfdf7.jpg











Б үгінгі күнде қарыштап дамып келе жатқан технология, түрлі бұқаралық ақпараттар құралдары, соның ішінде ғаламтор желілеріндегі агрессиялық сипаттағы алуан түрлі компьютерлік, бейне фильмдер, мультфильмдер балаларда психологиялық бұзылыстардың дамуына септігін тигізуде.











Бұл бұзылыстар балада тұрақсыз көңіл – күй (қызбалы немесе депрессивті), мінез ерекшеліктері (ашушаң, ызақор, күйгелек, немесе тым жағымпаз, жарамсақ) кейбір жағдайларда әлеуметтік қолайсыз күйлер (агрессия, қорқыныш, фобия) түрінде көрінеді.Сондықтан балада кездесетін осындай психологиялық бұзылыстарға дер кезінде диагностика жүргізіп,оларды түзету бала денсаулығы және оның келешек өмірі, отбасы мен біртұтас қоғам үшін аса маңызды.

Мектеп жасына дейінгі балаларды

психологиялық педагогикалық мәселе



Әсіресе ересек мектепке дейінгі жаста балалар қарым – қатынасында мейірімділікті, кішіпейілділікті дамытуға, бір-біріне көмек көрсету, қамқор болу, жаман қылықтарға қарсы тұру сияқты ізгі қасиеттерді қалыптастыруға баса мән берілу қажет.

Мектепке дейінгі кезеңде психологиялық бейімдеу баланың үлкендермен және құрбы – құрдастарымен қарым – қатынасы сипатына байланысты белгілі психологтар пікірінше бала нормалар мен талаптардың шын мәнін түсінуі үшін, оларды эмоциялық тұрғыда бағалауы үшін үлкендер мен тәрбиешілердің түсіндірмелері мен нұсқаулары жеткіліксіз. Бұл түсіндірмелер баланың жеке практикалық тәжірибесінде, оның іс – әрекетінде, жүріс - тұрысында бекітілуі қажет.







Қазіргі мектеп жасына дейінгі бүлдіршін күнделікті ана қамқорлығындағы қатынстан басқа өзіндік ерекшеліктері бар күрделі әлемге енеді. Баланың балабақшаға баруы, қоғамдық ережелер, нормалармен жүру міндеттері, коммуникативтік дағдыларды игеру эмоционалдық депривацияға итермелейді. Өз тілегі мен эмоциясын реттей және бақылай алмау салдарынан балаларда әр түрлі қиындықтар, тұйықталу, агрессия, ашушаңдық мінез құлық пайда болады.







Балалар өз эмоцияларын түсініп, оларды қадағалауға қабілетті бола бермейді,бұл дегеніміз мінез құлық ырықсыздығына әкеледі. Оның үстіне балаларда жоғары психикалық қызметтер, эмоциялық тұлғалық өрісі, эмоциялық күйлер, өзін-өзі басқару, реттеу, ым ишара тәсілдер жеткілікті дамымаған, мұның барлығы балалардың коммууникативті мүмкіндіктерін төмендетеді.

Аталған мәселелерді балабақшадағы жұмыс тәжірибемізде байқау балалардың эмоциялық өрісін дамытудың, психикалық денсаулығын жақсартудың тиімді әдіс тәсілдерін іздестіру туралы сауалдар тудырады. Бұл ізденісіміз мектепке дейінгі жастағы балалармен жұмыс жасауда үлкен нәтижелігімен ерекшеленетін арт – терапия әдісін таңдауға мүмкіндік береді.

Арт-терапия – әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық жұмыстарда көркемдік шығармашылық сабақтары арқылы психологиялық ықпал ету ретінде қарастырылады. Өнер – білім беру жүйесінде көптеген жылдар бойы балаларды эстетикалық дамыту және қалыптастыру құралы ретінде қарастырылып келеді.

Қ азіргі уақытта өнер тұлғаны дамыту және қалыптастыру факторы ғана емес, сонымен қатар бұзылыстардың алдын алу және түзетудің, балалар денсаулығын сақтаудың, бала психикасын қоршаған ортаның агрессивті ықпалдарынан қорғаудың тиімді құралы ретінде қарастыру қажеттігі туындайды.



З521410_550.jpg ерттеуші ғалымдар мектепке дейінгі жастағы балалардың психологиялық бейімделу өрісіне табиғат, өнер, көркем әдебиет, бейнелеу іс-әрекеті сияқты факторлардың ықпал ететіндігін анықтаған.



415633_1.png

29f4bf3a56cbbf52147e9f729716a342.jpg



270455_550.jpg











Бейнелеу іс-әрекетінің мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс жасауда психотерапиялық түзету құралы бола алатындығын көптеген психолог ғалымдар еңбектерінде қарастырылған.



Арт – терапия - әдістері – баланың жеке басын ізгілікпен қолдауға және олардың психологиялық педагогикалық бейімделуіне, өзін-өзі тану қабілеттерін дамытуға мол мүмкіндік береді.





Арт – терапия – сурет салу, ойын, ертегі, музыка арқылы ішкі дүние қолайсыздығынан,күшті эмоциядан шығуға, өз сезімдерін, толғаныстарын түсінуге көмектеседі. Бейнелеу өнері баланың әр түрлі күйлерді, сезімдерді тікелей сезініп, түсінуіне мол мүмкіндік береді.





Бейнелеу іс-әрекеті – қол жеткен жетістіктеріне қуану, шабыттану, құрбы – құрдастарын қолдау, өз жұмысының нәтижелеріне қанағаттану немесе қанағаттанбау сияқты эмоциялық әсерленулердің қалыптасуына зор ықпалын тигізеді.







Shape1

Shape2 АРТ – терапия мақсаты:







- Баланы сурет салуға үйрету емес, сурет салдыру арқылы шектен тыс эмоцияларды (көбіне сөйлей алмайды) тудыратын проблемаларды жеңуге, шығармашылық энергияның шығуына көмектеседі. Бала үшін бастысы нәтиже емес, сурет салу үрдісі маңызды. Сондықтан арт – терапия балалармен жұмыс жасауда осындай нәтижелерімен тиімді әрі пайдалы.













Шығыс даналығы бойынша «Сурет мың сөзбен жеткізе алмайтынды жеткізеді» және басқада зерттеушілердің айтуынша сурет бала үшін өнер емес, сөйлеу болып табылады. Суреттің әрбір сызығының, әрбір түсінің өзіндік сипаты, өзіндік көңіл-күйі бар. Олардың көмегімен бала өзінің ішкі әлемінде болып жатқан барлық дүниені жеткізеді.

Мұның барлығы арт – терапияның баланың психологиялық бейімделуіне тығыз байланысты екендігін дәлелдейді. Бала сурет сала отырып, қуанышқа, өзара түсіністікке, табыстарға толы ғажайып ертегі әлеміне түседі.

b00000098.jpg









Психолог: Эдит Крамер

Арт – терапия – бұл адамның шығармашылық потенциалын ашумен және өзінің ішкі әлемін танумен байланысты әдіс.

Мектеп жасына дейінгі балаларды психологиялық бейімделудің тиімді құралы ретінде көркемдік шығарма арт терапия терминімен белгіленеді. Өнерді қолданудың тиімділігі сол баланың сезімдеріне тәжірибе жүргізуге, сонымен қатар психологиялық көңіл – күйін арттыруға негізделген. Ғалымдар өз зерттеулерінде арт терапияның баланың жалпы психикалық күйінің жақсаруына ғана емес, сондай-ақ ұнамсыз эмоциялардан , жағымсыз сезімдерден арылуға зор ықпал ететіндігін көрсеткен.

Қазіргі таңда шетелдік және отандық мамандардың арт терапияны балалармен, соның ішінде мектепке дейінгі жастағы балалармен жұмыс жасауда қолдану тәжірибесі туралы зерттеу нәтижелерінің ғылыми жарияланымдар жеткіліксіз.









М ектепке дейінгі жастағы балалардың психологиялық бейімделудің мәселелері мен оны түзету әзірлемелерінің жеткіліксіздігімен, сонымен қатар соңғы уақытта қоршаған ортамен қарым-қатынасқа түсуді қиындататын,танымдық іс-әрекеттің қалыптасуына жағымсыз ықпалын тигізіп, болашақта мектеп бағдарламасын меңгеруге кедергі келтіретін эмоциялық мінез құлықтық бұзылыстары бар балалардың көбеюімен байланысты.





Мектепке бейінгі білім беру мекемелерінде педагогтар көбіне балалардың танымдық өрісін дамытуға баса назар аударады. Бұл жағдайда арт терапияны қолдану интеллектуалды дамудың артуына және бейімделуіне септігін тигізеді. Арт терапия әдістері білім беру жүйесінде айрықша денсаулық сақтау потенциялы бар әдіс болып табылады. Сондықтан мектеп жасына дейінгі балалардың эмоциялықөрісін дамытуға жағдай тудырып, тиімді психологиялық жұмыс жасау практикалық психологиялың міндеті деп білеміз.

Shape3

Shape4 Әдебиеттер тізімі:







Урунтаева Г.А Дошкольная психология.

«Академия 2001»

Алиева С.А. Прт терапия в коррекции

Эмоциянальных проблем дошкольников.

Эдит Крамер. Арт терапия с детьми

Издательство «Генезис» 2013

Интернет, журнал.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 мамыр
1001
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі