жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудегі негізгі компоненттерін іске асыру"(баяндама)
Тақырыбы: Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудегі негізгі компоненттерін іске асыру
Мазмұны
І. Кіріспе бөлімі.
Мектеп жасына дейінгі баланы тәрбиелеудегі негізгі компоненттерін іске асырудың мақсаты
ІІ. Негізгі бөлім.
Мектеп жасына дейінгі баланы тәрбиелеудегі негізгі компоненттері және жүзеге асыру жолдары
ІІІ. Қорытынды.
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасынан күтілетін нәтиже
Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудегі негізгі компоненттерін іске асыру
І. Кіріспе
Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы аясында анықталған тәрбиенің негізгі мақсаты: мектеп жасына дейінгі балалардың Қазақстан Республикасы азаматтары және патриоттары ретінде қалыптасуы мен өзін өзі танытуларына, әлеуметтенуіне болашақ мамандық иесі болып кәсіби, интеллектуалдық тұлға ретінде қалыптасуына жағдай жасау.
Мектепке дейінгі тәрбие жүйесінің іргетасын қалаушы Ф.Фребель, М.Монтессори, кейінгі буындағы зерттеуші ғалымдар А.П.Усова, П.А.Венгер балалардың қарапайым ғылыми ұғымдары тәжірибе жинақтаудан басталатынын айтып, әрі қарай ұғымдардың мақсат міндеттерін, ұйымдастыру формаларын әдіс-тәсілдері мен нәтижелерін айқындаудың маңызы зор екендігін ерекше айтып өткен.
ІІ. Негізгі бөлім.
Мектеп жасына дейінгі баланы тәрбиелеудегі негізгі компоненттері:
-
Баланы азаматтық – патриоттық – ұлтжандылық рухында тәрбиелеу.
-
Адамгершілік – имандылық рухында тәрбиелеу.
-
Отбасы тәрбиесі
-
Өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамыту қажеттілігін қалыптастыру.
-
Интеллектуалды мәдениетті қалыптастыру.
Негізгі компоненттерді жүзеге асыру жолдары:
-
Халықтық тәрбиенің арқауы, ұлттық тәрбиенің негізі – ауыз әдебиеті, халықтың салт-дәстүрлері. Ұрықтың ана бойына біткен кезіндегі құрсақ тойынан бастап, бала ер жеткенге дейінгі түрлі жөн-жоралғы, салт-дәстүр, әдет-ғұрып, тыйым сөздер, түрлі ырымдар – осынау ұғымдардың бәрі халықтық тәрбиенің жүйесін құрайды. Мәселен, бесік жырында нәресте, бөбек психологиясына лайықты көркем, әсерлі ырғақтар толып жатыр. Ал ауыз әдебиетінің жанрлары: мақал-мәтелдер, жұмбақ, санамақ, айтыс, ертегінің баланы ұлттық рухта тәрбиелеуде, елін-жерін сүйетін патриоттық сезімде қалыптасуына маңызы зор. Әрбір мақал-мәтелдің, әрбір ертегінің мазмұнына терең философиялық ой жатыр. Мысалы, «Сауысқан мен көкек» ертегісін алайық. Сауысқанның еңбекқор, көкектің өз жұмыртқасын әр ұяға салатын жалқаулығынан балаға неден үйреніп, неден жирену керектігін ұғындыруға болады.
-
Тәрбиенің негізгі компоненті – қоғамның қажетті талаптарын, әрбір баланың борыш, намыс, ождан, қадір-қасиет сияқты биік адамгершілік стимулдарына айналдыру. Қазіргі таңда әсіресе көп көңіл бөлінетін мәселе - бала бойында осы аты аталған адамгершілік қасиеттерін күшейту. Қазақстан Республикасының «Ұлттық энциклопедиясында» адамгершілік ұғымына былай деп анықтама берілген: «Адамгершілік» - адам бойындағы гуманистік құндылық, әдеп ұғымы, «Кісілік», «Ізгілік», «имандылық» тәрізді ұғымдармен мәндес. Халықтық дүниетанымда мінез-құлықтың әр түрлі жағымжы жақтары осы ұғыммен таратылады. Дүние жүзінде оның ішінде Қазақстанда толық жетілген тұлғаны тәрбиелеу және соған байланысты әлеуметтік -экономикалық мәселелер күннен күнге күрделене түсуде. Осыған орай бүгінгі күні әрбір ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуынады ізгілік, яғни адамгершілік тәрбие шешуші фактор болуы заңдылық. Осыған орай балабақшамызда өткізілген «Әдептілік әліппесі» тақырыбындағы тәрбие сағатының мақсаты халқымыздың салт-дәстүріндегі иноваттылық ережесі туралы түсініктерін тереңдету арқылы балаларды имндылыққа тәрбиелеу, әдепті-әдепсіз сөздерінің мағынасын ұғындыра отырып, иманды, кішіпейіл болуға баулу.
Дамудың осындай рухани негіздерін баланың әлеміне оның мінез-құлқына енгізу мектепке дейінгі шақта қолданылуы қажет. Л.Выготский: «Мектепке дейінгі шақта баланың нақты адамгершілік негіздері бекиді»-деген . Сол тұрғыда дер кезінде бала бойында адамгершілік құндылықтар қалыптаспаса бұл қасиеттер адам дамуына тек қана кедергі болып қана қоймай сонымен қатар жасөспірім шақта теріс мінез-құлықтың қалыптасуына кері әсерін тигізеді. Сондықтан бала жанын жазылмаған тақта күйінде елестетсек, сол тақтаға адамгершілік биік рухты жазып қалыптастыруға ықпал етуіңіз шарт.
-
Бала тәрбиесі – ана сүтінен басталып біреудің біреуге ықпалы арқылы өмір бойын қалыптасатын күрделі құбылыс. Бала тәрбиенің ең алғашқы бастамасын отбасында алса, жалғасы балабақшамен байланысады. «Бақытты балалық шақ» деген ұғым отбасы мен балабақшаның бірігіп ұйымдастырған тірлігінде ғана туындайтын сияқты. Сол орайда біз «Бала, ата-ана, тәрбиеші» ынтымақтастығын жолға қою керек тәрізді. Осы ынтымақтастықты арттыратын түрлі көңілді спорттық эстафеталар, тренинг, пікір-кеңестер, деспуттар болып табылады. Көбаса отбасы тәрбиесінде аналар ғана қамтылып, әкелердің бала тәрбиесінде тасада қалып қоятыны да шындық. Сондықтан, «Ең мықты, ең білімді әке» тренингтерін өткізу бала үшін отбасында әке орнының ерекше екендігінің тағы бір дәлелі. Сонымен бірге отбасындағы ата-әже мектебінің де мәні зор. Заманымыздың ұлы жазушысы Әбіш Кекілбайұлының «Ұрпақтың ұрпаққа қалдырар ең асыл мұрасы - өзі бастан кешекндерден түйген азды-көпті рухани тәжірибесі. Одан қол үзген қауым – келешегінен қол үзген қауым»-деген ұлағатты сөзінде айтылғандай отбасында атаның ұлағаты, әженің тағылымы мол тәрбиесінен бала бойында адами қасиеттер құндылығының бастау алары сөзсіз.
-
Қай кезде болмасын біз педагогтер жеке тұлға тәрбиесі туралы айтқанда алдымен бұл процестің кім үшін, қандай мақсатта жасалатындығын ұмытпауымыз керек. Көп жағдайда біз баланы, жеке тұлғаны өзіміз қалағандай етіп жасауға тырысамыз. Балаға табиғат берген табиғилықтан бұрын жасанды қасиеттерді бойына сіңіртіп ең соңында сол әдеттен алыстауын қалаймыз. Мәселен, бала өмірге келген күннен бастап, біз баланың қалауынша емес өз қалауымызша қарым-қатынасқа түсеміз. Бала бір нәрсені «көрейін», «ұстайын», «жасайын» деген кезде тағы да ерік бермейміз. Ал үйрену қажет кезінде оған деген қызығушылық бала бойынан көріне қоймайды. Ол кезде тәрбиеші де ата-ана да күштеп оқытуға, үйретуге тырысады. Бұл жағдайда баланың өзін-өзі бағалауы, өзін өзі айқындауы көрінбейді. Тек тәрбиешінің, ата-анасының бағыт көрсетуімен ғана әрекет етеді. Сондықтан бала тәрбиесінде біз баланы өзіміздей болған емес өзінің қалағанын, тілегенін жасауға жағдай жасасақ нұр үстіне нұр болар еді. Баланың өзін өзі тануына, өзін өзі көрсетуіне ықпал жасап «Мен» тұжырымдамасын қолданысқа кеңінен енгізуіміз қажет. Шәңгерей Бөкеевтің мына бір сөзі ойға оралады:
«Кімсің» деп біреу сұраса,
Өзің болып «мен» дегін
«Мен» деген кетсе дүниеден,
Өзің болып «менмін» деп
Жауап берер қай адам? Сондықтан бала бойында жастайынан өзіндік «мен» ұғымын қалыптастырғанымыз абзал.
-
Интеллектуалдық мәдениеттің қалыптастыруда дене тәрбиесі мен еңбекті ұштастыру маңызды роль атқарады. Салауатты өмір салты қағидаларын ұстанып баланы жастайынан шынықтырып, тән мен жан саулығын қамтамасыз етуіміз қажет
Қорытынды.
Қорыта келе айтарым, Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білімді дамыту тұжырымдамасында «Мектепке дейінгі тәрбие – үздіксіз білім берудің лғашқы сатысы. Ол - баланың жеке бас ерекшелігін ескере отырып дамытатын орталық» делінген. Сондықтан Ш.А.Амоношвили сөзімен айтсақ бала жүрегіне жол табу үшін, бала жүрегін оята білу үшін ешқандай батыс технологиясының қажеті жоқ. Ең алдымен педагогтың жүрегі таза болуы қажет.
Елбасының дәстүрлі «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты 2010 жылғы 29 қаңтардағы Жолдауының басты бағытында - «Адам – елдің басты байлығы» делінген. Ендеше сол қоғамның басты байлығы – баланың кіршіксіз пәк жүрегіне жол тауып, жан-жақты тәрбие беру педагогтың басты міндеті.
Пайдаланылған әдебиеттер
-
“Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие Тұжырымдамасы” Білім және Ғылым министрлігі 2009 жыл. 16 қараша № 521 бұйрық
-
Мектепке дейінгі тәрбие стандарттарын дайындау мәселелері жөніндегі халықаралық конференциясының материалдары. “Алматы” баспасы 2007 жыл. 13-16 маусым
-
“Қазақ афоризмдері” “Алматы кітап” баспасы 2008
-
“Бастауыш мектеп”. № 4,8 – 2004. № 10,11 – 2002
-
“Отбасы мен балабақша” 2004. № 4
-
«Егемен Қазақстан» 2010 жылғы 30 қаңтардағы Елбасы Жолдауы

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген