Түркістан облысы. Кентау қаласы.МККҚ "Дәуір"бөбекжай-балабақшасы
Көшкінбаев Алмас Темирханович
«Денсаулығы сәбидің – қуанышы әр үйдің» Мектеп жасына дейінгі балалардың дене шынықтыру жаттығуларын
ұйымдастыру және жүргізу әдістері»
Мектепке дейінгі ұйымдарына арналған көмекші әдістемелік
нұсқаулық. 
Кентау 2025 жыл

Түркістан облысы. Кентау қаласы.МККҚ "Дәуір»бөбекжай-балабақшасы
Дене шынықтыру нұсқаушысы Көшкінбаев Алмас Темирханович
«Мектеп жасына дейінгі балалардың дене шынықтыру жаттығуларын
ұйымдастыру және жүргізу әдістері»
Марк Твен
Мақала жазуға ең күшті уақыт - оны өзіңізге жазып болған уақыт.
Ой барлық адамда бар. Бірақ мәтінге сыйдыра алатын қабілет барлығында бірдей жоқ.
Ұлы кітаптар ұғынықтылығымен, керемет грамматикасымен емес, стилі мен жазылған ой-түйінімен бағаланбақ.
Түркістан облысы Кентау қаласы
МККҚ “ Дәуір” бөбекжай бақшасының

–Кентау : «Қаратау тәжі» редакциясы, 2025. – 55 б.
Пікір берушілер:
«Дәуір» бөбекжай балабақшасының
Меңгерушісі Паримбетова Айсулу Досмаханбетовна
Әдіскері Баетова Гулжан Мейрамовна
ISBN 978 - 601 - 341 - 501 - 14
Ұсынылып отырған Мектепке дейінгі ұйымдарына арналған көмекші әдістемелік нұсқаулық. Қазіргі заман талабына сай білім беру саласындағы жаңашыл қойылатын талап та жаңашыл болатыны сөзсіз. Дене шынықтыру нұсқаушысы алдындағы басты міндет – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп және жаңа педагогикалық технологияларды меңгере отырып, еліміздің жарқын болашағын жасайтын білімді де білікті, бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру.
Жаңа технологияларды меңгеру дене шынықтыру нұсқаушысының кәсіптік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін – өзі дамытып, оқу үрдісін тиімді ұйымдастыруға көмектеседі. Бүгінгі күні инновациялық әдістер мен ақпараттық технологиялар қолдану арқылы балалардың ойлау қабілетін арттырып, ізденушілігін дамытып, қызығушылығын тудыру, белсенділігін арттыру ең негізгі мақсат болып айқындалады.
© Көшкінбаев Алмас Темирханович
© ИП «Еркини К»
Мазмұны
Кіріспе.........................................................................................................................

ұйымдастыру және жүргізу әдістері» ............................................................................
МдҰ педагогтеріне арналған жұмыстар
Қимылды ойындар жинағы ...............................................................................................
Қорытынды......................................................................................................................
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДА ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ НҰСҚАУШЫСЫНЫҢ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІГІН ШЫҢДАУ ЖОЛДАРЫ
Пайдаланған әдебиеттер.................................................................................................
Түркістан облысы. Кентау қаласы.МККҚ "Дәуір"бөбекжай-балабақшасының
Дене тәрбие нұсқаушысы Көшкінбаев Алмас Темирхановичтің мектепке дейінгі ұйымдарына арналған «Мектеп жасына дейінгі балалардың дене шынықтыру жаттығуларын ұйымдастыру және жүргізу әдістері» атты көмекші әдістемелік құралына
ПІКІР
Бағдарламаның педагогикалық тұтастығы, оның ішінде оқыту мақсаттарына жетуде таңдалған әдістері айқындалған. Сабақ жоспарларында теория мен практиканың бірлігі сақталған.
1. Жұмыстың өзектілігі (тұжырымдамалар, бағдарламалар, зерттеу немесе тәжірибелік-эксперименттік жұмыс тақырыптары жәнет.б.)
Бағдарламада таңдау бойынша сабақтарға арналған күнтізбелік жоспар . Бағдарлама тақырыптары тәрбиеленушілерге жас ерекшеліктері мен деңгейін ескере отырып құрастырылған.
2. Жұмыстың ғылыми-әдістемелік деңгейі: Бағдарлама қосымшасындағы тапсырмалар жаңартылған білім беру бағдарламасы мен тапсырмаларының талаптарына сай жазылған.
3. Жұмыстың жаңашылдық дәрежесі, білім беру ,үйлесімділіктің болуы немесе болмауы
Оқу бағдарламасында коммуникативтік әрекеттер мен дағдыларды жүзеге асыратын оқу мақсаттары ұсынылған.. Оқу мақсаттары әр топтың деңгейіне сәйкес динамикалық даму бағытында жасалған. Бағдарлама «спиральді оқыту» тәсіліне негізделе құрылған. Әр топ сайын оқу мақсаттары қарапайымнан күрделіге қарай өсіп, қайталанып отырады. Бағдарлама мазмұны білім беру құндылықтарына байланысты. Бағдарлама тәрбиеленушілерге функционалдық сауаттылығын арттыруға, сыни тұрғыдан ойлау дағдысын дамытуға ықпал етеді.
4. Жұмыстың ғылымилығы: зерттеуге алынған оқу сауаттылығы мәселелерінің көкейтестілігі, қарама-қайшылығы, проблемасы, мақсаты, объектісі, міндеттері, әдіснамалық және теориялық тұрғыдан сараланған.
5.Ішкі бірлікті бағалау және жұмыстың әдіснамалық негізінің сипаттамасы (логикалық, нәтижелердің әдіснамалық негіздермен өзара байланысы, қарама-қайшы еместігі). Жаңартылған білім беру бағдарламасына сай балалардың функционалдық сауаттылығын арттыруға арналған.
6. Әрбір нәтиженің, ғылыми жағдайдың, жұмыстың тұжырымдары мен қорытындыларының негізділігі мен дәйектілігінің дәрежесі. Балалардың логикалық ойлау қабілетін дамытуға, ой еңбегімен жұмыс жасауға дағдыландыруға және спортқа қызығушылығын арттыруға нәтижесі жоғары.
7. Жұмыстың практикалық маңыздылығы: тақырып бойынша атқарылатын істің нақты жағдайын жақсы жаққа өзгертуге мүмкіндік береді. Балабақша ішілік бағдарламасының тәжірибесінде енгізу үшін ұсынылады.
8. Жұмыстың аралық және қорытынды нәтижелерін ұсыну формалары мен тәсілдері: мақалалар, баяндамалар, шығармашылық жұмыстар, оқу-әдістемелік қолдаумен жүзеге асырылатын ашық сабақтар, әдістемелік ұсыныстар, қимылды ойындар, тапсырмалары және т.б.
9. Ресімдеу талаптарына сәйкестігі. Жұмыстың мазмұны бойынша кемшіліктер мен ескертулер: Барлық талаптарға сәйкес, кемшіліктер мен ескертулер жоқ.
10. Жұмысты пайдалану бойынша қорытындылар мен ұсыныстар: Мектепке дейінгі ұйымдарына арналған «Мектеп жасына дейінгі балалардың дене шынықтыру жаттығуларын ұйымдастыру және жүргізу әдістері» атты
қосымша әдістемелік құрал ретінде ұсынуға болады деп есептеймін.
Мектепке дейінгі ұйымдарына арналған әдістемелік құрал бағдарламасы педагогикалық құндылық пен жаңалықтардан хабардар ететін әдістемелік көмекші құрал педагогикалық шығармашылықтың нәтижесін көрсетті. Ол дене тәрбиесінен білім беру мазмұнын анықтап мемлекеттік білім беру стандартының негізінде жасалады. Әдістемелік көмекші құрал бағдарламаның мазмұндық құрылымы мен тұжырымдамасы жалпы білім беру стандартына сай жасалған.
Жаңартылған бағдарлама бойынша Көшкінбаев Алмас Темирханов төмендегідей нәтижелерге қол жеткізген:
• жаңартылған оқу бағдарламасының құрылымына;
• жаңартылған оқу бағдарламасының мазмұны мен жүйесіне;
• оқу бағдарламасының және оны іске асырумен байланысты құжаттамалардың мақсаты мен рәсімделуіне;
• білім беру бағдарламасын іске асыруға көмектесетін тиісті педагогикалық тәсілдерді меңгерген.
Бағдарламаның басты миссиясы – тәрбиеленушілердің білімдерін тереңдетуге, денсаулықтарын нығайтуға ,баланың жеке тұлға ретінде дамуына, өзіндік көзқарасының қалыптасуына негіз болу. Сонымен қатар, ұлттық құндылықтар негізінде ізетті біліммен қаруланған, рухани жандүниесі бай, эстетикалық, интеллектуалдық өресі биік, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу болып табылады.
Бұл әдістемелік көмекші құрал нәтижеге қол жеткізудегі табысты жетістіктерімен ерекшеленеді, сондықтан да дене шынықтыру нұсқаушысы үшін де, балалар үшін де пайдалы еңбек деп білеміз.
Пікір жазғандар

Түркістан обылысы.Кентау қаласы. «Дәуір»бөбекжай-балабақшасының әдістемелік бірлестік пен шығармашылық бірлестік отырысының
Хаттамасы
Өткізілген күні
Өткізілу түрі Дөңгелек үстел
Меңгеруші А.Д.Паримбетова
Әдіскер Баетова.Г.М
Әдістемелік бірлестік жетекшісі Сырбекова.О.Ж
Шығармашылық бірлестік жетекшісі Шутова.Е.М
Хатшы Ермекбаева.Ү.Н
Қатысқандар 10
Күн тәртібінде
1. «Дәуір» балабақшасының Дене тәрбие нұсқаушысы А.Т.Көшкинбаев « Мектеп жасына дейінгі балалардың дене шынықтыру жаттығуларын ұйымдастыру жане жүргізу әдістері»Мектепке дейінгі ұйымдарына арналған көмекші әдістемелік құрал ретінде танылуды қарастыру.
Тыңдалды
Шығармашылық жұмыс тақырыбының анықтау алаңы. Дене тәрбие нұсқаушысы А.Т.Көшкинбаевтің « Мектеп жасына дейінгі балалардың дене шынықтыру жаттығуларын ұйымдастыру және жүргізу әдістері» Қәзіргі таңда тәрбиеленушілер арасындадене шынықтыру жаттығуларын ұйымдастыру арқылы іс-әрекет жүргізу тиімді әдістердің бірі екендігін көрсете білді. Шығармашылық тақырыпқа байланысты дене тәрбиесінің нұсқаушысы дәлелдеп,нәтижелігін ашып көрсетті.
Сөйледі . Меңгеруші А.Д.Паримбетова -- Мектепке дейінгі ұйымдарына арналған әдістемелік көмекші құрал ретіндегі басты миссиясы– балалардың білімдерін тереңдетуге, баланың жеке тұлға ретінде дамуына, өзіндік көзқарасының қалыптасуына негіз болу. Сонымен қатар, ұлттық құндылықтар негізінде ізетті біліммен қаруланған, рухани жандүниесі бай, эстетикалық, интеллектуалдық өресі биік, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу болып табылады.
Бұл әдістемелік көмекші құрал нәтижеге қол жеткізудегі табысты жетістіктерімен ерекшеленеді, сондықтан да дене шынықтыру нұсқаушысы үшін де, балалар үшін де пайдалы еңбек деп білемін
Сөйледі. Әдіскер Г.М.Баетова – А.Т.Көшкинбаевтің бойында болатын маңызды сапалары: ақылдылығы, қайрымдылығы, мәдениеттілігі, білімділігі, кәсіби шеберлігі, балаларға деген сүйіспеншілігі,тәртіптілігі,шығармашылық қабілеттілігі, белсенділігі, жан жақты қызығушылығы, ұйымдастырушылық қабілеті, бір нәрсемен шұғылдану, зиялылығы, әзіл-қалжынға бейімділігі, басқаны тыңдай білуі, талдау жасай білу қабілеті, еңбексүйгіштігі, мейрімділігі, әділдігі, ашықтығы, шыншылдығы, әділеттілігі, әдептілігі, жақсылық жасай білуі, Еңбек нәтижелері мен жетістіктері айтылып дамыту жолдары қарастырылады.
Талқыланды
Шығармашылық жұмысының теориялық негізі.Теоретиктердің ойлары адамның өсуіне ,саналы рефлексия бақылау және білімді кемелдендіре игеруге бағыттталған.
Тәжірибенің орындау шарттары.Материалдық және техникалық құралдарын ,мысалы көрнекілік,театрдың барлық түрлерін, әр балаға жеке тақырып бойынша тарқатып берілетін материалдар арқылы, интер белсенді тақта және интернет желісі арқылы әдіс-тәсілдерді пайдалану .Жұмыстың тақырыбын балаларды сабақта бақылай отырып .олардың белсенділігін көріп анықталды.
Шығармашылық жұмыстардың нәтижесі. Балаларға білім мен тәрбие беруде , жеке тұлғаны тәрбиелеуде ,педагогтардың шығармашылық жұмыстарының нәтижесін саралай отырып,жаңа әдістерді тиімді қолдану балалардың қызығушылығын оятады,сыни тұрғыдан ойлау қабілетінің дамытатындығына көз жеткізді.
Шығармашылық жұмыстардың тәжірибе нысаны. «Дәуір» балабақшасы. Жас ерекшеліктеріне байланысты барлық топтарда жүргізіледі.
Шешімі.
Дене тәрбие нұсқаушысы А.Т.Көшкинбаевтің « Мектеп жасына дейінгі балалардың дене шынықтыру жаттығуларын ұйымдастыру және жүргізу әдістері» шығармашылық жұмыс жинағы тыңдалды.Балабақша тәрбиеленушілеріне тиімді әдіс-тәсілдері,мақсаты,нәтижелілігі, жаңашылдығы, тәжірибенің маңыздылығы,диагностикасы айқын көрсетілген. Тәжірибенің басты идеясы ,әдістемелік көмекші құрал ауқымы анықталған. Теориялық негізі, жұмыстың нәтижесі,жұмысты енгізу деректері,қысқаша мазмұны талқыланды .Күтілетін нәтижесі толық сипатталған деп есептеп мектепке дейінгі ұйымдарына арналған көмекші әдістемелік құралы ретінде танылсын.

Таныстым Көшкінбаев Алмас Темирханович
«Мектеп жасына дейінгі балалардың дене шынықтыру жаттығуларын ұйымдастыру және жүргізу әдістері
Кіріспе
«Дұрыс жолға қойылған дене шынықтыру ойындары оқу-білім алуға бөгет емес, қайта бойды сергітіп, ойына жәрдем ететін нәрсе.» Ғабит Мүсірепов атамыз айтқан сөзі адамға қозғаушы күш береді.
«Спорт - бұл қызыққа толы өмір. Табысқа бірден жеткізбейді. Жеңіліс қорқынышты емес, жеңіске сенбеген қорқынышты. Әрбір жаттығу қатты терлегендер үшін лифт, жай терлегендер үшін баспалдақ. Спорт - үлкен тәрбие мектебі. Бүгін тырысасың, қиналасың, ертең бірақ қуанасың, мақтанасың.» Нарша Булгакбаев.Ағамыздың сөзінен қуат аласың.
Мемлекетіміздің дамыған елдердің стандарттарына деген ұмтылысы еліміздің жаңа сапалық деңгейге жылдам өту қажеттілігін туындатуда. Осыған орай қазіргі кезде жасалып жатқан реформалар даму институттарының қалыптасуына немесе өсуден тұрақты даму кезеңіне өтуге және саяси бағыттардағы осындай өзгерістер өмірдің барлық саласындағы шығармашыл тұлғаның мәртебесін көтеріп, мерейін үстем етуде. Білім – адамзаттың терең және үйлесімді дамуын бекітетін құралдардың бірі, прогрестік, әлеуметтік тұрақтылық пен ұлттық қауіпсіздіктің маңызды факторы. Қазіргі білім беру үрдісі адамның ішкі табиғи мүмкіндіктерін ашып, әр адамның өзінің «Менің» сезінуге, толықтыруға көмектесетіндей, сыртқы әлеммен әлеуметтік қарым-қатынастарда өз орнын табуға, өзін шығармашылықпен өзгертуге белсенділік танытуға ықпал етуі тиіс. Бүгінгі таңдағы қоғам кәсіби білімі жетік, құзіретті, бәсекеге қабілетті мамандарды талап етеді. Білікті ұстаз, білімді маман болу үшін - әрбір педагог өз білімін үздіксіз көтеріп отыруы тиіс. Білімін тұрақты көтеріп отыру –педагогтердің құқықтары әрі міндеттері, білім беру жүйесінің тұрақты дамуының кепілі, Мемлекеттің дамуының құралы болып табылады. Біз өзіміздің жоба жұмысымызды мектепке дейінгі ұйымның дене шынықтыру нұсқаушысының кәсіби шеберлігін шыңдау бағытын зерттедік. Өйткені, алғашқы білім, денсаулық баспалдағы мек тепке дейінгі ұйымнан басталатыны сөзсіз.
Әдетте дене шынықтыру жаттығулары 2-ші сәбилер тобынан бастап, айына екі-үш рет өткізілді. 2-ші сәби және естияр топтарында 20-30 мин., ересек топтарда 35-40 мин., мектепке дайындық тобында 40-50 минөтке дейін барады.
Мектеп жасына дейінгі мекемелерде дене шынықтыру жаттығулары күннің 2-ші жартысында, ашық ауада, түстен кейінгі тамақтан соң өткізіледі. Жазғы кезде дене шынықтыру жаттығулары таңертеңгі тамақтан кейін, күннің 1-ші жартысында өткізіле береді. Дене шынықтыру жаттығуларын жоспарлау кезінде «Денсаулық күні», «Дене шынықтыру мерекесі», «Демалыс» сияқты жұмыс формалары негізге алынады. Дене шынықтыру жаттығуларын бір деңгейдегі жас тобтарымен өткізген ыңғайлы. Мысалы, кіші және естияр топтар немесе ересек және мектепке дайындық топтары арасында біріктіріп өткізсе, балалардың да қызығушылығы арта түседі.
Балалардың белсенді тынығуына жұмыстың түрлерін таңдау арқылы жағдай жасалады. Мысалы, шынықтыру кезінде Дене шынықтыру нұсқаушысы лер балалармен эстафеталық жарыс ойындарын өткізгенде, олардың көңіл-күйлері көтеріңкі болатынын, бар ынталарымен бірігіп ойнауға тырысатынын байқауға болады.
Бұл орайда, педагогке ескере кертетін жәйттің бірі - балалардың ойын кезінде қатты қызынып кетуіне жол бермеу. Бірақ балалар ойынға шын беріліп, қызған кезде бірден тоқтатуға болмайды. Егер Дене шынықтыру нұсқаушысы балалардың шын қызғанын байқаса, қолын көтеріп олардың үзіліс жасауларына мүмкіндік береді. Балалар аздап демалғаннан кейін ойынды жалғастыруға болады.
Балалардың дене шынықтыру жаттығуларын ұйымдастыру барысында балалардың киімі жыл мезгіліне лайықты болуын қадағалауды естен шығармаған жөн. Мұндай ермектері спорт балабақша алаңдарында немесе табиғат аясында, орманда, көлдің жағасында, жылғада немесе балабақша алаңдарында өткізіледі.
Олардың дене шынықтыру жаттығуларын жоспарлаған кезде тақырып мазмұнына қарай ұлттық дәстүрлерді ендіру ескерілуге тиіс. Ермектерді жоспарлау кезінде үлкен ұйымдастырушылық дайындық және тақырыптың мазмұнына байланысты шығармашылық жұмыс істеуді қажет етеді.
Жаттығуларды әртүрлі үлгіде ұйымдастырып, жыл мезгілдеріне, спорттық қызықты жағдайларға («дене шынықтыру күні», «желаяқтар күні», «олимпиада» т.б.) қоғамдық мерекелерге байланысты өткізуге болады. Сәби және естияр топтағы дене шынықтыру жаттығуларын ертегі немесе әдеби кейіпкерлерді енгізе отырып, өткізуге ("Тазша бала", "Алдар көсе","Аяз ата") немесе "Көңілді алаңқайға ұшу", "Орманға жорық", "Қожанасырға қонаққа" т.б бейнелі көріністермен өткізуге болады.
Дене шынықтыру жаттығуларын өткізуде музыканы пайдалану өте пайдалы. Музыкалық шығармаларды қолдануды тиімді шығармашылықпен шешіп, орындағанда сергек,тіпті керек ететін марштың түрлерін қуат беретін әуендерді пайдаланып, гимнастикалық жаттығуларды ырғақты, қалықтай шалқитын әуенмен орындау, балалардың музыканы түсіне білуіне мүмкіндік туғызады. Мәселен, Е.Тиличееваның "Көңілді маршы" шарды, гүлдерді, ленталарды қолдана отырып жаттығуларды орындауға лайықты шығармалар. Сол сияқты А.Шниткенің "Этюды" екі аяқты қатар қосып, жеңіл секіруге ыңғайлы. Ал, аттракционды ойындарды жеңіл, көңілді, сергек әуенмен орындау керек, мысалы Т.Ломованың "Ізде", "Кім жылдам?", Ю.Слонованың "Өткір көздер" шығармаларын қолдануға болады.
Балалардың дене шынықтыру жаттығуларын әр түрлі жас топтарында өткізуде Дене шынықтыру нұсқаушысы нің алдында көптеген міндеттер тұрады. Сәби топтарында балаларды ұжымдық, топтық және жеке орындаудағы қимылдарын дұрыс жасай білу әрекетіне үйрете отырып, көңіл-күйлерінің, ішкі сезімдерінің көтеріңкі, шат болуына жағдай жасауға тиіс. Естияр топтарында әр баланың қимыл түрлерін шығармашылықпен орындауына, күш жігерін еркін көрсете білуін жағдай жасап, олардың дұрыс дағдылануын дамыту қажет.
Сәби және естияр топтарда дене шынықтыру жаттығуларының мазмұнын таңдау кезінде "Орманға жорық", "Қожанасырда қонақта" сияқты жаттығу түрлерін алған дұрыс. Құрылған бағдарламада бейнелік-көркемдік сауық түрі мазмұны 60-80 пайыз қимылдардан тұрғаны орынды. Сонда ғана әрбір балаға қимыл жасау кезінде өз мүмкіндігін қанағаттандыра алатындай жағдай жасалады.
Жоспар мен бағдарламаның мазмұнына сәйкес дене шынықтыру жаттығуларын сәби топтарында өткізуге керекті жабдықтар жыл бойына ұйымдастырылатын жұмыстар түріне жеткілікті болуға тиіс. Дене жаттығулары мен қимылды ойындар баланың ағзасына көп салмақ түсірмейтіндей, аз қимылды жаттығулармен алмасып отырылуы тиіс. Мысалы, көпірдің үстімен жүріп өткеннен кейін, құрамында жүгіру бар қимылды ойынды қолдануға болады.
Баланың дене шынықтыру жаттығуының құрамы тақырыбына, мақсатына және алға қойған міндеттері мен өткізілу шарттарына байланысты өзгереді.
Дене шынықтыру іс-әрекетін құрудың үлгі кестесі
Сәбилік шақ
І.1.Балаларды спорт алаңына шақыру (көңілді алаңқай).
2. Топқа ойын түрінде тапсырма беру (көпірдің үстімен өту, ағаштар мен бұталардың арасынан жылан ізбен жүру).
3. Қимылды ойын.
4. Ғажайып сәт.
5. Жан-жақты дамытатын жаттығуларды орындау.
6. Топқа арналған әр түрлі негізгі қимылдар (төрт тағандап жүру және жүгіру, қабырғада тұрған ағашқа өрмелеу).
7. Қимылды ойын.
8. Аз қимылды ойын.
II.1. Ғажайып сәт (Әдеби кейіпкердің пайда болуы).
2. Үлкен заттармен (үрілген шарлармен жан-жақты дамытатын жаттығуларды орындау).
3. Топқа арналған ойын тапсырмалары (сылдырмаққа дейін жүгіріп жету,құрсауға еңбектеп бару).
4. Қимылды ойын.
5. Жалпы топқа арналған ойын жаттығулары (келгиді қағып түсір).
6. Сувенирлермен марапаттау.
III.1. Жұмбақ шешу-ғажайып сәт.
2. Жалпы топқа арналған негізгі қимылдар (бөренемен, иілмелі тақтаймен жүріп өту).
3. Майда заттармен (сылдырмақтармен) жан-жақты дамытатын жаттығуларды орындау.
4. Қимылды ойын.
5. Балаларды қалыпқа түсіретін сәт (аяқтың өкшесімен жүру) немесе аз қимылды ойын (Кім жай сыбырлайды?).
Естияр тобы
Бұл топтан бастап ермектің мазмұны мен құрамына жарыс элементтері бар ойындарды енгізуге болады: "Кім секеңдейді?", "Кім шелекті жаңғақпен тез толтырады?", "Кімнің командасы тез тұрады?", "Кімнің машинасы гаражға тез жетеді?". Ермектің мазмұнын құрастырар кезде әрбір баланың ойынға және жаттығуларға белсенді араласуын ескерген дұрыс.
I.1. Ғажайып сәт (телеграмма, әдеби кейіпкерлермен кездесу).
2. Топқа арналған ойын тапсырмалары (шаңғымен үш рет қақпаны айналып өту, олардың арақашықтықтары бір-бірімен бес-алты адымдай болады.
3. Топқа арналған ойын жаттығулары ( шыршаның айналасынан шаңғымен дөңгелек шеңберді сақтай отырып айналу).
4. Ойын-сауық айналымы (әндетіп).
5. Екі команданың жарыс (тепе-теңдікті сақтау және тігінен лақтыру, шанамен қуалау).
6. Жаттығуда жеңіп шыққан жеңімпаздар мен қатысушыларды марапаттау.
II.1.Спорт алаңына шақыру.
2. Жан-жақты дамытатын жаттығуларды орындау.
3. Қимылды ойын.
4. Екі команда жарысы (барлық бала қатысады).
5. Жеке жарыс (2-3 жұптан тұратын балалар тобы).
6. Екі команда жарысы (барлық бала қатысады).
7. Барлық қатысушыларды марапаттау (жүлде ортақ болады).
III.1. Ғажайып сәт, залға шақыру.
2. Қимылды ойын.
3. Аттракциондар: а) жеке; ә) топтық
4. Қимылды ойын.
5. Аз қимылды ойын.
IV.1. Залға музыкамен кіру
2. Ырғақты музыкамен еркін қол жаттығуларын орындау (үрмелі шармен ойын).
3. Жан-жақты дамытатын жаттығуларды орындау.
4. Ғажайып сәт (ертегі кейіпкерінің пайда болуы).
5. Аттракциондар: 4-5 баладан тұратын шағын топтар қатысады (2-3 рет қайталанады).
6. Екі команда жарыс (барлық бала қатысады).
7. Барлық балаларды марапаттау.
8. Музыка сүйемелдеуімен еркін би.
Ересек тобы
Бұл топта сәби тобына қарағанда дене шынықтыру жаттығулары жарыс эстафета сипатындағы ойын түрінде өткізіледі. Командаға бөлініп, әр команданың капитаны болады. Мұндай ойын жарыстар балалардан ептілік, жылдамдық, төзімділік, қимылдың кеңістікте дұрыс орындалуын бағдарлауды талап етеді. Жарыс ойындары балалардың шығармашылығын тудыра отырып, алдарына қойған міндеттерді өздігінен шеше білуге көмектеседі. Ойындар мен жаттығуларды әрбір командаға жарыс түрінде бөліп беру керек. Затпен орындалатын дене жаттығуларын жарыс ойындарымен сауық түріндегі эстафетамен, жалпы топпен орындалатын қимылды ойындармен мақсатты түрде таңдау кезінде жарысқа қатысатын әрбір баланың жеке ерекшелігін, мүмкіндігін, қимылдарды орындауға дайындығын ескеру қажет. Мүмкіндігінше, барлық баланың ойын мен жаттығуларға қатысуы өте маңызды.
Дене шынықтыру іс-әрекетінің құрылысы
I.1.Командалардың сәлемдесуі
2. Командалар жарысы (жарыс элементі бар немесе жарыс сипатындағы ойын жаттығулары)
3. Капитандар жарысы
4. Командалардың көрсеткіш бастамалары (ұсақ заттармен орындалатын, жан-жақты дамытатын жаттығулар)
5. Ойынның қорытынды нәтижесі.
II.1. Ғажайып сәт (балаларды хатпен спорт алаңына, залға шақыру).
2. Көрсеткіш бастамалары.
3. Жалпы топтық қимылды ойын.
4. Эстафета.
5. Жалпы топтық қимылды ойын.
III.1. Би қимылдары, сауықпен ән айту.
2. Жалпы топтық қимылды ойын.
3. Аттракциондар.
4. Эстафета.
5. Ғажайып сәт.
Дене шынықтыру іс-әрекетінің үлгі мазмұны.
Тазша баламен дене шынықтыру жаттығуы (спорт алаңына өткізіледі).
Дене шынықтыру нұсқаушысы : Шет жағасын айтайын, өздерің шешіңдер:
Басында бар телпегі
Кекілі желбең етеді.
Көңілді өзі айлакер
Аты кім, оның таба бер.
Балалар: Тазша бала!
Дене шынықтыру нұсқаушысы : Жарайсыңдар, балалар, бұл – Тазша бала. Неге ол ұзақ көрінбей жатыр? Кәне, бәріміз оны шақырайықшы?! Әлде, ол біздің балабақшаны таба алмай, адасып жүр ма екен?
Балалар: Тазша бала! Тазша бала! Ау-ау!
Тазша бала көрінеді (қолында сылдырмақтары бар).
- Саламатсыздар ма, балалар! Мен сендерге сылдырмақтар әкелдім. Бәрің қазір серуендеуге дайындалыңдар. Мен сендермен сол кезде ойнаймын.
Балалар Тазша баламен серуенге шығады."Кім жылдам?" ойыны өткізіледі. Ортасында Тазша бала тұрады. Тазша баланың айналасы сылдырмаққа толы, ойынға қатысушы балалардан сылдырмақтың санының 1-2-і кем. Дене шынықтыру нұсқаушысы бубенді ұрады. Балалар Тазша баланың артынан жүреді, жүгіреді, секіреді, алақандарын шапалақтайды. Бір, екі, үш, сылдырмақты алып үш деген кезде балалар сылдырмақтарға ұмтылады. Алып үлгермегендерді Тазша баланың қасында қалып, қолдарын шапалақтап, өлең айтады. Ойын 3-4 рет қайталанады.
Тазша бала: Ох, мен шаршадым, енді дем алып сендердің қандай икемді де епті екендеріңді көргім келеді.
Дене шынықтыру нұсқаушысы : Тазша бала, қара, балалар доппен қалай ойнайды екен.
"Допты домалат" ойыны өткізіледі. Әрбір бала допты немесе көлемі 6-8 см. шағын шарды алып, межеге дейінгі белгі тұрған жолаушыға немесе сызыққа дейін домалатып апарады. Дене шынықтыру нұсқаушысы жақсы тапсырма орындаған балаларға тапсырманы тағы да орындауға мүмкіндік береді. Ойын бірнеше рет қайталанады. Содан соң балалар допты (шарды) себетке жинайды.
Дене шынықтыру нұсқаушысы : Тазша бала, саған біздің балалар ұнады ма?
Тазша бала: Иә, балалардың бәрі мықты, олар епті, спорттағы табыстары үшін бәрін марапаттауға болады.
Дене шынықтыру нұсқаушысы : Тазша бала сен балаларды немен марапаттайын деп едің?
Тазша бала балаларды құттықтау қағазымен және белгіменен марапаттайды.
Дене шынықтыру жаттығуларына байланысты өткізілетін ойын түрлері өте көп. Дегенмен де оларды таңдап алу бала ағзасының дамуына ықпал етіп, көңіл-күйіне әсер ететіндей, белсенділік сезімдерін дамытатындай дәрежеде болуы педагогтің ұйымдастыру шеберлігіне байланысты.
№1 Ұйымдастырылған ашық оку іс-қызметінің технологиялық картасы
Тақырыбы: «Ұлттық ойын»
Максаты: Балаларды ұлттық спорт түріне ынталандыру. Ұлттық спорт жайлы берілген білімге іс әрекет барысында балалармен жүзеге асырып арнайы жаттығулар жасату аркылы денелерін шыныктыру ыкпал жасау,ұлттық ойындарға деген қызығушылықтарын арттыру. салауатты өмірге тәрбиелеу.
Ұйымастырылған әдіс-тәсіл түрі: саяхат, ойын, эстафеталық жарыс,
Көрнекіліктер: Аркан, белгі сызыктар қамшылар, такиялар, теңге, ұпай жұлдызшалары,
Белингвалды компонент: ойын-игра, арқан-аркан, батыл-смелый.
|
Ә\к |
Дене шынықтыру нұсқаушысы нің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Мотиаиялық қозғаушлылық |
Алдар көсе әндетіп ауыл ортасында билеп тұрады.
Дене шынықтыру нұсқаушысы : Алдар көсе саламатсыз ба! Біз балалармен саяхаттап ауылдың көркімен ауылдағы үлкен қария кісілерден қазағымыздың ұлттық ойындарымен балаларды танысытырып үйретуге келген жайымыз бар. Бізді аксакалдарға ерте барсаңыз.
Алдар: -әп бәрекелді әрине балалар қазағымыздың ұлттық ойындарын білу кажет. Бірақ ешкандай аксакалдарға барудың кажеті жок. Менде осы ауылда туып өстім, қазағымыздың кез-келген ұлттық ойындарын білемін. Дене шынықтыру нұсқаушысы : Ендеше керемет. Олай болса әуелі осы таза ауада дене жаттығуымызды жасап алсак. 1.Саптык тұрыс. – сапқа тұру, бұрылулар,саптық адымдар. - «Күн» және «Шуақ» сөздерімен екіге бөлінеді
2. Музыка ырғағымен жаттығу. 3. Сапка тұру. -Айналып келіп сапка тұрады. |
Балалар ауылға саяхаттап келе жаткан кезде алдарынан Алдар көсе шығып сәлемдеседі.
Балалар Алдар көсе ұлттық ойындар үйретіп ойнатып көрсететінімен хабардар болады.
Балалар жаттығу жасау үшін «Күн» және «Шуақ» болып бөлініп күндерден, шуактардан төрт колллонаға бөлініп музыка әуенімен таңғы жаттығу жасайды.
|
|
І з д е н у ш і л і к,
ұ й ы м д а с т ы р у ш ы л ы қ
|
Негізгі бөлім:
Алдар көсе: Әуелі ұлттық ойындарды көрсетпес бұрын менің сендердің білімдеріңді тексергім еліп тұр. Және әр ойыншы коммандасына мынадай жұлдыздарды жинай алады. Сұраққа жауап беру аркылы ойын ойнау барысынан жинай алады. Жұлдызды көп етіп жинағыларың келеді ма. Ендеше ойын барысында кім көп жұлдыз жинайды екен байкаймыз.
1. Адамның бірінші байлығы не?
-Ал ендеше бүгінгі сендерге ұсынар қазағымыздың ұлттық ойын түрлерін эстафеталық жарыс түрінде өтетін болады ойнлатын ойын атауларымен таныстыра кетейін. 1. Теңге алу 2. Телпек алу 3. Арқан тартыспак
Ендеше комманда екі топка бөлінейік.Бірі «Тұлпар» екіншісі «Қыран». Бірінші эстафеталық ұлттық ойынымыз «Теңге алу» Шарты: Екі коммандаға бөлініп, бөлінген комманда ойыншылары кезекпен әуеннің жетегінде шеңбердің бойымен шауып әуен тоқатаған кезде шапшаңдылықты танытып жерде жаткан теңгені бірінші болып көтеру кажет. Әрі топ жұлдызшаларын коммандаларына жинай алады. -Ал іске сәт балалар!
Екінші эстафеталық ойынымыз «Тақия алу» Шарты: Екі топ ойыншылары кезекпен қолдағы қамшымен телпекті ала алу қажет. Телпекті алып қолдағы амшыны келесі ойыншыға береді. Солай кай топ телпекті көп жинаса сол топ жеңімпаз әрі жұлдызшаларын коммандасына жинай алады. -Ал іске сәт балалар
Үшінші эстафеталық ойынымыз «Аркан тартыс» Шарты: Жерге арнайы аспау сызығы сызылады. Арканның как ортасынан белгі жасалып, екі топ екі жактан керіп тұрып тартады. Ойын басталағаннан екі топ екі жакка тарта бастайды. Кай топ сызыктан асырып алып кетсе сол топ жеңеді. әрі жұлдызшаларын коммандасына жинай алады.
Алдар көсе: Ой жарайсыңдар кандай шапшаң, кандай батылсыңдар керемет! Балалар ойнадык жігерімізді арттырдық. Ендеше мына көгалда отырып денемізді ойымызды тыныктырып алсак. Кане шеңбер бойымен отырып денемізді тыныктырып алайык.
«Медитация» (музыкамен) -Көзімізді жұмайык -Аспан әлемінде жүрміз жұлдыздарға жакындайык -Бір жұлдызды таңдап алып ішімізізге қойайык -Жұлдызды ішке қойып жоғары тыныс алайык. -жұлдызды бала болғымыз келсе, жаман әсерлерді іштен шығарайык та жұлдызымызды іште калдырайык.
-Балалар бойларың тынышталды ма?
|
Балалар Алдар көсенің бірнеше сұрақтарына жауап беруге келіседі
1.Бірінші байлық –Денсаулық. 2. Күндей болып күлеміз, Шуак шашып жүреміз.
Шыныктырып денемізді, 3. -таңертең денені жаттықтыру керек. -жаксы тамактану керек. -таза ауада серуендеу керек. -спортпен шұғылдану керек. 4. -Ермахан Ибрагимов-боксшы, жаттықтырушы. -Елдос Сметов- күресші -Ольга Рыпакова-ұзындыққа секіруден спортшы -Шавкат Рахманов аралас жекпе-жек спортшысы.
Алдар көсенің бүгінгі ұлттық ойындардың эстафеталық жарыс түрінде өтетінін түсініп алады.
Балалар «Тұлпар» «Қыран» болып екі топка бөлінеді
Балалар «Теңге алу» ойынының шартымен танысады.
Балалар «Тақия алу» ойынының шартымен танысады.
Балалар «Аркан тартыс» ойынының шартымен танысады.
Балалар медитаияға еніп жұлдыз әлеміне енеді. Жұлдыздарды алып ішке қойып денені тыныштандырып, жұлдыздардан жұлдызды бала болу кейпін кабылдайды.
-Иә денеміз тыныштанды. |
|
Рефлексиялық коррекциялаушы |
Қорытынды: Тәнті болдым. Мына мен алдардан асып түстіңдер.Бүгінгі күнім өте қызықты болды. Сендерге балалар қызықты болды ма бүгін?
Дене шынықтыру нұсқаушысы : -Балалар бүгін біз кайда келдік? -Алдымыздан кім шыкты? -Қандай ұлттық ойындарды ойнатты? -Бірнші байлық не екен? |
Балалар Алдар көсенің сұрақтарына жауап береді
-Ауылға келдік? -алдымыздан Алдар көсе шыкты. -«Теңге алу». «Тақия алу». «Арқан тартыс». -Бірінші байлық денсаулық. |
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: Ұлттык ойындарды шарты бойынша дұрыс ойнауды.
Өзінде болу керек: қызығушылық, батылдык, шапшаңдылык, бұйрык орындай білу тәртібі,
Істей алады: Тапсырманы соңына дейін шыдамдылықпен ойнай және орындай алады.
№2
Дене шынықтыру
мерекесінің тақырыбы:«Ұлы даланың ұлттық
ойындары »
Мақсаты : Қазақтың ұлттық ойындары қыз қуу, арқан тарту, тақия тастамақ ойындары арқылы балаларға қазақтың салт – дәстүрі , әдет – ғұрпын, туған елге, жерге, өз Отанына деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру.
Міндеттері:
1. Балаларды қазақтың ұлттық
ойындары мен таныстыра отырып ойын шартын дұрыс бұзбай ойнауға
үйрету.
2. Ойынды ойнау барысында балалардың ойлау, есте сақтау
қабілеттерін ойын кезінде саусақ қол моторикасын дамыту.
3. Қазақтың ұлттық ойындарын ойнай білуге
тәрбиелеу.
Сәлеметсіздер ме, балалар!
1. Шаттық шеңбері
Дөңгелене тұрайық,
Киіз үйді құрайық,
Кереге болып керіліп,
Уыктар боп иіліп,
Киіз үйді құрайық.
Жарайсыңдар!
Балалар қазақтың ұлттық ойындарының түрлері - мен
таныстырайын.
(Слайдтан ұлттық ойындардың түрлері көрсетіледі).
Ұлттық ойын түрлері:
«Аламан бәйге» ойыны
«Қыз қуу» ойыны
«Асық ату» ойыны
«Алтыбақан тебу»ойыны
«Тақия тастамақ» ойыны
«Арқан тарту» ойыны
«Күш сынасу» ойыны
Қазір балалар қазақтың ұлттық
ойындарын ойнаймыз. Ойын бастамас бұрын бойымызды жазып
алайық.
2. Сергіту сәті
Би «Қара жорға»
3. Қазақтың ұлттық ойыны
1. Тақия тастамақ
Ойын шарты былай балалар. Балалар дөңгелеп отырады. Бір бала жүргізуші болып тақия тастау керек, екінші бала біліп алып ойынды жалғастырады.
Жеңілген бала тақпақ айтады.
2.Қазақтың ұлттық ойындарының
бірі «Арқан тарту» ойыны.
Ойын шарты: Арқанның ортасынан қызыл матамен байлайды.
Арқанның 2 жақ шетінен балалар ұстап тартады. Қай топ арқанды өз
жағына тартып алса, сол топ жеңіске жетеді. Арқанды тартқан кезде 1
бала құлап қалса, құламаған топ жеңіске жетеді. Әрі қарай ойын
осылай жалғаса береді.
3.Қыз қуу- қыз бен
жігіттің атқа мініп, бірін-бірі қуатын ойын түрі. Ойынның шарты
бойынша қыз бен жігіт атқа мінеді. Кейін атқа мінген қыз белгілі
жерге дейін шауып қашу керек, ал жігіт оны қуып жетіп бетінен сүйуі
керек. Қуып жете алмаса, қыз қамшымен жігітті қуып, оны қамшымен
ұрады.
4. Бекіту
- Балалар сендерге қазақтың ұлттық ойындары ұнады ма?
Иә
- Жарайсыңдар!!!
Балалар қазақтың қандай ұлттық ойындарын ойнадық?
Тақия тастамақ, Қыз қуу, Арқан тарту.
- Жарайсыңдар!
- Ойын ойнаған ұнай ма?
- Иә, ұнайды
5. Қоштасу шеңбері.
Біздің топта ұлдар мен
қыздар
Тату тәтті ойнаймыз
Баршаңызға, бәріне
Тек қуаныш сыйлаймыз.
№ 3.Ұйымдастырылған оқу қызметінің
технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Денсаулық»
Бөлімі: Дене шынықтыру.
Негізгі қимылдар: Шеңберден шеңберге қос аяқпен секіру. Гимнастикалық орындық бойымен жүріп секіру. Қ/ойын: «Қояндар». Босаңсыған қолдармен жүгіру.
Мақсаты: Балаларды гимнастикалық орындық бойымен жүріп секіруге үйрету. Міндеттері:
БМ: Балаларды гимнастикалық орындық бойымен жүріп секіруге үйрету. Балалардың босаңсыған қолдармен жүгіру іскерлігін бекіту. Балаларды шеңберден шеңберге қос аяқ-пен секіруге әрі қарай жаттықтыру.
ДМ: Жеңіл қимылдап жүгіруге жаттықтыру. Қол, аяқ бұлшық еттерін жетілдіру. Ептілік-терін дамыту.
ТМ: Балаларды жылдамдылыққа,шапшандыққа, өздікке тәрбиелеу.
Қолданатын құрал-жабдықтар: 2-3 құрсау, гимнастикалық орындық.
Сөздік қорын белсендіру: босаңсыған – бос ұстау, қос аяқпен.
Көптілдік компонент: орындық – скамейка-bench.
|
Қызметтің кезеңдері |

Мотивациялық- қозғаушылық |
Хабарлайды: -Балалар, біз бүгін «Денсаулық» (сөздік жұмыс) әлемі-не барамыз. |
Балалар «Денсаулық» әле-міне баруға ықыластарын білдіреді. |
|
Ұйымдастырушы- лық - ізденістік |
-Балалар, қалай ойлайсыңдар, «Ден-саулық» әлемінің тұрғындары не-мен айналысады? -Жақсы. Онда саптізбекке бір-бір-ден тұрыңдар! Біріміздің артынан біріміз, Жолда адымдап жүреміз. Жоғары көтеріп аяқтарды, «Денсаулық» әлеміне барамыз. І. 1. Жаттығу «Биік – аласа». 2. Жаттығу «Дәулер мен құрта-қандар». ІІ. Жалпы дамыту жаттығулар 1. «Біз қуыршақпыз». Н.қ.. аяқтары алшақтау, қолдары алда. 1-қолда-рын сәл жоғары көтеру, басын оң жаққа бұру, 2-н.қ. келу, 3-қоладрын сәл көтеру, басын сол жаққа бұру, 4-н.қ. келу. 2. «Біз бишілерміз». Н.қ.: аяқтары бірге, қолдары белде. 1- оң аяқты өкшеге қою, 2-н.қ.келу, 3-сол аяқты өкшеге қою, 4-н.қ. келу. 3. «Біз роботпыз». Н.қ.: аяқтары иықтың бойында, қолдары кеуде-сінің алдында, шынтақта бүгілген. 1- оң жаққа бұрылу, 2-н.қ. келу, 3- сол жаққа бұрылу, 4- н.қ. келу. 4. «Біз паровозбыз». Н.қ.: отырып, қолдары шынтақта бүгілген. 1-2 – құйрығымен алға қарай жылжу, 3-4 – н.қ. келу. 5. «Қояндар». Секіру. Негізгі қимылдар: 1. Шеңберден шеңберге қос аяқпен секіру. 2.Гимнастикалық орындық бойымен жүріп секіру. 3. Босаңсыған қолдармен жүгіру. Қимылды ойын: «Қояндар». Ойынның шартын естеріне түсіреді. ІІІ. Колоннада адымдап жүру. Дем алу жаттығулар. Көптілдік компонент: орындық – скамейка-bench. |
Дене шынықтыру нұсқаушысы нің дабылы бой-ынша қимыл-қозғалыстар-ды орындайды. Колоннада бірінің артынан бірі жүреді. «Биік» дегенде, балалар аяқтың ұшымен, «аласа» дегенде өкшемен жүреді. «Дәулер» - алшақ адым жасайды.«Құртақандар» - аяқтарын жыбырлатып басады. Жаттығуды 3-4 рет қайта-лап жасайды. Жаттығуды 3-4 рет қайта-лап жасайды. Жаттығуды 3-4 рет қайта-лап жасайды. Жаттығуды 3-4 рет қайта-лап жасайды. 15-20 с (екі аяқпен) 1.Орындау тәсілі: бір-бірден. 2.Қолдары белде,орындық бойымен жүріп, секірген кезде аяқтарын сәл бүгіп, еденге жұмсақ түсу. 3. Қолдарын бос ұстап жүгіреді. Ойынға ықыластарын біл-діреді. Ойын 2-3 рет қайталанады. Колоннада бір-бірінің ар-тынан адымдап жүреді. |
|
Рефлексиялық - түзетушілік |
-Балалар, сендерге бүгін жаттығу-ларды қандай жаттығу ұнады істе-ген? Рефлексия «Өзіммен-өзім онаша». Белсенді болған балаларды мақ-тайды. |
Әркім өз ой-пікірін білді-реді. Балалар кілемге жатып, 1-2 минут демалып жатады. |
Күтілген нәтиже:
Біледі: шеңберден шеңберге қос аяқпен секіруді, босаңсыған қолдармен жүгіруді.
Игереді: шеңберден шеңберге қос аяқпен секіру, гимнастикалық орындық бойымен жүріп секіру, босаңсыған қолдармен жүгіру дағдылары.
Меңгереді: гимнастикалық орындық бойымен жүріп секіруді
№4 Денсаулығы сәбидің – қуанышы әр
үйдің»
Денсаулық күніне арналған
«Көңілді эстафеталар» ойын-сауық кеші
Мақсаты: Балалардың көтеріңкі көңіл-күйін туғызу. Балалардың
денесін шыңдап күш-қуатын нығайту, шапшаңдыққа, ептілікке
тәрбиелеу. Балаларды ойындар арқылы ақыл-ойының толысып өсуіне
ықпал жасау. Жарыс кезінде ойынға қызыға қатысуына жағдай жасау,
бір-біріне достық қарым-қатынастарын дамыту. Денешынықтыру
сабақтарына қызығушылығын арттыру. Дене тәрбиесі процестеріндегі
сауықтыру міндеттерін жүзеге асыру.
Өтілетін орны: Спорт залы
Қажетті құралдар: Зал іші мерекеге сай безендірілген, түрлі-түсті
жалаушалар, эстафеталық заттар, екі топ жетістігін көрсететін
сандар, түрлі-түсті шарлар, доптар, кедергілер, шеңбер,
ысқырық.
Жүргізуші: Құрметті әріптестер, балабақша тәрбиеленушілері және
спорт сүйер жанкүйер қауым. Бүгін «Дәуір» балабақшасында Дене
шынықтыру нұсқаушысы лер мен тәрбиеленуші балалардың қатысуымен
«Салауатты өмір салтын қалыптастыру» мақсатында ересектер топ Дене
шынықтыру нұсқаушысы лерінің ұйымдастыруымен екі топ арасында
мерекелік сауықтыру іс-шарасын өткізгелі отырмыз. Балаларды
салауатты өмір салтына баулу арқылы денсаулығын сақтау, нығайту,
денешынықтырудың ролін көтеру. Адам ағзасына зиянды әрекеттерден
арылу, аластау. Егеменді еліміздің ертеңгі денсаулығы мықты
азаматтар мен азаматшаларды тәрбиелеу біздің міндетіміз. Міне,
бүгін балабақшаның Дене шынықтыру нұсқаушысы лері мен
тәрбиеленушілерінің қатысуымен өткелі отырған «Денсаулығы сәбидің –
қуанышы әр үйдің» атты мерекелік сауықтыру іс-шарасын бастауға
рұқсат етіңіздер.
І.Ұйымдастыру кезеңі
Шынықсаң шымыр боласың,
Сауығып айдай толасың.
Спортты серік ете біл,
Жақсы азамат боласың.
Жеңімпаз болу оңай ма,
Арман болған талайға?
Болмасаң да ұқсап бақ,
Жарысқа түсіп қалайда.
ІІ.Негізгі бөлім
Құрметті әріптестер және кішкентай
көрермендер бүгінгі«Денсаулығы сәбидің – қуанышы әр үйдің»
атты спорттық сайысына қош келдіңіздер!
Көңілді жарысқа «Ақ көгершін» және «Қызғалтақ» топ
бүлдіршіндері қатысады.
Әр таңды бақытпенен аттырамыз
Өнерді ой көгінде бақылаңыз,
Сайысқа қатысуға енді ортаға
топ бүлдіршіндерін шақырамыз.
(әр топ өз орындарына келіп тұрады)
Ал,құрметті халайық!
Жарысты енді көріңдер
Әділ қазы алқасы
Әділ баға беріңдер!
Сайысты бастамас бұрын,сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар
алқасымен таныстырайық.
1
2
Спорттық сайысымыз 3/4/5 баллдық жүйемен бағаланады.
Сайыстың бағдарламасы 6 кезеңнен
тұрады
«Эстафета»
«Кеңгуру»
«Пингвин»
«Алтын қасық»
«Кім шапшаң»
«Кім күшті»
Құрметтісайыскерлер! Сіздергесәтсапар!
Сайысымыздыбастаймыз.
«Қыран» тобынортағашақырамыз
Топтыңұраны: Қыран тобы алға
Бәрімізбірімізүшін!
«Тұлпар»тобын ортаға шақырамыз
Топтың ұраны: Біз әрқашанда мықты
Бәрін жеңіп шықты
І кезең: «Эстафета»
Шарты: Әр топ қатысушылары жалаушаны алып мәреге дейін жүгіріп
барып өз орынына келіп өзінен кейінгі қатысушыға жалаушаны тапсыруы
қажет, қай топ бірінші мәреге жетсе сол топ
жеңімпаз.
ІІ
кезең: «Кеңгуру»
Шарты: Балалардың алдына алжапқыш байлап, жеміс – жидектерді жинап
өздеріне тиесілі себетке жинауы тиіс, қай топ көп жинаса,сол топ
жеңімпаз.
IІІ кезең: «Пингвин»
Шарты: Допты аяқ арасына қысып алып, жерге құлатпай пингвиндер жүрісімен жүріп, мәреге жетуі тиіс, қай топ бірінші келсе сол топ жеңімпаз.
ІV кезең: «Алтын қасық»
Шарты: Әр қатысушы теннис добын қасыққа салып алып, мәреге
дейін жүріп барып,қайта келуі тиіс, қай топ мүшелері бірінші болып
келсе сол топ жеңімпаз.
V кезең: «Кім шапшаң»
Шарты: Топ басшысы шеңбермен бір-бірден балаларды мәреге апарып,
жерде қонып тұрған көбелекті алып гүлге қондыру.
VI кезең: «Кім күшті»
Шарты: Әр топтар жерде үріліп жатқан шарларды, үстеріне отырып
жаруы тиіс қалдығын жинап себетке салуы керек қай топ көп шар
қалдығын жинаса сол топ жеңімпаз.
Қорытынды бөлім
Жарыс заңы ежелден-
Жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты сол-
Еңбектену,жалықпау
Біреу озса сайыста,
Біреу артта қалады
Жеңілгендер ренжімей
Тараса бізге жарады
демекші сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып
жеңімпаздарды марапаттауға әділқазы алқасына сөз кезегін
берейік.
Уа,халқым назар аудар денсаулыққа!
Өмірде бақыттысың денің сау да.
Денсаулық терең бақыт деген сөзді
Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да демекші
Құрметті қонақтар, спорт жанкүйерлері! Бүгінгі эстафеталық
жарысымыз осымен аяқталды. Бүгінгі жарысқа қатысқан бүлдіршіндерге
алғысымызды білдіреміз! Алдағы күндері үлкен биіктерден көріне
беріңдер! Бүгінгі жеңістерің құтты
болсын!
Қимылды ойындар жинағы
Денсаулық құндылықтары бойынша дене шынықтыру
ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінде қолданылатын қимылды ойындар
жинағы.
«Паравоз» №1
Мақсаты: Балалардың бірінің артына бірі тіркеліп тұрып паравоз
сияқты жүруге, өлең жолдарын қайталап айтуға үйрету.
Мазмұны: Қатар - қатар тұрайық,
Кәне, кәне, сұрайық.
Кімнің болса бойы ұзын
Паравозы пойыздың
Кімнің, апай, бойы ұзын
Паравозы ол пойыздың?!
Дене шынықтыру нұсқаушысы бойы ұзын баланы көрсетеді. Сол бала
паравоз болып алда тұрады. Ал қалғандары соның
артынан ұстап тұра бастайды.
Ал, паравоз баста алға,
Бәрімізді басқар да!
Пш - пш, пш - пш!- біз кеттік
Жүрісті біз гулетіп
Жүрісті біз гулетіп
Гу - гу, гу - гу, гуілдеп
Қалып қойма біріңде
Пш - пш, пш - пш!- біз кеттік жүрісті біз
үдеттік.
«Ұшты - ұшты» №2
Мақсаты: Ненің ұшатынын, ненің ұшпайтынын, аңғарымпаздыққа
тәрбиелейді.
Ойынның мазмұны: Ойынды үй ішінде де сыртта да ойнауға болады.
Ойынға қатысушыларға бастаушының сөзін қалт жібермей бағып отыру
шарт. Ұшатын құс не зат айтылса, қолдарын жоғары көтереді де,
ұшпайтын зат айтылса тырп етпей отырады. Қателескен бала айып
тартып тақпақ айтады не ән салады. Екі рет жаңылса айып шарты,
ұлғая түседі. Бастаушы
Ойынды былай жүргізеді.
Ұшты - ұшты сұңқар ұшты
(қол көтереді)
Ұшты - ұшты қарға ұшты
(қол көтереді)
Ұшты - ұшты арба ұшты
(қол көтермейді)
Ұшты - ұшты дауыл ұшты
(қол көтермейді)
Ұшты - ұшты ұшақ ұшты
(қол көтереді)
Ұшты - ұшты торғай ұшты
(қол көтереді)
Ұшты - ұшты жылан ұшты
(қол көтермейді)
Осылайша жүргізілген ойында жаңылмаған ойыншы
жеңеді.
«Ақ қоян» №3
Мақсаты: Балаларды жылдамдыққа,
мықтылыққа баулу.
Ойын мазмұны: Балалар шеңбер жасап тұрады да, ал бір бала ортада
қоян болып отырады. Шеңбердегі балалар қол ұстасып қоянды айнала
жүріп тақпақ айтады.
Ақ қоян - ау, ақ
Орныңнан тұрсаңшы
Шашыңды тарасаңшы
Бетіңді жусаңшы
Әй - әй көйлек кисеңші.
Біреудің қолын үзсеңші -
Дегенде қоян болған бала тақпақтағы айтылған қимылды түгел істеп
өлең, бітісімен жүгіріп барып шеңберді бұзуға тырысады. Егер бала
шеңберді үзсе өзі шеңберге қосылып тұрады да үзілген жердегі оң
жақтағы бала қоян болады.
«Қасқырлар мен лақтар»
№4
Мақсаты: Балаларды жылдамдыққа, ептілікке тәрбиелеу.
Ойын мазмұны: Аралары 10 - 15 адым қашықтықта «қора» мен «өріс»
сызылады.
Ойнаушылар үйлерінде тұрып:
Бөрте, бөрте, бөрте лақ,
Бөрте лақ тым ерке лақ
Кетесің кейде секеңдеп,
Байламаса көкем кеп — деген сөздерден
Кейін дүрсілдей жүгіріп « өріске» беттейді. Оларды алаңның
ортасында тұрған 2 - 3 қасқыр қуып береді. Қолға түскендер ойыннан
шығып қалып келесі кіреді. Қасқырлар ұсталмаған балалардан
сайланады. Осылайша ойын жалғасады.
«Қаздар»
№6
Мақсаты: Балалардың музыкалық есту қабілетін дамыту және
қаздардың тіршілігімен таныстыру.
Керекті құралдар: (сырнай немесе сылдырмақ).
Ойын мазмұны: Қысқаша әңгіме, қаз өте сақ құс, ол балапан шығарған
кезде, ата қаз балапандардың соңында жүреді. Егер қауіп төнсе, ана
қаз екеуі екеулеп балапандарын қорғайды. Қаздар көк шалғында шөп
жейді. Барлық балаларға сырнай үлестіріліп, ішінен ата қаз
белгіленеді. Балалар шалғында жайылып жүрген қаздарды бейнелеп,
баяу сырнай тартады. Дене шынықтыру нұсқаушысы белгісімен қауіп
төнгенде, ата қаз
сырнайды қатты 2 - 3 рет тартып белгі береді. Осы кезде балалар
қанат қағып жүгіріп барып, ана қаздың жанына жиналады. Ойын
қайталанып, ата қаз сайланады.
«Төбеде доп қуу»
№7
Мақсаты: Балаларды шапшаң дербес қимыл әрекетке үйрету,
ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Ойын мазмұны: Ойынға қатысушылардың барлығы екі топқа бөлінеді. Әр
топтың ойыншылары бірінің артына екеуден сапқа
тұрады. Ал капитан өз
командасының алдында болады. Команда бірінен бірі 3 - 4 метр жерде
тұрады. Капитандар бір - бір волейбол добын алады да, оны екі
қолымен төбелеріне көтереді. Жетекшінің «Бастаңдар» деген командасы
бойынша олар допты басынан асыра артындағы ойыншыға, осы әдіспен
келесі ойыншыға береді. Ойын одан әрі қарай жүгіреді, сөйтіп өз
тобының алдына келіп тұрады. Доп тағы да колонаның соңына кетеді.
Ол топ капитандарының қолына екінші рет қайта тигенше ойын осылай
айнала береді. Капитан өз орнына келіп, бірінші
болып, допты жоғары көтергенде команда ұтып шығады.
«Күн мен түн» №8
Мақсаты: Балаларды ептілікке,
жылдамдыққа, ажыратуға баулу.
Ойын мазмұны: Балалар бірі «Күн», екіншісі «Түн» тобы болып екіге
бөлінеді. Олардың бір - бірінен бөлек, өз үйлері болады. Дене
шынықтыру нұсқаушысы нің көрсетуі бойынша екі команда да жаттығулар
жасап тұрады. Дене шынықтыру нұсқаушысы «Күн» деп белгі берген
кезде, сол топтың балалары үйіне жеткізбей қуып жетулері керек.
Қолға түскен балалар қуушылар қатарына қосылады. Сөйтіп, ойын
осылайша алма - кезек жүріп отырады. Көп бала ұстаған команда
жеңіске жетеді.
ТЫНЫС АЛУ ЖАТТЫҒУЛАРЫ
А.Н.Стрельникова. «Қуғындар» - тік тұрып, аяқты қосу, қолды жіберу; қолдарын жанына көтеріп одан кейін денесінің алдына қарай былғалау; демдерін тез шығару.
«Итбалық» - отырып бір қолын ішіне, екінші қолын кеудесіне қою; ішін тартып демін ішке алу, кеудесін төмен түсіріп, ішін жіберіп томпайтып ауаны сыртқа шығару.
«Басын бұру» - түзу тұрып, аяғын иық деңгейінен сәл кішілеу ұстау; басын бір жағына бұрып дыбыспен демін ішке тарту, басын екінші жағына бұрып дыбыспен демін сыртқа шығару.
«Үлкен маятник» - түзу тұрып, аяқтарын иығынан сәл кішілеулетіп қою; ілгері еңкейіп, еденге қарай созу, демін ішке алу; тоқтамастан артқа шалқаю, қолымен иықтарын құшақтау; жаттығулардың арасында демін сыртқа шығару.
«Кеудені бұру» - түзу тұру, аяқ арасы иықтан сәл кеңдеу; қолдары дененің бойымен; денені бұрған сайын дыбыспен; қысқа, демді ішке жұту; жаттығу арасында демді сытрқы шығарады.
«Көкжиек» - түзу тұрып, қолдарын шынтақтан көтеріп, алақанды көрсету; дыбысты қысқа дем алу, демді мұрыннан шығару және саусақтарын жұдырыққа қысу.
ҚИМЫЛДЫ ОЙЫНДАР
Жүгіріп ойнау.«Жаяу көкпар». Бақылаушы таңдалады, ол ойын ережесінің дұрыс жүрілуін бақылайды және ойын барысында тәртіп бұзбауын қадағалайды; ол ойыншыларды бір сапқа тұрғызады, сыйлықтан 30 қадам жерде финиш анықталады. Саптағы әр ойыншының міндеті қалған ойыншыларды жығып, сыйлыққа дейін жүгіріп жетіп, оны ұстап алып, онымен бірге финишке жету керек.
«Қарлығаш». Бұлойынды өткізу үшін міндетті түрде дөңгелек қажет. Одан кейін «қарлығашты» және «күзетшіні» таңдайды, қарлығаш дөңгелек ортасында отырады, ал күзетші басқа ойыншылардың шабуылынан қорғап жүреді. «Күзетші» шабуылдың біреуін ұстап алуға тырысады. Егер ол тырысып, ойыншының біреуін ұстап алса, ол «күзетші» атанады.
«Бүркіт».Балалар «Бүркітті» таңдайды. Қалған ойыншылар - «қосаяқтар», «тышқандар», «құстар» болады. Дене шынықтыру нұсқаушысы нің берілген дабылы бойынша «бүркіт» ұясында отырады, ал қалғандары секіріп, жүгіріп, ұшып жүреді. Дабыл бойынша - бәрі тұрған жерінде қатып қалады, ал «бүркіт» ұшып шығып, қозғалып қалған ойыншыны тауып алады да, ол ойыншы «бүркіт» атанады.
«Ат шабыс». Ойыншыларда сандық реті тағылған, олар салт атты бейнесін бейнелейді. Салт аттылар белгілі ара қашықтықта жарысады. Олардың шабысын Дене шынықтыру нұсқаушысы бақылап отырады. Кім де кім қалып қойса не итерсе, ол ойыннан шығады. Алда болып, жақсы жарысқан ойыншы жеңімпаз атанады.
«Автомобильдер».Қатысушылардың қолдарында әр түрлі түсті рөлдер бар. Дене шынықтыру нұсқаушысы нің берілген дабылы бойынша әр түрлі түсті таяқшалармен балалар өзін жүргізуші ретінде санап, өз дабылы бойынша қимылдайды.
«Торғайлар мен мысық». Бірінші «мысықты» таңдайды, қалған қатысушылар «құстар» болып зал ішінде жүгіріп жүреді. Дабыл бойынша «мысық» жүгірі шығады да, оларды ұстай бастайды. Ұсталған «құс» енді «мысық» болады.
«Киіз үй».Төрт орындықты қояды. Әрбір орындықтың үстінде орамал жатады. Балалар орындықты айнала жүгіріп, Дене шынықтыру нұсқаушысы нің дабылы бойынша «киіз үй» құрады: орамалдың бұрышынан ұстап жоғары көтереді.
«Қыз қуу». Ойынға қыз бен жігіт қатысады. Екеуі де атпен шауып келеді. Жігіт атпен қыздың артынан қуады. Егер қызға жете алмаса, онда қыз жігітті айыптап, қамшымен қуады.
«Сақина». Дөңгелек ортасында тұрған жүргізуші, алақанының арасына сақинаны салып, қалған ойыншылардың алақандарына салған болып шығады. Ойыншылардың біреуінің алақанына сақинаны салып:«Менің сақинам қайда?» - деп дауыстап сұрайды. Сұрақты естіген соң, сақинаны алған бала ортадан жүгіріп шығуы қажет. Ойын шарты бойынша көршісінің мсіндеті сақинасы бар баланы ұстап жібермеуі керек.
«Көкпар». Бұл ойын «ат шабыс» ойыны тәрізді тек аттың үстінде отырған болып есестету арқылы ойналады.
«Көрінбейтін тақия». Ойыншылар айнала шеңбер болып тұрады. Жүргізуші барлық ойыншыларды айналып өтіп, білдіртпей бір ойыншының артына тақияны тастап кетеді. Егер ойыншы бірден оны байқамаса, онда ол жүргізуші болады. Тақияны тапқан ойыншы жүргізушіні қуып жетіп, оған тақияны кигізу керек.
Еңбектеуге, өрмелеуге арналған ойындар.«Балапандар». Ойыншылар үш топқа бөлінеді. Әрбір топта – отырған тауық және оның балапандары бар. Таңдап алынған үш лашын құстар балапандарға алақандармен тигізуі қажет, содан кейін ойыннан қуып шығылады. Отырған тауық өз балапандарын қорғайды. Шабуыл кезінде балапандарын қорғаған тауықтың қолы лашынға тисе, ой ойыннан шығып қалады.
«Киік». Балалар қолдарынан ұстап, шеңберге тұрады. Жүргізуші балалардың арасымен келіп, былай дейді:
Желаяқ киік шабады,
Жолменен киік шабады.
Бір, екі, үш, төрт, бес,
Оны қалай ұстаймыз?
Оны қалай ұстаймыз?
Дөңгелекті жауып, қолдарын жібереді. Егер «киік» ұсталса, ойыншылар ауысады.
«Мысық пен тышқан». Барлық балалар айнала шеңберге тұрып, «тышқан» мен «мысық» таңдайды. «Тышқандар» «мысықтан» қашады, дөңгелек ішінде жүругеде болады. «Мысықты» балалар дөңгелек ішіне жібермейді.
«Тасбақа». Ойыншылар залда еден үстінде тасбақа болып жорғалайды. Дене шынықтыру нұсқаушысы нің дабылы бойынша қолдарын, аяқтарын ішінің астына жасырады.
«Кесіртке». Ойыншылар кесірткенің қалпын жасайды. Екі жіптің ортасымен, қолдарымен тіреп жорғалайды.
«Жыландар». Балалар сәл ілгері еңкейіп, бір - бірінен ұстап тұрады. Берілген дабыл бойынша кедергілердің үстімен өрмелейді. Барынша «тізбекті» үзбеуге тырысады.
«Айгөлек». Ойыншылар екі командаға бөлінеді, бір - біріне қарама - қарсы 20 - 30 қадам жерде қолдарынан ұстап тұрады. Бірінші команда ойынды бастайды:
Айгөлек, Айгөлек
Айдың беті аппақ қардай дөңгелек.
Таудан биік, көлден жүйрік,
Бастаймыз біз, жүгірмек.
Кәне, бізге кім керек?
Келесі команда бұл сұраққа қажетті адамның атын атайды. Жүгірген ойыншы екінші команданың тізбегін ашуы қажет. Егер ашқан жағдайда, онда өзіне қажет адамды таңдайды, егер аша алмаса онда сол қалыпта қалады.
«Темірбай».Ойыншылар ортаға Темірбайды алып шеңбер жасайды да, былай дейді:
Бес күн Темірбайда
Қызықты, тату ойнаймыз,
Өзенге барып шомылып,
Тентек болып шылпылдап,
Әдемі болып сәндендік.
Тамақ және су ішпей
Кешке орманда жүгірдік.
Бір - бірімізге қарадықта,
Осылай жасадық.
Соңғы сөздерінен кейін жүргізуші қимылдар жасайды. Барлығы соны қайталайды. Одан әрі басқа жүргізуші тағайындайды.
«Құрылысшылар».Залда текшелер шашылып жатыр. Дене шынықтыру нұсқаушысы нің дабылы бойынша ойыншылар жылдамдыққа үй тұрғызады.
Секіру ойындары. «Қоян мен қасқыр». «Қасқырды» таңдалады. Қалған қатысушылар - «қояндар» болады. Дене шынықтыру нұсқаушысы нің дабылы бойынша «қояндар» секіреді, екінші дабыл кезінде қозғалмай, қатып қалады да, ағаш қалпын бейнелейді. Осы кезде «қасқыр» айналып жүріп, қозғалып тұрған адамды іздейді. Ұсталынған адам «қасқыр» болады.
«Байланған орамал».Орамалды допқа ұқсатып орап байлайды. Бір ойыншы ортада тұрады, ал қалғандары оны қоршап айналып тұрады. Дабыл бергеннен кейін қатысушылар жан - жаққа жүгіріп, ортадағы ойыншыға ұстатпай, бір - біріне орамалды лақтырады. Ортадағы ойыншы «допты» қағып алуы керек. Орамалдан айырылып қалған ойыншы ортадағымен орын ауыстырады.
«Қораздар шайқасы». Бұл ойын үшін алдын - ала мүмкіндігінше үлкен етіп, дөңгелек сызу керек. Қарсыластар бір аяқтап жүріп, дөңгелек ішінен бір - бірін итеріп шығаруы керек. Екінші аяғы жерге тисе, ол ойыншы ұтылған болады.
«Тиынды көтер».Алаңның қарама - қарсы жағына бастау сәті және финишті белгілейді. Тиындарды жайып қояды. Дабыл бойыншга жігіттер финишке қарай шабады. Шабыс кезінде тоқтамай, еңкейіп тиынды алады. Тиынды ең көп жинаған ойыншы ұтады.
«Қалпақты атып түсір».Ойынға қағаздан бүктелген бөрік те жарайды. Бас киімді 20 қадамдай жерге биіктігі 1 метрдей қазыққа іліп қояды. Ойыншы қолына белбеу алып, секірумен қазыққа дейін барып, белбеумен бас киімді қағып түсіреді.
«Ұя».Балалар өз - өздерін «құспын» деп елестетіп зал ішінде «ұшып», «секіріп» жүреді. Дене шынықтыру нұсқаушысы нің дабылы бойынша барлық ойыншылар залда жатқан сақинаға келіп «ұяларына» ұшып келіп қонады.
«Қоян мен ит».Ойыншылар «итті» таңдайды, қалған ойыншылар «қоян» болады. Бір – бірінен ара қашықтығы 3 метр екі шеңбер орналастырылады. «Иттің» міндеті - бір шеңберден екінші шеңберге секіріп жүрген «қоянды» ұстап алуы қажет. Ұстап алынған «қоян» ит болады.
«Қақпан».Ойыншылар екі командаға бөлінеді. Бірінші команда - «орман аңдары» болады, екінші команданың ойыншылары шеңберге айнала тұрып, бір - бірінің қолдарынан ұстап жоғары көтереді. «Аңдар» шуы балалар арасымен өтіп шығады. Шу басылған уақытта балалар қолдарын түсіріп, отыра қалады. Ұсталынған «аңдар» шеңбер болып тұрады.
«Шабыс».Балалар жүргізушіні таңдайды, айналып дөңгелене тұрады. Алақандарын шапалақтап, жай шоқырақпен дөңгелене, салт атты бейнесін сала отырып шабады. Жеңімпаз атануы үшін жүргізушінің шеңбердің ортасына тастаған орамалын жүгіріп келе жатып қағып алуы керек.
«Балықшылар».Үш «балықшыны» таңдайды, қолдарына сақина беріледі. Қалған балалар - «балықтар» болады, олар жүзіп жүреді. «Балықшылар» былай дейді:
Суда балықтар жүзіп жүр,
Балықтар асыр салып ойнап жүр,
Балақтар, балықтар – тентектер
Біз сендерді ұстап аламыз балықтар.
Сақинаға бірнеше «балықтар» ұстап алуға тырысады, өздері сосын «балықшылар» атанады.
«Түйе мен ботақан» Балалар айнала шеңбер бойына тұрады. «Түйе мен ботақан» - батыры таңдалады. «Түйе» дөңгелекті айналып жүріп, «ботасын» үйге шақырады, бота одан қашып, секіріп жүреді. Балалар түйені дөңгелек ішіне кіргізбеуге тырысады, ботаны қорғайды. Түйе ботасын ұстағаннан кейін, балалар олардың үстінен бір - бірлеп секіреді, ұсталынған балалар батыр атанады.
Тастау, лақтыру және қағып алу ойындары.«Адасқан доп». Балалар дөңгелене шеңберге тұрады, бір - біріне допты бере бастайды. Жүргізуші дөңгелек сыртында допқа қолын тигізуге тырысады. Егер ол қолын допқа тигізсе, ол допты ұстаған баланың орнына тұрады. .
«Алшы» .Ең үлкен асықты қызыл түске бояйды, ол асық «Хан» деп аталады. Жүргізуші асықтарды уысына алып, қалған ойыншылардың алдына шашып тастайды. Одан кейін «хан» қай жағымен түскенін қараймыз. Сұқ саусақпен бас бармақтың көмегімен жақын жатқан асықтарды атамыз.
«Допқа тигіз». Балалар екі топқа бөлінеді. Бірінші команда сызық бойына сапқа тұрады, бір - біріне арқасымен екі қадам ара қашықтықта тұрады. Екінші команда да осылай, біріншіге параллель орналасады. Ойынға ойыншылар санына қарай доп қажет. Бір команда ойыншыларының міндеті - допты кезектесіп жоғары, кішкене ілгері қарай лақтыру. Екінші командада кезектесіп өз доптарымен белгіленген «мақсатқа» тигізу керек. Сосын керісінше жасалады.
«Орамал». Залдың ортасына орамал ілінеді. Қатарласып ойыншылар тұрады. Қолдарында шағын доп ұстайды. Ойыншылардың міндеті - орамалды доппен қағу.
«Шұңқыр және доп».Ойыншылар кең түрде дөңгеленіп тұрады. Әр ойыншы өз алдынан шағын шұңқыр қазады, қолдарында таяқшалары бар. Ортадан үлкен шұңқыр қазылады. Жүргізуші допты ойыншылардың арасымен өткізуге тырысады, үлкен шұңқырға түсіруі қажет. Басқа ойыншылар жүргізушіге жол бермей, өз шұңқырларын қорғайды. Шұңқырсыз қалған ойыншы жүргізушіні алмастырады.
«Аңшылар».Ойынға 4 - 6 бірдей доптар қажет. Балалар екі топқа бөлінеді. Біреуі «аңшылар», ал екіншісі «қасқырлар» болады. Біреуі диаметрі 4 метрдей дөңгелектің сыртында, екіншісі ішінде болады. Аңшылар доппен атқылап, дөңгелек ішіндегі қасқырға тигізуі қажет, олар орнында тұрып, бұғады, иіледі, айналады немесе допты қағып алады. Әрбір тиген доп үшін аңшылар 1 ұпай алады, ал егер қасқырлар допты қағып алса, ұпай жойылады.
«Арқа».Ойыншылар екі топқа бөлінеді. Бірінші топтың мүшелері теріс қарап тұрып, аяқтарының арасымен допты екінші командаға бағыттайды. Одан кейін екінші команда қайталайды.
«Ұшты-ұшты».Жүргізуші түрлі құстардың атын атап, «ұшты-ұшты» деп қолдарын сермейді, барлық ойыншылар қайталап, қимылдар жасайды. Бір сәт жүргізуші: мысалы «сиыр» дейді; егер ойыншылардың біреуі қолын былғап қалса, ол қандай да болсын бір тапсырманы орындайды.
«Доп соғу».Барлық ойыншыларда бір - бір доп. Екі қолмен тұрған жерінде допты кезектестіріп ұрғылайды. Ең көп допты ұрғылаған ойыншы ұтады.
Кеңістікті бағдарлау ойындары.«Есімін тап». Ойыншылар екі топқа бөлінеді. Біріншісі бөлмеде қалып, екіншісі шығады. Одан кейін ойыншы шыққан ойыншылардың есімдерінің ішінен бір есімді таңдайды. Шыққан команданың ойыншыларын бір - бірден ішке шақырады. Келген ойыншы өзін таңдаған ойыншыны сезіп, табуы керек.
«Инені тап».Ойыншының біреуі сыртқа шығады. Қалған ойыншылар инені тығады. Шыққан ойыншы ішке кіріп, ойыншыларды аралап, инені табуы керек.
«Кім күшті?». Екі ойыншы бір - біріне арқасымен тұрады, тұйық жіппен байланған жіптің түйіншегі екі ойыншының ортасында орналасады. Екеуі бір уақытта өз жағына қарай бір - бірін тартады.
«Өз орныңды тап».Бұл ойынның тағы бір аты - «Үшіншісі артық» деп те аталады. Ойыншылар жұптасып, екеуден бір - біріне арқасымен дөңгелек құрып тұрады. Ойынды бастаушы және жұбы жоқ ойыншы бастайды. «Артық» ойыншы қашып, бастаушы оны қуады. Міндеті - қашушы кез - келген жұптың алдына барып тұра қалады. Осы жұптағы үшінші ойыншы «артық» болады.
«Кім кетті?».Жүргізушіні таңдап қалғандары дөңгелене тұрады. Жүргізуші мына командаларды орындайды: жүру, секіру, жүгіру сияқты, ал басқалары қайталайды. Одан кейін екі ойыншыға барып, оларға дөңгелекті айналып шығып, жүргізушінің орнына баруды тапсырады.
«Жұбыңды тап»Балалар екі топқа бөлінеді. Бірінші топ әр түрлі атрибудтарды бастарына киеді, екінші топ олардың балаларының атрибудтарын киеді. Бір - біріне арқаларымен тұрып, шынтақтарымен айқасып тұрады. Бұйрық бойынша бір - бірін жоғары, еденнен аяқтарын көтереді. Өз қарсыластарын көтерген топ жеңеді.
Эстафеталық ойындар.«Айқасу». Ойыншылар екі командаға бөлінеді. Орталық алаңға бірінші жұп шығады: әрбір командадан бір - бір адам шығады. Бір - біріне арқасымен тұрып, шынтақтарын айқастырады. Команда бойынша бір - бірін көтереді, аяқтары еденнен көтерілуі керек. Қарсыласын көбірек көтерген команда жеңімпаз атанады.
«Арқан тарту».Ойыншылар екі командаға 5 - 6 адамнан бөлінеді. Ортасында орамал байланған арқан алынады. Ойын міндеті - арқанды өз жағына тартып жеңу.
«Жасақ».Ойыншылар екі командаға бөлінеді. Әрбір команда келесі тапсырманы орындайды: «миналы алаңнан» қойылған кедергілерден өту, «батпақтан» төсеніш іздерден өту, «гранаталар» лақтыру - кішкентай дорбаларды лақтыру.
«Жігіттер».Бастаушы: Құрметті жігіттер,
Біз сіздерді қызықты,
Әдемі ойынға шақырамыз.
Отырғандардың ішінен бір жігіт таңдап алынады. Ал қалған балалар аттың жүрісін салады. Сөйтіп, екінші ойыншы мен жігітті ауыстырады.
Мен атқа отырғызыңдар!
Киізде үй маған тар енді,
Жарқыраған жол үстінде,
Әшекейлері кілемше тәрізді әдемі,
Ат үстінде отырып алға қарай шабамын.
Қалған балалар ат үйірін бейнелейді. Ойын жігітті алмастырумен жалғаса береді.
«Тапқыр».Тегіс жерге дөңгелек сызып, радиусына тең жіп алынады. Жүргізуші дөңгелек ортасында тұрып, тізе тұсында жіпті жай, біресе тез айналдырып, ойыншыларды ілуге тырысады. Қалған ойыншылар жіпке ұрынбай аттап не секіріп кетуі керек.
Жолдағы кедергілер.«Көңілді жарыстар». Ойыншылар екі командаға бөлінеді. Біріншісі бас жақта қатарласып тұрады. Дабыл бойынша жолдағы кедергілерден өтіп, финишке жетуі керек: тізелей отырып кедергілер арасынан өту, аяқ арасына допты қысып өту, гимнастикалық орындықтан өрмелеп өту. Екінші команда да осыларды орындайды.
«Поезд».Балалар бір - бірінен ұстап әр түрлі төсеніштермен, текшелердің арасынан өтеді.
«Татулы жарыстар». Тапсырманы жұптасып орындайды: бір бала қолымен еденге тіреледі, екінші бала оның аяғыннан ұстап белгілі ара қашықтыққа жүреді; араларына кеуде тұсына шар қысып жүру; екі ойыншы дөңгелек ішінде финалға дейін жүгіреді.
«Алғырлар». Залда кедергілер қойылған:секірмелі-доптар, қанаттар, шағын доптар, секіргіштер, аттар. Дене шынықтыру нұсқаушысы нің дабылы бойынша балалар түрлі жаттығулар жасап, дабыл бойынша орын ауыстырады.
РЕЛАКСАЦИЯ
«Босаңсу және қатаю».Тік тұрып, қолдарын ілгері көтеру, саусақтарын жұдырыққа жұму, иық алдының бұлшықеттерін қатайту (3 - 4 сек). Күшті болам деп ойлап тұру. Бұлшықеттерді қатайту. Енді тұла бойынды босаңсытып: қолдарынды еркін төмен түсіріп, маятник тәрізді қимыл жасайды.
«Жаяу ат айдаушы қалпында» Міндетті түрде орындыққа отырып, денені алға қарай арқаны жай ғана еңкейту,басты төске қарай жібереміз, аяқты тік бұрыш жасап, қатар қою керек. Білек сүйектері жамбаста еркін жатады, қолымызды бос ұстаймыз, еркіндікке жібереміз. Көзді жұмып, бұлшықеттерді барынша босаңсыту. Қалып ат айдаушыны елестетеді.
«Теңіз өмірі».Теңіздегі тіршілікті: теңіз балықтары, шабақтар,теңіз жұлдыздары, теңіз жұлдыздары, шаяндар, дельфиндер атауларын күн нұрына бөленіп, теңізде жүзген кездегі бейнелеріне ену, сезіну.
«Күн».Балалар дөңгелене тұрып күнге қарай қолдарын созады. Күн өз шуағын адамдардың жүрегіне, балаларға сыйлайды.Әр баланы күн нұрына бөлейді. Ал балалар өз кеудесінен күннің сәулесін айналасындағы тіршілікке жолдайды.
«Гүлдер».Әрбір гүл өзінше, ерекше иіс таратады, оған жәндіктер жиналады, өзінің әдемілігімен тіршілікке қуаныш сыйлайды. Айналаға тараған хош иіске балалар рахаттанады.
«Көбелек».Табандарын қатарластырып отырып, тізесін бүгіп, аяғын барынша жайып, білектерін айқастырып, табанын құшақтайды. Тізеден бүгілген аяқпен, ырғақты серіппелі тербеліс жасайды. Бала өзін гүлде отырған тәрізді сезініп, тізесін көтеріп, қолын түсіреді. Балмен нәрленген көбелек қолдарымен қанат қағып алысқа ұшып кетеді.
«Қысқы орман». Өзін қысқы орманда жүргендей, аязды күні қар жауып тұрғанын көз алдына елестету. Қар ұлпасы, жайлап ауада қалқып, жерге түсіп жатыр. Орман іші тыныш. Талдар көлеңкеде тұр, жел жоқ, тып - тыныш. Бір кезде жел көтеріліп, әуелі жайменен қар ұлпалары аспанға көтеріледі. Жаттығулар алыстан көрмеушілікті алдын – алуға жасалады.
«Күз».Жылы, талдарда сары жапырақтар, олар желмен тербеліп тұр. Жел күшейіп кетіп еді, бір жапырақ талдан үзіліп, көңілді шайқалып, жайлап аударылып, ұша жөнелді.
«Теңіз».Балалар өздеріне ыңғайлы қалыпты қабылдап, көздерін жұмады да, жағалауда тұрмын деп елестетіп, теңіздің шуын тыңдайды.
«Арамен ойнау».Аю алтын араны қонжықтармен бірге ойнауға шақырады. Балалар үйшік жасай отырып, тізелерін көтереді. Ара тізе астынан ұшып жүреді. Аю анасы былай дейді: «Ұшты» және қонжықтар болып ұйымшыл аяқтарын тіке қояды, бірақ әккі ара ұстатқызбайды.
«Факирлер».Балалар аяқтарын айқастырып еденге отырады, қолдарын тізелеріне қойып, бел және мойын денелерін еркін ұстайды, көзін жұмып, басын жібереді. Әуен шырқалады, факирлер демалады.
«Шаңсорғыш».Күн сәулесінде шаңдар көңілді болып билейді. Шаңсорғыш жұмыс жасайды. Ақырын - ақырындап шаңдар айналып кетеді де, еденге барып шөгіледі. Шаңсорғыш шаң жинайды; кімге тисе, сол орнынан тұрып кетеді.
«Салқын - ыссы».Аю ана кетіп қалады. Қатты жел соқты да, саңылаулар арқылы ішке кіреді. Қонжықтар тонып қалады. Олар кішкентай будақдарша бүктетіліп жылынады. Өте ыссы болып кетеді. Қонжықтар жазылады. Тағы да өте қатты жел соғады.
«Ұйықтап жатқан мысық».Балалар төсеніш үстінде ұйықтап жатқан мысықтың ролін ойнайды. Мысық демалғанда оның іші жай қампиып, кері орнына түседі.
«Шар». Шарды үрлеп жатырмын деп елестет, қолдарыңды іштеріне қойып, ішімізді де шар сияқты қампитамыз. Қарын бұлшықеттері қатаяды. Иығымызды көтермейміз. Дем аламыз, демді шығарамыз. Қарын бұлшықеттері босаңсынып, жұмсақтанады.
«Штанга».Залға жүргізушінің кіріп көргендегісі...
Аулада қарсы алады ол
Топ адамдары, әрқайсысы ұйықтап жатыр..
Жүргізуші әр түрлі қалыпта тұрған балаларға жақындайды. Ол оларды оятқысы келеді, екі қолдарын көтереді, бірақ олар кері төмен түсіреді..
«Түс періштесі».Балалар орындыққа шеңбер болып отырады. Оларға қолында кішкентай таяқшасы бар қыз келеді, ол-түс періштесі. Ол әр ойыншының иығына тиеді, сол адам ұйықтап қалады...
Періште барлық балаларға қарайды. Бәрі ұйықтап жатады, сосын ол жәймененкетіп қалады.
«Насос және доп».Балалар жұптасып бөлінеді. Біреуі үлкен доп, екіншісі допты үрлейтін насос болады. Тізені жартылай бүгіп, кеудені тұрған допқа жақындатады. Насос допты «С» дыбысын шығарып, үрлей бастайды. Үрлеген сайын доп үлкейе түседі. Тігінен тұрып, аяғы, тізесі түзеліп, аузы, ұрты, томпайа бастайды. Досы, доптан насостың шлангасын жұлып алады. Доптан қатты «Ш» деген дыбыс шығады.
«Қызыққыш Варвара». Айналасы жақсы көрінетіндей бастарын солға бұрады. Қазір мойын еттері қатайып тұр.Сол жақ мойынға тигізген кезде бұлшықеттер тас сияқты қатайған.
«Ғажайып түс».Дене шынықтыру нұсқаушысы өлең оқиды, ал балалар көздерін жұмып, тыңдап жатады. Жәй дауыс, ұзақ үзіліс үлкен тыныштық береді. «Кірпіктері жіберіліп, көздері жұмылады, біз тыныш демаламыз, ғажайып түспен ұйықтаймыз. Біз арқылы түс көріп, тыныш дем алдың. Демалған жақсы, бірақ тұратын уақыт та болды...»
«Менің орманым».Сен өзіңді алаңда келе жатырмын деп елестет. Алыстан орман көрінеді. Орманға жол апарады. Алаң алтындай, жәй жел соғады да, жұмсақ шөптерді қимылдатады. Орман өмірге толы. Олардың барлық ағаштары сені қарсы алғандай шулап жатыр. Енді бірнеше адым... Қазір сен орманға кіресің. Кәне тоқтайық. Тоқта.Осы үзілісті есіңе сақта.
«Шипалы күштер».1 Жаттығу. Мен қолайлы орналастым. Менің денемнің жағдайы еркін, босаңдау, қолайлы. Менің зейінім физикалық денеге және өзімнің көңіл - күйіме аударылды. Мен толықтай өз денемді сезінемін.
2 Жаттығу. Маған өте ыңғайлы және тыныш. Менің ойым, балалық шағым уайымсыз. Мен өзімді бақылаймын. Менің «мен» дегенім менің денемнің әр түйіршіктерінен кіріп өтеді.Әрбір түйіршік менімен кездесуге қуанышты.
3 Жаттығу. Мен өз зейінімді бетіме қойдым.Мен маңдай, ерін, бет, мойын бұлшықеттерін сезінемін және босаңсытамын. Менің қабағыма салмақ түседі және жабылады. Менің ернім босаңсынып, тілім еркінсінеді. Менің түр - әлпетім босаңсынып, мен терең - терең жайлылықты сезінемін және қорқынышсыз боламын.
4 Жаттығу. Мойын бұлшықеттері жұмсақ. Арқа, қарын бұлшықеттері толықтай босаңсыды. Менің аяғым және қолдарыма салмақ түседі. Мен жағымды ауыртпалықты сезінемін. Менің денем толықтай еркіндікті сезінеді.
БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАЗМҰНЫ
Ортаңғы тобы (4-5жас)
Балалар ағзасының жұмысқа қабілеттілігін және адаптациялық мүмкіндіктерін күшейту, денсаулығын шынықтыру міндеттерін шешеді. Әртүрлі жаттығулар кезінде денесінің қимыл-қозғалыстарына байыппен саналы түрде мән беруге үйрету, дене сымбаттылығын сақтай білуді қалыптастыру.
Балаларда төзімділікті, ептілікті және басқа да физикалық қасиеттерді қалыптастыруға мүмкіндік туғызу, олардың алғашқы кезең тәрбиесін бастау.
Қимыл–қозғалыстың үйлестілігін, тепе-теңдікті дамыту. Жеңіл және ырғақты жүгіруге үйрету; жүру және жүгірудің әр түрлі түрлерін меңгеру; қалыпты жағдайда бір орнында тұрып секіру. Гимнастикалық қабырғаға өрмелеуге, алақанымен допты қағып алуға, әр түрлі тәсілдермен лақтыруға, сапқа тұру кезінде ара қашықтықты сақтауға, кеңістікті бағдарлауды үйрету. Өз қатарластарымен жолдастық қарым-қатынастарын қолдап, ұйымшыл бола білулерін дамыту. Спорттық жаттығуларды өз бетімен үйренуге ынта–ықыласты, өзбеттілікті тәрбиелеу. Неміс, польша, дат мектептерінің тәжірибелерін пайдалана отырып, буын иілгіштігін, дене сымбаттылығын дұрыс қалыптастыру үшін жаттығуларды орындау.
1 ТОҚСАН
Негізгі қимыл – қозғалыс жаттығулары
Ж ү р у г е а р н а л ғ а н ж а т т ы ғ у л а р. «Балерина», «Балапан», «Пингвин», «Жылан», «Түлкі», «Ізкескіштер», «Трактор», «Пони», «Шаңғышы», «Зырылдауық».
Ж ү г і р у г е а р н а л ғ а н ж а т т ы ғ у л а р. «Құс», «Құлыншақ», «Қасқыр», «Жылан», «Ит», «Бала қораз», «Бау», «Қол ұстасу», «Ақжелкен», «Буратино».
С е к і р у г е а р н а л ғ а н ж а т т ы ғ у л а р. «Қоян», «Бақа», «Маймылдар», «Аққұтан», «Қайшы», «Масаны ұстап ал», «Бұршақтар», «Зырылдауық», «Үйшік», «Тізбе».
Т а с т а у , л а қ т ы р у ж ә н е қ а ғ ы п а л у ғ а а р н а л ғ а н ж а т т ы ғ у л а р . «Секіргіш», «Серіппе», «Достар», «Допты сырғыту», «Себет», «Сайқымазақ», «Сақина», «Қабырға», «Көңілді доп», «Тиін».
Е ң б е к т е у г е, ө р м е л е у г е а р н а л ғ а н ж а т т ы ғ у л а р . «Мысықай», «Крокодил», «Туннель», «Маймыл», «Жылан», «Қырықбуын», «Ирек», «Ұлу», «Машина», «Өрмекші».
Т е п е - т е ң д і к ж а т т ы ғ у л а р ы. «Леген», «Көпір», «Бала қораз», «Тау», «Арқан бойлап жүруші», «Кедергі», «Жұлымыр», «Ұшақ», «Із», «Төмпешіктер».
Х а т к а – й о г а ж а т т ы ғ у л а р ы. «Арыстан қалпында», «Құрсақ құлпы қалпында», «Жартылай тасбақа қалпында».
Жалпы дамыту жаттығулары
Қ о л м е н и ы қ қ а а р н а л ғ а н ж а т т ы ғ у л а р. «Маятник», «Құс», «Қанат», «Дөңгелек», «Шаршыны жалғастыр», «Қолды айналдыру».
А я қ қ а а р н а л ғ а н ж а т т ы ғ у л а р. «Түлкі», «Би», «Ванька-встанька», «Әткеншектер», «Тарсылдақ», «Аттап созылу», «Аяқпен шеңбе жасау».
К е у д е г е а р н а л ғ а н ж а т т ы ғ у л а р: «Әлпеншек», «Тағзым», «Қайық», «Бауырсақ», «Қоңыз».
Т ы н ы с а л у ғ а а р н а л ғ а н ж а т т ы ғ у л а р . Бақылау үзілісі, «Кернейші», «Серуенге дайындық», «Көкек», «Үйшік», «Жаңбырдан кейін», «Диірмен», «Ояну», «Демалыс», Алақан», «Қуғыншылар», «Насос», «Мысық».
С а п қ а т ұ р у ж ә н е с а п қ а қ а й т а д а н т ұ р ғ ы з у. Өз бетімен шеңберге жұптасып, колоннаға сапқа тұру, белгі бойынша жан – жаққа жүгіру, белгі бойынша қайта орындарына тұру. Саптан шығып, қайтадан 2 колоннаға сапқа тұру. Сызық бойымен сапқа түзу тұру.
Қимылды ойындар
Ж ү г і р у г е а р н а л ғ а н о й ы н д а р: «Жаяу көкпар», «Қарлығаш».
Е ң б е к т е у г е , ө р м е л е у г е а р н а л ғ а н о й ы н д а р: «Балапан», «Киік».
С е к і р у г е а р н а л ғ а н о й ы н д а р: «Қоян мен қасқыр», «Байланған орамал».
Л а қ т ы р у ж ә н е қ а ғ ы п а л у ғ а а р н а л ғ а н о й ы н д а р : «Адасқан доп», «Аңшылар».
К е ң і с т і к т і б а ғ д а р л а у ғ а а р н а л ғ а н о й ы н д а р: «Есімін тап», «Инені тап».
Нүктелі - сауықтыру массажы
1 нүкте - кеуденің жоғары және орта тұсы.
2 нүкте - кеуденің негізгі тұсы.
3 нүкте - төменгі жақ бұрышының төменгі бөлігі
4 нүкте – мойынның үстіңгі бөлігінің екі жағы
5 нүкте - кеуденің бірінші омыртқасы мен мойынның жетінші омыртқа аралығы
6 нүкте - құлақ қуысы бұлшықетінің 1-1,5 см алдыңғы жағы
7 нүкте - мұрынның екі жағы
8 нүкте - қастың үстіңгі жақ аумағы
9 нүкте - қолдың бас бармағы және сұқ саусағының арасы.
Тратака Көзді түйістіру. Саусақ қозғалыстарын бақылау. Саусақты мұрын ұшына тигізу.
Релаксация «Босаңсу және қатаю», «Аяқ ұшымен атқосшы қалпында», «Теңіз».
Спорттық жаттығуларВ е л о с и п е д п е н с ы р ғ а н а қ т е б у. 2 және 3 аяқты велосипедпен тіке, шеңбер бойлап сырғанақ тебу, оңға және солға бұрылыстар жасау.
Ж ү г і р у а л а ң ы. Әртүрлі жылдамдықпен жүгіру және жүру.
В е л о с и п е д т р е н а ж е р і. Арқа, қол, аяқ бұлшықеттерінің жұмысы.
Қ ұ р ғ а қ х а у ы з. Бір орында тұрып секіру
Спорттық шаралар мен ойын-сауықтар
Балалардың өз бетімен қалыптасуын, төзімділігін, ынта–ықыласын, қимыл-қозғалыстағы жылдамдық реакцияларын, күшін, жүгіру мен секірудегі жетістіктерін дамыту. Балалардың ойындарда, жарыстарда ынта–ықыласын, тез шешім қабылдауларын, батылдыгын мақтай білу. Өз араларында жолдастық қарым-қатынасты, ұйымдастыруды қалыптастыру. Гимнастикалық орындықта жүру кезінде тепе-теңдікті, кедергілерден өрмелеп өту дағдыларын дамыту.
«Көңілді жарыстар», «Денсаулық күні», «Өз еркімен ойналатын ойындар», «Спартакиада».
2 ТОҚСАН
Негізгі қимыл - қозғалыс жаттығулары
Ж ү р у г е а р н а л ғ а н ж а т т ы ғ у л а р: «Жылан», «Бала қораз», «Тышқан», «Тыңда-орында», «Күркетауық», «Түбір», «Арыстан мен тасбақа», «Тауыс», «Ләйлек», «Балу».
Ж ү г і р у г е а р н а л ғ а н ж а т т ы ғ у л а р: «Балапан», «Твикс», «Ақ тоқаш», «Бастау сәті», «Моншақтар», «Құлыншақ», «Шахматтар», «Маймыл», «Текірек», «Дабылдар».
С е к і р у г е а р н а л ғ а н ж а т т ы ғ у л а р: «Қосаяқ», «Кедергі», «Киік», «Арыстан», «Доптар», «Дорба», «Серіппе», «Бөлтірік», «Шегіртке», «Сарбаз».
Т а с т а у, л а қ т ы р у ж ә н е қ а ғ ы п а л у ғ а а р н а л ғ а н ж а т т ы ғ у л а р ы: «Лақтыру», «Допты ұста», «Нысана», «Қол арба», «Боулинг», «Қырықбуын», «Достар», «Назар», «Басқасына жалғастыр».
Е ң б е к т е у г е, ө р м е л е у г е а р н а л ғ а н ж а т т ы ғ у л а р: «Мысықай», «Қырықбуын», «Маймыл», «Бөлтірік», «Жөндеуші» «Барлаушы», «Қонжық», «Қырықбуын», «Пілдің баласы», «Трактор».
Т е п е - т е ң д і к к е а р н а л ғ а н ж а т т ы ғ у л а р: «Тышқан», «Ләйлек», «Арқан бойлап жүруші», «Бала күтуші», «Би», «Аққұтан», «Ер жет», «Жіп».
Х а т х а - й о г а ж а т т ы ғ у л а р ы: «Ағаш қалпында», «Жылан қалпында», «Ақыл-ой қабілетіне арналған қалып».
Жалпы дамыту жаттығулары
Қ о л ж ә н е и ы қ қ а а р н а л ғ а н ж а т т ы ғ у л а р: «Қолды айналдыру», «Шынтақты бүгіп жіберу», «Қолды арқада біріктіру», «Қолды бұру», «Сегіздік жасау».
А я қ қ а а р н а л ғ а н ж а т т ы ғ у л а р: «Отырып тұру», «Аяқты қозғау», «Аяқты бұру», «Аяқты бүгу және жазу», «Аяқты былғалау».
К е у д е г е а р н а л ғ а н ж а т т ы ғ у л а р: «Иілу», «Тағзым», «Шеңберлер», «Маятник», «Болмашы».
Т ы н ы с а л у ж а т т ы ғ у л а р ы: Бақылау үзілісі, «Сағаттар», «Қаздар ұшып барады», «Шаңғышы», «Реттеуші», «Паровоз», «Насос», «Күннің батуы», «Диірмен».
С а п қ а т ұ р у ж ә н е с а п қ а қ а й т а д а н т ұ р у. Өзбетімен жүріп келе жатып және бір орында көршісімен жұптасып тұру. Колоннадан бір–бірден бөлімге бөлініп сапқа тұру: белгі берілген кезде бастаушылар белгіленген орындарға тұрады, қалғандары олардың артына тұрады.
Қимылды ойындар
Ж ү г і р у г е а р н а л ғ а н о й ы н д а р: «Бүркіт», «Атшабыс».
С е к і р у ге а р н а л ғ а н о й ы н д а р: «Қораздар шайқасы», «Тиынды көтер».
Е ң б е к т е у, ө р м е л е у г е а р н а л ғ а н о й ы н д а р: «Мысық пен тышқан», «Тасбақа».
Л а қ т ы р у, қ а ғ ы п а л у ғ а а р н а л ғ а н о й ы н д а р : «Қақпа», «Ұшты-ұшты».
К е ң і с т і к т і б а ғ д а р л а у ғ а а р н а л ғ а н о й ы н д а р: «Кім күшті?», «Өз орныңды тап!»
Нүктелі - сауықтыру массажы
1 нүкте - кеуденің жоғары және орта тұсы
2 нүкте - кеуденің негізгі тұсы

5нүкте - кеуденің бірінші омыртқасы мен мойынның жетінші омыртқа аралығы

9 нүкте - қолдың бас бармағы мен сұқ саусағының арасы
ТратакаКөз алмастан шеңберге қарау. Қозғалып тұрған затқа көзді түйістіру. Заттың қозғалыстарына қарау.
Релаксация «Күн», «Гүлдер», «Көбелек»
Спорттық жаттығулар
В е л о с и п е д п е н с ы р ғ а н а қ т е б у. 2 және 3 аяқты велосипедпен орташа жылдамдықта тіке және жылдамдықты өзгерте отырып шеңберді айналып сырғанақ тебу.
Ж ү г і р у а л а ң ы . Жүру, жүгіру, кезекпен секіру.
В е л о с и п е д т р е н а ж е р і. Жылдамдықты өзгерте отырып жаттығуларды орындау.
Қ ұ р ғ а қ х а у ы з. Бір орында тұрып екпінмен секіру.
Спорттық шаралар мен ойын-сауықтар
Салауатты өмір салты қажеттіліктерін қалыптастыру. Допты лақтыруға жаттықтыру. Әртүрлі жаттығуларда, доппен ойнайтын ойындарда және басқада құрал–жабдықтармен балаларды өз мүмкіндіктерін көрсетуге баулиды.
«Сәлем, қыстың қонақтары!», «Қыс қызықтары», «Бәрімен бірдей жаса, бәріненде күшті жаса», «Денсаулық күні».
3 ТОҚСАН
Негізгі қимыл - қозғалыс жаттығулары
Ж ү р у г е а р н а л ғ а н ж а т т ы ғ у л а р. «Жылан», «Тышқан», «Балапан», «Назар», «Күшік», «Бау», «Құйрық», «Қабылан», «Аққала», «Ішек».
Ж ү г і р у г е а р н а л ғ а н ж а т т ы ғ у л а р. «Күшік», «Қасқыр», «Сызғыш», «Жылға», «Белгі», «Моншақтар», «Бастау сәті», «Қырықбуын», «Сілеусін», «Құмырсқа».
С е к і р у г е а р н а л ғ а н ж а т т ы ғ у л а р. «Тиін», «Қосаяқ», «Секіру», «Доп», «Бол», «Маймыл», «Қоян», «Секіргіш», «Пони», «Шегіртке».
Т а с т а у, л а қ т ы р у ж ә н е қ а ғ ы п а л у ғ а а р н а л ғ а н ж а т т ы ғ у л а р. «Садақшы», «Баскетболшы», «Салют», «Мерген», «Төбе», «Епті», «Волейболшы», «Мақсат», «Достар», «Бауырсақ».
Е ң б е к т е у г е , ө р м е л е у г е а р н а л ғ а н ж а т т ы ғ у л а р. «Аю», «Қаз», «Еңбектеу», «Жігіт», «Маймылдар», «Сарбаз», «Ұлу», «Қырықбуын», «Пілдің баласы», «Өрмекші».
Т е п е - т е ң д і к к е а р н а л ғ а н ж а т т ы ғ у л а р. «Тасбақа», «Жаяу жүргіншілер», «Биші әйел», «Аққұтан», «Би», «Паровоз», «Тырна», «Бау».
Х а т х а - й о г а ж а т т ы ғ у л а р ы. «Жартылай май шам қалпында», «Аяқ және қол қалпына арналған», «Бел қалпына арналған».
Жалпы дамыту жаттығулары
Қ о л ж ә н е и ы қ қ а а р н а л ғ а н ж а т т ы ғ у л а р.
«Басты айналдыру», «Басты бұру», «Қолды алға жіберу», «Саусақтарды бүгу», «Қолды уқалау».
А я қ қ а а р н а л ғ а н ж а т т ы ғ у л а р. «Табанды бүгу және жазу», «Табанды айналдыру», «Аттап созылу», «Қаз», «Аяқты қозғау».
К е у д е г е а р н а л ғ а н ж а т т ы ғ у л а р. «Піл», «Керік», «Маймыл», «Ләйлек», «Диірмен».
Т ы н ы с а л у ж а т т ы ғ у л а р ы. Бақылау үзілісі, «Египтянші», «Отын», «Жүргінші», «Балдырған», «Түтікше», «Шар», «Ояну», «Демалыс».
С а п қ а т ұ р у ж ә н е с а п қ а қ а й т а д а н т ұ р у. Сапқа тұрып, бір-бірінің артынан және шашыраңқы күйде жүріп, алаңды айналып қатарға қайта сапқа тұру. Орнында тұрып оңға, солға бұрылу.
Қимылды ойындарЖ ү г і р у г е а р н а л ғ а н о й ы н д а р: «Автомобильдер», «Торғайлар мен мысық».
С е к і р у г е а р н а л ғ а н о й ы н д а р: «Қалпақты атып түсір», «Ұя».
Е ң б е к т е у, ө р м е л е у г е а р н а л ғ а н о й ы н д а р: «Кесіртке», «Жыландар».
Л а қ т ы р у, қ а ғ ы п а л у ғ а а р н а л ғ а н о й ы н д а р: «Алшы», «Доп соғу»
К е ң і с т і к т і б а ғ д а р л а у ғ а а р н а л ғ а н о й ы н д а р: «Кім кетті?», «Өз жұбыңды тап»

4 нүкте - мойынның үстіңгі бөлігінің екі жағы

Тратака Көзбен шеңбер жүргізу. Көзді сығырайту. Көзді бір нүктеге түйістіру.
Релаксация «Қысқы орман», «Күз», «Теңіз өмірі».
Спорттық жаттығуларВ е л о с и п е д п е н с ы р ғ а н а қ т е б у. Екі және үш аяқты велосипедпен темпті өзгерте отырып, жылдамдықты арттырып сырғанау.
Ж ү г і р у а л а ң ы. Жүру, қолды кезекпен сермей отырып, үзіліс жылдамдықпенен жүгіру.
В е л о с и п е д т р е н а ж е р і. Кезекпен қолды сермей отырып жаттығуды орындау.
Қ ұ р ғ а қ х а у ы з. Бір орында тұрып екпінмен секіру. Дене бөлігі ішпен төрт аяқтап еңбектеу.
Спорттық шаралар мен ойын - сауықтар
Балаларды ойындарға және ойын-сауықтарға белсенді қатыстыру, қуанышты әсерге баулу, қимыл - қозғалыстарда өз мүмкіндіктерін көрсете білуге және көтеріңкі көңіл-күйде болуға үйрету.
«Еркем-ай», «Денсаулық күні», «Көңілді жарыстар», «Джунглия шақырады».
4 ТОҚСАН
Негізгі қимыл - қозғалыс жаттығулары
Ж ү р у г е а р н а л ғ а н ж а т т ы ғ у л а р. «Пингвин», «Жылан», «Балапан», «Арыстан мен тасбақа», «Күркетауық», «Түбір», «Балу», «Ләйлек», «Түлкі», «Қыл».
Ж ү г і р у г е а р н а л ғ а н ж а т т ы ғ у л а р. «Құс», «Қасқыр», «Бау», «Ақ тоқаш», «Шахматтар», «Маймыл», «Белгі», «Моншақтар», «Ақжелкен», «Құмырсқа».
С е к і р у г е а р н а л ғ а н ж а т т ы ғ у л а р. «Қоян», «Бақа», «Үйшік», «Бол», «Зырылдауық», «Киік», «Арыстан», «Секіру», «Пони», «Секіргіш»,
Т а с т а у, л а қ т ы р у ж ә н е қ а ғ ы п а л у ғ а а р н а л ғ а н ж а т т ы ғ у л а р. «Секіргіш», «Достар», «Допты сырғанат», «Допты домалат», «Нысана», «Жеңіл көлік», «Қырықбуын» «Салют», «Төбешік», «Волейбол»,.
Е ң б е к т е у г е, ө р м е л е у г е а р н а л ғ а н ж а т т ы ғ у л а р. «Ирек», «Маймыл», «Ұлу», «Көлік», «Апан», «Хауыз», «Өрмекші», «Туннель», «Қонжық», «Жөндеуші».
Т е п е - т е ң д і к к е а р н а л ғ а н ж а т т ы ғ у л а р. «Іздер», «Кедергі», «Жұлымыр», «Арқан бойымен жүруші», «Тау», «Тышқан», «Бала күтуші», «Аққұтан».
Х а т к а - й о г а ж а т т ы ғ у л а р ы: «Арыстан қалпында», «Жылан қалпында», «Жартылай май шам қалпында».
Жалпы дамыту жаттығулары
Қ о л ж ә н е и ы қ қ а а р н а л ғ а н ж а т т ы ғ у л а р. «Қолды айналдыру», «Шынтақты бүгіп жіберу», «Қолды бұру», «Басты айналдыру», «Қолды уқалау».
А я қ қ а а р н а л ғ а н ж а т т ы ғ у л а р. «Отырып тұру», «Табанды бұру», «Сайқымазақ», «Қаз», «Аттап созылу».
К е у д е г е а р н а л ғ а н ж а т т ы ғ у л а р. «Піл», «Шеңберлер», «Болмашы», «Бауырсақ», «Диірмен».
Т ы н ы с а л у ж а т т ы ғ у л а р ы. Бақылау үзілісі, «Египтянші», «Отын», «Қайық», «Балдырған», «Түтікше», «Шар», «Насос», «Демалыс».
С а п қ а т ұ р у ж ә н е с а п қ а қ а й т а д а н т ұ р у. Өзбетімен көршісімен бірге колоннаға жұптасып сапқа тұру. Белгі бойынша бірнеше бөлімшеге сапқа тұру. Орнында тұрып оңға, солға бұрылу. Шеңберге тұру, шеңберден шығып жұптасып, колоннаға қайта сапқа тұру.
Қимылды ойындар Ж ү г і р у о й ы н д а р ы: «Бүркіт», «Торғайлар мен мысық».
С е к і р у о й ы н д а р ы: «Қалпақты атып түсір», «Қораздар шайқасы».
Е ң б е к т е у ж ә н е ө р м е л е у о й ы н д а р ы: «Тасбақа», «Жыландар».
Л а қ т ы р у, қ а ғ ы п а л у о й ы н д а р ы: «Алшы», «Қақпа».
К е ң і с т і к т і б а ғ д а р л а у ғ а а р н а л ғ а н о й ы н д а р: «Кім кетті?»,«Кім күшті?»

Тратака Көзбен шеңбер жүргізу. Көзді сығырайту. Жылтылдаған зат құбылысының қозғалысын қарау. Саусақтан көз алмау.
Релаксация «Жұдырық түю», «Бұғылар», «Топырақпен ойнау».
Спорттық жаттығулар В е л о с и п е д п е н с ы р ғ а н а қ т е б у. Екі және үш аяқты велосипедпен жылдамдықты өзгерте отырып, жылдамдықты арттырып сырғанау.
Ж ү г і р у а л а ң ы. Қолды кезекпен сермеп жүру.

Қ ұ р ғ а қ х а у ы з. Арқасымен алға қарай қимылдау, дене бөлігі ішпен еңбектеу.
Спорттық шаралар мен ойын-сауықтар
Балаға өзін - өзі көрсете білуге көмектесу, өзін сол команданың мүшесімін деген сезімін сезіндіру, жеңістіктегі жауапкершілікті достарымен бірге бөлісу, өзінің жақсы қасиеттерін көрсету.
«Сәлем, жаз!», «Денсаулық күні», «Көңілді жарыстар», «Әке, ана, мен - біз спортты жанұямыз».
4-5 жас аралығындағы балалардың физикалық тұрғыдан дайындық көрсеткіштері (Ұ,Қ + -1 балл)
Оқу жылының аяғында балалар төмендегідей көрсеткіштерді көрсетулері тиіс:
1. жүріп келе жатып жүгіру жылдамдығын секундына 10 метрге дейін дамыту
Ұл балалар 3,0-2,1
Қыз балалар 3,2-2,2
2. бастау сәтінен бастап жүгіру жылдамдығын секундына 30 метрге дейін дамыту
Ұл балалар 9,8-7,1
Қыз балалар 10,2-7,0
3. орнында тұрып ұзындыққа секіру (см)
ұл балалар 64,0-107,0
қыз балалар 60,0-103,0
4. салмағы 1 кг допты бастан асыра ұзындыққа лақтыру (см)
ұл балалар 125,0-260,0
қыз балалар 110,0-230,0
5. 90 метрге дейін жүгіру жылдамдығын дамыту (сек)
ұл балалар 37,3-27,3
қыз балалар 37,0-26,2
1-ші сәбилер тобы
Қуыршақтарға қонаққа.
Кілемнің үстіндегі кішкентай орындықтарда қуыршақтар отырады (ойнаушылар санына қарай 8-10). Дене шынықтыру нұсқаушысы балаларды ойынға шақырып, қазір олардың қуыршақтарға қонаққа баратынын айтып, олардың қайда отырғанын көрсетеді. Балалар Дене шынықтыру нұсқаушысы мен бірге көрсетілген бағытта, жай ғана қуыршақтарға келеді де, олармен амандасады. Дене шынықтыру нұсқаушысы қуыршақтарды алып, олармен билеуді ұсынады. Қуыршақтармен азғана секіріп ойнағаннан кейін балалар олардың орындарына отырғызады да үйлеріне оралады.
Ойын қайталанғанда балалар қонжықтарға, қояндарға (Дене шынықтыру нұсқаушысы оларда алдын-ала бөлменің басқа бір бөлігіне орналастырады) қонаққа бара алады. Бұл ойыншықтармен балалар үйіне қайтады да олармен қалағанынша ойнайды.
Қоңырау қайдан естіледі?
Балалар қабырғаға беттерін беріп тұрады. Күтуші әйел бөлменің басқа бір шетіне тығылып тұрады да қоңырау соғады. Дене шынықтыру нұсқаушысы балаларға: «Тыңдаңдар, қоңырау қайдан соғылып тұр, қоңырауды табыңдар», - дейді. Балалар қоңырауды тапқан кезде, Дене шынықтыру нұсқаушысы оларды мақтайды, одан кейін балаларға тағы да қабырғаға беттерін беріп тұруды ұсынады. Күтуші әйел басқа жерге тығылады да қайтадан қоңырау соғады.
Жолмен (жалғыз аяқ жолмен).
Дене шынықтыру нұсқаушысы өзіне балаларды шақырады да суретті көрсетіп, жолдың қандай түзу екеніне назар аударады (аралығы 20-30см екі қатар сызық). Бұдан кейін балаларға, сызықтан шықпастан, осы жол бойымен қыдыруды ұсынады. Балалар бірінің артынан бірі бір бағытпен жүреді де сол тәртіппен қайта қайтады.
Бұл ойынды учаскеде өткізген жақсы. Балалардың бір-бірімен соқтықпасы үшін, ойынға бір мезгілде 5-6 адам қатыстырылады.
Күзде учаскедегі жолды ағашқа қарай бағыттап, балаларға сол жолмен жүріп отырып 2-3 жапырақ әкеліңдер деп ұсынған жақсы болады. Бұл тапсырма ойынды жандандыра түседі. Ойын үйдің ішінде өткізілгенде, жолдың аяқталар жеріне жалаулар немесе басқа ойыншықтар қою керек, балалар оларды алып келеді.
Кішкене өзен арқылы.
Дене шынықтыру нұсқаушысы екі сызық сызады да (үйдің ішінде жіпті пайдалануға болады) балаларға: мынау – «өзен», - дейді; оның үстіне тақтайдан көпір (ұзындығы 2-3м, ені 25-30см) салады да балаларға: «Көпір арқылы жүруді үйренейік», - деп ұсынады. Балалардың бір-біріне соқтығыспай тек тақтайдың үстімен ғана жүруін бақылай отырып, Дене шынықтыру нұсқаушысы балаларға суға құлап кетпеуі үшін жай жүру керек деп ескертеді: балалар тақтаймен ары-бері 2-3 рет жүріп өтеді.
Поезд.
Дене шынықтыру нұсқаушысы «Поезд» ойынын ойнауды ұсынады: «Мен паровоз боламын, ал сендер кішкентай вагонсыңдар». Балалар бірінің соңынан бірі алдында тұрғанның киімін ұстап колоннаға тұрады. «Кеттік», - дейді Дене шынықтыру нұсқаушысы , балалардың бәрі «шу-шу» деп дабырлап, оның артынан жүре бастайды. Дене шынықтыру нұсқаушысы поезды бір бағытта, одан кейін екінші бағытта жүргізеді, одан кейін жүруді баяулатады, ақырында тоқтайды да: «Кідіріс» («Аялдама»), деп хабарлайды. Біраз уақыттан кейін тағы да гудок беріледі де поезд қайтадан жолға аттанады.
Жел көбік.
Балалар бір-бірінің қолынан ұстап, жақын-жақын дөңгелене тұрады. Дене шынықтыру нұсқаушысы ге қосылып олар мына өлеңді айтады.
Көпіре гөр көбік-шар,
Көпіре гөр кеңіп шар.
Осы күйі қал тұрып,
Кете көрме жарылып.
Өлеңді айтып бара жатып балалар дөңгелек шеңберді кеңейте түседі. Дене шынықтыру нұсқаушысы : «Жел көбік жарылды» деген кезде барлық балалар қолдарын төмен түсіріп, бір дауыспен. «Тарс етті», - дейді де тізерлеп отыра кетеді. Дене шынықтыру нұсқаушысы жаңа көбік үрлеуді ұсынады: балалар орындарынан тұрады, қайтадан дөңгелектеніп тұрады, ойын қайта басталады.
Жалаушаны әкел (таяқ арқылы аттап өту).
Бір топ балаларды (4-6 адамды) жинап алып Дене шынықтыру нұсқаушысы оларға жалаушаны көрсетеді, онымен ойнауды ұсынады.
Дене шынықтыру нұсқаушысы кезекпен кімнің жалаушаға баратынын айтады да балалардың әрқайсысының кедергіден дұрыс аттап өтуін бақылайды. Орындықтан жалаушаны алғаннан кейін бала сол жолмен кері қайтады.
Балалардың барлығы жалаушамен оралғаннан кейін Дене шынықтыру нұсқаушысы жалаушаларды көтеріп, маршпен жүріп өтуді ұсынады. (Дене шынықтыру нұсқаушысы ритммен қолын соғады немесе бір-екі, бір-екі деп дауыстап тұрады.)
Одан кейін ойын балалардың басқа тобымен жүргізіледі.
Күн мен жаңбыр.
Балалардың алаңның бір шетінен немесе бөлменің қабырғасынан біразырақ жерге қойылған орындықтардың артында тізерлеп отырады да «терезеге» (орындықтың арқасындағы тесікке) қарайды. Дене шынықтыру нұсқаушысы : «Аспан ашық, күн шығып тұр! Серуенге шығуға болады», - дейді. Балалар бүкіл алаңда жүгіріп жүр. «Жаңбыр! Тез үйге жүріңдер!» деген сигналды естіп, бәрі өз орындарына қарай жүгіріп келіп, орындықтардың артына отырады. Дене шынықтыру нұсқаушысы қайтадан: «Күн шықты! Барыңдар, серуендеңдер», - дейді, ойын қайта басталады.
Допты қуып жет.
Дене шынықтыру нұсқаушысы балаларға доп салынған кәрзеңкені көрсетеді де алаңның бір жағында өзімен бірге қатарласа тұруды ұсынады. Одан кейін кәрзеңкеден доптарды алып, балалардан алысқа, әр жаққа лақтырады. Балалар доптарға жүгіреді, оларды алып кәрзеңкеге салады. Ойын қайталанады.
Балалар қанша болса, доп та сонша болуы керек. Олардың әрқайсысы допты қуып жетіп, кәрзеңкеге салатын болсын.
Ойын варианты.
Ойын үшін түрлі түсті шарлар (ағаштан немесе пластмассадан жасалған) таңдап алынады. Оларды кәрзеңкеге салып, Дене шынықтыру нұсқаушысы балаларды шақырады, шарлардың қандай әдемі, олардың түсі қандай екендігін де айтып береді. Одан кейін: «Қараңдар, шарлар қалай домалап кетті... қуып жетіңдер де қайтадан кәрзеңкеге салыңдар» - дейді. Балалар кішкене шарларды қуып жетеді де кәрзеңкеге апарып салады.
Ойын қайталанған кезде педагог кімнің қандай шар әкелгенін жариялайды: қызыл, сары, т.б.
Пластмассадан жасалған шармен ойынды учаскеде де, тоғай ішіндегі алаңда да өткізуге болады; ағаштан жасалып, сырты жылтыратылған шармен оның бүлінбесі үшін, үй ішінде, кілем үстінде ойнаған дұрыс.
Дене шынықтыру нұсқаушысы балалардың бір жерге шоғырланбай, бүкіл алаңның бойымен жүгіруін (әр бала өз шапшаңдығымен жүгіреді) қадағалайды.
Алғашқыда ойын азғана балалармен жүргізіледі, одан соң бірте-бірте ойнаушылардың саны көбейе түседі.
Күн шұғыласы (сәулесі).
Дене шынықтыру нұсқаушысы өзінің жанына бір топ балаларды жинап, айнаның көмегімен күн шұғыласын қабырғаға түсіреді де:
Қабырғаға елбеңдеп,
Ойнайды сәуле құбылып.
Ымдасаң болды «кел» деп,
Жетеді демде жүгіріп.
Сәл үзіліс жасайды да: «Сәулені ұстаңдар» деген сигнал береді. Балалар қабырғаға жүгіріп, қолға тұрмай жалтаңдап тұрған күн сәулесін ұстауға тырысады.
Мені қуып жетіңдер.
Балалар бөлменің бір қабырғасын бойлай қойылған орындықтарды немесе алаңда отырады. Дене шынықтыру нұсқаушысы : «Мені қуып жетіңдер», - дейді де алыңның қарсы жағына жүгіреді. Балалар Дене шынықтыру нұсқаушысы нің соңынан жүгіріп, оны ұстауға тырысады. Одан кейін Дене шынықтыру нұсқаушысы тағы да: «Мені қуып жетіңдер», - дейді де қарсы жаққа қарай жүгіреді, балалар оны қайтадан қуалайды. Екі рет жүгіргеннен кейін балалар орындықтарға отырып дем алады. Одан кейін ойын қайта басталады.
Ойынды азғана балалар тобымен өткізген дұрыс: балалардың бір тобы ойнап жатқан кезде екінші тобы қарап тұрады, одан кейін балалар рөлдермен ауысады.
Маған қарай жүгіріңдер.
Балалар бөлменің бір қабырғасын бойлай қойылған орындықтарда немесе алаңды жағалай отырады. Дене шынықтыру нұсқаушысы бөлменің қарсы бұрышына немесе алаңның ең алыс бұрышына барып: «Маған қарай жүгіріңдер», - дейді. Балалар оған қарсы жүгіреді. Дене шынықтыру нұсқаушысы оларды қолын жайып, ишаратпен қарсы алады. Балалардың бәрі келіп, Дене шынықтыру нұсқаушысы нің қасына жиналып болғаннан кейін, ол серуендеуді ұсынады. Балалар өздері жүргісі келген жерде емін-еркін Дене шынықтыру нұсқаушысы мен бірге бөлме ішінде жүреді. Дене шынықтыру нұсқаушысы бұдан кейін: «Үйге қарай жүгіріңдер» - дейді. Балалар жүгіріп барып орындықтарына отырады.
Ойын осылай 4-5 рет қайталанады. Алғашқы кезде ойынды азғана балалар тобымен өткізген дұрыс, кейін ойнаушылардың саны арта түседі (үйлеріне қайтқан кезде балалардың кез-келген орындыққа отыруына болады).
Мысық пен тышқандар.
Ойын азғана балалар тобымен бөлмеде (кілем үстінде) немесе далада, жұмсақ шөпті алаңда, өткізіледі.
Қырынан қойылған гимнастикалық сатының, рейканың немесе кендір жіптің көмегімен тышқандарға арналған орын қоршалады. Мысық таңдап алынады. Ол үлкен орындыққа немесе кесілген ағаштың түбіріне отырады. Тышқандар індерінде отырады.
Дене шынықтыру нұсқаушысы былай дейді:
Тышқанға сақшы санап өзін мысық,
Жатады ұйықтағансып көзін қысып.
Тышқандар індерінен жүгіріп шығып (сатының баспалдақтары арасынан өтеді немесе жіптен секіреді), жүгіре бастайды.
Біраз уақыттан кейін Дене шынықтыру нұсқаушысы :
Тынышталыңдар, тышқандар, бекерге шулап күлмеңдер.
Ұйқыға жатқан мысықты оятып алып жүрмеңдер, - дейді.
Бұл – мысыққа берілген сигнал; ол орындықтан түседі, төрт аяқтап тұрады, керіледі, қатты даусын шығарып «мияу» дейді де індеріне қашып бара жатқан тышқандарды ұстай бастайды.
Ойындарды басқа тышқандармен 3-4 рет қайталауға болады.
Алғашқыда мысықтың рөліне мықтылау, тез қимылдайтын балалады, ал кейін істеген ісін мақтап қойып, ұялшақтау балаларды да қоюға болады.
Үрпек төбет.
Балалардың біреуі төбетті бейнелейді; ол кілем үстінде жатады, басын алға созылған қолымен аяғына қояды.
Қалған балалар жай ғана оған жақындай түседі, ал Дене шынықтыру нұсқаушысы осы кезде былай дейді:
Алдыңғы екі аяққа басын сұғып,
Әнеки жалбыр төбет жатыр сұлық.
Белгісіз жатқаны ұйықтап, яки қалғып,
Момақан, сырты пішіні жуас салғырт.
Ояталық жақындап барайық та,
Қайтер екен содан соң – қарайық та.
Төбет орнынан ұшып тұрып үре бастайды. Балалар қаша жөнеледі. Төбет оларды қуа жөнеледі. Балалардың бәрі жан-жаққа қашып тығылады. Төбет қайтадан кілемге жатады. Ойын жаңа бастаушымен қайта басталады.
Ойын азғана балалар тобымен жүргізіледі.
Айдарлы-мекиен тауық.
Дене шынықтыру нұсқаушысы мекиен тауықты, балалар балапандарды бейнелейді. Бір бала (сәл үлкендеу) – мысық. Мысық шеттеу тұрған орындыққа отырады. Тауық пен балапандар бөлмеде жүреді.
Дене шынықтыру нұсқаушысы :
Ертіп сары балапандарын,
Айдарлы әсем шықты тауық.
«Кетпеңдер ұзап, балақандарым,
Қыт-қыт», - дейді ауық ауық.
Мысыққа жақындап келіп Дене шынықтыру нұсқаушысы былай дейді:
Тұрған жолдың бойында
Орындыққа бүк түсіп.
Не бар, қайдам, ойында
Жатыр ұйықтап бір мысық.
Мысық көзі ашады,
Балапандар қашады.
Мысық көзін ашады, мияулайды да бөлменің белгілі бұрышына, - «үйіне», тауық-мамаға қашқан балапандарды қуа жөнеледі.
Дене шынықтыру нұсқаушысы (тауық) қолын жан-жаққа бұлғап, балапандарын қорғайды да: «Кет, мысық, балапандарымды саған бермеймін!», - дейді.
Ойын қайталанғанда, мысықтың рөлі басқа балаға тапсырылады.
Негізгі қимыл – секіру.
Доп.
Дене шынықтыру нұсқаушысы ойынды бір баламен ойнаудан бастайды. Қолын оның басына қойып, доп сияқты секіруді ұсынады. Бала қос аяқтап секіреді, ал Дене шынықтыру нұсқаушысы мынадай өлең айтады:
Секең, секең секеңдеп,
Қайда зырлап кетпес доп.
Төмен, төмен, төмендеп,
Жерге жетер-жетпес боп.
Доп болып осылай секіргісі келетіндер міндетті түрде табылады. Дене шынықтыру нұсқаушысы әрқайсысымен кезекпен ойнайды.
Менің зымыраған көңілді добым.
Ойнаушы балалар тобы (5-6 адам) жартылай дөңгелек құрып, Дене шынықтыру нұсқаушысы нің жанында тұрады. Допты бейнелейтін бір бала орнында тұрып секіреді, ал Дене шынықтыру нұсқаушысы алақанын оның басына қойып, мынадай өлең айтады.
Көңілді добым, о , менің,
Домалап қайда жөнелдің?
Қызыл, сары, көгілдір,
Жел аяқсың-ау өзің бір!
Бұдан кейін доп қашып кетеді, Дене шынықтыру нұсқаушысы балалармен бірге оны ұстайды. Ойын жаңа доппен қайта басталады. Балалар ойынды әбден үйреніп игергенде, бәріне де доп сияқты секіруді ұсынуға болады.
Отырған мынау ақ қоян...
Алаңның бір жағында қояндардың орны белгіленді. Әр бала өз орнына тұрады. Дене шынықтыру нұсқаушысы нің: «Қоршауға жүгіріңдер» деген сигналы бойынша барлық балалар дөңгеленіп тұрады, ал қоянның біреуі ортаға шығады.
Балалар Дене шынықтыру нұсқаушысы мен бірге тақпақ оқиды да текстің мазмұнына қарай қимыл жасайды.
1. Отыр аппақ, бір қоян.
Неткен сап-сақ бұл қоян.
Құлақтары делеңдеп,
Әр дыбысқа елеңдеп.
Балалар дөңгеленіп тұрады. «Құлақтары делеңдеп» деген сөз тіркесінен бастап ойын аяғына дейін балалар қолдарын жоғары көтеріп білезіктерінен бастап қимылдатады.
2. Қоян, жаурап суықта
Отырсың не күзетіп?
Аяқтарын сіресіп,Табаныңнан сыз өтіп.
Оданда ырғып, ырғып ал,
Аяқтарын жылынар. Балалар «ырғып» деген сөзден бастап, аяғына дейін бір орында екі аяқтап секіреді.
3. Тұра, тұра суықта,
Қоян жаурап, торықты.
Алайын деп жылынып,
Әрлі-берлі жорытты. Балалар «әрлі-берлі жорытты» деген сөз тіркесінен бастап ойынның аяғына дейін бір орында тұрып, екі аяқтап секіреді.
4. Секең-секең, секең-секең,
Секіріп жылынады қоян-екең.
Үркітті де бір ноян,
Зытып берді сұр қоян. Дене шынықтыру нұсқаушысы алақанын шапалақтайды, балалар өз үйіне тарайды.
Бұдан кейін ойын жаңа қоянмен қайта басталады.
Ойын басталғанға дейін Дене шынықтыру нұсқаушысы балалармен бірге қояндарға орын әзірлейді. Қыста алаңдағы қардың үстіне бояумен жақсылап қоршау сызуға болады: бөлмеде қояндар үшін орын (орындықтар) болады.
Сұр қоян жуынып жатыр...
Ойнаушылар біреуі қоян болады. Барлық қалған балалар дөңгеленіп тұрады. Қоян дөңгелектің ортасынан орын алады. Балалар Дене шынықтыру нұсқаушысы мен бірге мынадай өлең айтады:
Бармақ боп тойға сұр көжек,
Жуынып жатыр бүгжеңдеп:
Тұмсығын жуды,
Құйрығын жуды,
Құлағын жуды – түртінді,
Құп-құрғақ боп сүртінді.
Қоян текстке байланысты қимылдардың бәрін жасайды – тұмсығын, құйрығын, құлағын жуады, бәрін сүртеді. Бұдан кейін ол қос аяқтап секіреді, дөңгеленіп тұрғандардың біреуіне жақындай береді (қонаққа келе жатыр). Ол баланың орнын басады, ойын қайталанады.
5-6 қоян ауысқаннан кейін ойын аяқталады.
Негізгі қимыл – лақтыру (лақтыру, ұстау).
Шарларды домалату.
Дене шынықтыру нұсқаушысы балаларға бір топ түрлі түсті шаралар көрсетеді, балаларға тек көруге ғана емес, тіпті ұстауға да мүмкіндік беріледі, олардың түр-түсін айтуды сұрайды. Бұдан кейін Дене шынықтыру нұсқаушысы шарды қалай домалатуды көрсетеді, одан соң балаларды біртіндеп шақырып, бір-екі шарды домалатуды ұсынады. Шарды домалатып бара жатқан бала өзі соның артынан жүгіреді және шарды кәрзеңкеге немесе жәшікке салады.
Ойын қайталанған кезде Дене шынықтыру нұсқаушысы балалардың шардың түсіне қалай назар аударатынын байқап алады. Мысалы, өзі қызыл шарды домалатады да балаға да сондай шар ұсынады. Немесе бірінен кейін бірін 2-3 шарды домалатуда тапсырма береді де (қызыл, жасыл), әр жолы түсін айтады. Тапсырманы әр жағдайға қарай өзгертіп тұруға болады.
Допты ұста.
Дене шынықтыру нұсқаушысы ашық түсті үлкен допты алады да 2-3 балаға онымен ойнауды ұсынады. Балалар Дене шынықтыру нұсқаушысы ге қарама-қарсы 80-100см жерде тұрады. Дене шынықтыру нұсқаушысы әрқайсысына кезек-кезек доп лақтырып: «Ұста» - дейді. Балалар допты қайтадан Дене шынықтыру нұсқаушысы ге лақтырады.
Доп шеңберде.
балалар жерге дөңгеленіп отырады да допты бір-біріне домалатады. Дене шынықтыру нұсқаушысы балаларға екі қолымен қалай және қай бағытқа қарай итеруді үйретеді.
8-10 баладан құрылған топта ойын қызықты да ширақ өтеді.
Допты қақпаға түсіру.
Дене шынықтыру нұсқаушысы балаларды доп (немесе әртүрлі шарлармен) ойнауға шақырады да ойнағысы келген немесе ойынға тартылған балалар жиналған жерде сызық жүргізеді. Сызықтан 1-1,5м жерде кішкентай қақпа тұрғызылады. Балаларға бір-бір доп таратып бергеннен кейін, Дене шынықтыру нұсқаушысы оларға допты қақпадан өткізуді ұсынады. бала допты домалатып, қуып келеді де сызыққа жеткеннен кейін кері оралады.
Ойынға 5-6 бала қатысады. Ойнаушы топтардың ауысуына болады; 2-3 рет ойнаған балаға Дене шынықтыру нұсқаушысы енді дем алуды, басқалардың қалай өткізетінін көруді ұсынады.
Қақпаны ірі құрылыс материалынан жасауға немесе оның орнына балалардың орындығын пайдалануға болады. Олардың аяғының арасынан балалар доп өткізеді.
Допты кәрзеңкеге түсір (дәл көзде).
Балалар дөңгеленіп тұрады. Әр баланың қолында бір-бір кішкентай доп. Шеңбердің ортасында жәшік немесе үлкен кәрзеңке. (Балалар мен меженің арасы бір жарым-екі метрден аспайды.) Дене шынықтыру нұсқаушысы нің сигналы бойынша балалар допты жәшікке лақтырады, одан кейін ол доптарды қайтадан алады да өз орындарына барып отырады.Егер бала межені дәл көздемесе, допты жерден(еденнен) көтереді де басқалар сияқты шеңберге тұрады.
Ойын қайтадан басталады.
Ойында бір мезгілде 8 -10 бала қатысады.
Негізгі қимыл – өрмелеу, еңбектеу.
Бақшадағы тауықтар
Рейканы немесе жіптің көмегімен аздаған жер қоршалады
Ол – бау-бақша. Одан қашық емес жерге орындық қойылады, бұл күзетшінің күркесі.Күзетшінің ролін алғашқыда Дене шынықтыру нұсқаушысы орындайды, ал кейін Дене шынықтыру нұсқаушысы нің белгілеуімен белсенді балалар атқарады. Қалған балалар тауықтар.Күзетші орындыққа отырған бойда тауықтар бақшаға түседі, қорғанның астынан өтіп, бақшада жүреді, жерді шұқиды, қытқылайды.Күзетші тауықтарды байқап оларды бақшадан қуа бастайды – алақанын шапалақтайды, «Қыш –қыш» деп дауыстайды.Тауықтар қашып кетеді .Қорықшы бақшаны бір айналып шығады да қайтадан отырады.Ойын қайта басталады.Одан кейін басқа күзетші тағайындалады. Ойын осылайша 4-5 рет қайталанады.
Сылдырауықты сылдырат
(сылдырауыққа дейін еңбектеп жет).
Балалар орындыққа отырады; олардан 2,5-3 м жерде сылдырауық жатыр. Дене шынықтыру нұсқаушысы балаларды кезекпе-кезек атап, сылдырауықпен ойнауды ұсынады. ол үшін сылдырауыққа еңбектеп барып, оны алады, орнынан тұрады, сылдыратады қайтадан орнына қояды, сөйтіп, өз орнына келеді.
Балалар еңбектеуді үйренген кезде 3-4 сылдырауық қою ұсынылады, сонда қанша сылдырауық болса, сонша бала ойнай алады.
Маймылдар.
Ойында гимнастикалық қабырға немесе (учаскеде) үш қырлы кішкене дуал пайдаланады.
Дене шынықтыру нұсқаушысы бүгін балалар маймылдарша өрмелеуге үйренетінін айтады да екі-үш балаға сатының қарсы алдында тұруды, сөйтіп, бірнеше баспалдаққа көтерілуді ұсынады. Балалар 5-6 баспалдақ көтерілгенде Дене шынықтыру нұсқаушысы : «Міне, көрдіңдер ме, маймылдар қалай ағашқа өрмелеп кетті! Ал енді қайтадан төмен түсіңдер», - дейді.
Балалар жоғары қарай өрмелеп және төмен қарай түскенде әрбір баспалдақты басуын міндетті түрде қадағалау керек.
Әр түрлі қимылды ойындар.
Дөңгелекті ұста.
Дене шынықтыру нұсқаушысы балаларға жіптің көмегімен ұзындығы 0,5 м таяққа ілінген жарқыраған дөңгелекті көрсетеді.
4-6 баладан топ жиналған кезде Дене шынықтыру нұсқаушысы дөңгелекті көтеріп, балалардың басынан жоғары айналдырып әкеледі де: «Ұста», «ұста», - дейді. Балалар дөңгелекке тырмысады. Дөңгелекке жетуге онша құмартпай тұрған балаларға Дене шынықтыру нұсқаушысы дөңгелекті, олардың қолы тиюіне мүмкіндік беріп, таяқты сөл төмендетеді де, балалардың белсенділігін арттыру үшін, қайтадан тез көтере қояды.
Дөңгелекті балалар төбесінен осылай 2-3 рет айналдырғаннан кейін Дене шынықтыру нұсқаушысы кімнің қолы жеткенін атап өтеді де олардың әрқайсысына бір-бір дөңгелектен береді. Бірте-бірте балалардың барлығы бір-бір дөңгелектен алады. Дене шынықтыру нұсқаушысы дөңгелекті машинаның рулі ретінде ұстап, енді «шофер» болып ойнауды – бөлмеде жүгіруді ұсынады.
Кішкентай және үлкен аяқтар.
Балалар орындыққа жартылай дөңгелене отырады. Дене шынықтыру нұсқаушысы оларға қарама-қарсы отырып, балаларға аяқтарын көрсетуді сұрайды. Балалар аяқтарын алға созып, көтереді. Дене шынықтыру нұсқаушысы көңілді түрде былай дейді: «Кішкентай аяқтар жолмен жүгіріп кетті. Қараңдар олардың қалай жүгіргенін». Осыны айтады да аяғымен бірнеше рет тез-тез жер тепкілеп: «тымпыл, тымпыл, тымпыл!» - дейді. Балаларда соны істейді. Одан кейін дене шынықтыру нұсқаушысы қимылын баяулатып былай дейді: «Үлкен аяқтар жолда тымпыл-тымпыл жүріп бара жатыр».
Дене шынықтыру нұсқаушысы алдымен кішкентай аяқтар, одан кейін үлкен аяқтар жөніндегі тексті осылайша бірнеше рет айтады. Балалар оның артынан тез және баяу қимылдарды алмастыра қайталайды.
Кішкене қоян, шыға ғой...
Бір топ бала Дене шынықтыру нұсқаушысы мен бірге дөңгелене тұра қалады. Дене шынықтыру нұсқаушысы кім кішкене қоян болады деп сұрайды. Бәрі айналып жүріп мынадай өлең айтады.
Жүр, көжегім, шыға ғой,
Сұр көжегім, шыға ғой!
Айтқанымды ұға ғой.
Міне, былай шыға ғой!
Кішкене деп атаған бала ортаға шығады. Өлеңнің ендігі шумағын айтып болғаннан кейін, барлық ойнаушылар, қоянға не істеу қажеттігін көрсеткендей, тиісті қимылдар жасайды. Ол да балалардың істеген қимылдарын қайталайды.
Жүр, көжегім, тап-тап бас!
Сұр көжегім, баптап бас!
Міне былай тап-тап бас!
Міне былай нақ-нақ бас!
Жүр, көжегім, билей ғой,
Сұр көжегім, билей ғой!
Міне былай билеп көр,
Міне былай билеп бер.
Жүр, көжегім жүгірші,
Сұр көжегім, жүгірші.
Міне былай бір ыршы,
Міне былай жүгірші. Жүр, көжегім, таңдап ал,
Сұр көжегім, аңдап ал!
Міне былай таңдап ал,
Дәнеңе жоқ таңданар!
Бұл сөздерден кейін кішкене қоян балалардың біреуіне жақындайды. Қалғандары орындарында тұрып өлең айтады.
Жүр, көдегім, тәжім ет,
Сұр көжегім тәжім ет!
Ұқпа мұны әзіл деп
Міне былай тәжім ет!
Ол кімге иіліп сәлем берсе, сол жаңадан кішкене қоян болады, ойын қайтадан басынан басталады.
Ескерту. Өлеңнің әп шумағынан кейін, қимылдың бағытын өзгертіп отыру керек.
Күнім, күнім ... (Сәулем, сәулем...)
Балалар өлең оқып, қимылдың бағытын көрсетіп тұрған Дене шынықтыру нұсқаушысы ні айнала қоршай тұрады. Балалар оның артынан қайталайды.
О, алтын күн, алтын күн,
Әйнектен қара, жарқын күн!
Балаларың жылауда,
Сүрініп тасқа құлауда. Балалар әннің ырғағына қарай қолдарын соғады, тізе бүгіп жүресінен отырады (сөз екпіндерінде).
Қол соғуды тоқтатпай, жалғастыра отырып, бір орында секіреді.
Қолдың буындары мен саусақтары бұлшық еттерін жетілдіруге арналған ойындар
Саңырауқұлақтар
Ойын үшін балаларға тесіктері бар кішкентай стол мен түрлі түсті саңырауқұлақтар береді. Ойынның басында Дене шынықтыру нұсқаушысы ні балаларға саңырауқұлақтарды столдың тесігіне қалай тығуды көрсетеді. Балалар мұны жақсы меңгергеннен кейін Дене шынықтыру нұсқаушысы балалардың назарын саңырауқұлақтардың түр-түсіне аударады да тапсырманы қиындатады: саңырауқұлақтарды сол түспен дөңгелектеліп көрсетілген тесіктерге тығу керек дейді.
Ойынның варианты
Ойын үшін балаларға үсті төртке бөлініп, негізгі төрт бояумен боялған кішкентай стол беріледі. Мұндай жағдайда балалар саңырауқұлақтарды столдың тиісті түсі бар жағында орналасқан тесікке тығуы керек.
Балалар бір-біріне үйреніп, бірге ойнауға дағдыланған кезде екіден төрт адамға дейін біріктіруге болады. Дене шынықтыру нұсқаушысы бұл ойынға балалардың майда бұлшық еттері мен саусақтарының қимылдарын жетілдіру мақсатымен, бірте-бірте балаларды тартады. Барлық балалар ойынның ережесін әбден игергеннен кейін, оны емін-еркін пайдалануға береді.
Мұнара жасайық.
Мұнарамен (шығыршықтармен, шариктермен) ойынға Дене шынықтыру нұсқаушысы бір мезгілде 5-6 баланы қатыстырады. Бұл балаларға уақытылы көмек көрсету үшін жасалады.
Алғашқыда ойынның мәні мынада: балалар шығыршық пен шарларды алады да білекке (стержень) кигізеді: мұны істеу өте қиын, майда бұлшық еттердің қатты жұмыс істеуіне тура келеді және табандылық керек. Балалар шығыршықты білекке кигізу процесін үйренгенде Дене шынықтыру нұсқаушысы олардың назарын құрастырылған мұнараның формасына аударады да («Ол түп түзу») әр жолы ең үлкен шығыршықтарды таңдай отырып, осындай мұнараны қалай жасау керек екенін көрсетеді.
Одан әрі ойынды әртүрлі етіп құруға болады: мысалы; мұнараны бір размерлі шығыршықтардан құрастыруға («Бағандар жасаймыз») тапсырма беріледі немесе білекке бір түсті шарлар немесе белгілі бір сан мөлшерінде тізбектеледі.
Моншақ
Бұл ойын үшін балаларға жақсы есілген жіп және әр түсті шариктер, ағаштан, пластмассадан жасалған тесіктері бар цилиндр беріледі. Балаларға сол формаларды жіпке тізіп, ұзын моншақ жасау ұсынылады. Балалар бұл қимыл әдісті меңгергеннен кейін, бір жіпке екі бала бірігіп тізуге болады деген ұсыныс жасалады (екі жағынан). Тек балаларға тізу кезінде моншақтарды формасы және түр-түсіне қарай алмастырып отыру ұсынылады.
Қазық қақ.
Ойын үшін қазықтармен бірге станок және балға беріледі. Балаларға кішкентай балғаның көмегімен қазықты қалай қағуды көрсету керек. Бір қазықты қаққаннан кейін бала екіншісін қағады т.б. Бұдан кейін станокты аударады. Қазықтар тағы үстінен көрінеді. Бұған бала таңданып қалады, қуаныш пайда болып, оның жаңағы қимылды қайталағысы келеді.
Дене шынықтыру нұсқаушысы баланың ретсіз кез келген қазақты ұра бермей, оларды кезекпен ұруын бақылауы керек.
Негізгі қимылдар – жүру мен жүгіру.
Жалаушаны тап.
Балалар (6-8 адам) орындықтарда немесе көгалда отырады. Дене шынықтыру нұсқаушысы нің сигналы бойынша балалар көзін жұмады, осы кезде Дене шынықтыру нұсқаушысы жалаушаларды (балалардың санына қарай) әр жерге тығып қояды.
«Жалаушаларды іздейтін уақыт жетті», - дейді Дене шынықтыру нұсқаушысы . Балалар көздерін ашып, іздеуге кетеді. Жалаушаны тапқан бала өз орнына қайта келеді. Балалардың барлығы да жалаушаларды тапқаннан кейін, бірінің артына бірі тізіліп, алаңды жағалай жүреді. Колоннаның алдында жалаушаны бірінші тапқан бала жүреді. «Орындарыңа барыңдар!» деген сигнал естілгенде, балалар өз орындықтарына барып отырады, ойын қайта басталады.
Дене шынықтыру нұсқаушысы балалардың бір жалаушадан ғана алуына бақылау жасауы керек. Бұл ойынды орман ішінде, алаңда өткізген жақсы болады: жалаушаларды шөптің арасына, бұталарда, ағаштардың артына жасыруға болады.
Қыдыруға барайық.
Балалар алаңның (бөлменің) жан-жағына қойылған орындықтарда отырады. Дене шынықтыру нұсқаушысы балалардың біреуіне жақындап келеді де оны өзімен бірге қыдыруға шақырады. Ол бала Дене шынықтыру нұсқаушысы нің артына тұрады. Ендігі бала одан кейін тұрады да, тағы сондай. Дене шынықтыру нұсқаушысы осылайша 6-8 баланы жинайды да, олармен бірге алаңды бір-екі айналып өтеді. «Үйге, үйге!» деген сигнал бойынша балалар өз орындарына жүгіреді. Дене шынықтыру нұсқаушысы басқа балаларға келеді, ойын одан әрі жалғастырылады.
Өз үйіңді тап.
Балалар алаңның немесе бөлменің бір жағын жағалай отырады. «Қыдырып қайтайық», - дейді Дене шынықтыру нұсқаушысы . Балалар алаңда (бөлмеде) тобымен немесе жеке-жеке, кім қайда барғысы келсе, сонда аралап кетеді. Дене шынықтыру нұсқаушысы нің «Үйге қайтыңдар», - деген сигналы бойынша өз үйлеріне қарай жүгіреді. Ойын үш-төрт рет қайталанады.
Е с к е р т у: Егер алғашқы кезде балалар кеңістікті онша дұрыс бағдарлай алмайтын болса, онда кез келген орындыққа отыруға рұқсат ету керек. Кейін барып тек өз орындығына отыру ережесін енгізуге болады.
Ойынның басқа варианты.
Жеке үйдің – орындықтың орнына балаларға бөлменің әр бұрышында коллектив үйлер құрып, онда 4-6 баладан жиналуды ұсынуға болады. «Үйлеріңе қайтыңдар» деген сигнал бойынша балалар өз үйлеріне қарай жүгіреді.
Өз түсіңді тап.
Балалар үш-төрт жалаушалар алады. Біріншісі – жасыл, екіншісі – көк, үшіншісі – сары жалауша алады да 4-6 адамнан бөлменің (алаңның) бұрыштарында топтасады. Әр бұрыштағы тұғырдың үстіне Дене шынықтыру нұсқаушысы әр түрлі жалаушалар (жасыл, көк, сары) қояды.
Дене шынықтыру нұсқаушысы нің: «Қыдыруға барыңдар», - деген сигналы бойынша балалар топтанып немесе жеке-жеке алаңды (бөлмені) аралап кетеді. «Өз түсіңді тап деген жаңа сигнал бойынша балалар өздеріне лайықты түстегі жалаушаға қарай жүгіреді.
Тышқандар мен мысық.
Балалар-тышқандар бөлменің қабырғасын жағалай немесе алаңның жан-жағына ұзыннан-ұзақ қойылған орындықтарда немесе скамейкаларда – індерінде отырады. Алаңның бір бұрышында мысық отыр. Оның ролін Дене шынықтыру нұсқаушысы атқарады.
Мысық ұйықтап қалады, тек осы кезде ғана тышқандар бөлмеде жүгіріп жүреді. Бір уақытта мысық оянады, мияулайды да тышқандарды ұстай бастайды. Тышқандар індеріне қарай қашады, орындықтардағы өз орындарына барады. (Дене шынықтыру нұсқаушысы тек біреуді ұстағысы келген түр білдіреді.) Тышқандардың бәрі өз індеріне оралғаннан кейін, мысық бөлмені тағы бір аралап шығады да қайтадан өз орнына келіп, ұйықтап қалады. Ойын қайталанады.
Дене шынықтыру нұсқаушысы ойынға қолға кигізілетін ойыншық мысықты пайдалана алады.
Поезд.
Балалар алаңның бір жағында немесе бөлменің бір қабырғасын жағалай колонна құрып тұрады. Колоннаның ең басында тұрған бала – паровоз, ал қалғандары – вагондар.
Дене шынықтыру нұсқаушысы гудок береді де балалар алға қарай жылжи бастайды (бірін-бірі ұстамаған күйде). Алғашқыда жай қимылдайды, одан кейін тезірек, ақырында жүгіруге көшеді, жай қимылдаған кезде балалар «чу-чу-чу» деген дыбыс білдіреді. «Поезд станцияға жақындап келеді», - дейді Дене шынықтыру нұсқаушысы . Балалар бірте-бірте жүріс қарқынын баяулатады да тоқтайды. Дене шынықтыру нұсқаушысы қайтадан гудок береді, поезд қайтадан қозғалады.
Дене шынықтыру нұсқаушысы балалардың жүріс қарқынын және оның мерзімін реттеп отырады. Алғашқы кезде ол балалар колоннасын өзі басқарады, ол кейін екпінділеу баланың бірін алға қояды.
Ойынның басқа варианты
Балалар ойынды жақсы меңгергеннен кейін, яғни бірінің артынан бірі тіркесіп жүре алатын болғанда, ойынды күрделендіруге болады – поезд тоқтағаннан кейін балалар серуенге шығады: гүл, жеміс-жидек, қозықұйрық тереді. Гудокты естіген кезде балалар белгіленген жерге (қабырғаға) қарай жүгіреді де колоннаға қатарға тұрады.
Алғашқыда балаларға қалай болса солай тұруға рұқсат етуге болады, ал жылдың аяқ кезінде колоннадағы өз орнын білуге - өз вагонын табуға – үйрету қажет. Жылдың екінші жартысында ойында бірқатар құрал-жабдықтарды пайдалану ұсынылады, мысалы, поезд көпірден өтер кезде (гимнастикалық скамейкалардан немесе екі басқыштың арасына салынған тақтайдан немесе екі рейканың арасынан, сызылған линиялардан, төселген жіптерден, т.б.).
Жел көбік.
Алғашқыда балалар осыдан бұрынғы топтағыдай ойнай береді, кейін барып ойын күрделене түседі. «Жел көбік, кете көрме жырылып» деген сөз тіркестерінен кейін балалар отырмайды, ал Дене шынықтыру нұсқаушысы : «Көбік ұшып барады», - дейді. Балалар жан-жаққа бытырап (сол алаңның ішінде) тұра-тұра қашады, ал Дене шынықтыру нұсқаушысы : «Ұшты, ұшты, ұшты», - дейді. Бұдан кейін Дене шынықтыру нұсқаушысы балаларды қайтадан дөңгелене қатар тұруға шақырады, ойын қайта басталады.
Ойынды 3-4 рет қайталауға болады.
Қараторғай ұялары.
Алаңда дөңгелек шеңберлер сызылады: ойнаушылардың санынан кем болады. Бұл – торғай ұялары.
Барлық балалар – қараторғай. Олар алаңда емін-еркін жүгіріп – ұшып жүреді. «Үйге қайтыңдар» деген сигнал бойынша барлығы ұяларға жүгіреді. Ал балалардың ішінен біреуі ұясыз қалады. Осылайша ойын бірнеше рет қайталанады.
Дене шынықтыру нұсқаушысы ойынның аяқ кезінде (балалар әлі жүгіріп жүрген кезде) тағы бір дөңгелек сызып қояды. Балалар қайтып оралған кезде, бәрінің де ұясы бар болып шығады.
Негізгі қимылдар – секіру.
Шымшық торғайлардың балапандары мен мысық.
Балалар бөлменің қабырғасына жағалай қойылған кішкентай скамейкада, үлкен текшелердің (биіктігі 15-20 см) үстінде тұрады. Бұл – үй төбесінде немесе ұяларда отырған шымшық торғайлардың балапандары. Шеткеректе мысық отырады, оның ролін балалардың біреуі орындайды. Дене шынықтыру нұсқаушысы : «Шымшық торғайлар балапандары ұшты», - дейді. Шымшық торғайлар балапандары төбеден немесе ұялардан секіріп-секіріп түсіп, қанаттарын қағып, яғни қолдарын екі жағына созып, бөлменің ішінде жүгіріп жүреді. Бұл уақытта мысық ұйықтап отырады. Бірақ мысық тез ояна қалады, «мияу-мияу» деп керіліп алады да шымшық торғайдың балапандарын қуа жөнеледі. Олар үйдің төбесіне немесе ұяларына, өз орындарына бару керек. Ұстаған шымшық торғайлар балапандары мысық өз үйіне әкетеді.
Масаны ұста.
Ойнаушылар бір-бірінен қол созымдай жерде дөңгеленіп, бетін ортаға беріп тұрады. Дене шынықтыру нұсқаушысы ортада тұрады, оның қолында шыбық (ұзындығы 1-1,5 м) оған картон қағаздан жасап жіпке байланған маса ұзындығы 0,5м бар. Дене шынықтыру нұсқаушысы масаны шыбықпен балалардан жоғарылау етіп айналдырып өтеді. Маса үстерінен ұшып бара жатқан кезде, балалар оны ұстауға тырысып, секіреді. Масаны кім ұстаса: «Мен ұстадым» , - дейді.
Бұдан кейін Дене шынықтыру нұсқаушысы шыбықпен балалардың үстінен тағы да айналдырады. Ойынды қайталап бастар алдында Дене шынықтыру нұсқаушысы балаларға 1-2 қадам кейін шегіну керек екенін ескерту керек, өйткені балалар масаны ұстаймыз деп секірген кезде шеңберді аздап тарылтады.
Шыбықпен масаны айналдырған кезде, Дене шынықтыру нұсқаушысы балалар масаны ұстап алатындай биіктікте, біресе жоғарлатып, біресе төмендетіп тұруы керек.
Ойын варианты.
Егер ойнаушылар тобы шағындау болса, Дене шынықтыру нұсқаушысы картон маса байланған шыбықты ұстап алға қарай жүгіруіне болады, ал балалар оны қуып жетуге тырысады.
Бақалар.
Алаңның ортасында үлкен дөңгелек шеңбер сызады немесе дөңгелек форма етіп жуан жіп тастайды. Балалардың бір тобы шеңберді жағалай тұрады, ал қалғандары алаңның екінші бір жағына орналасқан орындықтарда отырады. Орындықтарда отырған балалармен бірге Дене шынықтыру нұсқаушысы мынадай өлең айтады:
Бақалар басы қалтаңдап,
Шоршиды жолда талтаңдап.
Бақ-бақ, бақ-бақ, бақ,
Жүгіреді талтақтап.
Шеңберді жағалап дөңгеленіп тұрған балалар бақа сияқты секіреді. Өлең аяқталғаннан кейін, орындықта отырған балалар алақандарын соғады (бақаларды шошытады); бақалар шалшық суға – сызықтан секіреді де жүресінен отыра кетеді. Ойын қайталанған кезде, балалар рольдерімен алмасады.
Кішкене өзен арқылы.
Ойынға бір топ (6-8 адам) бала тартылады. Алаңда бір-бірінен 1,5-2 қашықтықта екі линия сызылады. Бұл – өзен.
Ойнаушылар сызықтың жанында – өзеннің жағасында тұрады. Олар өзеннен анық сызылған дөңгелектер арқылы аяғын суламай, тастан-тасқа секіріп өтуі керек. Дөңгелектердің арасының қашықтығы балалардың оларға бірінен-біріне секіре алатындай болуы керек. Өзеннен қатарынан екі-үш бала өтеді, ал қалғандары Дене шынықтыру нұсқаушысы мен бірге оларды бақылап тұрады. Секіре алмай, аяғын сулап алғандары оны күнге кептіруге кетеді – орындыққа отырады. Кейін олар ойынға қайтып араласады; Дене шынықтыру нұсқаушысы оларды қалай болса да мақтап, жағаның екінші жағына өтуіне көмектеседі.
Аттар.
Балалар аттарды бейнелейді. Бөлменің немесе алаңның бір шетіне жиналып, мынадай өлең айтады:
Топ-топ түсіп төрт тұяқ,
Шоқырақтап шап, атым.
Құйрық-жалын суылдап,
Ұш оғындай садақтың. Өзен кешіп, тау асып,
Шабысыңнан танба сен.
Дүрсілдетіп дүниені
Ытқып, ытқып заула сен.
Соңғы сөзді айта бергенде, балалар алға қарай ұмтыла секіреді. Дене шынықтыру нұсқаушысы нің «үйге» деген сигналы бойынша жай ғана орындарына оралады. Дене шынықтыру нұсқаушысы тексті қайталайды, аттар қайтадан бөлмені айнала шаба жөнеледі.
Дене шынықтыру нұсқаушысы өлеңді түгел айтып болмайынша, балалардың орындарынан қозғалмауын қадағалаған жөн.
Кегли.
Ойынды пластамассадан жасалған кеглилер қолданылады.Оларды бір-бірінен 10-15см қашықтықта орналастырады.
Балалар 1-1,5 м жерден бір-бір доптан домалатады.
Дене шынықтыру нұсқаушысы балалардың қайсысының кеглиге тигізгенін белгілеп тұрады; жеңілгеніне онша назар аудармай, тигізе алмағандарға көмектеседі.
Допты домалат.
Балаларға әр түрлі түсті доптар немесе онша үлкен емес шағын ғана (диаметрі 6-8 см) шарлар беріледі де, оларды балалардан онша қашық емес жерге орналастырған жалаушаға (линияға) дейін домалатып жеткізу ұсынылады. Дене шынықтыру нұсқаушысы допты жақсы домалатып жеткізген балаларды атап өтеді, тапсырманы дұрыс орындағаны үшін алғыс айтады, допты тағы да домалатуға мүмкіндік береді. Балалар допты бірнеше рет домалатқаннан кейін Дене шынықтыру нұсқаушысы оларды кәрзеңкеге жинауды ұсынады.
Құрсауды дөңгелет.
Үш-төрт бала Дене шынықтыру нұсқаушысы ге қарама-қарсы 1,5-2 м жерде тұрады. Дене шынықтыру нұсқаушысы құрсауды кезекпен әр балаға қарай дөңгелетеді, ол ұстайды да керісінше Дене шынықтыру нұсқаушысы ге қарай дөңгелетеді.
Балалар құрсауды дөңгелетуді және ұстауды жақсы үйренген кезде бір-бірімен өздері ойнай алады.
Кішкене шарды өз жалаушаңа қарай домалат.
Алаңның немесе бөлменің бір жағында сызық жүргізіледі, оның арғы жағында балалар тұрады. Ал бұған қарама-қарсы жақта 1-1,5м жерде әр түрлі түсті жалаушалар қойылады Дене шынықтыру нұсқаушысы балаларға жалаушалардың түсіне сәйкес келетін екі-үш түсті кішкене шарларды таратып береді. Бұдан кейін кішкене шарлардың қандай түсті екенін көріп алуды ұсынады да сол түсті жалаушаның қасына тұрып, соған қарай шар домалатуды ұсынады. Балалардың барлығы шарларын домалатып болғаннан кейін, Дене шынықтыру нұсқаушысы енді оларды корзинаға салуын сұрайды, одан кейін қайтадан таратып береді, ойын қайта басталады.
Ұя басқан тауық пен балапандар.
Балалар балапандарды, ал басқарушы ұя басқан тауықты бейнелейді.
Бөлменің немесе алаңның бір жағында қоршалған орын. Бұл – үй (жалаушалар тізбектеле жіп 40-50см биіктіктегі ағаштардың немесе бағандарының арасымен тартылады). Үйде балапандарымен ұя басқан тауық орналасқан.
Тауық балапандарына тамақ (жем) іздеп кетеді. Біраз уақыттан кейін ол: «Ко-ко-ко-ко» деп балапандарын шақырады. Бұл сигналда естіген балапандар жіптің астынан өтіп, енесіне келеді
Қорытынды дене шынықтыру нұсқаушысымен өлеңдер мен тақпақтарды орындау немесе қайталу балалардың көңіл-күйлерін көтеруге әсер етеді. Заттарды сипап сезу арқылы анықтау мен жұмбақтар шешу тапсырмалары қызықты болады. Кішкене ғана «ғажайып сәттер» ерекше қызығушылық тудырады: ойламаған жерден балаларға себеттен құйыршығы бар шүйке жіп «секіріп шығады», түрлі-түсті ленталар бұрылып, шиыршыққа айналады. Балаларға қонаққа аққала, қуыршақтар және т.б. келеді, олардың бәрі балаларға таныс емес заттар алып келеді, ал балалар жаңа әрекеттерді меңгере бастайды. Баланың қабылдауына толқыған таң қалу мен көңілді зейіннің болуы керек. Қызықты және түсінікті қосымша тапсырмалардың арқасында балаларда қимылдарды көп мәрте орындау ниеттері пайда болады. Осылайша, алуан түрлі қимылдар іскерліктері бекиді, қимыл үйлесімдіктері жақсарады.
Дене шынықтыру нұсқаушысы алдында мынадай міндеттер тұрады:
- балаларды қимыл-қозғалыс белсенділігін, арба, автомобильдер сүйрету, ірі жұмсақ ойыншықтар алып жүру, доппен ойнау және т.б. әртүрлі қимылдарға қызығушылығын ояту;
- ылдиға көтеріліп, төмен түсу;
- төбеге, дөңеске сатымен көтеріліп, одан қайта түсу;
- жермен жүруге, Дене шынықтыру нұсқаушысы нің көмегімен үлкен емес кедергілерден аттап жүруге үйрету
- балаларды өрмелеуге жаттықтыру.
Шынықтыру-сауықтыру жұмыстары тұрмыста, ойында, серуенде жүргізіледі. Жаз мезгілінде барлық режимдік кезеңдер мүмкіндігінше таза ауада ұйымдастыру қажет.
Пайдаланылған әдебиеттер
Дене шынықтыру әдістемелік құралы, 2013 ж
С.Қасымбекова.С.Тайжанов «Дене Тәрбие»теориялық мәліметтері
Джекенов П.С., Курманбекова А.С. Дене шынықтыру және спорт тарихы.
Оқулық · Орлов А.И., Есельбаева А.
Пайдаланылған интернет желілері
Білім кидс плотформасы
Ұстаз тілегі сайты.
Инфоурок блогы
Stud.kz

I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2.1 Мектепке дейінгі ұйымдарда педагогтің міндеті мен жас ерекшеліктеріне сай тәрбиелеу
2.2 Жылдық жоспар графигін құру ережесі
2.3 Сабақ әдістемесінің ерекшеліктері
III. Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер

1.Мектепке дейінгі ұйымдарда педагогтің міндеті мен жас ерекшеліктеріне сай тәрбиелеу
Дене тәрбиесі және спорттың ілімі мен әдістемесі пәнінің әлеуметтік орнын анықтау алдында біз одан да кең ұғымдарды зерттеп білуіміз қажет. Ол «дене тәрбиесі» деген ұғым.
Дене тәрбиесі – жалпы мәдениеттің бір саласы. Адамзат баласы жаратылғаннан бастап рухани дами келе, осы мәдениет салаларын өз қолымен жасап келе жатыр. Ал адамзат баласын, табиғатты, тау, өзен, көлдерді, жан-жануарларды Ұлы күш, Ұлы ақыл иесі жаратты. Адамзат баласына сана берді. Санасы, жаны, рухани жетілуі себепті адамзат баласы үйлер, сарайлар, керемет архитектуралары бар қалалар салды. Ғылымды игерді, космосқа ұшты, техниканы, экономиканы дамытты. Осының бәрін Адам өз қолымен жасаса, сол адамды мәдениеттендіріп, денесіне, санасына әсер етіп тұрған – дене тәрбиесі. Адамның денесін, бүкіл ағзасын жаттықтыратын, шынықтыратын, денсаулығын нығайтатын, қимыл-әрекетін әдемілендіретін, кеңістікте дұрыс, үйлесімді қозғалуға үйрететін, дене қуатын жетілдіріп, жоғарғы спорттық көрсеткіштерге жеткізетін - дене тәрбиесі. Адам мәдениеттің барлық салаларын қолдан жасаса, оның денесіне, ағзасына әсер етіп, оны осы салаларды өркендетуіне мүмкіншілік, қуат, күш, денсаулық беріп отырған дене тәрбиесі болып табылады.
Дене тәрбиесі – адамдардың дене, мүсін сұлулығын, қимыл-қозғалыс үйлесімділігін, әдемілігін, дене қуатын жетілдіруге қолданылатын мемлекеттің, қоғамның материалдық және рухани байлығын құрайтын, халықтың жалпы мәдениетінің бір саласы. Материалдық байлықтар – спорт сарайлары, стадиондар, бассейндер, спорт залдары, түрлі спорттық ғимараттар, құрал- жабдықтар. Рухани байлықтар – дене тәрбиесі мен спорт саласындағы арнаулы білім, ғылыми-зерттеулер, озық тәжірибелер, әдістемелер, идеялар. Дене тәрбиесінің бағыттары – негізгі дене тәрбиесі, спорт, сауықтыру, қолданбалы дене тәрбиесі, жеке басылық дене тәрбиесі.
Негізгі дене тәрбиесінің міндеттері - біріншіден, адамдардың өмірге керек қимылының ептілігі мен дағдысын қалыптастыру, дене қасиеттерінің деңгейін дамыту; екіншіден, осы жинақтаған қасиеттерді (базаны, негізді) адамдардың қалап алған мамандықтарына (кәсіптік, спорттық т.б.) қолдану. Негізгі дене тәрбиесі жалпы білім беретін мектептерде, колледждерде, жоғарғы оқу орындарында, оқу-тәрбие мекемелеріндегі дене тәрбиесі сабақтарында, әр түрлі жаттықтыру түрлерінде жүргізіледі. Ол еліміздегі ересек адамдардың дене дайындығы деңгейін арттыруға, денсаулықтарын нығайтуға, жұмысқа ынтасын, төзімділігін дамытуға көмектеседі.
Дене тәрбиесінің бір саласы - спорт, бұл түрлі жаттығулардың көмегімен жоғары жетістіктерге қол жеткізуге бағытталған өнер түрі. Ол адамның психикасының, дене қуатының жетілуін қамтамасыз етеді. Спорттық әрекеттің негізгі мақсаты – спорттың бір түрінен биік жетістіктерге жету, сол арқылы адамның қабілетін, жақсы қасиеттерін дамыту.
Балаларды салауатты өмір салтына қатыстыру
осы ерте жастағы топтан басталады және Қазақстан халқының мәдени
салт-дәстүрі негізінде тиімді күн тәртібінің процестерін
ұйымдастыру арқылы жүзеге асады, жыл бойы балалардың денсаулығын
сақтайтын шынықтырудың технологиялары мен тиімді тәсілдері
негізінде құрылады, арнайы ұйымдастырылған білім беру әрекеті –
дене шынықтыру бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
кіреді. Балаларды мәдени-гигиеналық дағдыларға, жеке
бас гигиенасының негізгі дағдыларын үйрету барысында тәрбиешінің
алдында келесі міндеттер тұрады: қолын дұрыс жуу, оны құрғатып
сүрту; өздігінен және ұқыпты тамақтану; шыны аяқты, қасықты,
майлықты міндеттеріне қарай дұрыс қолдану іскерліктері; тамақты
мұқият және дыбысын шығармай шайнауға үйрету. Өздігінен киініп,
шешіну дағдыларын, киімдерін ұқыпты бүктеу, түймесін қадау, бауын
байлау; бір-біріне көмектесу іскерліктеріне үйрету. Жеке бас
заттарының (тарақтың, ауыз шайқауға арналған стақанның, сүлгінің,
бет орамалдың) міндеттерін түсініп қолдануға үйрету. Балалармен
күнделікті жұмыс процесінде жеке бас гигиенасының ережесін орындау
оларға күнделікті үйреншікті жағдай болуына талпындыру керек, ал
гигиеналық дағдыларын жыл сайын біртіндеп жетілдіру
керек. Алдымен балаларды тамақтанар алдында,
дәретханаға барып келген соң, ойыннан, серуеннен кейін қол жуу және
т.б. сияқты қарапайым ережелерді орындауға үйретеді. Екі жастан
асқан балаларға алдын-ала ауыз қуысын сумен шайқауды үйреткен соң,
әр тамақтанып болғаннан кейін осы әдетке дағдыландырады. Жеке бас
гигиенасын қалыптастыруда балалардың әрқашан таза жүру,
киімдеріндегі олқылықтарды байқау, өздігінен немесе ересектердің
көмегімен оларды жөндеу іскерліктері де
ескеріледі. Мәдени-гигиеналық дағдыларға тәрбиелеуде
міндеттердің кең көлемін қосады және оларды ойдағыдай шешу үшін
балалардың жас ерекшелігін ескере отырып педагогикалық тәсілдерінің
бір қатарын қолдану ұсынылады: тікелей үйрету, дидактикалық ойындар
процесінде әрекеттер орындау жаттығулары, балаларға гигиена
ережелерін сақтау мен оларға біртіндеп талаптарды көтеру туралы
қажеттіліктерді жүйелі түрде ескерту. Балалардың әрекеттерді нақты
және жүйелі орындауларына жету
керек.
Ерте жаста балаларға қажетті дағдылар ең
алдымен мазмұны арнайы бағытталған ойындар арқылы орнатылады. Бұл
ойындар балаларды қызықтыратындай, олардың бастамашылығы мен
шығармашылығын белсендіретіндей болуы керек. Алайда, мектеп жасына
дейінгі аралықтағы кезеңде гигиена дағдыларын жақсы қалыптастыру
мен бекіту үшін балабақшадағы гигиеналық тәрбелеу бойынша арнайы
материалдар жиынтығын, алуан түрлі сюжетті суреттер мен белгілерді
қолдана отырып, ауызша тәсілдері мен көрнекіліктер көрсету
тәсілдерін орынды үйлестірген жөн. Педагог балаларды гигиеналық
тәрбиелеу мен үйрету процесінде оларға гигиеналық дағдылардың
денсаулыққа маңызы туралы, күн тәртібіндегі гигиеналық шаралардың
бірізділігі туралы сияқты әртүрлі мағлұматтарды хабарлайды,
балалардың дене шынықтыру жаттығуларының пайдасы туралы
түсініктерін қалыптастырады. Бұл үшін кейбір дидактикалық және
сюжетті-рөлдік ойындар, әдеби сюжеттер қолданылады. Балаларға
гигиена бойынша барлық мәліметтерді күнделікті өмірдегі алуан түрлі
әрекеттер мен демалыс процесінде, яғни күн тәртібінің әрбір
құрамдас бөлігінде гигиеналық тәрбие берудің қолайлы кезеңінде
дағдыландыруға болады.Мектеп жасына дейінгі балаларға тиімді
гигиеналық тәрбие беруде қоршаған ортаның сыртқы бейнесі мен
ересектердің де маңызы зор. Бұл жастағы балалар өте байқағыш және
еліктегіш болып келетінін есте сақтаған жөн, сондықтан тәрбиеші
оларға үлгі бола білу керек. Жеке бас гигиенасы туралы білімдері
мен дағдыларын бекіту үшін балаларға түрлі тапсырмалар берген жөн.
Балалардың дағдылары түрлі жағдайларда бекітіліп, берік болады. Ең
бастысы, балаларға қызық болып, өз әрекеттерінің нәтижесін көре
білулері керек (біреулері айтарлықтай таза, ұқыпты бола бастайды
және т.б.). Балалардың гигиеналық дағдыларын
қалыптастырудың міндетті шарттары, салауатты өмір салтының
әдеттеріне тәрбиелеу мектепке дейінгі ұйымдар қызметкерлерінің
жоғары санитарлық мәдениеті болып табылады. Балалардың денсаулығын
сақтау мен толыққанды дене және гигиеналық дамуы үшін жағдай
жасалуы қажет.Гигиеналық тәрбие беруге қажетті келесі жағдай -
ересектер жағынан біртұтас талаптар. Бала гигиеналық дағдыларды
тәрбиешімен, медицина қызметкерімен, тәрбиешінің көмекшісімен және
әрине отбасында қарым-қатынас жасау барысында игереді.
Ата-аналардың міндеттері - балабақшада тәрбиеленетін баланың
әрдайым гигиеналық дағдыларын бекіту. Ересектер балаларға үлгі
көрсету және оны сақтау маңызды. Балаларды жеке бас және қоғамдық
гигиена дағдыларына тәрбиелеуде олардың денсаулығын сақтау үлкен
рөл атқарады, тұрмыста, қоғамдық орындарда өзін-өзі дұрыс ұстауына
мүмкіндік туғызады. Ең соңында гигиеналық ережелер мен өзін-өзі
ұстау нормалары туралы білімдері мен оларды орындау олардың
денсаулықтарына ғана емес, сонымен қатар басқа балалардың және
ересектердің де денсаулықтарына да
байланысты. Балаларды шынықтыру үшін балаларға дене және
психикалық қолайлы жағдай құру арқылы ұйымдастырады. Күніне бірнеше
мәрте киіну барысында ауа ваннасын ұзақтығы 3 минуттан 5 минутке
дейін болуы тиіс. Суық күндерде серуен бөлменің ауа температурасы
+15º, ал киімдері 3-4 қабат болуы тиіс. Таңертеңгі серуен кезінде
күннің көзіне қыздырыну. Сумен шынықтыру шараларын
қолдану. Тәрбиеші балалардың тіршілік әрекеті
қауіпсіздігін ұйымдастыру барысында күні бойы бөлмеде серуендеу,
ертегі тыңдау, суреттер қарау кезінде және «сіріңке», «дәрілік
заттар», «жуу» және «дезинфекциялау» құралдары туралы түсініктермен
таныстыратын заттық карточкалармен сергектік қауіпсіздігін
қамтамасыз ету керек. Қауіпсіздік үшін шешіну шкафтарына,
ойыншықтар, гүлдер және кітаптарға арналған сөрелерге сақтандырғыш
тұтқалар бекіту керек. Балаларды құммен, сумен, ұсақ заттармен
ойнау кезінде өзін-өзі ұстау ережелерін сақтауға үйрету. Абайсызда
тұрмыстық жарақат алудың алдын алу мақсатында розеткалар, есік және
терезелерді қолдану қауіпсіздігін қамтамасыз
ету. Тәрбиеші бұл жаста салауатты өмір салты
туралы білімдерін қалыптастыруда балаларды адамдар, өзі, ұл бала
және қыз бала, жақын туыстар, адамның дене бөліктері: бас, кеуде,
аяқ, қол туралы түсініктермен таныстырады. Тәртіпке, тазалыққа
тәрбиелейді, ересектердің нұсқауларына ұқыпты болуға
үйретеді. Баланың дене және психикасының дамуының
елеулі маңыздарының бірі балабақшада және отбасында қимыл
әрекеттерін дұрыс ұйымдастыру болып табылады. Дені сау бала
қозғалысқа, белсенді әрекеттерге талпынады. Ол қимылдап
қозғалғанына қуанады. Баланың қимылдауы көбінесе оның қозғала
білуіне байланысты.Үш жасқа қараған балалардың негізгі қимылдарын
дамыту жұмыстары жалғастырылады және дене шынықтыру жаттығуларын
жүйелі үйретуді ұйымдастырудың басты түрі ұйымдастырылған оқу
іс-әрекеті болып табылады.Балалар тап осы дене шынықтыру бойынша
ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде жаңа қимылдарды меңгереді, дұрыс
қимыл стереотипі қалыптасады. Қолайсыз, қозғалмайтын қимылдар
біртіндеп анықталады және соңына қарай дағдыға айналады, бала
ешқандай артық күш салмастан орындауды
бастайды. Баланың жасына және жеке басының даму
деңгейін ескере отырып қалыптастыратын қимыл-әрекеттер түрлерін өз
уақытында меңгеруге ерекше көңіл бөліну керек. Сонымен қатар
педагог ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті процесінде адамгершілік,
ақыл-ой, еңбек және эстетикалық тәрбиенің барлық түрлерін қамту
керек. Үш жасар балалармен таңертеңгі тамақтан соң
30 минуттан кем емес уақыттан кейін күннің бірінші жартысында апта
сайын екі ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті өткізіледі. Дене шынықтыру
бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті балаларға таза ауада болған
уақытымен зиян келтірмеу керек. Қыркүйек айы - балалар үшін қиын
кезең, бұл беймделу кезеңі. Ол 4 аптадан 6 аптаға дейін созылады.
Топта жұмысты дұрыс ұйымдастыру барысында балалар
біртіндеп жаңа жағдайларға
үйренеді.

2. Жылдық жоспар графигін құру ережесі
Дене шынықтыру нұсқаушысы күні бұрын балалармен танысу керек. Топта отбасында аса қамқорда болған немесе керісінше балаға аз көңіл аударатын отбасынан келген балалар болуы да мүмкін. Мұндай балалар - сылбыр, ұялшақ, қорқақ, өзіне сенбейтін, әрдайым психологиялық стресс жағдайында болады. Бұлардың кейбіреуімен қатынасқа түсу қиын болады. Мұндай балаларға көп көңіл бөліп, оларды дене шынықтыру бөлмесіне алғаш кіруіне дайындау керек. Олардың өзін-өзі ұстау реакциялары қалыптасқанда ғана дене шынықтыру бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін бастауға болады.Залға алғаш кіру - бұл жеке балалар үшін қосымша күйзеліс кезеңі. Балалар топтағы таныс жағдайдан өздеріне таныс емес бөлме - дене шынықтыру залына келеді. Бақылау барысында олар ерекше психологиялық-эмоционалдық күйде болатынын көрсетті. Балаларды қоршаған барлық заттар оларға қызық және оған сенетіндей етіп бұл жаңа әлемді көрсету керек. Балаларды ойыншықтармен қарсы алу жақсы нәтиже береді. Дене шынықтыру залы - бұл олардың үйі, оған балалар қонаққа келеді. Балалардың ойыншыққа эмоционалды әсерлену үшін оны қабылдауға алдын ала нұсқаулар талап етіледі. Балалар айналасында болып жатқандардың барлығына қуанып, барлық әрекеттерге белсенді қатысатындай етіп жағдай құрыңдар.Тәрбиеші балаларды бірінші ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінен бастап дене шынықтыру құрал-жабдықтарымен таныстырады: гимнастикалық тақтайша «жол» болуы мүмкін; дөңгелек, жұмыр доп өзімен ойнағанды жақсы көреді; жұмсақ ойыншықтар әңгімелесе алады, олар қуыспақ, жасырынбақ ойнағанды ұнатады. Дене шынықтыру бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде шағын топтағы балалармен өткізіледі. Алдыңғы төрт ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті (диагностикалық деп те атауға болады) 4-5 баладан шағын топқа біріктіреді. Бала туылғаннан бастап, мектепке барғанға дейінгі алғашқы жылдар адам өмірінде өте үлкен маңызға ие. Бұл кезеңде денсаулықтың іргетасы шыңдалады, әр түрлі қабілеттер дами бастайды бастайды, сапалы қасиеттері көрінеді және мінез-құлық ерекшеліктері қалыптасады. Осы жылдарда баланың қалай тәрбиеленуі, оның болашақтағы оқуына, жеке адамзат болып қалыптасуына негіз болады. Баланы алғашқы жылдары жан-жақты тәрбиелеудің негізгісі дене тәрбиесі болып табылады. Дұрыс дамып келе жатқан бала ылғи да қозғалысқа қабілетті болады. Үш жасқа дейінгі баланың тәуліктік қажеттілігі 6,5 локамация, ал жеті жастағылардікі 16-18 локамация. Қозғалыс ықпалымен жүрек-буын, тыныс алу және жүйке жүйесі қызметі жақсартады, трек-қимыл жүйесі жетіліп зат алмасу реттеледі. Олар бала ағзасының ауруға қарсы әрекетін күшейтіп, қорғаныс күшін реттейді. Бала қимыл арқылы әлемдітаниды, оның психикасы, еркі, дербестігі, үлгерімі, ұйымшылдығы дамиды. Әсіресе қол саусақтарының қимылы зор мәнге ие, болады. Мидың үлкен жарты шеңбер үлкен жарты шеңбер бөлігінің белсенділігін арттырып, тіл қозғаушы орталықтың дамуын реттейді. Сондықтан бала неғұрлым түрлі қимыл-қозғалыстарды меңгерсе, соғұрлым сезім, қабылдау және де басқа психикалық процестерді дамуын мүмкіндік туғызады.
Мектепке дейінгі мекемелерде 2 айдан 7 жасқа дейінгі балалар қатысады. Анатомо-физиологиялық ерекшеліктеріне, өмір шарттарына, тәрбиесі мен оқу біліміне қарай болып бөлінеді. Олар яслилік және мектепке дейінгі топтар болып бөлінеді. Ясли: нәрестелік жастағы бірінші топ (2 айдан 1 жасқа дейін) және нәрестелік екінші топ (1 жастан 2 жасқа дейін). Мектепке дейінгі: бірінші сәбилік топ (3 жастан 4 жасқа дейін), орташа топ (4 жастан 5 жасқа дейін), жоғары топ (5 жастан 6 жасқа дейн) және мектепке дайындық топ (6 жастан 7 жасқа дейін).Қимылды дамыту ерекшеліктері. Бала үшін өмірінің алғашқы үш айы бір қалыпты өтеді. Ол ересектерге дыбыстау арқылы ғана жауап береді. Бала күлгенде «өміршеңдік кешені» деп аталатын қимылды қолдап көтермелеу керек. Бұл баланың барлық бұлшық еттерінің дамуына, ағзаны нығайтуға, жалпы өмір сүруге талпынысын арттырады. Қозғалысты меңгеру құбылысы өте тез өтеді. Бала екі айлығында жилжиды, жеті-сегіз айлығында отырып-тұра алады, ал он-он бір айлығында өз бетінше қимылдау белсенділігін арттыру керек және осы қимылдарды жүйеге түсірген жөн. Мысалы, оны алғашқыда отыруға, тұруға, жүруге үйрету қажет.
Өмірінің екінші кезеңінде баланы жүруге үйретуге баулу керек. Бала алғашқыда сенімсіз қимылдайды. Алайда, екінші жылдың соңында қарай ол бұл қимылдарды толық игеріп, 1-1,3 м. саты, текпешектерге шығып, түсе алады. Рахаттанып доппен ойнайды, әр түрлі беттерден асып өтеді. Сыртқы әр түрлі заттардың ықпалымен қолдың майда шеміршектері дамиды. Ол сөйлеуді, ойлауды, ойнау қызметтерін жетілдіруге септігін тигізеді.
Бала өмірінің үшінші-төртінші жылдарында қимыл тәжірибесі кеңейеді. Үш жасқа қарай допты қағу, лақтыру, бір орында секіру және жүгіру, сияқты гимнастикалық сатыдан өтуге талпынады. Төрт жаста тепе-теңдікті сақтай отырып шанамен сырғанайды, велосипед айдайды.
Бес жасында оның реттегіш үлкен бұлшық еттері қимылды нақты орындайды.
Алтыншы-жетінші жылдарында қимыл дамытуда мәнділік, дәлдік пайда болады. Балалар қимылды дұрыс орындамаса, талдау нәтижесінде өз қатесін түсінеді. Сөйтіп биіктік пен ұзындыққа секіруді, арқанға өрмелеуді, т.б. меңгереді.

3.Бала тәрбиесінің міндеттері
Бала ағзасының нәзіктігіне, оның бойы мен ағза дамуының теңсіздігіне, біркелкі еместігіне қарай отырып, өмірінің алғашқы жылдары сауықтыру міндеттерін енгізу зор маңызға ие болды.
1) Өмірін қорғау, аурумен күрес, шынығу, қоршаған ортаның кері әсерлерінен ағзаның қарсылығын жетілдіру.
2) Барлық ағза жүйесінің уақытылы, жүйклі дамуын, оның қызмет мүмкіндігінің кейеюін, омыртқасы мен табандарының дұрыс пішінінің, жылдамдығын, ептілігін, төзімділігінің дамытуды жүзеге асыруды қамтамасыз ету.
Бала өзгермелі шарттарға, дене жүктемесіне тез икемделеді. Оны игеру, қабылдауы, биіктігі ерекшелендіреді. Сондықтан білім беру міндеттерін шешу аса маңызды.
1) Жеке бас және қоғамдық гигиенаны ұстану.
2) Өмірге ең қажетті қимылдық қозғалыстарды (жүру, жүгіру, секіру т.б.), сонымен бірге жүзу, шаңғымен жүру, коньки тебу, жүгіру, велосипед тебу сияқты жаттығулардың негізін құрайтын қимылдарды реттеу.
3) Атқарылып жатқан дене жаттығулары жайында алғашқы білім беруді ретте.
Сонымен тәрбиелеу міндеттерін де естен шығармау керек:
1) Рухани-ерікті сапаларын тәрбиелеу /адалдық, шешімге келу, батылдық, табандылық т.б./.
2) Ақыл-ой, адамгершілік, әсемдік еңбекке тәрбиелеуді қамтамасыз ету.
Дене тәрбиесінің мазмұны
Жасына лайықты қимыл – қозғалыс ерекшеліктермен оған деген қажеттілікті ескере отырып, алғашқы жылы дене тәрбиесінің арнайы құралдары қолданады.
Бала дене тәрбиесінде, әсіресе өте жас кезінде күн режимі басты маңызға ие болады. Күн режимін сақтау (жүйелі сергу, ұйқы, тамақ т.б.) баланың ырғақтылығын қамтамасыз етеді, жүйке жүйесін әлсіреуден сақтайды. Күн режимінің тәрбиелік маңызы да зор: белсенділікті, дербестікті, үлгерушілікті арттырады.Бала даму үшін санитарлық тазалық құрылымының да зор мәнге ие. Тәртіп пен тазалықты ұстану, бөлменің ауасын, жарығын, жылылығын реттеу, дұрыс киіну – дене тәрбиесіндегі ең басты нәрсе.
Бала ағзасын шыңдауда табиғат әсерлері де кеңінен қолданылады, олар: ауа, су және күн. Әр баланың жеке бас ерекшелігіне байланысьы шыңдайтын процедураларды жүйелі қабылдау жүйке жүйесін нығайтады, бейімділікті арттырады, аурудың алдын алуға көмектеседі.
Дене жаттығулары барлық жастағыларға ортақ. Нәрестелік жастағы балаларды шынықтыру кешеніне бәсең (аяқты бүгу, жазу, қолды кеудеге қысу, оны қапталдарға жазу), белсенді (отырып тұру, тұлғаны, бүгу т.б.) жатады.
Екі жастан жеті жасқа дейін әр түрлі жаттығулар пайдаланылады: 1) гимнастикалық: жүру мен жүгірудің түрлері, тереңдікке, ұзындыққа биіктікке және қапталдан жүгіріп келіп секіру, би қимылдары; 2) сюжетсіз қозғалыс ойындары (жалаушаға дейін жүгіру) және сюжетті («Аққулар мен қаздар»), спорт ойындарының элементтері (бадминтон, стол теннисі); 3) спорт жаттығулары: велосипедпен жүру, шаңғымен сырғанау, т.б; 4) қарапайым туризм: жаяу қыдыру.
Нәрестелік жастағы бірінші топтағы балаларға жеке ерекшеліктері арқылы сабақ 12-15 жаттығу мен уқалау (сылау, ысқылау, т.б.) түрлері арқылы өтеді. Бұндай сабақтың ұзақтығы 8-10 мин. Нәрестелік жастағы екінші топтың сабағы екі топқа бөлініп өтіледі: бір жастан бір жарым жасқа дейінгілерге 6 бала қатысады, ал бір жарым жастан екі жасқа дейінгіде 6-10 бала қатысады. Сабақ ұзақтығы 10-15 мин. Әр топқа даму қалпы бірдей балалар жинақталады. Жалпы дамытатын, сабақты бір мезгілде неше бала ойнайтын таяқшалар, шеңберлер қолданады және қимылдың барлық түрі ретімен орындалады. Сабақ тыныс алу мүмкіндігін де қарастырады. Мектепке дейінгі балалар үшін сабақ түрі әр түрлі (екі жастан жеті жасқа дейін).
Дене тәрбиесі сабақтары – оқу-тәрбие жұмыстарының ең негізгісі түрі болып есептеледі. Сабақтың мақсаты – жаңа қимылды үйрену, бұрынғы өткендерді бекіту, дене сапасын тәрбиелеу. Олар төменгі және орта топтарда 20-25 минуттан аптасында 3 рет, ал мектепке дейінгі топтарда 30-35 минуттан өтіледі. Сабақ үш бөлімнен тұрады: кіріспе, негізгі, қорытынды. Кіріспе бөлімінде жүру, жүгіру, би жаттығулары жасалынады. Негізгі бөлімде негізгі қимылдар мен қозғалыс ойындары сияқты жалпы дамытушы ойындар ойналады. Қорытынды бөлімде бәсең қимылды ойындар немесе қарапайым жүру орындалады.
Таңғы жаттығу – балабақшадағы ең маңызды сауықтыру шараларының бірі. Ол ағзаның белсенділігі мен жұмысқа қабілетін арттыруға арналған. Төменгі топтарда оның ұзақтығы – 5-10 мин. Дайындық тобында 12 – 15 мин. Ол үш бөлімнен тұрады: кіріспе (жүру түрлері), негізгі (негізгі бұлшықет бөлімдерін дамыту жаттығулары), қорытынды (қарапайым жүру).
Дене тәрбиесінің мезеті – тіл дамыту, математикалық сабақтарында зейінді аудару үшін қажетті ақыл-ой жұмысын арттыру қолданады. Ол шаруадан сақтайды, 2-3 жаттығумен 2-3 минут созылады.
Қорғаныс ойындары күнделікті серуен кезінде орындалады. Олар қозғалыс белсенділігін арттырып, көңіл-күйді жақсартады, ерік-жігерді шыңдайды. Балалар жылына 22-25 жаңа ойындармен танысады. Дене тәрбиесі демалысы айына 1-2 рет төменгі топтарда 20-30 мин, жоғарғы және дайындық топтарыда 45-50 минуттан өтеді. Бұл жерде дене тәрбиесі сабақтарынан айырмасы еркін қимыл қарастырылған, ол үшін көңілді эстафеталар өтеді.
Дене тәрбиесі мерекелері жылына екі рет орта дайындық топтарында өтеді. Оған балалар алдын ала дайындалып, үйренген спорт ойындарын, жаттығуларын, билерін пысықтацды. Мерекеде соларды ортаға салады. Ұзақтығы 1-1,3 сағат.
Балалардың дербес қимыл қызметі күннің әр түрлі уақытында жасалады: таңертеңгі асқа дейін, сабақ арасында, күдізгі, кешкі серуенде, түскі ұйқыдан кейін. Ол тәрбиешінің бақылаумен жұүзеге асады. Оның түрлері мен ұзақтығы балалардың қабілеті мен қажеттіліктеріне байланысты.
4.Сабақ әдістемесінің ерекшеліктері
Дене тәрбиесін оқыту әрбір жастағы топтарға арнайы дайындалған түрде беріледі. Нәрістелік және төменгі топтардағы тапсырмалар баланы қызықтыратындай болуы керек, яғни нәтижесі көрінуі қажет. Бала қызығуын арттыру үшін халық ойындарын қолданған дұрыс. Ортаңғы топта үйрету өзіндік ерекшелікке ие. Балалар үлкен төзімділік көрсетіп, қимылды есте сақтауға тырысады. Сондықтан тәрбиеші тапсырманы аса жақсы түсіндіреді.
Жоғарғы дайындық топтарда тәрбиеші жаттығуды әрдайым орындап, көрсете бермейді. Үйрету өткен сабақпен, салыстыру, талдау, талқылау арқылы түсіндіріледі. Бұл топтарда көбінесе дербес жұмыс істеткен жөн.
Музыкамен өткізілген сабақ оқушы ынта – ықыласын арттырады және баланың темппен ырғақты қабылдауына көмектеседі.
Дене тәрбиесі құзіреттілігі салауатты өмір салтын ұстану ниеті мен қызығушылығының артуына байланысты — қажетті гигиеналық шараларды, күн тәртібін орындау, қимыл-қозғалыс белсенділігін реттеу, қозғалысын жетілдіру сияқты әрекеттерден көрініс береді.
Бес жасар баланың эмоцианалдылығы қуану, ренжу, қанағаттану, өкпелеу сияқты түрлі сезімдік жағдайларын көптеген амал-тәсілдер арқылы білдіру ерекшелігімен сипатталады. Адамгершілік қасиеттерінің біреуді аяу, оның жағдайын түсіну сияқты сезімдері бала бойында қалыптаса бастайды.

Баланың еріктілігіқоғамда қалыптасқан нормалармен, мысалы, бастаған істі аяқтау (конструктор құрастыру, ойыншықтарды жинау, ойын ережелерін есте сақтап, өлеңдер мен ән сөздерін жаттау), өз іс-әрекетін сәйкестендіруден басталады.
Тәрбиеші алдын ала балалардың білім деңгейі мен тәрбие жұмыстарын жоспарлау құжаттарымен мұқият танысады.
1) Әр топтың жылдық сағат
кестесі балабақшаның
жабдықталуына,
жергілікті
ауа
райына,
әр тоқсанда
бағдарламаның өтетін бөліміне, спортты түрлеріне бөлінген сағат
санына байланысты құрастырылады .
2) Сабақтың жылдық жоспары.
3) Күнтізбелік жоспар.
4) Сабақтың мазмұндама жоспары.
5) Сынақ алу құжаттары.
Ұйымдастырылған оқу
іс-әрекетінде келесі аспектілерге көңіл бөлінеді:
- бала ересектерді қаншалықты түсінетіні, яғни педагогтің ауызша
нұсқауларын түсіне ме
және ол оларды орындай ма;
- балалардың белсенді сөйлеу тілі дамыған ба;
- балалардың ересектердің сөзін тыңдауға
шоғырлануы және көру-есту зейіні дамыған ба. Сонымен қатар әрбір
баланың жеке қимыл-қозғалыс тәжірибесі мен тәжірибелік
іскерліктерін бағалай білу керек. Дене шынықтыру нұсқаушысы бір
ғана құралмен қимылдарды орындату барысында балалардың әртүрлі
белсенділік білдіретінін есіне сақтаған жөн. Қимыл-қозғалыс
белсенділігіндегі ерекше өзгешілік тәрбиешіге балаларды үлкен, орта
және аз қимылдайтын үш топқа бөлуіне көмектеседі, ұл жастағы
ерекшеліктің бірі баланың өз уақытындағы эмоционалды бағыт болып
табылады. Бала тек өзі ұнатқанға ғана көңіл бөледі, тек өзіне
едәуір қызықты болып көрінген затқа қана қызығады. Сондықтан алғашқы ұйымдастырылған оқу
іс-әрекетінен бастап балаларды өзіне тартып, олардың зейіндерін
қимыл әрекеттерінің белсенділігіне шоғырландыру
керек. Тәрбиеші ұйымдастырылған
оқу іс-әрекетінде балалардың мінез-құлқына, олардың бір-бірімен
арақатынасын бақылайды. Нәтижесінде ол бәрі де «болады»,
«болмайды», «керек» түсініктері қалыптасқанын, сонымен қатар
олардың өзін-өзі ұстау реакциясын анықтайды. Педагогке баланың жеке
ерекшеліктері мен дене дамуының деңгейі туралы ақпарат қана емес,
сонымен қатар денсаулығының жағдайы мен жүйке-психикасының дамуы
туралы мәлімет те керек. Тек
дене шынықтыру нұсқаушысы ғана қимылдау тапсырмаларына эмоционалды
әсерлерін туғыза алады, доптың домалағанына және секіргеніне, оның
қолындағы таяқшаға бекітілген түрлі-түсті жалпақ баулардың
«билегеніне», олардың аяқтары шөркелерді басып жүруді үйренгеніне,
төбеге жоғары шығып, төсенішке қайта секіргеніне баламен бірге
қуана алады. Алынған деректер әрбір
тәрбиеленушілердің қай топқа, қай даму деңгейіне жататындығын, өз
басшылығын балалардың іс-әрекеттері мен амалдарын мақсатты жолмен
құру үшін анықтауға мүмкіндік
береді.
Тәрбиеші әрбір шағын
топтағы балалармен жеке бағдарлама бойынша жұмыс жасайды. Мұндай
ұйымдастырудан ол балаларға талаптарын жекешелендіруге, әрқайсысына
көңіл бөлуге мүмкіндік алады. Шағын топтарда балалар саны біртіндеп
көбейе береді, бұл сәнге еліктеушілік емес, аса
қажеттілік. Балаларға жетекшілік ету
әрекетінде негізгісі тәрбиешінің баламен жеке қатынасы болып
табылады. Дене шынықтыру нұсқаушысы мен бала, ұйымдастырылған оқу
іс-әрекетінде алға қойылған міндеттерді бірге шешеді деген өте
маңызды ереже бар. Мұндай ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде
тосын жағдайлар да болуы мүмкін. Олар баланың эмоционалды және
физикалық жағдайынан, қимыл қозғалыс арқылы өздерін көрсету
ниеттерінен, ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті барысында болатын тосын
жайларынан тууы мүмкін. Тосын жайлар арқылы дене шынықтыру
нұсқаушысы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік
береді. Шағын топтағы балаларға бұлшық еттің көптеген бөліктерін
қатыстыруымен күрделі құрамдас жаттығулар ұсынуға болады. Тек
осындай жағдайда ғана, оқытуда қолайлы жағдай туғызуға, әр баланы
көріп, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде әр жағдайдың өзгеруіне
сабырлылықпен қарауға болады. Жаттығуларды балалардың белсенді
танымды іс-әрекетін дамыту үшін қолдануға
болады.
Білім беру бағдарламасын
меңгеру барысында балалардың жас ерекшелігінің айырмашылығын
басшылыққа ала отырып қолдану керек. Ол екі айдан аспау керек, олай
етпеген жағдайда, егер педагог барша топпен жұмыс жасаса, ол
балаларға қимылдарды үйрету кезіндегі талаптарды кемітуге немесе
керісінше оларды көтеруге мәжбүр болады. Бұл кезде баланың
жүйке-психикалық даму деңгейі мен қимыл-қозғалыс тәжірибесі
ескерілмейді.
Педагогтің жетекшілігі орташа жеке тұлғаға
емес, бірегей дара тұлғаға бағытталу керек. Үш жасқа қараған
балалардың қимылдарын дамыту жалғастырылады. Алайда, даму ең
бастысы, олардың сапасын жақсарту, қимыл-қозғалыс тәжірибесін
кеңейту мен бала өзінің қимылдарын басқара білу бағытында жүріп
жатыр. Әрине, дене шынықтыру
бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің сапалы деңгейі балалардың
әрекеттерін екі педагог жетекшілік еткен жағдайда ғана жоғары болуы
мүмкін.
Дене шынықтыру маманы әдістемені жақсы
меңгерген. Тек сол ғана ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін балалардың
нақты жасына қарай психофизикалық ерекшеліктеріне сәйкес құра
алады, дене жүктемесін және әрбір баланың қимыл-қозғалыс
белсенділігін тиімді қамтамасыз етеді. Топтың тәрбиешісі аса
белсенділік танытады. Оның рөлі ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
барысында үнемі өзгеріп отырады. Ол құрал-жабдықтарды қоюға
көмектеседі, балалардың көңіл күйін қадағалайды, күрделі қимылдар
үйлемсіділігін орындау барысында сақтандыруды жүзеге асырады;
балалардың барлық құралдар мен тапсырмаларды орындауларын
қадағалайды. Бірақ ол тәрбиешімен бірге бірмезгілде дене шынықтыру
бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекетімен қоса үйрету процесіне де
қатысады. Сондықтан топ тәрбиешісіне тек ұйымдастырылған оқу
іс-әрекетінің бірізділігін біліп қана қоймай, үйрету әдістерін де
меңгеру керек. Тек осындай жағдайда ғана әрбір баламен жеке жұмысты
жүзеге асыра алады. Бұл жастағы балалар үнемі өзіне көңіл бөлгенін,
ересектер оның әрекетін көргенін, оны жақсы көргенін қалайды. Бала
кішкентай болған сайын, тәрбиешінің олармен қарым-қатынасы
соншалықты тығыз болу керек.
Балалар дене шынықтыру бойынша
ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде спорттық киім киеді, тек бірінші
ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде ғана жеңіл киіммен келеді.
Табанға арналған жаттығулар балалардың жалаң аяқ орындау кезінде
пайдалы, бұл ретте аяқ киімсіз орындау жөн. Тек кейбір жағдайда
ғана балаларға шұлық киюіне рұқсат етіледі. Бұл жағдайда
жаттығулардың толық қатарын орындау барысында шұлықтардың сырғанап
кетуінен қиындықтар туады. Уақытты үнемдеу мақсатында
ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде киіну кезінде балалар аяқ киімді
шұлықсыз киеді. Залда жайлы температура +20°С ұстап тұрады.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің ұзақтығы балалардың алдыңғы
қимыл-қозғалыс тәжірибелеріне байланысты және біртіндеп ұзартылады.
Бірінші ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті 8 минуттан 12 минутқа дейін
жалғасады және оқу жылының екінші жартысында 15 минутты
құрайды.
Дене шынықтыру бойынша
ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті үш бөлімнен тұрады.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің бірінші
бөлімі кіріспе болып табылады, себебі балаларды
дұрыс жүруді үйретуге бағытталған.
Бұл жастағы балалар жалпы дамыту жаттығуларын
орындау барысында белгілі бір қиындықтарды басынан кешіреді: олар
бөліктерден тұратын қимылдарды мүшелеуге қабілетті емес; әлсіз
дамыған үйлесімділік жеке дене бөліктері: қол, аяқ, кеуде
қимылдарын басқаруға шамасы келмейді. Тәрбиешінің көрсеткен
қимылдарды балалар қайталай алмайды, сондықтан жаттығуларды жасау
барысында жануарлардың, құстардың және т.б. қимылдарын еліктеу
түрлерін кеңінен қолданады. Еліктеу эмоционалды қанықтылықтан
ерекшеленеді, балаға әрекеттер әсер етеді және оның барлық зейіні
әрекет процесіне бағытталған, ол ойын қимылдарын жасайды.
Физиологиялық сияқты, практикалық көзбен қарағанда жаттығуды ойын
қимылдарымен араластыру жөнсіз. Ерекше күш түсірмейтін, жинақылық
пен зейінділік ойын қимылдардан кейін балалар жұмыс мақсатын
жоғалтады. Жалпы дамыту жаттығуларын орындау барысында
баланы тапсырманы дұрыс орындауға үйрету үшін, педагогтің сөзін
түсіну үшін, өмірге маңызды қимылдарды орындау іскерліктерін дұрыс
қалыптастыру үшін жалпы дамыту жаттығуларын ойын жаттығуларын
біріктіру керек. Педагог ойын жаттығулардың көмегімен
балаларға қимылдар үйретіп қана қоймай, сонымен қатар олардың
мақсатты әрекеттерге қызығушылықтарын көтереді, қимыл-қозғалыс
белсенділіктеріне ынталандырады. Бала өз уақытында барлық негізгі
қимыл түрлерін меңгеру өте маңызды.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің екінші
бөлімі жүгіруден басталады. Балалар залдың периметрі
бойынша кедергілерден өтіп жүгіреді. Кедергілер арқылы жүгіруге
нақты тапсырмаларды орындау жатады. Бұл жүгіру түрлері кездейсоқ
алынған жоқ. Балалар қимылдар барысындағы өтетін кедергілер
жүгірудің сапасын дамытуға көмектеседі. Жүгіру жаттығуларынан кейін
балалар тыныс алуларын қалпына келтіреді. Секіру, еңбектеу,
өрмелеу, тепе-теңдік қалпын сақтау, жүрудің жеке түрлері сияқты
негізгі қимылдар кешенге (4-тен бастап 6-ға дейінгі қимылдар)
біріктіріледі. Балалармен дене шынықтыру бойынша ұйымдастырылған
оқу іс-әрекетінде доппен жаттығу жасау жұмысы үлкен орын алады. Бұл
қимылдар балаларға ұнайды және қуанады. Бала жеке қимыл-қозғалыс
тәжірибесін тез меңгеру үшін, яғни доппен еркін қимылдауға үйрену
үшін, сабақта балалар 3-тен 6-ға дейін жаттығулар орындайды және
тек доппен қана емес, сонымен қатар үрленген қапшықтар, массаж
доптары, құрсау сияқты құралдармен де жаттығу
жасайды. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің үшінші
бөлімінде міндетті түрде ойындар (қимылды, баяу) немесе
балаларға жақсы таныс ойын жаттығулар өткізеді. Міндетті
элементтерден басқа, ұйымдастырылған оқу
іс-әрекетіне қосымша
тапсырмалар да кіргізілуі мүмкін. Олардың саны мен
сипаты әрбір нақты ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің міндеттерімен
анықталады. Қосымша тапсырмалар әдеттегідей заттар манипуляциясымен
байланысты:
-допты бір қолдан екінші қолға беру;
-шумақ жіпті бір уақытта екі қолмен айналдыру;
-құрсауды кеуде тұсына ұстап, оны айналдыру;
- алақандағы таяқшаға бекітілген түрлі-түсті жалпақ бауларды домалату және т.б. Бұл жаттығуларды орындай отырып, балалар өз қимылдарын басқаруға үйренеді. Сонымен қатар дене шынықтыру бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде музыкалық-ырғақтық ойындар да қолданады. Балалар оған ырғақ сезімдерін дамытуға әсер беретін, бұлшық ет күш түсіруге көмектесетін әртүрлі қол қимылдарын, шапалақтарды сәйкестендіреді.
Қорыта келе, дене шынықтыру нұсқаушысымен өлеңдер мен тақпақтарды орындау немесе қайталу балалардың көңіл-күйлерін көтеруге әсер етеді. Заттарды сипап сезу арқылы анықтау мен жұмбақтар шешу тапсырмалары қызықты болады. Кішкене ғана «ғажайып сәттер» ерекше қызығушылық тудырады: ойламаған жерден балаларға себеттен құйыршығы бар шүйке жіп «секіріп шығады», түрлі-түсті ленталар бұрылып, шиыршыққа айналады. Балаларға қонаққа аққала, қуыршақтар және т.б. келеді, олардың бәрі балаларға таныс емес заттар алып келеді, ал балалар жаңа әрекеттерді меңгере бастайды. Баланың қабылдауына толқыған таң қалу мен көңілді зейіннің болуы керек. Қызықты және түсінікті қосымша тапсырмалардың арқасында балаларда қимылдарды көп мәрте орындау ниеттері пайда болады. Осылайша, алуан түрлі қимылдар іскерліктері бекиді, қимыл үйлесімдіктері жақсарады.
Тәрбиешінің алдында мынадай міндеттер тұрады:

- жермен жүруге, тәрбиешінің көмегімен үлкен емес кедергілерден аттап жүруге үйрету

Пайдаланған әдебиеттер
-
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Жалпы орта білім. Негізгі ереже.Астана - 2010.
-
Ахаев А.В. Здоровьесберегающие технологии обучения.- Усть-Каменогорск, 2004.
-
Жексенбаева Ү.Ж. 12 жылдық білім берудің құрылымдық - мазмұндық ерекшеліктері. - 12 жылдық білім. №5 2006.
4. Аммарин Б. А. «Дене тәрбиесінің ілімі мен әдістемесі» М. 1999.
5. Ашмарин Б.А. Дене тәрбиесіндегі педагогикалық ізденістің ілімі мен әдістемесі. — М., ФиС, 1978
6. Балалар мен
жасөспірімдердің салауатты өмір салтын қамтамасыз
етудегі дене тәрбиесі Республикалық ғылыми әдістемелік түтас
жинақ
бағдарламасы 2001-2005 жыддарға. Алматы
2001.
7. Дене тәрбиесі іліміне кіріспе дене тәрбиесі институттарына арналған оқу құралы. Матвеев А. Т. редакциясы М. ФИС. 1993.
8. Дене
тәрбиесі жэне спорт арқылы Қазақстан Республикасының халқын
сауықтыру бағдарламасы. Алматы
1999.
9. Дене тәрбиесі мүғалімдеріне арналған кітап. Каюрова С. редакциясы
бойынша. -М., ФиС, 1973 Н.Дене тәрбиесінің ілімі мен әдістемесі.
10. Дене тәрбиесі институттарынға арналған оқу құралы. Матвеев М., Говиков А.Д. басқаруымен. 2-ші басылым. —М.:ФиС, 1976.
11. Мұхамеджанова Ұ.Б. «Дене тәрбиесі пәнінің әдістемесі» Астана 2004ж
Қайжанов С. «Дене тәрбиесі» Алматы 2001ж

57
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Мектеп жасына дейінгі балалардың дене шынықтыру жаттығуларын ұйымдастыру және жүргізу әдістері»

шағым қалдыра аласыз