400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ ДАМУЫ"

Материал туралы қысқаша түсінік
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ ДАМУЫ
Материалдың қысқаша нұсқасы

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ

ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ ДАМУЫ

Мектепте  оқушы үлгерімінің төмен болуының себебі, көп жағдайда, танымдық әрекетінің қалыптаспауы, танымдық процестерінің әлсіздігі, мотивацияның болмауы және т.б. болып  табылады. Танымдық әрекетінің қалыптасуының психологиялық бұзылудың бастысы - ойлауға қабілетінің төмендігі, яғни жалпылау процестері, психикалық процестердің қозғалысы мен темпінің бұзылуы, қабық функциялар қатарының, зейіннің ,естің жеткіліксіздігі.

Осы уақытқа дейін мектепке дейінгі шақтағы баланың ойлауы тек қана нақты – ол бөлек заттар мен олардың қасиеттеріне бекітілген деп саналады. Сондықтан осы шақта нақты білімдер  (бала өзі көріп тұрған мәліметтерді түсіндіру) беру қажет. Бірақ осы  сұраққа байланысты психологтар мен педагогтар жүргізілген зерттеулер бұндай пікірталаста себептер мен салдардар шатасып келетінін көрсетті: Егер бөлек заттар туралы емес, заттар арасындағы қарапайым байланыстары мен заңдылықтары туралы білім берсе, онда мектепке дейінгі кезеңде балалар оны меңгеруімен қатар, өзінің пікір санасуда қатысады. Осыдан балалардың қызығушылықтары артып, ойлауы жалпылама, терең және себеп-салдарлы болып келеді. Бірақ  бұл білімдер баланың есінде ғана қалмай, ойлау дамуын жетілдіру үшін оқыту ерекше түрінде – ойынға, заттармен әрекеттесуіне, олардың кесте, схема және суреттеріне негізделуі қажет. Бұндай ойын арқылы оқытуда әр ойынға қатал норма берілмейді, мысалы, бұл тапсырманы бірінші немесе бесінші рет өткізу кезінде  орындау сияқты. Ең бастысы - осындай әрекетке баланың қызығушылығы.  Егер де бала белгілі бір тапсырманы  бірінші ретте орындай алмаса, бала, аз болса да, алға  қадам жасау керек, бұл дамудың процесі өзі болып табылады. Әрине, білім мен  дағдылар саны дамудың көрсеткіші бола  алмайды, бала білімдерді қалай қолданатыны және белгілі  бір тапсырмаларды орындауда қалай шешім  қабылданатынын маңыздырақ болады. Білімге құштарлық, ойлау дамуы және сөйлеу – бұл салалар да, санау  және оқу  білу  сияқты,  маңызды  болып табылады. Оларды біріншіден дамыту қажет. Ойын арқылы баланың ой тапқырлығын көрсетуіне,  белсенді және өзбетті  болуға  жағдай жасау керек, сонда ғана ондағы өмірде мақсаттарға жетуіне көмектесетін баланың өз-өзіне сенімділігі дамып қалыптасады.

Мектепке дейінгі кезеңдегі баланың білімпаздық, ақыл-ой белсенділігінің деңгейі - оның интеллектуалдық дамуының маңызды көрсеткіштерінің  бірі болып табылады. Егер баланың көзқарасы, пікірі қате болып , қате нәтижелерге әкелсе, бұл опасыздық  емес - оның жасы кіші және еркін қиялдануға бейімделген. Бұнда нәтижесі  емес,  оны  түсіну  құштарлығы басты   болып табылады.

Бала ойнау кезінде оның ойы қаншалақты бай және әр түрлі екенін, қоршаған өмірден алған әсерлерді жеңіл қабылдайды ма? ойыншықтарды, басқа заттарды қалай қолданатынын бақылау қажет.

     Егер баланың  дамуы қалыпты болса, бала ойынның сюжетін өрбітеді, ойыншықтармен  қатар түрлі заттарды (отырғыш кубиктер, қарындаштар т.б.) қолданады.  Баланың ойы тұрақты, бай  және ойын кезінде толықтырылып отырады.

Кубиктерден, құрылыстарды құру баланың ақыл-ой әрекетіне ерекше талаптар қояды. Ойын кезіндегі секілді, мұнда белгілі бір ойлары қалыптасады. Егер  суреті салыстырмалы түрде әр түрлі ерікті тәртіпте салынған кезде, ал құрастыру оны ( нәзік) құруды қажет етеді, әйтпесе, ол бұзылады. Сондықтан құрастыру  уақытында өз әрекеттерін жоспарлау

білім анықталады. Сонымен қатар, құрастырулар  әдетте ойындарға енгізілген балалар қуыршықтар, көліктер үшін үйлер құрастырады. Бұл жағдайда ақыл-ой дамуының деңгейі өлшемдер мен басқа да құрастыру ерекшелігімен қатынастыру белгілі  анықталады, яғни гаражға ойыншық- көлік сыю үшін құру керек деген секілді.

Барлық мектепке дейінгі жастағы балалар бірдей етіп өзінің ақыл-ой қабілеттерін барлық ойын әрекетінде көрсетеді деген санау қате болады. Көптеген себептерге , ең алдымен тәрбиелеу жағдайына байланысты бір бала ойындар мен сурет салуды , екіншісі- құрастыруды, үшіншісі-өсімдіктермен жануарларды, ал төртіншісі-техника мен көліктерді ұнатады. Және ақыл-ой дамуының көріністерін, ең біріншіден, баланың қызықтыратын аймақтардан іздеу керек. Міне, білімпаздық, ақыл-ой белсенділігі, «бала» әрекетінің негізгі түрлерін меңгеру деңгейі мен оқығандық деңгейі кіші жастағы баланың ақыл-ой дамуының негізгі көрсеткіштері ретінде қарастыруға болады.     

Барлық қалыпты балаларда интеллектуалдық даму қорлары кең, және осыдан ата-аналардың міндеті – жан-жақты дамыған жеке тұлға болып қалыптасуын қамтамасыз ететін, гармониялық дамуын бұзбайтын сол қорлардың жүзеге асуына әрқашан жағдай жасау қажет.

      Бүгінгі күні мектепке дейінгі балалардың ақыл-ойының толық  даму мәселесі әлі де өзекті болып отыр. Ақыл – ойы толық  дамыған мектеп жасына дейінгі бала сабақты жақсы оқиды, берілген материалды тез қабылдайды, өзінің күшіне сенімді, жаңа ортада өзін жақсы сезінеді. Сол себепті білім беру әрекетін ұйымдастыру барысында зейін, естесақтау, ойлау қабілеті, елестету, сөздік қорын дамыту және жаттықтыруға көп көңіл бөлінеді.

          Дамыту ойындарын педагогикалық процесте қолданылуы білім беру әрекетін қайтақұруға бағыттайды. Әдеттегі сабақтан, балаларды үлкендермен ұйымдастырылған немесе өзіндік  ойыніс-әрекетіне көшіреді. Дамыту ойындарын қолдану дадидактикалық  оқыту кемиді, керісінше, балалардың қызығушылығы,ойынмен айналысу тілегі артады. Мектеп жасына дейінгі балаларға мекемеде қажетті жағдай жасаудың бір түрі – үлкендермен жағымды эмоционалдық бейнелі қарым-қатынас жасау. Балалар үлкендермен бірлесіп ойын ойнауы, қызықты ойын тапсырмаларын орындау,  ойынға қажетті құралдардың әдемі, ашық безендіріліп жасалуы мектеп алды мекемесінде қуанышты көңіл-күй туғызады.

Ереже бойынша, ойын үлкендерді қуанышты көрермен ретінде ғана қалдырмайды, сонымен бірге өзінің шығармашылық  ынта-жігерін жүзеге асыруға көмектеседі.

      Балалардың интеллектуалдық  дамуына әсерететін жаңа ойын технологиялары да біздің балаларға танымал. 



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 ақпан
1632
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі