400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мектеп жасына дейінгі балалардың психологиялық даму ерекшеліктері

Материал туралы қысқаша түсінік
«Баланы жастан»,- дейді атам қазақ. Қазақ халқы қашан да бала тәриелеуге айырақша көңіл бөлген. Ұлдың тәрбиесі мен қыздың тәрбиесінің де өзіндік сыры мен құпиясы бар. Қызды «қонақ» деп төрге отырғызса, ұлды «мұрагерім», «шаңырақтың иесі» деп қадірлеген.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп жасына дейінгі балалардың психологиялық даму ерекшеліктері

«Бала тәрбиесі бір өнер, өнер болғанда ауыр өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер» М.Жұмабаев

«Баланы жастан»,- дейді атам қазақ. Қазақ халқы қашан да бала тәриелеуге айырақша көңіл бөлген. Ұлдың тәрбиесі мен қыздың тәрбиесінің де өзіндік сыры мен құпиясы бар. Қызды «қонақ» деп төрге отырғызса, ұлды «мұрагерім», «шаңырақтың иесі» деп қадірлеген.

Бүгінгі жаһандану дәуірінде балаға тәрбие берудің алғашқы баспалдағы балабақшадан басталады. Қазақтың Ұлы педагогы Ы. Алтынсарин тәрбиеге байланысты жазған «Бақша ағаштары» әңгімесінде баланы жас шыбыққа теңейді. Оның қалай исең, солай өсетінін көрегендікпен дәлелдейді. Әсіресе, балабақша тәрбиеленушілеріне тәрбие беру оңай іс емес, өйткені олар адамдық қадамға енді ғана аяқ басып келе жатқандар. Осы жолда балабақша оларға бақыт мекені болу үшін балабақша қызметкерлері де бар жанын сала қызмет етеді.Оларды алдымен, ортаға бейімделуге, өзіне-өзі қызмет етуге машықтандарады. Қазіргі тәрбиеленуші балалар да , олардың ата-аналары да өте талапшаң. Қазір баланы кез келген затпен алдай алмайсың. Ғалымдардың айтуынша ХХІ ғасыр балалары «Z» деп аталатын ұрпақтың өкілдері. Олар 100 жылда бір туатындар. Олар барлық затты тез қабылдап, тез алуға ұмтылады екен. Сондықтан да өмір көшінен қалмай, баланың бақыты үшін аянбай еңбек етуге бар күш - жігерімізді салып келеміз.

Мектеп жасына дейінгі балалардың психологиялық даму ерекшеліктеріне басты назар аудару – балабақша психологының басты міндеті. Тәрбиеленушілердің психикасының дамуына түрлі дамыту технологияларын қолданады. Соның ішінде «Ойын технологиясы» арқылы бала ойынай жүріп жаңа өмірдің қыр-сырына үйренеді. Балалардың танымдық қабілеттерін дамытуда түрлі-түсті көрнекіліктер, ойыншықтар да баланың таным қабілетін дамытуда басты рөл атқарады. Балалар балабақшада алғаш қоршаған ортамен таныса бастайды. Қоршаған ортамен таныстыруда табиғат бұрышы, табиғатқа саяхат жасау өзінің жақсы жемісін береді. Бала барлық затқа еліктегіш келеді. Оларды кішкентай зерттеушілер десек те болады. Ұлы ойшыл Абай өзінің 7- қара сөзінде : «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі - ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар - тәннің құмары... Біреуі - білсем екен демелік. Не көрсе соған талпынып, жалтұр-еткен болса, оған қызығып... Мұның бәрі – жан құмары...»,- дейді. Балабақша балалар үшін қуанып келіп, қимай қоштасатын бақыт мекені болуы керек. Қазіргі таңда бала бақыты үшін мемелекетіміз жаңа реформалар жасауда.

Эссемді қорытындылай келе айтарым, балабақша әр баланың үйінен кейінгі бақыт табатын мекеніне айналуы керек.Балабақша қызметкерлері анасынан кейінгі мейірім беретін жанға айналу керек. Біздің алдымызда бала емес, ертеңгі ел тұтқасын ұстар азаматтар отыр деп қару керек. Оларды тәрбиелеуде қателікке бой алдыруға болмайды!(338 сөз )

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
9 ұстаз жүктеп алған
15.03.2025
236
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі