400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Мектеп жасына дейінгі балалардың қызығушылығын логикалық ойындар арқылы дамыту»

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі кезде білім беру салаларында оқыту мазмұны жаңартылып, оқыту мен тәрбиелеуді дамытудың жаңа мүмкіндіктері ашылуда. Оқыту барысында баланың ақыл – ойын, таным деңгейін дамытуда ойынның алатын орны ерекше. Логика дегеніміз не?Біз логика деген ұғымға сананы дамытушы құрал немесе жақсы дамыған ақыл ой деген анықтама берер едік.Бірақ ғылыми тұрғыда қарағанда логика сөзінің тарихы тереңде жатыр.Логика дегеніміз тек жақсы әрі тез деген ұғымдармен шектелмейді.
Материалдың қысқаша нұсқасы





Мазмұны:



Кіріспе........................................................................................................................4

  1. Аналитикалық бөлім

«Мектеп жасына дейінгі балалардың қызығушылығын логикалық ойындар арқылы дамыту»

1.1.Ойын – мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті........................5

1.2.Бала қызығушылығын дамытудағы логикалық ойындардың рөлі............................................................................................................................10

1.3. Мектепке дейінгі жаста ойлауды дамыту ерекшеліктерінің кезеңдері........14


  1. Практикалық бөлім

«Мектеп жасына дейінгі балалардың қызығушылығын логикалық ойындар арқылы дамыту»

2.1. «Ойна да, ойла» логикалық ойындар арқылы балалардың қызығушылығын арттыру жобасы ....................................................................... 20

2.2.Логикалық ойындарды күнделікті оқу іс-әрекеттерінде қолдану...............23

2.3.Логикалық ойындар, тапсырмалар және жаттығулар................................... 31


Қорытынды............................................................................................................36

Пайдаланған әдебиеттер......................................................................................38

Қосымша



























Кіріспе

Қазіргі кезде білім беру салаларында оқыту мазмұны жаңартылып, оқыту мен тәрбиелеуді дамытудың жаңа мүмкіндіктері ашылуда. Оқыту барысында баланың ақыл – ойын, таным деңгейін дамытуда ойынның алатын орны ерекше. 

Логика дегеніміз не?Біз логика деген ұғымға сананы дамытушы құрал немесе жақсы дамыған ақыл ой деген анықтама берер едік.Бірақ ғылыми тұрғыда қарағанда логика сөзінің тарихы тереңде жатыр.Логика дегеніміз тек жақсы әрі тез деген ұғымдармен шектелмейді.

Ойын – адамның өміртанымының алғашқы қадамы. Сондықтан ойын арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып, білімін жетілдіреді.
Ойын– бір қарағанда қарапайым құбылыс не әрекет іспетті. Ол міндетті түрде ұжымдық әрекет.

Ойынның ережелері, ойнаушылардың қисынды ой қабілетінің дамуы, бір – біріне деген сыйластық қажеттіліктерімен санасуы әр ойыншының жеке әрекеттерінен туындайды. Ойынның басты шарты - жеңіске жету болса, әр ойыншы өз қарсыласының мүмкіндігімен санасып, бір – біріне деген сенімін арттырады.

Әсіресе логикалық ойындар баланың тапқырлығын, байқағыштығын, зейінділігін арттырумен қатар, ерік сезім түрлерін де дамытады.
Мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалардың қызығушылығын логикалық ойындар арқылы дамыту жұмыстары барысында түрлі логикалық тапсырмалар, ойындарды қолдану арқылы арқылы баланың қызығушылығын арттыру. 
Міндеті: Баланың қызығушылығын арттыруда логикалық ойындардың жұмысының қаншалықты маңызды екенін ата-аналарға, педагогтарға түсіндіре, жеткізе отырып, оқыту-тәрбиелеу жұмыстарына қатыстыру. 

Нәтижесінде: 

  • Балалардың сөздік қорлары кеңейеді.

  • Шығармашылығы қалыптасады.

  • Өз беттерінше ізденіп, қызығушылығы пайда болады.

  • Оқуға ынтасы артады.

  • Топтасып жұмыстар жасайды.

  • Достықтары нығайады.

  • Бірін-бірі тыңдайды.

  • Логикалық ойлау қабілеттері артады.

  • Танымдық қабілеттері жетіледі.

  • Адамгершілікке, еңбекқорлыққа, ұлтжандылыққа тәрбиеленеді.


Аналитикалық бөлім


«Мектеп жасына дейінгі балалардың қызығушылығын логикалық ойындар арқылы дамыту»


    1. Ойын – мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті.


«Балаға керегі – ойын. Ең мағыналы пайдалы мектебі, бар қызығы – ойын. Ойында бала көрген–білгенін екшейді, үйренгенін нығайтып бекітеді».
Нәзипа Құлжанова


Баланы санай білуге үйрету, есептей білу қабілетін жетілдіріп отыру аса жауапты міндет. Баланы ойын арқылы санай білуге үйретудің маңызы үлкен. Мектеп жасына дейінгі балалардың жан – жақты дамуы үшін логикалық ойындардың да рөлі ерекше. Ойын – мектеп жасына дейінгі кезеңнен басталып адам мен өмір бойы ілесіп жүретін ерекше қызмет түрі. Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына ықыласы ауып, таңдап алады. Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды. Ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады. Қай бала болмасын ойынмен өседі, өйткені бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Ойын үстінде бала еш нәрсеге тәуелсіз.Ол өзін еркін ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы, бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысы. Баланың білуге деген құштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады.

Сөздік қорды дамыту ісін ұйымдастыру жұмысында ойын сабағы ең негізгі орын алады.Тәрбиеші бақылау, заттарды қарау, сурет қарау, жұмбақ шешу және құрастыру, саяхат, ойын-сабақтарын ұйымдастыру барысында балалардың сөздік қорларын дамытады.

Арнайы ойын-сабақ және сабақ мазмұнына қарай танымдық, дамытушы ойындарды, тапсырмаларды қолдану, балаларды заттарды бір-бірімен салыстыруға, оларды қасиетіне қарай ажыратуға және оны танып білуге үйретеді. Сөйтіп бала топтағы жасына сәйкес бағдарламалық міндетті меңгереді. Ойын ұйымдастыруда тәрбиеші өзі жетекші бола отырып, балаларды ойнай білуге, ойын ережесін сақтауға, әрі оларды ойната отырып, ойлануға бағыттайды, заттың атын немесе қасиетін есінде сақтап қалуға жол ашады, ойынға қызықтыра отырып зейінін, қиялын дамытады. 
Ата – аналардың басшылығымен баланың өмірлік тәжірибесі нығайып, адамгершілік, мінез – құлық әдеті жөніндегі қарапайым дағдылары жетіле бастайды, тәрбиеленуші ортаға, айналадағы адамдарға қарым – қатынасы қалыптасады. «Қазіргі жас буын, бүлдіршіндер – мемлекетіміздің мығым тірегі» - деп Елбасы Н. Ә. Назарбаев атап көрсеткендей, жас өспірімдердің жан - жақты даму негіздері – мектепке дейінгі мекемеден бастау алады.
«Зерек бала» бағдарламасында баланы мектепке дайындау жөніндегі негізіндегі міндеттер атап көрсетілген. 4 - 5жастағы балалардың бойында математика туралы қарапайым түсінік қалыптастыруға мүмкіндік береді. Ойынның технологиялық негізгі ерекшелігі – балалар үн - түнсіз ойнамайды. Тіпті жалғыз болғанның өзінде де сөйлесіп жүреді. Ойын барысында сөйлесу қарым - қатынасы үлкен рөл атқарады. Сөйлесе жүріп, балалар пікірлесіп, әсер алысып, ойынның түпкі ниеті мен мазмұнын анықтайды. Ойынның негізгі құрылымдық элементтері мыналар: ойынның өзінен туатын және балалар жасайтын немесе тәрбиешілер ұсынатын ойын ережесі.
Ойынның түпкі ниеті – бұл балалардың нені және қалай ойнайтынының жалпы анықтамасы. Мысалы: сюжетті – рөлдік ойындар «Почта», «Дәріхана», «Дү
кен», «Аурухана», «Кітапхана», «Отбасы», «Балалар бақшасы» болып ойнайды. Сол сияқты ойындарда топта жас ерекшелігіне сай жүргізіледі: ойын балаларға сабақта да, серуенде де өте қажет, тіпті бала жай демалып отырғанның өзінде де ойын үстінде болады.       Өмірдегі түсінігі еліктеуі, бақылауы осы ойын үстінде көрініс табады. Көбінесе бұл ойындар күннің 2 жартысында ойнатылады.                                                                      

          Ойын түрлері:

Дидактикалық ойыны
Шығармашылық ойыны
Сюжеттік рөлдік ойыны
Қимылды ойындар
Ұлттық ойындар
Педагогикалық ойындар
Тәрбиеші балалармен ойынды (заттармен, үстел үсті және сөздік ойын) үш түрлі етіп өткізуіне болады.
Заттармен ойыны Үстел үсті ойыны Сөздік ойыны
«Дәл осындайды тауып ал»
«Салыстыр да, атын ата»
«Қай ағаштың жапырағы»
«Бірдей ойыншықты тап»
«Қайсысы көп, қайсысы аз» «Суретті құрастыр» «Қандай затқа ұқсайды?»
«Қай сурет тығылды?» «Бір сөзбен ата», «Кім байқағыш»
«Қиылған суреттер» «Ұқсасын тап»
«4 - ші не артық?» «Есіңде сақта» «Сөз ойла»
«Сөз құра»
«Жұмбақ ойла» «Жақсы - жаман» «Жалғастыр»
«Үш сөз ата»

Бұл аталған жаттығулар, тапсырмалар балалардың сөздік қорын дамыта отырып, бір — бірімен достығын арттырып және саусақ бұлшық етін дамытады. Ойынға қажетті құрал, заттарды даярлау ойынды өткізу дайындығын көрсетеді.

Балаларды ойын арқылы санай білуге үйрету мынадай топтарға бөлінеді:

• Сан және санау
• Көлем.
• Пішін.
• Уақытты бағдарлау.
• Кеңістікті бағдарлау.

«Сан және санау» көлемінде балалар 1 - ден 5 - ке дейінгі цифрлармен танысады, математикалық жұмбақтарды шешеді, сандар туралы тақпақтар жаттайды үйренеді. Цифрды заттың санымен сәйкестендіруге берілген тапсырмалар сан мен цифрдың байланысы туралы түсінік қалыптастыруға арналған. Балалар ертегілер, шағын әңгімелер арқылы реттік санаумен танысады. Ертегілермен шағын әңгімелер оқу үрдісін қызықты етуге көмектеседі және есте сақтауды жеңілдетеді, тақырыпқа деген қызығушылығын арттырады. Мұнда санның заттың көлеміне кеңістіктегі орналасқан орнына бағынбайтынын түсіндіруге арналған тапсырмалар да бар.
Балалар көп және екеуді салыстыру тапсырмаларын ойын арқылы меңгереді.
«Көлем» бөлімінде балаларға көзбен шамалау, қимыл – қозғалыс үйлесімдігін дамытуға арналған жаттығулар ұсынылып отыр. Балалар «үлкен» «кіші» «қысқа» «қысқарақ» сөздерін дұрыс қолдануды үйренеді.
Ал «Уақытты бағдарлау» бөлімінде балалар суреттер арқылы адамдардың іс - әрекеті мен тәулік бөліктері арасындағы байланысты анықтайды
(таңертең ұйқыдан тұрамыз, түнде ұйықтаймыз, күндіз ойнаймыз) Балаларды жыл мезгілдерімен таныстыруға бағытталған оқу іс - әрекеттерінде жұмбақтар, логикалық тапсырмалар қолданылады.

«Кеңістікті бағдарлау» бөлімінде балалар бұған дейін алған білімін ұштап қана қоймай, қағаз бетінде бағдарлауды үйренеді, оның жоғары және төменгі оң жақ бөлігі, ортасы деген ұғымдарды меңгереді.
«Пішін» бөлімінде балалар әр түрлі фигуралардың арасынан белгілі бір фигураны табуды, заттардың арасынан өздеріне таныс геометриялық фигураларды табуды үйренеді.

Математикалық алғашқы ұғымдарды қалыптастырудың мұндай бағдарламалық мазмұны, мектеп жасына дейінгі балалардың сан туралы түсінуіне мүмкіндік туғызып, математикалық ойлауын одан әрі жетілдіру.
4 – 5 жастағы баланың математикалық білімге қабілеті ерекше болады. Оның санауды үйренгісі, сандарды білгісі келеді, мысалдар мен есептерді шығаруға талпынады.
Бұл кезеңде баланың икемділігіне орай танымдық есептерді ұғына білу қабілетін одан әрі жетілдіре түсудің маңызы зор. Сонымен қатар балаларға тағы бір ойын түрі саусақ ойының ойнатуға болады.Саусақ ойыны- бұл ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан, әрі үлкен мәні бар мәдени шығармашылық. 
Саусақ ойыны-саусақтардың көмегімен қандай да болмасын ертегіні немесе өлең-тақпақ шумағын сахналау болып табылады. 
Саусақ ойыны арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады және шығармашылық әрекетіне жол ашады. Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан-жануарларды, құстарды және ағаштарды бейнелей алады. Саусақтарының қозғалыс- қимылына қарап бала қуанады, шаттанады, сөзді айтуға тырысады және өлеңдегі үйренген сөз шумақтарын қайталап айта отырып, есінде сақтайтын болады. Сонымен қатар балалар екі қолын қимылдата отырып, оң, сол, жоғары, төмен т.б. түсініктерді бағдарлай алуды үйренеді. Саусақ ойынын балабақшада және үй жағдайында әсерлі, көңілді түрде ұйымдастыруға болады. Алдымен балаларға саусақ ойыны түсіндіріледі, әр қимылы көрсетіледі. 
Мысалы: «Саусақтар сәлемдеседі» ойынын алайық. Мұнда бас бармақ ұшы әр саусақтың ұшымен кезекпен түйіседі. «Адамдар келеді». Оң қолдың сұқ саусағы мен ортаңғы саусақтарын жүгірген тәрізді етіп қимылдатады. Сонымен бірге халық арасында кеңінен тарап жүрген «қуырмаш» ойыны да саусақтардың нәзік қимылын жетілдіруге бағытталған. 
Балалар осындай саусақ ойынын ойнай отырып, өлең шумағын қызыға айтады.

Мысалы, «Моншақ». 
Қызыл-сары көк моншақ. 
Мен жасаймын көп моншақ. 

Мұнда қатар екі қолдың бас бармағымен сұқ саусақтарының ұшын түйістіре отырып, моншақ тәрізді бейнелейді, әрі оларды тізбектеп жасау балалар үшін өте қызықты әрекет, әрі қол бұлшық етін дамытуға үлкен көмегін тигізеді. 
Баламен оқу іс - әрекетін өткізу алдында алдын – ала дидактикалық (көрнекілік) материалды даярлауды қажет етеді. Ол үшін әр түрлі ұсақ заттарды, ойыншықтарды, серуен кезінде жиналған табиғи материалды пайдалануға болады. Сонымен қатар суреттерді, жануарлар, құстар, жемістер, көкөністер, геометриялық пішіндер мен оларға ұқсас заттарды пайдалану керек.
Логикалық ойын – балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін арттырудағы басты құрал. Логикалық ойындар баланың психикасында сапалы өзгерістер тудырады: бала зейінінің, жадының қалаптасуына, ойлау қабілетінің дамуына әсер етеді. Ойлау шығармашылық және таным әрекетінің негізі болып табылады.

Логикалық ойлау – адамның интеллектуалды қабілеттерінің негізін құрайды.
Дамытушы ойындар балалардың логикалық ойлау дағдыларын арттырады, кеңінен және жүйелі пайдаланудың маңызы ерекше. Орыс жазушысы Ю.Нагибинның сөзімен айтқанда: «Ойын балаларға өткенді тірілтіп, болашаққа көз жүгіртуге мүмкіндік береді. Ойында кішкентай адамның мінезі, оның өмірге деген көзқарасы мен армандары айқындалады. Өздері де соны байқамастан, балалар, ойнап жүріп күрделі өмірлік проблемаларды шешуге дайындалады» Ойын баланың тек  тәртібін ғана емес, сонымен қатар оның ішкі өмірін реттеп, өзін, өзінің қоршаған әлемге қатынасын түсінуге мүмкіндік береді. Бұл баланың бастамашылық танытып, шығармашылық көрсететін бірегей саласы. Сонымен қатар ойында бала өзін бақылап, бағалап, не істеу қажет екендігін түсініп, дұрыс қадамдар қолдануды үйренеді. Өз бетімен саналы әрекеттер жасап үйренуі арқылы бала өмірдің саналы субъектісі  бола алады.

Бүгінгі күнгі мектеп жасына дейінгі балалар өз әрекеттерін ұйымдастырып, негізді ету білмейді. Көпшілігінде қиял сезімі жетілмеген, олардың шығармашылыққа талпыну құлқы жоқ, өз беттерімен ойлана алмайды.

Мектепке дейінгі жас – тұлғаны қалыптастыруға ең қолайлы кезең, сондықтан, аталған қабілеттер кейін өздігінен дамиды деп қателеспеген жөн

    1. Бала қызығушылығын дамытудағы логикалық ойындардың рөлі.


Балалардың ойлау қабілетін дамытатын, қызығушылықтарын арттыратын жұмыс түрі – логикалық ойындар.

Логикалық ойындар баланы тапқырлыққа, логикалық ойлауға баулып, ойының
ұшқырлығына, өздігінен шешім қабылдауға, салыстыруға, дәлелдеуге әсер етеді.         Баланың бойындағы қабілетті ашушығармашылық бағытта дамуына жетелейді. Осы орайда логикалық ойлау қабілетін
дамытудың өзіндік іс -әрекетін ұйымдастырудың мынандай заңдылықтар:

«Нені отырғызу керек?»  «Нені орналастырсам екен?» «Сыңарын табыңдар?»  «Әзілжұмбақтар»  «Логикалық есептер» «Пішінді орналастыр» логикалық ойын түрлерін айтуға болады.

Осындай ойындарды тапқырлықпен, ізденпаздықпен орындаған балалардың білімділік дағдыларықалыптасып жақсы нәтиже береді.               Балалардың логикалық ойлауларын дамытудыңнегізгі кезеңіне жатқызуға болады. Өйткені балалардың ойлары осы кезде нақты
–бейнеліден абстрактылы ойлауға қарай дамиды. 

Адам  іс-әрекетінің  ерекше  бір  түрі-ойынның  пайда  болуын  зерттеушілердің  біразы  өз  еңбектерінде  өнер және ойын  көркемдік  іс-әрекеттің  алғашқы қадамы  деп  түсіндіреді.Ойында  шындықтың  көрінісі,оның бейнелі сәулесі қылаң береді.Жалпы ойынға тән нәрсе өмірдің әртүрлі құбылыстары мен үлкендердің түрлі іс-әрекеттеріне еліктеу екені белгілі. Ойынның шартты түрдегі  мақсаттары бар,ал сол мақсатқа жету жолындағы іс-әрекеттер бала үшін қызықты.Балаларға ақыл-ой,адамгершілік,денешынықтыру және эстетикалық тәрбие берудің маңызды тетігі ойында жатыр.Ойын барысында балалар өзін еркін сезінеді,ізденімпаздық,тапқырлық әрекет байқатады.Сезіну, қабылдау, ойлау,қиялдау,зейін қою, ерік арқылы түрлі психикалық түйсік пен сезім әлеміне сүңгиді.Балалармен  ойналатын ойындардың түрлері  өте көп,соның  бірі баланың тікелей  дамуына  әсер ететін-логикалық ойындар.Логикалық  ойындардағы  негізгі міндет-балалардың білімін байыту, ойлау қабілеттерін қалыптастыру.Ойлау-шығармашылық әрекеттің негізі болып  табылады.Логикалық ойлау адамның интеллектуалдық қабілеттерінің негізін құрайды.Ғұлама ғалым Әл-Фараби өзінің «Логикалық кіріспе» деп алатын трактатында  логика  өнері сананы әркез қастерлеуден сақтандыратынына, дұрыс  ойлауға бастайтын заттардан тұратындығына тоқталып, олар саналы қорытынды жасауда адастырмайтындығын айтқан.Сондықтан логикалық ойлай алу қабілетіне балаларды үйрету өте қажет.Логикалық ойлауға,қызықты көп тапсырмалар балаларды талпындырады, мысалы:

1 Тышқанға  ірімшікке дейін жетуге көмектес. Жасыл қарындашпен керек жолын көрсет.

2.Қолшатырларды сана.Оң жақтағы текшенің  ішіне санын жаз.

3.Неше бас киім?Балалар нешеу?Артық  бас киімдер бар ма? Неше бас киім артық?

4.Заңдылықты  бұзбай,жетіспейтін үйді тап.

5.Әр жолақшадағы дөңгелек болатын бөліктерді белгіле.

6.Сол жақтағы сандармен  оң  жақтағы  сандардың айырмашылығын айт.

7.Үстел үстінде 3 шанышқы, 3 пышақ және соншама қасық жатыр.Қанша адамға үстел әзірленген?Шанышқының , пышақтың, қасықтың барлық саны қанша?

8.Ойын «Көңілді санау»

9.Ойын»Сиқырлы сызғыш»

Мектеп жасына дейінгі балалардың жан - жақты дамуы үшін логикалық ойындардың орны ерекше. Ойын – мектеп жасына дейінгі кезден басталып адаммен өмір бойы ілесіп жүретін ерекше қызмет түрі. Ойын – балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін арттырудағы басты құрал, баланың психикасында сапалы өзгерістер тудырады: бала зейінінің, жадының қалыптасуына ойлау, қиялдау қабілетінің дамуына әсер етеді. Ойлау шығармашылық және таным әрекетінің негізі болып табылады

1. Пішіндер әлемі

Ойын шарты:

Геометриялық фигуралар дайындағанда көлемдері бойынша әрқилы ғып дайындаймын және балаларда көлем, пішін, саны жайында түсінік қалыптасады.
Бала сипаттағанда:

«Үлкен – үлкенірек – ең үлкен»,
«кішкентай – кішірек – ең кішкентай»,
«биік – биігірек – ең биік»,
«ауыр – ауырырақ – ең ауыр»,
«жеңіл – жеңілірек – ең жеңіл»,
«терең – тереңірек – ең терең»,
«жарық – жарығырақ – ең жарық»,
«қараңғы – қараңғырақ – ең қараңғы»

және т. б. тиісті салыстырмалы және таңдаулы шырайдағы салыстырмалы сын есімдерді дұрыс өзіндік дербес қолдануға үйретемін.

  1. Санына қарай салыстырайық ойыны

Ойын шарты:

Бастапқыда балаларға қай жерде ойыншықтың көптігін, ал қай жерде аздығын көзбен анықтауды ұсынамыз, яғни, үзіліссіз мөлшерлерді салыстыра бастаймыз. Алғашқы мысалдардың жауаптары көзге көрініп тұруы қажет.

3.«Жеуге жарайтын – Жеуге жарамайтын» ойыны

Ойын шарты:

Осы ойынды топпен жіктеу ойынын бәріміз білеміз. Ұқсастығына байланысты басқа да белгілерді таңдауға болады:

тірі – тірі емес, қозғағышы бар – қозғағышы жоқ, дөңгелегі бар – дөңгелегі жоқ және т. б.

4.«Төртінші артық» ойыны.

Ойын шарты:

басқаларына сәйкес келмейтін затты «геометриялық пішінді) алып тастау немесе боямау керек және топты жалпылама сөзбен атау қажет.
Есту арқылы жұмыс жасау: тәрбиеші сөздер айтады да, солардың ішінде басқаларға сәйкес келмейтінді бөліп көрсетуді сұрайды,
мысалы: 3 шеңбер, 1 төртбұрыш (пішін бойынша), 3 қызыл пішін және 1 жасыл пішін (түс бойынша)

5.«Мен не жасырдым?» ойыны.

Ойын шарты:

Балалардың алдына 3 - 4 түрлі заттар немесе қос суреттер қойылған. Балаларға сұрақ қою арқылы мен айтқан карточкамды немесе затты табуы керек. Әрбір сұрақтан кейін, әрі қарай қарастырылмайтын карточканы алып тастатып отырамын Мысалы, «Ол тірі ме?» деген сұраққа «иә» деп жауап берілсе, тірі емес заттар бейнеленген карточкаларды төңкеріп немесе алып тастаған жөн, ол баланың әрі қарай ізденуін және сұрақ қоюын жеңілдетеді.

6. 1 - 10 - ға дейін санау ойыны

Ойын шарты:

Бала 1 - 10 аралағында таңбаларды тани білу. Аталған санға байланысты қимыл жасап үйретемін. Мысалы шапалақтап санау, немесе түрлі санамақпен жаттатамын

7. «Орнынды тап» ойыны

Ойын шарты:

Балалар реттік номерімен тұрады да тәрбиеші «Ап, қасқырым аш» деп балаларды ойнап қуса балалар «қасқырдан» құтылғаннан кейін тез өз орындарын реттік номерімен тауып алу керек

8. «Қойма» ойыны. Мына жерге салыңдар!

Ойын шарты:

Тәрбиеші « Әй, бүлдіршін! Қасқырлар мен лақтарды жинаңдар дейді.
Мына жерге салыңдар деп 2 қорап ұсынады Балалар ойыншықтарын, карточкаларын жинай бастайды, Сол кезде тәрбиеші сен тағы қасқырлар мен лақтарды бір жерге жинап қойдың ба?

Сенің лақтарыңнан түк те қалмас: қасқырлар лақтарды жеп қояды ғой!»,- деп баланы заттарын жүйелеп жинауға үйретеді

«Қажет суретті тап».

Ойынға қажет заттар: Үлкен және кішкене суреттер немесе қуыршаққа арналған ыдыстар, пластилиннен жасаған заттар, конфет, бауырсақ, т. б.
Ойын ережесі: Егер ойын суреттермен жүргізілсе тәрбиеші - мұғалім үлкен суреті балалардың бәрі көрсетіндей орынға іледі.
Мысалы: үлкен тарелка немесе орамал ұстаған қыздың суреті. Балалар қораптағы суреттердің ішінен тақтаға ілінген сурет мазмұнына сәйкес заттардың суретін алып столға қояды. Не істегені туралы айтады.

Ойынның соңында балалар ойынға қатысты заттардың суретін салады (өз қалаулары бойынша нан, қант тоқаш т. б.) 


    1. Мектепке дейінгі жаста ойлауды дамыту ерекшеліктерінің кезеңдері


І. Көркем-әрекетті ойлау дамуының кезеңдері:

  1. Сөз арқылы нақты заттың белгісінен мағынасына ауыс немесе керсінше мағынасынан белгісіне.

  2. Қарапайым өзінше түсіне білуі және өздігінен реттеу басталады

  3. Сөздің мағынасын біртіндеп жалпылау, яғни көркем-бейнелі ойлау қалыптаса бастайды.

ІІ. Көркем-бейнелі ойлау дамуының кезеңдері:

  1. Бір затты екінші затпен алмастыру

  2. Заттарды олардың бейнелерімен алмастыру іскерліктері пайда болады

ІІІ. Логикалық-сөздік ойлау дамуының кезеңдері:

  1. Бала әлі ақыл-ойымен әрекеттене алмайды, бірақ қолмен заттарды қимылдатып айла-әрекет жасайды, бейнелі-әрекеттену жоспарының мінедеттерін шеше алады. Яғни проблемалық ситуацияларды өзгертеді.

  2. Тапсырмаларды шешу барысында сөзді қолданды, бірақ заттың атауына ғана қоланады. Көбінесе әліде мәселені қолмен және көзбен шешеді.

  3. Тапсырма бейнелі жоспармен шешіледі, Қарапайым ойлау проесі пайда болады.

  4. Тапсырма алдын ала құрастырылған, ойластырылған, ішкі дүниесінде ұсынылған жоспар арқылы шешіледі.

  5. Тапсырма ақыл-ой жоспары арқылы шешіледі.

  6. Тапсырма тек қана ішкі жоспармен ғана шешіледі.

Көркем-әрекетті ойлау – бұл ойлау түрі, нақты заттарды қабылдауға сүйенеді, затпен әрекеттену кезіндегі нақты бейне мен ситуацияның өзгеруі. Көркем -әрекетті ойлау негізінде көркем-бейнелі ойлау түрі қаланады.

Көркем-бейнелі ойлау – мектеп жасына дейінгі баланың негізгі ойлау түрі – ол түсінікке сүйенеді.

Тапсырманы шешу құралы болып логикалық сөздік ойлау болып табылады.

Балабақшадағы мектепалды даярлық топтарында жүргізілетін қарапайым математикалық түсініктермен таныстыруда әр сабақ өзіне тиісті мақсатта, яғни білімділік, тәрбиелік, дамытушылық бағытында жоспарлану қажет. Мен өз жұмысым барысында сабаққа тиянақты дайындалып, алдыма мақсат белгілеймін. Оқу-іс әрекетін ұйымдастырудың түрлерін, әдіс- тәсілдерін, технологиясын өзі таңдаймын, яғни сабақты жоспарлауда білімпаздығым мен шеберлігім, технологияны қалай меңгергендігім үлкен рөл атқарады.

Оқк іс-әрекеті үстінде балалардың белсенділігін арттыру, тапқырлыққа баулу, ойлануға, талдау жасауға үйрету,танымдық, шығармашылық қабілеттерін шыңдау тәрбиешіге байланысты.Ал жұмыс дәптердің әрбір бетіндегі жаңа ұғымдар мен қатар,жаттығулар, өздігінен орындайтын тапсырмалар ,практикалық жұмыстар қисынды ойлауды дамытатын, балаларды ізденуге жаттықтыратын,шығармашылық қабілетін оятып,қызығушылығын арттыратын әдіс –тәсілдер сан алуан десек те болады.

Дидактикалық ойындар 3-ке бөлінеді:

  1. Заттық дидактикалық ойындар – дидактикалық ойыншықтарменжәне түрлі ойын материалдарымен ұйымдастырылады.

  2. Үстел үстінде ойналатын дидактикалық ойындар – «Лото», «Домино» және т.б.

  3. Сөздік дидактикалық ойындар

Әр жас ерекшеліктеріне байланысты мынадай дидактикалық ойындар ойнауға болады.

Осындай ойындардың әртүрлісін қолданып, жан дүниесі бай адам тәрбиелеу үшін ақыл- ой, жүрек , ұждан тазалығы керек.

Балалардың логикалық ойлауын дамытушы және бір тәсіл –берілген сұраққа жауап беріп, оны талдау.Мысалы,ойын:Өтіріктер елінде.

Ойынның шартында балаларға Онда не болар еді?... сұрағына қызықты жауап ойластыру тапсырылады:

Егер барлық тышқандар сиыр сияқты болып өсіп кетсе,онда не болар еді?

Егер үйлер машина сияқты жүрсе ше?

Егер күн жерге түссе не болар еді?

Ал егер дүкендегі заттарды тегін берсе ше,не болар еді?т.с.с.

Осындай әдістердерді пайдалана өтілген сабақтардан кейін балаларда таным, ерік-жігері, сезім күштері дами бастайды.Балалардың көру, есту, елестету қабілеттері артады,Онымен қоса сөзжұмбақ,қалжың есептер, ребус,математикалық жұмбақтарды қолданамын. Барлығын өз уақытында, жас шамасына байланысты түрде біртіндеп, жүйелі етіп жоспарлағанда ғана үлкен нәтижеге жетеміз деген ойдамын.

Мектепке дейінгі кезеңдегі балаға алғашқы білім беру, тәрбиелеу жұмыстары барысында түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану, оқыту мазмұнын жаңарту арқылы баланың логикалық қабілетін арттыру. 
Баланың логикалық ойлау қабілетін дамыту жұмысының қаншалықты маңызды екенін ата-аналарға, педагогтарға түсіндіре, жеткізе отырып, оқыту-тәрбиелеу жұмыстарына қатыстыру. 

Орыс ғалымы Л.В. Занков “Жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді пайдалану- білім сапасын арттырудың бірден-бір жолы”–деп атап көрсеткендей, күн сайынғы тіпті сағат сайын артып, өзгеріп отырған әлемдік ақпаратқа ілесу, ондағы жаңашыл әдіс-тәсілдерді меңгеріп, пайдалана білу,бүгінгі күннің мұғалімнен үлкен ізденісті, зор талапты, өз білімін жетілдіріп арттыруды қажет етіп отыр. Заманауи жоғары технологияларды пайдалану арқылы ғана,біз ұстаздар сапалы білім беруге қол жеткізе аламыз. Бүгінгі таңда әлем жаңа тың серпілістер үстінде.Қазіргі кезде мектептің оқу үрдісінде 50-ден астам педагогикалық технологиялардың қолданылып жүргені анық. Бұл технологиялардың бәрін бір сабақта қамту мүмкін емес. Сондықтан, мектептегі әрбір пәнді оқыту технологиясын таңдап, іріктеу және оны іс-әрекеттік тұрғыда жетілдіру арқылы оқушының білім жетістіктерін арттыруға болады. Мұнда оқушының әрекеті-технологияны қабылдауы, ынтасы, құштарлығына көңіл бөлінуі тиіс.Мектептерді оқу үрдісіне жаңа технологияны енгізу арқылы оқу сапасы жақсарып, дамыта оқыту жүзеге асырылып,сабақ қарқыны жеделдетіліп, жеке тұлғамен жұмыс істей отырып, саралап, даралап оқытуға мүмкіндік туады.Жаңа технология оқушының өзіндік жұмыс атқаруына және ең бастысы –оқушының білім жетістіктерін жақсартуға ықпал етеді. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интелектуалды, кәсіптік адамгершілік, рухани азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үлгісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.Сабақта қолданылатын әдістер көмегімен жеке тұлға ретінде жан-жақты дамыған, шығармашылық ойлау білімі меңгеріледі. Бұл проблемаларды шешуде жаңа технологиялардың атқаратын орны бөлек. Болашақта өркениетті елдердің жоғары технологиясын меңгерту, дүниежүзілік білім кеңістігіне шығу-бүгінгі күннің мақсаты.Бүгінгі күн талабы – баланың оқыл ойын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру, өзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыру, заман талабына сай ойы жүйрік етіп тәрбиелеу.Ал Логикалық ойлауда баланың зейіні тұрақталады, есте сақтауы қалыптасады,елестете алады,ойлауы дамиды. Логика ойлау заңдары және оның формалары туралы ғылым. 
Логика біздің заманымыздан бұрын IV ғасырда пайда болған,негізін қалаушы болып көне грек философы Аристотель саналады. 

Логикалық ойлау ие болған адам мәнділігін тез меңгереді және онда өзін тезірек көрсете алады, өмірдің ауыр жағдайларында тап болғанда абыржыпқалмайды.Бірақ кішкене бөбекке, мектепке дейінгі жастағы балаға логика не үшін қажет? 

Бүгінгі күн талабы – баланың оқыл ойын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру, өзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыру, заман талабына сай ойы жүйрік етіп тәрбиелеу. Баланың шығармашылық қабілетін дамыту үшін бірнеше шарт орындалуы тиіс. 

*Шығармашылық қабілетін дамытуды ерте бастан қолға алу; 
*Жүйелі түрде шығармашылық әрекет жайында болу; 
*Шығармашылық іс-әрекетке жағдай тудыру. 

Баланың іс-әрекетіне жағдай тудыру дегеніміз –баланы ойлай білуге үйрету болып табылады. Мектеп табалдырығын жаңа аттаған бүлдіршіннен шығармашылық іс-әрекетті талап етпестен бұрын соған үйреткен дұрыс. Ойлап үйрену үшін оқушының зейінін тұрақтандыру, интеллектісін дамыту керек. 
Оқу материалын балалардың ойлау қабілеті жетерліктей жас ерекшеліктерін ескере ұйымдастырса ғана, оның ойлау қабілетінің дамуына мүмкіндік туады. Сондықтан да мұғалім балаларды үнемі ойланып оқуға бағыттауы тиіс, бұған оқу үрдісін жүйелі ұйымдастыру, сабақта бала логикасын (шығармашылығын) дұрыс дамыта алатын мүмкіндіктерді мол пайдалану арқылы жетуге болады. Өйткені логикалық ойлау кейінірек бейнелік ойлаудың негізінде қалыптасады, ауқымы кеңірек мәселелерді шешуге ғылыми білімдерді меңгеруге мүмкіндік береді, іс-әрекетінің қалыптасуының өте ыңғайлы кезеңі оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту білімді, дағдыны және шеберлікті белсенді меңгеру үрдісін мақсаты бағытталған түрде басқару, оқушылар танымының қажетті әдістері мен тәсілдерін қамтамасыз етеді. Әйтседе бұл баланы қайткенде де неғұрлым ертерек логикалық «жолға» шығару дегенді көрсетпейді. Біріншіден, ойлаудың логикалық формаларын игерудің өзі ойлаудың логикалық жетілген бейнені формалары ретінде игерлмейінше, толық құнсыз күйде қалып отырады. Дамыған көрнекі схемалық ойлау баланы логика табалдырығына жеткізеді. 

Шығармашылық жаттығулар ұсынылғанда, балалардың алдында мақсатқа өзіне мәлім әрекет тәсілімен жете алмайтын проблемалық жағдаят пайда болып, ол баланың интеллектуалдық қиналуын туғызуы мүмкін. Осының барысында бала жаңа әрекет тәсілін іздестіру бағытындағы шығармашылық сипаттағы іс-әрекеттер орындауға талпынады. Шығармашылық тапсырмалар балалардың жаңа бір нәрсені ашуы, яғни оқушы өзін белгілі бір жаңалықтардың авторы ретінде сезінеді. Бұл оған белгілі бір пән төңірегіндегі қызығушылығын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Яғни, оқушыны өзіне тарта, баули түседі. 

Мектепалды даярлық балаларының логикалық ойлау қабілетін дамытуға бағытталған стандартты емес тапсырмаларды шығармашылық жаттығулар деп атаймыз. Сондықтан шығармашылық жаттығуды ұдайы жүргізе отырып біз оқушылардың тек пәнге деген қызығушылығын ғана емес, логикалық ойлауын дамытады.  Мектепке дейінгі балаларды логикалық тапсырмалар арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту Баяндамалар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Мектеп жасына дейінгі балалардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Оқыту мен тәрбиелеудің негізін қалыптастырудың құралы – ойын әрекеті, яғни, ойын – баланың жетекші әрекеті. Ойын тек қана балаларды қызықтырып, уақыт өткізудің құралы болмай, балаға берілетін білім мен тәрбиенің құнды негізі болуы керек.

«Логикалық ойлау» дегеніміз – логика заңдылықтарын пайдалана отырып, ой-пікірлерді тұжырымдарды қолдануға негізделген ойлаудың бір түрі. Баланың логикасын дамыту ұғымдарын өсіру, оқу-тәрбие үрдісіндегі ұдайы жүргізілетін жұмыс.

Балалардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту талаптары:

  • Сабаққа балаларды түгелдей қамту;

  • Жеке дара қасиеттерін ескере білу;

  • Іс-әрекетке қызықтыра білу.

  • Ынталандыру

Логика ойлау әрекетің жарты шары. Ал ойлау әрекетінің негізгі көмекшісі ол –ойын. Ойын барысындағы танылғанның барлығы есте оңай сақталады. Ойынның логиканы дамытатын түрлері көп.Мұндағы ойындарды кез келген жағдайда: сабақ барысында, серуенде, тіпті саяжайға бара жатқанда да ойнауға болады. Осы негізді басшылыққа ала отырып, мектепалды даярлық тобы балаларымен жүргізуге болатын іс-тәжірибеден мынадай ойын жинақтарын ұсынуға болады. Баламен әзілдесіп, оны өзіңмен тең ұстап ойнаған ұтымды.

«Қасқыр мен түлкі» ойыны.

Мақсаты: балалардың ойша қабылдап, елестерінің тиянақты қалыптасуына көмектеседі.

Шарты: Қасқыр мен түлкі балық аулайды .Екеуі ұсталған балықты бөліп жемекші болады. Сонда қасқыр сен жақсы есептейсің ғой, балықты сен бөл дейді түлкіге. Түлкі қасқырдың аңқаулығын пайдаланып, былай бөледі:

1-еуі саған, 2-еуі маған

2-еуі саған,3-еуі маған

Сонда олардың әрқайсысына неше балықтан тиген?

Балалардың елес негізінде ойланып, білуге деген құштарлықтары асады.

«Сөзді есте сақта» ойыны.

Мақсаты: Айтылған сөздерді ойға түсіріп ретімен қайталау. есте сақтау қабілеттері артады

Мысалы: Орамал, қоян, ,көйлек, шам, күн

Шарты: Балаларға кез келген бес сөз айтылады да жарты сағаттан кейін қайталап айтып берулерін сұрайтыны ескертіледі. Жарты сағаттан кейін қайталап айтып берулерін сұрайды.

Тапсырма: Тақтаға қиысқан үшбұрышпен төртбұрыш саламыз. «С» әрпін төртбұрыштың ішіне,1 санын төртбұрышпен үшбұрыштың қиылысқан жеріне сал.

Осындай тапсырмалар орындау барысында балалардың субъектілік алғы шарты туындайды:

1. Сабаққа қызығушылығы;

2. Ой-өрісі дамиды;

3. Шығармашылық пен дарындылық пайда болады.

Дидактикалық ойын: «Дөңгелектерді қос»

Мақсаты: балалардың ой-өрісі дамыту.

Шарты: Тақтаға 4 дөңгелек сал.1-ші,4-ші дөңгелекті астынан, 2-ші,3-ші дөңгелекті үстінен қос.

“Қызыл – қара кестелер” әдістемесі.

Мақсаты: балалардың ойлау қабілетін арттыру, зейінін шоғырландыру. Ой-қиялын дамыту.

Шарты: Балаға қызыл –қара сандары және әріптері бар кесте беріледі. Үстіңгі қатардағы сандар бірден беске дейін және қызыл түспен берілген, ал әріптер қара түспен берілген. Астыңғы қатардағы сандар бестен бірге дейін және қара түспен берілген, ал әріптері қызыл түспен берілген.

Тапсырма: бірінші қатардағы сандарды тура жазғанда жасырынған сөз шығады. Ал екінші қатарда сандарды кері санағанда ғана жасырынған сөз шығады.

Дидактикалық ойын «Сөзді тап»

Шарты: Берілген уақыт ішінде сағат тілімен жүре отырып, 12 әріптен 21 сөзді тап.

Практикалық бөлім

    1. «Ойна да, ойла» логикалық ойындар арқылы балалардың қызығушылығын арттыру жобасы


Мақсаты:

Балаларды логикалық ойындар арқылы балалардың қызығушылығын арттыру, балалардың зейінін, ойлау, зерде үрдістерін дамыту, қиялдарын ұштау, тапқырлыққа жетелеу, ойлай отырып есептеу тәсілдерін меңгерту;

Тапсырмаларды жеке және топпен орындауға, жауаптарының себебін анықтап дәлелдей білуге, өз ойын еркін жеткізе білуге үйрету;

Сандар мен таңбаларды қатыстырып өрнектер құрастыра білу дағдыларын жетілдіру, есеп құрастырып шешімін табуды практикалық тұрғыда меңгерту;

Балалардың табиғи мүмкіндігін, шығармашылық қабілетін дамыту, білімге деген қызығушылығын арттыру, танымдық көзқарасын жетілдіру.

Осы мақсатқа сай туындайтын міндеттер:

1.Балалардың зейінін тұрақтандыру, интеллектісін дамыту;

2. Балалардың ойлау әрекетін дамытуға ықпал ету;

3. Логикалық ойындар арқылы білім, білік, дағдыларын қалыптастыру;

4. Танымдық қабілеттерін жетілдіре отырып, қоршаған ортаға қызығушылығын арттыру.

Күтілетін нәтиже:

  • Кез келген топпен еркін жұмыс жасай білуге үйренеді

  • Өз беттерімен шешім қабылдай алатын болады

  • Суреттер мен сызбаларды пайдаланып есептер құрастыра алады

  • Ойлау қабілеті арқылы зейіні тұрақталды

  • Белсенділік, тапқырлық, ұжымдық дағдылары қалыптасты

  • Балалар ойларын жүйелеуге, ашық айтуға әрекеттенеді

  • Есеп құрастырып, шешімін табуға дағдыланады

Баланың білім дағдысына қойылатын талаптар:

- берілген тапсырмаларды түсініп, өз бетінше орындауға дағдылану;

- суреттер бойынша есептер құрастыруға жаттықтыру;

- сызбалар, сандар бойынша өрнек құрастыру;

- ойлау, салыстыру, талдау, қорыту, дәлелдеу әрекеттеріне үйрету;

- математикалық есептер мен санамақ, жұмбақтарды жатқа айту және шешуін табу;

Балалардың логикалық ойлау қабілеттерін, зейінін, есте сақтауын әр түрлі әдіс тәсілдерді қолдана отырып арттыруға болады. Олар мынадай:

  1. Бір сөзбен ата»

  2. «Не артық?» 

  3. «Суреттерді есте сақта» 

  4. «Қисынсыздықтар» 

  5. «Суретте қандай заттар жасырылған» 

  6. «Айырмашылықтарын тап» 

  7. « Мына суреттерде не жетіспейді?» 

  8. Математикалық жұмбақтар. 

  9. « Пішінді орналастыр»

Жобалық жоспар

Айы

1 апта

2 апта

3 апта

4 апта

қыркүйек

«Түсіне қарай ажырат»

Мақсаты: түстерді ажыратуға үйрету.

«Тізбекті жалғастыр!»

Мақсаты: рет, қатар сөздерін түсіндіру.

«Қоректерін тап!»

Мақсаты: логикалық ойлауын дамыту.

«Көңілді пішіндер»

Мақсаты: пішіндерді ажыратуға үйрету.

қазан

«Қандай ұқсастығы бар, айырмашылығын тап!»

Мақсаты: заттардың қасиетін анықтау.

«Пішінге қарай таңда»

Мақсаты: заттардың қасиетін анықтау.

«Қайсысы артық?»

Мақсаты: заттардың қасиетін анықтау.

«Қандай пішін жетіспейді?»

Мақсаты: заттардың қасиетін анықтау.

қараша

«Не өзгерді?»

Мақсаты: заттар туралы білімдерін кеңейту


«Үшіншісі артық?»

Мақсаты: заттарды салыстыру дағдысын қалыптастыру.

«Төртіншісі артық»

Мақсаты: заттарды салыстыру дағдысын қалыптастыру.

«Лабиринттер, Кім кімге телефон шалуда?

Мақсаты: заттарды салыстыру дағдысын қалыптастыру.

желтоқсан

«Суретті аяқтап боя»

Мақсаты: тұтас-бөлік сөздерінің мағынасын түсіндіру.


«Орындарын тап»

Мақсаты:үстінде, астында, жанында ,кеңістікте орналасу түсініктерін қалыптастыру.

«Бірдей ойыншықтарды тап»

Мақсаты: оң және сол, кеңістікте орналасу түсініктерін қалыптастыру.

«Төртіншісі артық»

Мақсаты: оң және сол, кеңістікте орналасу түсініктерін қалыптастыру.

қаңтар

«Суретті аяқта»

Мақсаты: тұстас және бөліктер арасындағы өзара қатынасты меңгерту.


«Сайқымазақтарды қалай ажыратуға болады?»

Мақсаты: бір санын меңгерту.

«Белгілерді ауыстыр»

Мақсаты: ішінде-сыртында сөздерінің мағынасын түсіндіру.


«Лабиринттер»

Мақсаты: 2 санын меңгерту

ақпан

«Нұсқаны жалғастыр»

Мақсаты: дәлдікті дамыту.


«Қандай ұқсастық бар?»

Мақсаты: теңдікті құру дағдысын қалыптастыру.

«Заттарды байланыстыр»

Мақсаты: 3 санын меңгерту.

«Суретті аяқта»

Мақсаты: 1-3 дейінгі сандар туралы білімдерін бекіту.

наурыз

«Қалай бояу керектігін ойлан тап!»

Мақсаты: геометриялық пішіндер туралы түсініктерін кеңейту.


«Сипатына қарай пішіндерді сындыр»

Мақсаты: 4санымен таныстыру.

«Қай үйшік артық, неліктен?»

Мақсаты: көпбұрыш туралы түсініктерін қалыптастыру.

«Логикалық шынжырлар»

Мақсаты: сандық бөліктер жайлы түсініктерін қалыптастыру.

сәуір

«Орналастыр»

Мақсаты: 5 санымен таныстыру.


«Жолдарды қорша»

Мақсаты: алдында, артында кеңістікте орналасу түсініктерін қалыптастыру.

«Боя»

Мақсаты: санына қарай заттарды топтастыру.

«Дәл солай боя!»

Мақсаты:санына қарай заттарды топтастыру.

мамыр

«Ең алдымен қайсысы?»

Мақсаты: бұрын-кейін сөздерінің мағынасын түсіндіру.


«Қызыл Телпектің басынан кешкендері»

/ойын-сауық/

Мақсаты:өткен материалды қайталау

«Математика мейрамы»

Мақсаты:өткен материалды қайталау

Диагностика

    1. «Мектеп жасына дейінгі балалардың қызығушылығын логикалық ойындар арқылы дамыту» тақырыбына байланысты өткізілген шеберлік сағатты мен ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері.


Біз мектепке дейінгі балабақшада балаларға логикалық-математикалық ойындарды пайдаланамыз. Бұл олардың қиялын дамыту үшін балалардың шығармашылық және интелектуаллдық қабілетін дамытуға, логикалық ойлауына, математикалық ұғымдарды  үйренуге мүмкіндік береді деп ойлаймын. Сондықтан бүгін менің мақсатым математика ойындары арқылы танымдық белсенділігін дамыту, логикалық ойлау, өзін-өзі тану және рефлекциялық ұмтылысын арттыру, ақыл-ой  қабілетін дамытуға ықпал ету. 

    Енді тәрбиешілеріміздің бірнеше таным саласының логикалық математикалық қатысуына, көруіне шақырамын.
1. "Өрнек құрастыру"  төртбұрышты тақтайшаларға түрлі пішіндер орналастыру. Бұл балаларды ойлау қабілетін дамытады және саусақ маторикасын дамытады. 

2. Таякшаларды санау. "Логикалық тізбектер" 

3. Біз "Шытырманды жұмбақ" шешейік. Әр тәрбиеші 16 таяқшадан алып одан 5 төртбұрыш жасауды ұсынамын. 

4. Фигураларды орналастырайық. Бізде түрлі-түсті фигуралар бар. Түстері әр түрлі және пішіндері де кәне әр қайсын біз өз орнына бөлек орналастырайық. Яғни төртбұрышты бөлек, үшбұрышты бөлек, дөңгелекті бөлек көрейік. 

 5. Бесінші ойынымыз. "Бағбандар". Екі-екіден бөлініп 3-4 команда құрамыз. Әрбір команда гүл тәріздес шеңбер тандайды, сол шеңберге пішіндерді лактырып (түсі, пішіні, көлемін анықтап) өз бақшасындағы қандай жеміске ұқсайтынын айтады.

Қорытынды
    Әр топтың жас ерекшелігіне қарай логикалық-математикалық ойындарды пайдалана отырып, мектепке дейінгі балалармен тәуелсіз және жеке логикалық ойлау қабілетін қарапайым математикалық ұғымдар арқылы дамытамыз. Мен балалардың логикалық - математикалық ұғымдардың өзін-өзі тану жолдарын меңгеруге көмектесеміз.  Балаларды мектепке дайындау үшін дидактикалық материалдарымен жұмыс істеу маңызды. Мен өз тәжірибемде дидактикалық матиралдарды пайдалану үшін әріптестеріме ұсындым. Оның барлығы біздің қиялымызға және сіздің барлық  қиялдарыңызға байланысты болуы мүмкін.

Сіздерге сәттілік және шығармашылық табыс тілеймін, жұмыстарыңыз сәтті болсын.



«Ғажайып математика»

Мақсаты: 1-ден 5-ке дейін тура және кері санау, геометриялық пішіндерді ажырату, жұмбақ құрастыру, логикалық тапсырмаларды орындау арқылы балалардың тілін, ой – өрісін, ойлау қабілетін дамыту. Ұйымшылдыққа, топпен жұмыс істеуге , тапқырлыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу. 
Көрнекілік: сандар, пішіндер, суреттер, асықтар, екі түрлі сандық, дидактикалық ойынға қажетті пішіндер, сыртында 5-ке дейінгі сандар жазылған «вагондар», үлестірмелі материалдар 
Билингвалдық сөздік:сандар- цифры, пішіндер- фигуры 
Белсенді стратегиялар: топтық жұмыс, «миға шабуыл» әдісі, «жұмбақ құрастыру» әдісі. 

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті 
Мотивациялық- Қозғаушылық 

Топқа бөлу 
Шаттық шеңбері 
Кіп- кішкентай баламыз 
Өсіп- өніп толамыз 
Күнге қарай талпынып 
Көкке қанат қағамыз 
Әлемдегі бар адамға 
Тек жақсылық тілейміз 
Сәлеметсіздерме, апайлар 
Сәлем, достар дейміз. 

Шеңберде тұрған балаларға дөңгелектің, төртбұрыштың, суреттерін тарату және дөңгелекті алғандар бір үстелге, төртбұрышты алғандар бір үстелге бөлініп отырады. 

Тәрбиешімен бірге қайталайды, қол қимылдары арқылы көрсетеді. 
2 топқа бөлініп отырады, 1-топ «дөңгелектер» тобы, 2- топ «төртбұрыштар» тобы болады 

Ұйымдастырушы-лық -ізденістік Балалар, біз бүгін сендермен 1- ден 5-ке дейін тура және кері санауды, геометриялық пішіндерді ажыратуды, жұмбақтар құрастырып, оны шешуді үйренуді жалғастырамыз. Ол үшін ұлттық «Ханталапай» ойыны арқылы интелектуалды жарыс ұйымдастырайық. 
Ойын шарты: ойын барысында берілген тапсырмаларға дұрыс жауап берген топ қоржынына асық салып отырады. Ойын соңында қай топ көп асық жинаса, сол топ жеңімпаз болады. 


Алғашқы жарысты бастайтын топты анықтау үшін екі топтан бір баладан шығуы тиіс. Екі топтан бір баладан шығып «Ханталапайға» қатысады 

Тапсырма: «Ханталапай». 

Талапай- ау, талапай, 
Табылды ойын, алақай! 
Асықты алға шашамыз, 
Талапайға басамыз 

Шарты: шашылған асықты кім көп жинаса, сол топ жарысты бастайды. 
1-Тапсырма: 
1-ден 5-ке дейін тура және кері санау- қазақша, орысша, ағылшынша.(«дөңгелектер»-тура, «төртбұрыштар»- кері санайды) 

2-Тапсырма: «Сан қатары» 

2 топтан бір- бір бала тақтаға шығады, «адасқан вагондарды» ретімен орналастырады.(Әр топтан бір баладан шығып вагондарды дұрыстап орналастырады) 

2.... 4..... 1..... 3..... 5 
5.... 3.... 1......... 4..... 2 

3--тапсырма- «Суреттегі заттарды сандармен сәйкестендір» (үлестірмелі материалмен жұмыс)Мысалы: 3 санының жанына 3 мысық бейнеленген суретті қою керек, т.с.с.. 

Тапсырманы дұрыс орындаған балалар өздерінің сандықтарындағы асық санын көбейтеді. 

4-Тапсырма- Логикалық сұрақтар. Әр дұрыс жауап үшін бір асықтан беріледі 
1.Апасы Сезімге дүкеннен төртбұрышты үш доп әкелді. Сезім біреуін Аянатқа берді, біреуін Мерейге берді. Сезімде неше доп қалды?(төртбұрыш доп болмайды). 

2.Балабақша ауласында өсіп тұрған қайың ағашында 2 алма бар екен. Бір алманы торғай жеді, біреуін қарға жеді. Қайыңда неше алма қалды?

((қайыңда алма өспейді) 

3.Аспанда неше жұлдыз бар? ((аспанда көп жұлдыз бар)) 

4.Бір қоянның құлағы нешеу? ((бір қоянда екі құлақ болады) 
5.Екі аюда неше бас бар? (екі бас бар) 

Сергіту сәті: 

Аяқтарды топылдат, 
алақанды сартылдат, 
Оңға да, солға да 
Бұрыламыз, оңай-ақ 
Басымызды шайқаймыз, 
Қолымызды бұлғаймыз. 
Оңға да, солға да 
Бұрыламыз ,оңай-ақ, 
Секіреміз биікке, 
бәрімізге көңілді 
Оңға да, солға да 
Бұрыламыз, оңай-ақ 

Дидактикалық ойын: «Сандарға үй жасаймыз". 

(әр балаға ішінде геометриялық пішіндер бар конверт беріледі) 
Шарты:берілген пішіндерден құрастырып үй жасап шығу.Қай топ бірінші құрастырса, сол топқа бір асық беріледі. 

5-тапсырма-Жұмбақ құрастыру- 

Шарты:балалар өз ойларынан бөлмедегі бір затты геометриялық пішінге ұқсатып жұмбақ жасырады. 

Әр дұрыс құрастырылған жұмбаққа бір асықтан беріледі 
(өзі тік төртбұрыш, барлық үйлерде болады, біз оны ашамыз, жабамыз, құлып салып қойсақ ешкім үйге кіре алмайды - есік) т.с.с. 

8-тапсырма- Санамақ айту 

Шарты: екі топтан бір баладан шығып санамақ айтады. 

Әр санамаққа бір асықтан беріледі ,

Мысалы: 

Бір дегенім- білім, 
Білім жарық күнің. 
Екі дегенім- еңбек, 
Еңбек бәрін жеңбек. 
Үш дегенім –үміт, 
Үміт артар жігіт. 
Төрт дегенім –төзім, 
Төзе білем өзім. 
Бес дегенім – бесік, 
Шықтық содан өсіп 
Қортынды-рефлексиялық 

Кері байланыс

 Балалар, бүгін біз не үйрендік? (1-ден 5-ке дейін тура және кері санауды, геометриялық пішіндерді қайталадық.) 

Қандай ойын ойнадық?(«Ханталапай» ойынын ойнадық) 

Балалар асықтарды өздері санап, қай топтың сандығында асықтың көп екенін айтады. Екі топтың қоржынындағы асықтарды санап жеңімпазды анықтау, қошемет көрсету.

Балалар, сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма? Қай тапсырма ұнады? (Балалар жауабы) 
Күтілетін нәтиже: 

Білуі керек: 1-ден 5-ке дейінгі сандарды тура және кері санай білуді 
Нені игерді: 5 көлемінде сандық есептеу,геометриялық пішіндерді ажыратуды 
Нені білді: жұмбақ құрастыруды, логикалық сұрақтарға жауап беруді, «Ханталапай» ойынымен танысты 


Тақырыбы: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыруда логикалық ойын - жаттығуларды пайдалану.

Мақсаты: сан және есеп, көлем , кеңістікті бағдарлау уақыты, бағдарлау геометриялық; денелерден бөлінген бес тармағын негізге ала отырып, пәндердің байланысқан көмегі аркылы балалардың ақыл - ой белсенділігін  арттыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, тілін дамыту, сөздік қорын молайту, дидактикалық ойындар, шарттарын дұрыс орындауга тәрбиелеу, зейінділігін арттыру.

Көрнекілік 5-ке дейінгі сандар геометриялық пішіндер, әр түрлі ойыншықтар, мысалы: қоян,күшік,аю. Қағаздан қиып жасалған  қоян, сәбіз, алма ағашы, аптаашай және жеті баласы.

Әдіс-тәсілдер: сандармен пішіндер көрсету, санау түсіндіру, сұрақ-жауап логикалық ойындар.

Тәрбие жұмысының барысы:

    Балалар жартылай шеңбер құрып тұрып, қонақтармен Сәлеметсіздер ме! деп амандасады.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар  балалар әдептен озбай үлкенмен амандасу рәсімін жасағандарың адамшылықтың  бір белгісі.

- Балалар алдымен осы шеңбер құрып тұрғанда  бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жылылық таныта тұрып жақсы лебіз білдірейік.

- Аспанымыз ашық болсын!

- Күніміз жарқырасын!

- Деніміз сау болсын!

- Әлемде тыныштық болсын!

- Отбасымыз аман болсын!

- Балабақшамыз жайнай түссін!

- Тәрбиелі, әдепті болайық!

 Балалар енді орындыққа отырайық.

  • Балалар жылдың қай мезгілі?

  • Қазір жылдың көктем мезгілі.

  • Көктем мезгілі неше айдан тұрады?

  • Көктем мезгілі үш айдан тұрады.

  • Қандай айлар екенін кім айтады?

  • Наурыз, Сәуір, мамыр,

Дұрыс айтасыңдар балалар.

  • Наурыз айында қандай мерекелер болады есімізге түсірейік.

  • Наурыз айында 8-наурыз мамаларымыздың мерекесі болады.

22-наурыз Қазақ халқының жыл басы, Жаңа жыл мерекесі болады.

- 1 мамыр Халықтар достығы мерекесі, 9-мамыр, Жеңіс күні болып өтті.

- Мамыр айы аяқталған соң жаз мезгілі келеді.

Жаз мезгілінің алғашқы күні 1-маусым балаларды қорғау күні мерекесі.

  • Балалар, бір аптада неше күн бар екенін білеміз бе?

  • Бір аптада жеті күн бар.

  • Апта күндері туралы тақпағымызды еске түсірейік.

Апта деген атайдың,

Жеті бірдей ұлы бар.

Бірішісі Дүйсенбі,

Екіншісі Сейсенбі.

Үшіншісі Сәрсенбі,

Төртіншісі Бейсенбі

Жұма деген бесінші ұл,

Алтыншысы Сенбі.

Жетіншісі жексенбі немесе

Дүйсенбіде доп ойнадың қорада

Сейсенбіде серуен құрдың далада,

Сәрсенбіде сурет салдың сәнденіп

Жұма күні жидек тердің қыратта.

Сенбі күні кино көрдің клубта

Жексенбіде үйде болып дем алдық

Осылайша өте шықты бір апта

Бүгін аптаның нешінші күні?

Кеше аптаның екінші күні

Бүгін аптаның үшінші күні

Ертең аптаның төртінші күні.

 Балалар мынау қандай сандар?

1,2,3,4,5.

Тура және кері сандар.

Балалар сандар туралы санамақтар айтайықшы.

Бір дегенім білім,

Білім жарық күнің.

Екі дегенім елім,

Далам,туым көгім.

Үш дегенім үміт

Үміт артар жігіт

Төрт дегенім төзім

Төзе білем өзім

Бес дегенім уақыт

Бағалайтын уақыт

Алты дегенім ақыл

Тыңдағаным мақұл

Жеті дегенім жала

Жүректегі алау.

Сегіз дегенім сезім,

Серт беретін кезің.

Тоғыз дегенім тоқтау,

Елдің қамын жоқтау.

Он дегенім отан,

Қорға оны ботам.

Есеп айту.

«Қоян көп пе?сәбіз көп пе?»

Ағашта бес лма бар еді, екеуі үзіліп жерге түсті,алма ағашында неше алма қалды?

Бой сергіту

Ал балалар тұрайық

Алақанды ұрайық,

Оңға қарай иіліп

Солға қарай иіліп

Бір отырып бір тұрып

Орнымыздан тұрайық.

Белімізді жазайық

Жоғары - төмен қарайық.

Оңға оңға түзеу тұр

Солға солға түзеу тұр

Бойымызға күш жинап

Біз демалып қайтайық,

Балалар бір тәулікте неше мезгіл бар?

Ұйқымыздан оянамыз

Беті-қолды жуамыз

Анамызға ереміз,балабақшаға (барамыз) келеміз.

(Таңертең)

Серуеннен қайтамыз

Тамақ ішіп аламыз

Біз тәртіпті баламыз

Тәтті ұйқыға батамыз.

(Түс)

Ұйқымыздан тұрамыз

Жеңіл тамақ ішеміз

Серуенге шығамыз

Асыр салып ойнаймыз.

(Бесін)

Серуенде жүреміз

Ән айтамыз, күлеміз

«Апай сау бол» деп

Үйге қарай кетеміз.

(Кеш)

Үйлерде шам жанады,

Маңай тастай қараңғы

Ертегіні тыңдап алып

Тәтті ұйқыға батамыз.

(Түн)

 Балалар геометриялық пішіндерді ашайық.

Үшбұрыш,төртбұрыш,тіктөртбұрыш,дөңгелек. «Неге ұқсайды» дидактикалық ойын. Балалар үшбұрышқа ұқсас заттарды атаңдар.

  • үшбұрыш, сәукеле, шырша, сәбіз.

  • тіктөртбұрыш, кітап, есік, терезе.

  • Дөңгелек, күн, доп, қарбыз.

Түсті қағаздан қиылған геометриялық пішіндерден қоянға үйшік жасау

2.3. Логикалық ойындар, тапсырмалар және жаттығулар

Жиырма таяқша

  • Үстел үстіне жиырма таяқша (қарындаш, фломастер) шашылады.

  • Екі ойыншы кезекпен бір-бірден, екі не үш таяқшадан алады.

  • Соңғы таяқшаны кім алса, сол жеңіледі.

Ол қандай?

Осы ойынның көмегімен көлем, форма, түс туралы білімдері және оларды нақты заттармен байланыстыра білу дағдылары бекітіледі.

Қажетті құрал: геометриялық формаларға ұқсас кез келген заттар (доп, кітап, орамал т.б.).

  • Педагог затты балаларға көрсете отырып, оның сипаттамасын беруді сұрайды: «Ол қандай?». Мысалы, доп дөңгелек, жеңіл,кішкентай, сары т.б.

  • Ойынның екінші сатысы–күрделірек заттар қосылады: ағаш, машина т.б

Неге ұқсайды?

Бұл ойын баланың заттарды формасына қарай талдауға үйретуге көмектеседі.

  • Педагог геометриялық пішінді атайды, ал балалар осы пішінге ұқсайтын заттың атауын айтуы тиіс. Кім осындай ұқсастықты көп таба білсе, сол жеңімпаз болады. мысалы, тіктөртбұрышқа үй, автобус, нан, үстел т.б. ұқсайды.

  • Ойыншыларды жұпқа (ересек-бала деп) бөліп, отбасылық командалық ойын ұйымдастыруға болады.

Пішіндер

Бұл ойын балалардың заттар және олардың геометриялық формасы туралы білімдерін бекітуге көмектеседі; абстракттілі не дерексіз ойлау негізін қалыпсатырады.

  • Педагог кез келген затты атайды, ал балалар оның негізінде жатқан геометриялық пішінді анықтауы тиіс. Ойынның алғашқы кезеңінде көрнекі материалдарды: карточкаларды немесе заттардың өздерін қолдануға болады. Кейін ақпаратты ауызша жеткізуге көшуі қажет. Бұл баланың дерексіз ойлауын дамытуға көмектеседі.

  • Алдымен формасы таныс және онша күрделі емес заттарды (есік, доп, терезе т.б.) алыңыз. Сонда ғана бала қарапайым геометриялық пішіндерді меңгереді де, кейін күрделірек формаларға: көпбұрыштарға және т.б. көңіл аударту қажет.

  • Мысалы: қазан – дөңгелек, терезе – шаршы, ұйқыдағы мысық – сопақша т.б.

Өтірік мысалдар

Ойын логикалық ойлауды дамытуға, қарсы пікір, шешім айта білуге, өз ұстанымын әдепті дәлелдей білу дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі.

  • Педагог балаларға сұрақ қояды. Мысалы: «Аю ұша ала ма? Неліктен? Ал егер ол ұшаққа мінген болса ше? Кішкентай қыз бала машина жүргізе біле ме? Неліктен? Егер ол әкесінің алдына отырған болса ше?

Антонимдер

  • Ойыншылар екеу және одан да көп болуы мүмкін. Бір ойыншы сөзді айтқанда, екіншісі сол сөздің мағынасына қарсы сөзді айтуы тиіс.

  • Әрине, нақты жұбы бар сөздер айтылғанда, мысалы, суық – ыстық (ыссы), үлкен-кіші т.б. жәй ойын секілді. Бірақ от –су, аспан-жер деп қарама-қарсы мағынасын қоя білсе, яғни заттарға, киімдерге, мамандыққа, геометриялық пішіндерге қарсы сөздер іздестіру – қызықты да пайдалы.

Сабақ барысында суретті және сызба, блоктармен берілген тапсырмалар қолдануға болады. Балаларға сызба, алгоритм, блоктармен ұсынылған ойын-тапсырмалар өте ұнайды.

Алгоритмдер

Бұл ойын баланы жалықтырмай уақытты дұрыс жоспарлай білуге және өздігінен шешім қабылдауға үйренуге көмектеседі.

  • Алгоритм – бұл әрекетті оның құрамды бөліктеріне бөлу. Тіптен қарапайым алгоритмнің өзін құру үшінде біз әрекетіміздің бөліктерін ой елегінен өткізіп, ал өзіміз әрекетті құрамды бөліктеріне бөлуге тиіспіз. Ол үшін әрекеттің басталу және аяқталу сәтін таба білуіміз, әрі оның жеке сатыларын айқындай білуіміз керек.

1 нұсқа (ең қарапайым)

  • Баланың бір немесе бернеше мәрте орындаған әрекетінің алгоритмін құрыңыз. Мысалы, үйден мектепке (балабақшаға, ойын алаңына) дейінгі жол жүру алгоритмін құру үшін осы жол саяхатын ойша түрлі кезеңдерге (киінді, есікті ашты, үйден шықты, есікті жапты, баспалдақтан түсті т.т.б.) бөлу қажет.

2 нұсқа

  • Бала өзі ешқашанда орындап көрмеген алгоритм құрады, яғни оны жорамалдайды. Осындай жағдайда бағдарламаланған ойындар - «робот» ойыншықтарды басқаруға арналған алгоритмдер құруды қолдануға болады. машина, поезд, қуыршақ, басқа да сүйікті ойыншықтар (робот) болуы мүмкін.

3 нұсқа

  • Ертегі желісін реттілігімен сипаттап, нақты мақсатқа жету үшін не істеу керектігі сұралады.

  • Ойынды бастау үшін алдымен ойын алаңы немесе «лабиринт» суреттеледі де, «мақсат» не «нысана» ойластырылып, белгіленеді.

Мысалы:

- тышқанға жерасты жолымен не лабиринтімен жорғалап, ініне енуіне көмектесу;

- ғарышкерге айналып, айға саяхат жасау;

- түлкіге егістіктен, орманнан және өзеннен өтуге көмектесу.

Логикалық тізбек

Ойын барысында бала бүтіннен бөлікті ажыратуға үйренеді.

  • Ойынға 4-10 бала қатыса алады. Ойынды бастамас бұрын балалармен бірге аспазшы, дәрігер, спортшы т.б. секілді қимыл-әрекетін ым-ишарамен (пантомимика) көрсетуге жеңілірек болатын, алуантүрлі мамандық туралы әңгімелескен жөн.

  • Ойын алаңында радиусы екі метр шеңбер сызылады да, балалар осы шеңбер бойын бойлап тұрады, ал жүргізуші ортаға шығады. Жүргізуші (бастапқыда педагог болады) қандай да бір мамандық иесін қимылмен жұмбақтайды. Мысалы, аспазшы (қазандағы сорпаны сапырып араластырады), оны бейнелеп көрсетеді.

  • Қалған балалар кімді жұмбақтап тұрғандығын табуы тиіс және ойынға қосылып, осы аспазшыға тән жұмыстарды, яғни басқа да қимыл-әрекетін бейнелеп көрсетеді. Мысалы, көкөністі турайды, картоптың қабығын аршиды, сәбізді үккіштен өткізеді, сорпаны тәрелкелерге құяды т.т.б.

  • Жүргізуші осы уақыт аралығында ойыншылардың әрекетін мұқият қадағалап, қайсыбір ойыншының жұмбақты дұрыс (не дұрыс емес) шешкендігін анықтайды. Егер жұмбақты дұрыс шешсе, сол баланы қасына, яғни ортаға қосып алады. Енді екеулеп басқа да ойыншылардың ішінен кімді ортаға шақыратындарын қадағалап қарайды.

  • Ойыншының бәрі шеңбер ортасына жиналғанда ғана ойын аяқталады.

  • Ойын аяқталған соң барлығы бірге өздерінің кімді бейнелегенін талқылайды. Логикалық тізбекті айналдыра жүргізеді: кім нені көрсетпекші болды, кім кімді таба білді және шеңберге кімді қосты.

Логикалық тұжырым

Егер үстел орындықтан биік болса, онда орындық ... (үстелден аласа).

Егер 2 бірден артық болса, онда бір ... (екіден кем).

Егер Асқар үйден әкесінен бұрын шықса, онда әкесі ...(Асқардан кейін шықты)

Егер апам ағамнан үлкен болса, онда ағам ..(апамнан кіші).

Егер оң қолым оң жағымда болса, онда сол қолым ...(сол жағымда)

Жұмбақтар

Қолданыстағы халықтық жұмбақтарды шешу баланың логикалық ойлауын дамытуға көмектеседі. Осы орайда көбінесе математикалық ұғымға қатысты жұмбақтарды қолдандым.

Екі құлақты, Екі құлағы бар,

Бір бұлағы бар. (Самаурын)

Он екі аяқты. (Домбыра)
Жаңылмастан жетеуі,

Кезек қызмет етеді. (Аптаның 7 күні)

Екі пышақ бірлесіп,

Дөңгелене еседі,

Кесіп пішіп береді.

Желмен бірге көшеді. (Қаңбақ)

Екеуі бір жүрмесе,

Жоқ қой бізге керегі (Қайшы)

Логикалық есептер

Логикалық тапсырмаларды, есептерді ойша шешу керек. Дегенмен бала үшін күрделірек болса, онда тапсырма шартын баламен бірге сызба, көрнекі сурет түрінде алсаңыз жеңілірек болады. Әріптерді, геометриялық пішіндерді, «артық», «кем», «тең» таңбаларын алдын ала мәнін түсіндіре отырып, қолданыңыз. Егер бала үнемі ойша есеп шығара алмаса, демек, оның логикалық ойлауын шынықтыру қажет. Ең дұрысы осы тектес тапсырмаларға көңіл бөліңіз.

  • Асқар мен Марат ойын ойнамақшы болды. Бірі машинамен, екіншісі текшелермен ойнады. Асқар машинаны алмады. Асқар мен Марат қандай ойыншықпен ойнады?

  • Тышқан бірінші және соңғы вагонға мінбейді. Балапан ортаңғы және соңғы вагонға мінбеген. Тышқан мен балапан қай вагонмен келеді?

  • Айгүл мен Аяулым саңырауқұлақ пен жидек теруге барды. Айгүл саңырауқұлақ термеді. Аяулым нені терді?

  • Теңізде 9 кеме жүзіп жүр. 2 кеме жағажайға келіп тұрды. Теңізде қанша кеме бар?

  • Бөлменің 4 бұрышы бар. Әр бұрышында мысық отыр. әр мысықтың қарсысында – 3 мысық. Бөлмеде неше мысық бар?

  • Суды шай сүзгімен қалай тасуға болады?

  • Қандай ыдыстан ештеңе жеуге болмайды?

  • Аңдар бағында 4 аю және 3 қой бар? Аңдар бағында қанша жабайы жануар бар?

  • Көптен күткен қаңтар да келді. Алдымен 1 алма ағашы, содан соң тағы да 3 өрік гүлдеді. Қанша ағаш гүлдеді?

  • Кенеттен қатты жаңбыр жауды. Бірақ Айгүл, Гүлжан, Асан киімдеріне су тимеді. Неліктен?

  • Бос ыдыста қанша жаңғақ бар?

  • Қаздың салмағы 2 кг. Егер ол бір аяғымен тұрса, салмағы қанша болар еді?

  • Айсұлудың шашы Гүлжанның шашынан ұзынырақ, ал Гүлжанның шашы Майраның шашынан ұзын, кімнің шашы қысқа? Ең ұзын шаш кімдікі?

  • Үстел үстінде 4 алма жатыр. Оның біреуін тең ортасынан бөліп, үстел үстіне қойды. Үстел үстінде қанша алма бар?

  • Сен және мен, біздер екеуміз. Сонша нешеуміз?

  • 1 кг күріш ауыр ма, 1 кг мақта ауыр ма?

Өлең есептер

Дүкеннен кеп сабын алдым,

Оның және қабын алдым.

Екі дәптер, бір қарындаш,

Тіс ысқышты тағы да алдым.

Есептеші,

Сонда бәрі қанша болды.

Қолда бары? Жауабы: алты.

Асан, айша екеуі,

Қос қуыршақ,

Бір құлыншақ,

Екі ойыншық,

Құстай ұшып,

Үйден шықты нешеуі? (жетеуі)


Қорытынды

Ойындар балалардың таным белсендігін жандандыратын, өздігінен ойлауын дамытатын тәсілдердің бірі. Олар кез - келген оқу материалын қызықты да тартымды қылып, балалардың көңіл - күйін көтеруге, өздерінің жұмыстарына қанағаттануға және өтілген тақырыпты жеңіл меңгеруге көмектеседі. Тақырыпты ашу барысында ойын арқылы дамытуға арналған тапсырмалар жүйелі қолданылып, ұйымдастырылып отырса сонда ғана тәрбиешінің тақырып мақсатын ашуына мүмкіндік береді.

Логикалық ойындар баланың интеллектуалдық деңгейін көтеретін болғандықтан әр оқу іс-әрекетінде тапсырмаларды түрлендіріп, қызықтырып қолдану қажет. Мектепке дейінгі ұйымдарда қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру оқу іс-әрекетін балалардың ойлау қабілеті жетерліктей жас ерекшеліктерін ескере ұйымдастырса ғана, оның ойлау қабілетінің дамуына мүмкіндік туады.

Әр баланың жеке қабілетін анықтап, оны белгілі бір бағытқа жетелеу, тәрбиеші  парызы. Логикалық ойындар балалардан тек қана математикадан білім емес күнделікті өмірде кездесетін әртүрлі жағдайға байланысты білімді талап ететін тапсырмалар. Балалардың байғақыштығын дамытуға негізделген логикалық ойлауды дамыта оқытуды негіздеу үшін логикалық ойлау ұғымын терең түсіну керек. «Ойлау-логиканың заңдылықтармен формаларына бағынады.

Соңын ішінде баланың қызығушылықтарын дамытуда логикалық ойындар ерекше рөл атқарады. Ең алдымен, әдемі сөйлеуге дағдыландырса, логикалық тапсырмаларды шешуге деген құлшыныс, олардың жаттау қабілеттерін, танымдық ой-өрісін дамытады. Логикалық ойындар барысында бала өзінің қоршаған ортадан көргенін, байқағанын өзінің өмірінен алып, оны басқаша қайтадан тереңірек беруге тырысады. Бала өзінің қоршаған ортаны адамдар арасындағы қарым қатынасты білуімен сенуі ойын негізінде жүзеге асатындықтан тәрбиеші логикалық тапсырмалар түрлерін тиімді пайдаланғаны жөн. Мұндай тапсырмалар арқылы баланың зейінін, есте сақтау қабілетін, ойлау қабілетін, дүниетанымын дамытамыз.

Ойымды қорытындылай келе, баланың логикалық ойындар арқылы қызығушылықтарын дамыту бағытындағы жұмыстар жүйеленді және оны ұйымдастырудың тиімді  жолдары, әдіс-тәсілдері айқындалды, ол өз ретінде, балалардың логикалық ой-қабілеттерін қалыптастыру жұмысының жағдайын бір шама арттырады – деп ойымды түйіндеймін.

«Мектеп жасына дейінгі балалардың қызығушылығын логикалық ойындар арқылы дамыту» жұмыстарының

м о н и т о р и н г і с і





Пайдаланған әдебиеттер

  1. Аманова Г. К. Логикалық тапсырмалар жинағы.- Өскемен, 2007. 

  2. Ахметжанова Ә. Логикалық ойлау. Сынып жетекшісі. 2009ж  №5

  3. Жарықбаев Қ. Психология. – Алматы, 2002ж

  4. Жексембаева У. Б. Оқушылардың логикалық ойлауы- сапа нәтижесі. –Алматы: Санат, 2002.   

  5. Жүнісова Г. Логикалық есептер. //Бастауыш білім.- 2004.- №2

  6. Ильина Т.А. Педагогика. – Алматы, 1977

  7. Қазақстан Республикасы бастауыш білімінің мемлекеттік стандарты. – Алматы, 2012ж.

  8. Логикалық ойлау қабілетін дамыту №11, 2008, 53-54 бет

  9. Сейдахметова А. Даярлық сынып оқушыларының логикалық ойларын дамыту жолдары. Бастауыш мектеп, 2000ж. №8,9.

  10. Сағатбекова К. Баланың логикалық ойлауын дамыту. Отбасы және балабақша 2008ж  №5

  11. Рахымбек Д. Логикалық ойлау қабілетін дамыту. Қазақстан мектебі 2008ж №10, №11

  12. Шегебаева Б. Бала логикасын дамыту. //Отбасы және балабақша.-2008-№4.

  13. Шиназбаева Д. Логикалық ойлауды дамыту жолдары. Отбасы және балабақша. 1999ж №1-2.



















Қосымша

Тақырыбы: «Тәуелсіздік-тұғырым!»
Мақсаты: Балалардың Отаны, Рәміздері, Елбасы, желтоқсан оқиғасы, Тәуелсіздік күні туралы түсініктерін молайту. Мәнерлеп тақпақ айтуға, сахналық көріністерді көрсетулер арқылы еліне, отанына деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Отанын, елін сүюге тәрбиелеу. 
Еліміздің Тәуелсіздігіне орай өткізілетін мерекелік ертеңгілікке  балалар залға вальс билеп кіреді. Мұнан соң барлығы Әнұранды орындайды. 
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме,балалар, қонақтар, әріптестер! Бүгінгі 16-желтоқсан Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай ұйымдастырылған балабақшамыздағы мерекелік ертеңгілігімізді бастаймыз. 
Рәміздерім – елдігімнің  белгісі, 
Білу керек бала –дағы ең кіші.                                                                                   Рәміздерім- ӘНҰРАН, КӨК ТУ, ЕЛТАҢБА, 
Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.
Жүргізуші: Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады?
Балалар: Қазақстан.
Жүргізуші: Қазақстан қандай мемлекет?
Балалар: Қазақстан тәуелсіз, егеменді мемлекет.
Жүргізуші: Балалар, бүгін міне осы Тәуелсіздік мерекесі күні. Еліміздің президенті кім?
Балалар: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Жүргізуші: Еліміздің елордасы қай қала?
Балалар: Астана.
Жүргізуші: Астана қандай қала?
Балалар: Астана-бас қала, әдемі, үлкен қала.
Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар, балалар. Отан туралы тақпақтарымызды айтайық.
           Мерей: Отан- жерім, Отан- суым,
                          Отан  қуат, нәр береді.
                          Отан- ұран, Отан- туым,
                          Отан мәңгі гүлденеді!
          Санжар: Қуат  алған  өзінен,
                          Туған елдің  ұлымын.
                          Бақытты  етіп  өсірген,
                          Отанымның  гүлімін.
           Зарина: Шырқап  көкке  аспан – ән,
                           Болашаққа  бас  қадам.
                           Қазақ  рухын  биіктет,
                            Ей, бас қалам- АСТАНА !
        Ерсұлтан: Қадамың бар баспаған,
                            Асуың  бар  аспаған.
                            Халқым  жетсін  мұратқа,
                             Ей, бас  қала- АСТАНА!
Жүргізуші: Біз бүгін тәуелсіздік алған күнімізді мерекелеудеміз. Біздің еліміз тәуелсіз болғандықтан өз мемлекеттік Әнұраны, Елтаңбасы және өзінің мемлекеттік туы бар. Балалар, мемлекеттік туымыздың түсі қандай екен?
Балалар: Туымыздың түсі – көк.
Жүргізуші: Иә, өте жақсы. 
–Ал, енді балалар, Рәміздерге байланысты тақпақтарымызды айтайық (балалардың тақпақтары тыңдалады).
              Әділет: Елтаңбасы  елімнің,
                            Неткен  әйбат, әдемі!
                            Тұнығындай  көңілдің,
                            Ортада- аспан  әлемі.
                 Әділ: Құт, береке – шаңырақ,
                            Орын алған  ол  төрден.
                            Қанатты  қос  арғымақ,
                            Екі  жақтан  көмкерген.
             Данель: Анаң- күнің, жүрегің,
                             Әкең – өмір тірегің. 
                             Сен- бақытты  ұлансың,
                             Бәрі  саған  қуансын!
               Даяна: Көк  аспандай  көкпеңбек,
                             Қазақстан жалауы.
                             Көк  емес  ол тектен-тек,
                             Елдің ашық қабағы.
        Жанарыс: Тәуелсіздік  жолында,
                             Талай – талай тер тамған.
                             Билігім  өз  қолымда,
                             Еркіндігім – Елтаңбам.
            Нарқыз: Аспанымдай мөлдірмін,
                             Жайлауымдай  жазықпын.
                             Өзенімдей  өршілмін,
                             Гүлдерімдей  нәзікпін.
               Архат: Ақ  ниеті- алтын күн
                            Асқақ арман – қыраны.
                            Жалауы бұл- халқымның,
                             Мәртебесі, мақтаны.
Ән: «Ел қорғауға әзірміз».
Би: «Қара жорға».

 






№ 36 «Балақай» бөбекжайы тәрбиешісі Зейноллина Жадыра Зейноллақызының

«Мектеп жасына дейінгі балалардың қызығушылығын логикалық ойындар арқылы дамыту» атты іс-тәжірибесіне берілген


СЫН ПІКІР


Мектеп жасына дейінгі балалардың жан-жақты дамуы үшін логикалық тапсырмалардың рөлі ерекше. Логикалық ойындар барысында бала өзінің қоршаған ортадан көргенін, байқағанын өзінің өмірінен алып, оны басқаша қайтадан тереңірек беруге тырысады. Бала өзінің қоршаған ортаны адамдар арасындағы қарым қатынасты білуімен сенуі ойын негізінде жүзеге асатындықтан тәрбиеші логикалық тапсырмалар түрлерін тиімді пайдаланғаны жөн. Мұндай тапсырмалар арқылы баланың зейінін, есте сақтау қабілетін, ойлау қабілетін, дүниетанымын дамытамыз.

Осы бағытта, № 36 «Балақай» бөбекжайы тәрбиешісі Зейноллина Жадыра Зейноллақызының «Мектеп жасына дейінгі балалардың қызығушылығын логикалық ойындар арқылы дамыту»атты іс-тәжірибесін таптырмас әдістемелік құрал деп білемін. Мұнда, балаларға логикалық ойындарды кеңінен және жүйелі пайдаланудың маңызы здылығын көрсеткен. Балалардың білімін нақтылау және тереңдетумен қоса, оларда сандық түсініктерді қалыптастырып қоймай, геометриялық пішіндерді атап, айыра білуге үйретеді.

Осындай әдістемелік құралдарды пайдалану арқылы әр педагог балалардың таным белсендігін жандандыра, өздігінен ойлауын дамыта алады. Асель Сериковнаның іс-тәжірибесін бөлісе отырып, оны іс жүзінде қолдана отыра, бүгінгі жас бүлдіршіңдер тәрбиелей отырып, ойлау қабілетін дамытуда, математиқалық ұғымдарын толықтай қалыптастырып, өздерін қоршаған ортаны дәл, анық ажырата білуге үйретуде манызы зор.

Болашақта Жадыра Зейноллақызына бала тәрбиесінде үлкен жетістіктер, шығармашылық табыстар тілеймін.



Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық

Университетінің аға оқытушысы, әлеуметтік

ғылымдарының магистірі: В.Е.Нурмуканбетова








№ 36 «Балақай» бөбекжайы тәрбиешісі Зейноллина Жадыра Зейноллақызының

«Мектеп жасына дейінгі балалардың қызығушылығын логикалық ойындар арқылы дамыту» атты іс-тәжірибесіне берілген


СЫН ПІКІР


Логикалық ойындар баланың интеллектуалдық деңгейін көтеретін болғандықтан әр оқу іс-әрекетінде тапсырмаларды түрлендіріп, қызықтырып қолдану қажет. Осы бағытта, № 36 «Балақай» бөбекжайы Зейноллина Жадыра Зейноллақызының «Мектеп жасына дейінгі балалардың қызығушылығын логикалық ойындар арқылы дамыту» атты іс-тәжірибесінде толық көрсетілген. Осы тақырыпта құрастырған жобалық жоспары балаларды логикалық тапсырмалар арқылы қисынды ойлауға дағдыландырып, балалардың зейінін, ойлау, зерде үрдістерін дамыту, қиялдарын ұштау, тапқырлыққа жетелеу, ойлай отырып есептеу тәсілдерін меңгертуді қамтыған.

Тапсырмаларды жеке және топпен орындауға, жауаптарының себебін анықтап дәлелдей білуге, өз ойын еркін жеткізе білуге үйретіп қана қоймай, сандар мен таңбаларды қатыстырып өрнектер құрастыра білу дағдыларын жетілдіруге, есеп құрастырып шешімін табуды практикалық тұрғыда меңгертуге аса көңіл бөлген. Тақырыпқа сай, логикалық ойындар, тапсырмалар және жаттығулар жинақталынған. Осындай «Мектеп жасына дейінгі балалардың қызығушылығын логикалық ойындар арқылы дамыту» тақырыбындағы әдістемелік құрал, баланы жан - жақты дамытып, білімді толық игеруіне көмектеседі.

Балалардың табиғи мүмкіндігін, шығармашылық қабілетін дамытуды, білімге деген қызығушылығын арттыруа, танымдық көзқарасын жетілдіруде Жадыра Зейноллақызына шығармашылық табыстар тілеймін.



Түсінік хат

Қазіргі кезде білім беру салаларында оқыту мазмұны жаңартылып, оқыту мен тәрбиелеуді дамытудың жаңа мүмкіндіктері ашылуда. Оқыту барысында баланың ақыл – ойын, таным деңгейін дамытуда ойынның алатын орны ерекше.

Логика дегеніміз не?Біз логика деген ұғымға сананы дамытушы құрал немесе жақсы дамыған ақыл ой деген анықтама берер едік.Бірақ ғылыми тұрғыда қарағанда логика сөзінің тарихы тереңде жатыр.Логика дегеніміз тек жақсы әрі тез деген ұғымдармен шектелмейді.

Ойын – адамның өміртанымының алғашқы қадамы. Сондықтан ойын арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып, білімін жетілдіреді.
Ойын– бір қарағанда қарапайым құбылыс не әрекет іспетті. Ол міндетті түрде ұжымдық әрекет.

Ойынның ережелері, ойнаушылардың қисынды ой қабілетінің дамуы, бір – біріне деген сыйластық қажеттіліктерімен санасуы әр ойыншының жеке әрекеттерінен туындайды. Ойынның басты шарты - жеңіске жету болса, әр ойыншы өз қарсыласының мүмкіндігімен санасып, бір – біріне деген сенімін арттырады.

Әсіресе логикалық ойындар баланың тапқырлығын, байқағыштығын, зейінділігін арттырумен қатар, ерік сезім түрлерін де дамытады.
Мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалардың қызығушылығын логикалық ойындар арқылы дамыту жұмыстары барысында түрлі логикалық тапсырмалар, ойындарды қолдану арқылы арқылы баланың қызығушылығын арттыру. 
Міндеті: Баланың қызығушылығын арттыруда логикалық ойындардың жұмысының қаншалықты маңызды екенін ата-аналарға, педагогтарға түсіндіре, жеткізе отырып, оқыту-тәрбиелеу жұмыстарына қатыстыру.

Құрастырған: Зейноллина Жадыра Зейноллақызы

№36 «Балақай» бөбекжайы тәрбиешісі

Сын пікір жазғандар:

В.Е.Нурмуканбетова Батыс Қазақстан университетінің

инновациялық-технологиялық Университетінің аға оқытушысы, әлеуметтік

ғылымдарының магистірі

Г.С.Кадемова №10 «Балапан» бөбекжайының І санатты әдіскері



Айы

Тақырыбы

Мақсаты

Қыркүйек 1 апта

«Түсіне қарай ажырат»

Мақсаты: түстерді ажыратуға үйрету.

2 апта

«Тізбекті жалғастыр!»


Мақсаты: рет, қатар сөздерін түсіндіру.

Қазан 1 апта

«Қандай ұқсастығы бар, айырмашылығын тап!»


Мақсаты: заттардың қасиетін анықтау.

2 апта

«Пішінге қарай таңда»


Мақсаты: заттардың қасиетін анықтау.

Қараша 1 апта

«Не өзгерді?»


Мақсаты: заттар туралы білімдерін кеңейту


2 апта

«Үшіншісі артық?»


Мақсаты: заттарды салыстыру дағдысын қалыптастыру.

Желтоқсан 1 апта

1 апта

«Суретті аяқтап боя»


Мақсаты: тұтас-бөлік сөздерінің мағынасын түсіндіру.


2 апта

«Орындарын тап»


Мақсаты:үстінде, астында, жанында ,кеңістікте орналасу түсініктерін қалыптастыру.

Қаңтар 1 апта

«Суретті аяқта»


Мақсаты: тұстас және бөліктер арасындағы өзара қатынасты меңгерту.


2 апта

«Сайқымазақтарды қалай ажыратуға болады?»


Мақсаты: бір санын меңгерту.

Ақпан 1 апта

«Нұсқаны жалғастыр»

Мақсаты: дәлдікті дамыту.


2 апта

«Қандай ұқсастық бар?»


Мақсаты: теңдікті құру дағдысын қалыптастыру.

Наурыз 1 апта

«Қалай бояу керектігін ойлан тап!»


Мақсаты: геометриялық пішіндер туралы түсініктерін кеңейту.


2 апта

«Сипатына қарай пішіндерді сындыр»

Мақсаты: 4санымен таныстыру.

Сәуір 1 апта

«Орналастыр»

Мақсаты: 5 санымен таныстыру.

4 апта

«Дәл солай боя!»


Мақсаты:санына қарай заттарды топтастыру.

Мамыр 1 апта

«Ең алдымен қайсысы?»

Мақсаты: бұрын-кейін сөздерінің мағынасын түсіндіру.


2 апта

«Қызыл Телпектің басынан кешкендері»

/ойын-сауық/

Мақсаты:өткен материалды қайталау














12


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
9 ұстаз жүктеп алған
29 қаңтар
9587
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі