жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық дамуы
Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық дамуы.
Мектепке дейінгі кезең баланың танымдық,психомоторлық, әлеуметтік, жеке тұлға болып жедел даму кезеңі. Сондықтан,мектепке дейінгі мекеменің психологы мен тәрбиешілерінің негізгі міндеті осы даму кезеңі барысында жағдай туғызып, баланың дұрыс дамуына игі ықпал ету. Ол үшін әр педагог баланың жас ерекшелігін ескере отырып, оның жан-жақты дамуына әсер ететін тәрбиенің негізгі мақсат – міндеттерін, сараптау тәсілдерін меңгеруі тиіс.
Мектеп жасына дейінгі кезеңде қиял – қоғамдық тәжірибені меңгерудегі алғы шарттары болып келеді, өйткені балалар қоршаған ортаны, адамгершілікті, эстетикалық идеяларды өзіндік көзқараспен қабылдайды. Баланың қиялы ересектерге қарағанда әлсіз. Л.С. Выготскийдің тұжырымына сүйенсек, «Бала қиялының дамуы біртіндеп, шамасына қарай қабылдауынан басталады. Қиялда болатын барлық образдар, қаншама таңғажайып болып көрінгенмен де, баланың өмірден көрген-білгенінен негізделеді. Кейде бала өмірде кездескен кейбір жағдайларды өзіндік қабылдаумен түсіндіргенде, бізге үлкендерге күтпеген таңқаларлықтай болып естіледі».
Танымдық даму түрлеріне:
Мидың дамуы.
Қабылдау негізінде ойлау - бала қате түсінікті түзету үшін логиканы қолдана алмайды (оларды алдау мүмкін).
Бір өлшемді ой – бала бір мезетте көп тапсырманы орындай алмайды.
Қайтымсыздық – бала кейбір процесьтерді болдырмауға болатындығын түсінбейді.
Трансдуктивті ойлау – бала себеп салдар құрады. (Олар жаңбырды өздері жаудырған секілді).
Эгоцентризм – басқалар сияқты ойлай алмайды.
Мидың дамуындағы алғашқы маңызды кезең 2 жастан басталып 7 жас шамасында қорытындыға келеді. Бұл балаларға бастапқы, негізгі білім берудің негізін қалауға тамаша мүмкіндік береді. Осы маңызды кезеңнің әсерін арттырудың 4 әдісі бар: оқуға деген сүйіспенщілікті ынталандыру; тереңдіктің орнына кең ауқымды қамтуға назар аудару; эмоциялық зиятқа назар аудару және кішкентай балалардың білім алуын «шынайы» оқу ретінде қарастыру.
Баланың оқуға деген сүйіспеншілігін арттыру;
Кішкентай балалар нәтижеге қарағанда оқу үдерісін ұнатуы керек. Тәрбиешілер мен ата аналар жаңа іс әрекеттермен айналысу, жаңа нәрсені үйрену барысында оның бала үшін қуанышты болуын ойластырулары қажет. Біз балаларға қателіктер оқудың қалыпты бөлігі екенін түсінуіне көмектесуіміз керек.
Бұл кезең ақыл ойдың өсуін қалыптастыратын уақыт, бұл дарындылық пен қабілеттер туа бітпейтінін, керісінше күш салу арқылы дамитынын меңзейді. «Сіз өте ақылдысыз» деген мақтау сөздер нәтиже бермейді, оның орнына баланың табандылығын атап өтіп, оқуға, білім алуға қауіпсіз мүмкіндіктер ұсыныңыз. Егер біз баланың бойында нәтижеге емес, үдеріске деген құлшынысты ынталандырсақ, олар оқуды, білім алуды жақсы көруді үйренеді.
Тереңдікке емес, кең ауқымды қамтуға назар аударыңыз;
Дамудың осы кезеңінде нәтижеге назар аударудан аулақ болудың бір жолы - белгілі бір дағдыны тереңдетіп дамытудың орнына, бірқатар дағдылардың ауқымын дамытуға ерекше назар аудару. Балаларды әр түрлі іс әрекеттерге баулу - әр түрлі салалардағы дағдыларды дамытуға негіз болады. Бұл балалардың музыкамен,кітап оқумен, спортпен, математикамен, өнермен, ғылыммен және тілдермен айналысатын уақыты.
Дэвид Эйнштейн өзінің «Диапазон» кітабында тәжірибенің кең ауқымы көп жағдайда ескерілмейді және бағаланбайды деп айтады. Бір ғана іс әрекетке жоғары деңгейде назар аудару өмірдің белгілі бір кезеңінде орынды болуы да мүмкін.
Жан-жақты болу 2 жастан 7 жасқа дейінгі балалар үшін өте маңызды, олардың дамып келе жатқан миы көптеген дағдылар жиынтығын сіңіруге дайын.
Эмоциялық зиятты елемеу – дұрыс болмас;
Әрине біз балалардың жақсы оқып, математика негіздерін білгенін қалаймыз, бірақ біз эмоциялық зиятты да ескеруіміз керек. Ми дамуының осы алғашқы маңызды кезеңіндегі оқудың үйренудің артықшылықтары мейірімділік, эмпатия/ жанашырлық және командада жұмыс жасау сияқты тұлғааралық дағдыларға ұласуы керек.
Даниэль Сигел мен Тина Пэйн Брайсон өздерінің кітаптарында балалардың эмпатиясын дамытудың маңыхыдылығын түсіндереді. Эмпатия өзгелердің сезімдерін мойындаудан басталады. Сондықтан, олар осы жастағы балаларға алдымен өз эмоцияларын анықтауға көмектесуді ұсынады. («Менің көңілім болмай тұр»), содан кейін оларға солай сезінуге не әсер еткені туралы әңгімелеп беруге көмектесу керек. («Менің көңілім болмай тұр, себебі мен балмұздақ жегім келген болатын, ал сіз рұқсат етпедіңіз». Балалар эмоцияларын нақты атап, анықтауды күнделікті жасап жүрсе, ендігі кезекте тәрбиешілер оларға басқалардың сезімдерін ескеруге шақыратын сұрақтар қоя бастайды.
Жас балалардың білім алуын «шынайы» оқу ретінде қарастыру маңызды;
Балалардың миы осы маңызды кезеңде ақпаратты ерекше қарқынды сіңіре алады. егер зият / интеллект оқу қабілеті ретінде анықталса, 2 мен 7 жас аралығындағы балалар планетаның ең ақылды адамы болуы мүмкін.
Зерттеулер кейбір дағдыларды ми дамуының осы алғашқы маңызды кезеңінен кейін үйренуге болмайтынын көрсетеді. Мысалы, зерттеулер көрсеткендей, осы жас аралығындағы балалар екінші тілді ана тілмен бірдей деңгейде меңгеруге мүмкіндікке ие, тіл дамыту заңдылықтарын үйренуге ең қолайлы кезең. Алайда, балалар 8 жасқа толғаннан кейін олардың тілді меңгеру деңгейі төмендейді және олар екінщі тілді ана тіліндегідей сөйлей алмайды. Дәл осы жас музыкалық қабілетттерді үйренуге керемет мүмкіндік береді.
Мектепке дейін білім беру 3 бағыт бойынша дамиды:
әлеуметтік / эмоционалды
физикалық
танымдық
Жас баланың өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады. Л.С. Выготский пікірінше, ойын мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына ықпал ететін жетекші, басты құбылыстың бірі деуге болады. Бала ойын арқылы өзінің күш-жігерін жаттықтырып, қоршаған орта мен құбылыстардың ақиқат сырын ұғынып үйрене бастайды. Ойын кезіндегі баланың психологиялық ерекшелігі мынада: олар ойнайды, эмоциялық әсері ұшқындайды, белсенділігі артады, ерік қасиеті, қиял елестері мен таным үрдістері дамиды, мұның бәрі баланың шығарымпаздық қабілеті мен дарынын ұштайды.
Бала өзіне берілетін басқаның тәжірибесін белсенді түрде ой елегінен өткізіп, өңдеп пайдаланады. Психолог ғалым Б. Спок ересек адамның жанұяда және бейтаныс адамдармен қарым-қатынас тиімді құра алуы, мектепке дейінгі кезеңде басқа балалармен жасаған қарым-қатынастың тиімділігімен анықталатынын тұжырымдаған. Ол бала басқа балалармен қарым-қатынас барысында өз құқығын қорғауға т.б жатқызады. Қарым-қатынас жасаудың адам өміріндегі қоғамдық-әлеуметтік және психологиялық негізі ең алдымен адамның күнделікті тіршілік қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатымен байланысты екендігі айқын.
Мектепке дейінгі балалар әдетте ойынды, сурет салғанды жақсы көреді, ересектермен және өзі қатарлы балалармен лезде тіл табысып кетеді. Мектепке дейінгі шақтың әсіресе, алғашқы үш жылы психологияда «қауіпті» кезең аталып, өзіне зерттеушілердің үлкен зейінін аударуда. П. Бадалян «...осы уақытта сәби арнайы үйрету мен тәрбие көрмесе, кейін ол өте қиынға түсіп, тіпті кеш болуы да мүмкін» деген. Дер кезінде тәрбие мен үйрету көрген бала бес жасында еш қиындықсыз таза сөйлей білуі тиіс
Мектеп жасына дейінгі баланы дамытатын, өсіретін, әрі тәрбиелейтін де негізгі іс – әрекет ойын. Ойын арқылы бала қоршаған ортамен, адаммен, олардың еңбегімен, қарым – қатынасымен танысады. Ойын арқылы олардың ой-өрісі дамиды. Ойын үстінде балалар әртүрлі рөлде жолдастарымен қарым – қатынас жасауға, ойын үстінде ойлана отырып жауап беруге, қиялдауға, елестетуге қабілеттері қалыптасады. Сөздік ойындары балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамытады. Ойыншықтарды пайдалана білуге үйренеді.
Арнайы ойын ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің мазмұнына қарай танымдық, дамытушы ойындарды, тапсырмаларды қолдану, балаларды заттарды бір – бірімен салыстыруға, оларды қасиетіне қарай ажыратуға және оны танып білуге үйретеді. Сөйтіп бала топтағы жасына сәйкес бағдарламалық міндетті меңгереді.
Ойын ұйымдастыруда балаларға жетекші бола отырып, ойнай білуге,ойын ережесін сақтауға, әрі оларды ойната отырып ойлануға бағыттайды, заттың атын немесе қасиетін есінде сақтап қалуға жол ашады, ойынға қызықтыра отырып зейінін, қиялын дамытады.
Баланың танымын дамытуға арналған ойындарды назарларыңызға ұсынамын.
Ойын: «Не өзгерді?»
Мақсаты: есте сақтау қабілеті дамиды.
Психолог балаларға үлкендігі бірдей бірнеше жұмсақ ойыншықтарды көрсетеді. Балалар олардың атын атайды. Содан соң психолог балалардан көздерін жұмуын өтінеді де,ойыншықтардың біреуін алып тастайды.
Балалар көзін ашып, қандай ойыншық жоқ екендігін айтады.Ойын 3-4рет қайталанады.
Ойын: «Суреттерді құрастыр»
Мақсаты: ойлау қабілеті дамиды.
Психолог балаларға 3-4 бөлікке бөлінген суретті береді.Балалар үлгінің көмегінсіз суретті құрастырады.
Ойын: «Кім тығылды?»
Мақсаты: көзбен қабылдауы дамиды.
Психолог балаларға жануарлар бейнеленген суреттерді көрсетіп, суретте қандай жануар жасырынғанын сұрайды.
Балалар алдымен атын атап, содан соң суретті бояйды.
Ойын : «Не артық?»
Мақсаты: суреттерді салыстыру арқылы ойлау қабілеті дамиды.
Тәрбиеші балаларға үш қатар суреттері бар бетшелерді ұсынады.Әр қатардағы бейнеленген заттарды сипатына қарай мұқият қарап ,басқаларынан өзгеше біреуін табуын өтінеді.Осылайша әр қатардағы заттардан бала артығын табады.
Ойын: «Не жетіспейді?»
Мақсаты: көзбен қабылдау және ойлау қабілеті дамиды.
тәрбиеші балаларға бірнеше заттардың суреті бар бетшелерді ұсынады.Суретті мұқият қарап,әр заттың жетіспейтін бөлшегін табуын сұра йды.
Баланың танымын дамытуға арналған ойындар.
Ойын: «Жұбын тап»
Мақсаты: заттардың арасындағы байланысын табуды үйренеді.
Тәрбиеші балаларға бірнеше заттың бейнесі бар суреттерді береді. Оларды мұқият қарап,екі-екіден жұптастырып қарындашпен сызып көрсетуін өтінеді.
Ойын: «Есіңде сақта»
Мақсаты: есте сақтау қабілеті дамиды.
Тәрбиеші балаларға пішін бейнеленген карточканы ұсынып, мұқият қарап алуын сұрайды.Балалар оны есінде сақтап, содан соң суретін салады.
Ойын: «Бір сөзбен ата»
Мақсаты: ойлау қабілеті дамиды.
Тәрбеші балаларға әртүрлі суреттері бар карточка ұсынады.Балалар әр қатардағы заттарды бір сөзбен атауы қажет.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген