400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда триз технологиясын қолдану

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі балаларды оқыту баланың мектепте білім алу даярлығын (әлеуметтік-психологиялық, тұлғалық, ерік-жігерлік, дене және зияткерлік даярлығы) қамти отырып, баланың коммуникативтік дағдыларының қалыптасуына, танымдық және әлеуметтік қызығушылықтарының көрінуіне, білім алуға деген құштарлығының дамуына ықпал етеді. «Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда ТРИЗ технологиясының әдістерін қолдану» тақырыбы бойынша келесі мақсат, міндеттер қарастырылған: Мақсаты: ТРИЗ технологиясының әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы адамгершілікке тәрбиелей отырып, жаңа заман талабына сай балалардың ой санасын жетілдіру. Міндеттері: Балаларды ауызша сөйлеуге үйрету, сөздік қорын кеңейту. Айналадағы дүниені, табиғатты бақылау, таныту арқылы сөздік қорын жаңа сөздермен байыту, жаңа технологияларды қолдану арқылы балалардың ойлау белсенділігін арттыру, тіл байлығын дамыту. «Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда ТРИЗ технологиясының әдістерін қолдану» вариа
Материалдың қысқаша нұсқасы
Page 1

Түркістан облысы Шардара ауданының білім бөлімінің
«Балдаурен» бөбекжай бақшасы МКҚК



Дайындаған: Манаш Д.

2023-2024ж.


Page 2

Мазмұны
1. Түсіндірме жазба
2. Триз технологиясының тиімділігі
3. Ата-аналарға кеңес
4. Күтілетін нәтиже
5. Бағдарламаның тақырыптық жоспары
6. Балалармен жұмыстың қысқаша әдістері мен түрлерін сипаттау.
































Page 3


Мектепке дейінгі балаларды оқыту баланың мектепте білім алу
даярлығын (әлеуметтік-психологиялық, тұлғалық, ерік-жігерлік, дене және
зияткерлік даярлығы) қамти отырып, баланың коммуникативтік
дағдыларының қалыптасуына, танымдық және әлеуметтік
қызығушылықтарының көрінуіне, білім алуға деген құштарлығының
дамуына ықпал етеді.
«Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда ТРИЗ
технологиясының әдістерін қолдану» тақырыбы бойынша келесі
мақсат, міндеттер қарастырылған:
Мақсаты: ТРИЗ технологиясының әдіс -тәсілдерін қолдану арқылы
адамгершілікке тәрбиелей отырып, жаңа заман талабына сай балалардың ой-
санасын жетілдіру.
Міндеттері: Балаларды ауызша сөйлеуге үйрету, сөздік қорын кеңейту.
Айналадағы дүниені, табиғатты бақылау, таныту арқылы сөздік қорын жаңа
сөздермен байыту, жаңа технологияларды қолдану арқылы
балалардың ойлау белсенділігін арттыру, тіл байлығын дамыту.
«Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда ТРИЗ технологиясының
әдістерін қолдану» вариативтік бөлімінің мазмұны оқу бөлімдері бойынша
ұйымдастырылған.
ТРИЗ – бұл ең жас, әрі кең тараған таныс педагогикалық инновациялық
жүйе. Ол – тапқырлық тапсырмаларды шешу теориясына және
шығармашылық тұлға дамыту теориясына негізделген. Оны Ресейлік ғалым
және қиялшыл – жазушы Генрих Альтшуллер жасаған. Оның
технологиясының басты идеясы техникалық жүйелер белгілі бір заңдармен
туындап, дамиды: бұл заңдарды тануға болады және өнертапқыштық
тапсырмаларды шешу үшін қолдануға болады. Қазіргі таңда
Г.С.Альтшуллердің ӨТШТ технологиясы мектеп жасына дейінгі балалардың
сөйлеуін, тапқырлығын, шығармашылық елестетуін, диалектикалық ойлауын
дамыту үшін бала бақшаларда табысты қолданылады.
Үдерісте ТРИЗ бейімделген әдістерін қолдануда артықшылықтары бары
сөзсіз:
 балалардың танымдық іс-әрекетін белсендіреді;
 шығармашылықтың туындауына ынта береді;
 балалардың бейнелей сөйлеуін дамыту үшін жағдай жасайды (бағалау
лексикасының сөз қорын ауыспалы мағынадағы сөздер, синоним мен
антонимді байыту);
 барлық тілдік құралдарды меңгерудің тиімділігін арттырады;
 лексика-грамматикалық құрылысын құрудағы саналылығын
қалыптастырады;


Page 4

 ойлау қабілетінің талдау-синтетикалық операцияларының икемділігін
дамытады.
Мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс жасауда ТРИЗ элементтерін
қолдана отырып, келесідей дидактикалық қағидаттарды ескеру қажет:
 таңдау еркіндігі қағидаты – балаға кез келген оқыту немесе басқару
әрекетіне таңдау құқығы;
 ашықтылық қағидаты – балаға ашық (шешімінің бірнеше жолы бар)
тапсырмалармен жұмыс істеу мүмкіндігін беру керек. Шығармашылық
тапсырмалар жағдайында шешімнің әртүрлі нұсқаларын жасауы керек;
 іс-әрекет қағидаты – кез келген шығармашылық тапсырмаға
практикалық іс-әрекетке қосу қажет;
 кері байланыс қағидаты – тәрбиеші балалардың ойлау операцияларын
меңгеру үдерісін тұрақты бақылай алады, өйткені жаңа
шығармашылық тапсырмада алдыңғы шығармашылық тапсырманың
элементтері болады;
 мінсіздік қағидаты – шығармашылық тапсырмалар арнайы жабдықты
қажет етпейді және кез келген сабақтың бөлігі болуы мүмкін, бұл өз
кезегінде балалардың білімі мен қызығушылықтарын, мүмкіндіктерін
барынша қолдануға мүмкіндік береді.
ТРИЗ негізгі бағдарламасын ауыстыруға емес, оның тиімділігін барынша
арттыруға арналған. Тәрбиеші жұмыс істейтін кез келген бағдарлама
негізінде практикада тексерілген ТРИЗ әдістері мен тәсілдерін қолдануға
болады. ТРИЗ ұстанушыларының ұстанымы: әрбір бала тумысынан дарынды
және кемеңгер, алайда оны барынша төмен шығын жағдайында барынша
жоғары нәтижеге қол жеткізу үшін қазіргі заманға бағдарлануына үйрету
керек. Барлық сабақтар мен ойындар баланың тақырыпты, материалдар мен
іс-әрекет түрін дербес таңдауды білдіреді. Олар балаларды заттар,
құбылыстардың қайшы ерекшеліктерін анықтауға және осы қайшылықтарды
шешуге үйретеді. Қайшылықтарды шешу – шығармашылық ойлауға деген
кілт.

«ТРИЗ» технологиясы тиімділігі
«ТРИЗ» технологиясы баланы ғана емес, тәрбиешіні де
шығармашылық педагогикаға оқытады. ТРИЗ қолдаушылары алдында тұрған
басты мәселе – дайын формуланы балалармен сабақ өткізуде схемалық түрде
қолдану ниетінен сақтандыру. Балалар тумысынан үлкендердің ақпараттарын
талдай отырып, өздерінің қандай да бір жүйесін құруға, өзінің пәктігі мен
аңғалдығын көрсете, жүріп жатқан үдерістердің заңдылықтарын ұғынуға
талпынады. ТРИЗ оқиғалар мен құбылыстардың заңдылықтарын түсіну
үдерісімен мүмкіндігіне қарай танысуды ұсынады. «ТРИЗ» технологиясы
балалармен тарихи тақырыпта әңгімелесуді ұсынады: қарындашты ойлап
табу тарихы; үстелді ойлап табу тарихы; дөңгелек, шам, радио, робот және


Page 5

т.б. тарихы. Объектіні даму тұрғысынан қарау үнемі жетілдірудің, ойлап
табудың себептерін түсінуге мүмкіндік береді. Балалар ойлап табу – бұл
қайшылықтарды шешу дегенді түсіне бастайды.
Мектеп жасына дейінгі балалармен серуендеуде балалардың ой-өрісін
белсендендіретін әртүрлі тәсілдерді қолдануға кеңес беріледі: табиғат
заңдарының өзгеруі, табиғаттың оянуы, түрленуі, объектінің әсер ету
деңгейінің артуы, төмендеуі және т.б. Мәселен, тәрбиеші балаларға: «Ал,
балалар, желді тұрғызайық: оның анасы кім? Оның достары кім? Не үшін жел
күнмен дауласады?». Эмпатия тәсілін де қолдануға болады. Балалар өздерін
бақылаушы орнына қояды: «Егер сен бұтаға айналсаң, не істер едің? Нені
армандайсың? Кімнен қорқасың? Кіммен достасар едің? Сенің
жапырақтарың не туралы сыбырлайды?» немесе «Өзіңді қызыл қоңыздың
орнына қойып көр. Не үшін сен өмір сүресің? Сенің достарың кім? Нені
жегенді жақсы көресің?». «ТРИЗ» бағдарламасы тәрбиешілер мен балаларға
адам өзінің жасына тәуелсіз меңгеретін шығармашылықтың әдістері мен
құралдарын береді. Осы бірыңғай құралды қолдана отырып, балалар мен
ересектер бір-бірімен тіл табысуы, түсінісуі жеңіл болады. ТРИЗ – бір рет
құрылып, өзгермейтін шығармашылық педагогикалық жұмыстар жүйесі
емес, бұл үнемі дамитын технология. ТРИЗ қолдаушылары әрдайым ізденісте
болады, балалар мен тәрбиешілердің шығармашылық ойлауын белсендірудің
жаңа әдістерін ойлап табады, дайындайды. Стандарттан тыс ойлауға,
шаблонды емес шешімдерді қабылдауға не барынша кедергі жасайды деген
сұраққа А. Страунинг барлық ересектерде болатын және ересектер оны
балаларға кішкентай жасынан бастап «табысты» дағдыландыратын
психологиялық инерция деп жауап беретін. Психологиялық инерция өмірлік
жағдайды шешу ересектерге (балаларға қиын) жеңіл болатын қандай да бір
жаңаны шығару кезінде кедергі болып табылады.
Ата-аналарға арналған кеңес:
«Триз технологиясының тиімділігі»
Мектепке дейінгі балалық шаққа бейімделген ТРИЗ технологиясы баланы
шығармашылық тапсырмаларды орындауды үйретеді және оның бойында
шығармашылық қажеттілікті дамыта отырып, оның қызығушылығына сүйене
отырып, шығармашылыққа жүйелі түрде жетелеуге мүмкіндік береді. ТРИЗ
және оның принциптері тек техникалық қана емес, сонымен қатар басқа да
шығармашылық тапсырмаларды шешуге қолайлы.
Бірқатар зерттеушілердің ойынша, заманауй интеллектуалдық әрекеттің
педагогикалық және психологиялық ойдың негізі, белсенді ізденімпаздық
әрекет әдістеріне негізделсе, мектепке дейінгі баланың интеллектуалды
әрекеті табиғи үйреншікті болуы мүмкін.Бұл ата-анамен педагогтың
күнделікті тәрбие беру барысында баланың танып білуге қызығушылығын
ояту қажеттілігін туғызу,өз беттерімен мәселені шешу,нәтижеге жетуге
тәрбеленуінің,бағыт беруінің арқасында туындайды.Мектепке дейінгі
тәрбиелеуде ТРИЗ технологиясын алғашқы математикалық түсініктерін
қалыптастыруда тиімді екені байқалды. Мысалы: «Ұқсастықтарын тап»


Page 6

ойыны арқылы қарама-қарсы тұрған заттардың ұқсастықтарын тауып айту
керек.
ТРИЗ – бұл обьективті заңдылықтардың даму жүйесін зерделейтін және
проблемалық шешу әдістемесін әзірлейтін ғылым.Техникалық
шығармашылық әдістемесі өндірістегі интеллектуалдық өнімділікті
жоғарлату үшін қажеттіліктен туындаған әдіс.Ол екі концепцияға сүйенеді.
Бірінші жағдайда ерекше ойлайтын дарынды адамдарда шабыты келген кезде
ойлап, табатын ерекше туынды. Бұл көбейтуге зерделеуге келмейді.Екінші
жағдайда жасанды жүйенің өзгеруі адамның субьективті еркіне сүйене
отырып жүргізілмейді,обьективті заңдылықтаға сүйенеді. Бұл технологияның
негізгі,техникалық жүйелер қалай болса солай емес,белгілі бір
заңдылықтарға сүйенеді.Ол заңдылықтарды танып білуге болады.ТРИЗ жаңа
ойларды нақты бір ғылымға айналдырады.Себебі ол, логикалық шешімдерге
сүйенеді.
Триз технологиясын нақты іске асыру үшін балаға ойын,тақырып таңдауда
еркіндік беру керек. Сол кезде ғана ол заттардың құрылысымен танысып
қарама-қайшылықтарын түсінеді,түйіткілдерін шешуге үйренеді. Мектепке
дейінгі баланың қарама- қайшылықтарды шешіп үйренуі –шығармашылық
ойлаудың кілті болып табылады.
ТРИЗ-дің өзге әдістерден, теориялардан ерекшелігі- бұл жеке әдістердің,
әрекеттердің, машықтардың жиынтығы емес, бұл көптеген амалдарды шешу,
соның ішінде педагогикалық, жаңа идеяларды тауып, әрқашан
шығармашылық ізденісте болып, әдіс құру талпынысы.
Мектепке дейінгі баланың ойлау қызметін дамытуда, шығармашылық және
дербес ойлауын дамытуға қабілетті, рефлексиялық, негізінен – мектепке
оқуға интелектуалдық дайындығын қалыптасытыру үшін қызықты
тапсырмалар мен дамыту ойындары ерекше орынға ие. ТРИЗ ұялшақтықтан,
тұйықтылықтан, жасқаншақтықтан арылтады; кішкентай адам өз көзқарасын
сақтап қалу үшін қиын жағдаяттан түпкі шешімін дербес тауып шығуға
үйренеді.
ТРИЗ әдісін ойлап шығарушылар, шығармашылық педагог иканың жаңа
деңгейіне шығуға тырысады-жеке шешімдерді табу үшін емес,балалармен
бірге күнделікті жағдайлардың логикалық шешімін дұрыс, сауатты табу
принципін құрастыруға тырысады. Балалар мен ересектер мәселесінде
айырмашылық жоқ: оның мағынасы жас ерекшел іктеріне қарсы келеді.
Ойлау қабілеті дамыған бала өз денгейінде мақсаттарды шешуге
машықтанып,өмірге жанжақты болып келеді.

Күтілетін нәтиже
ӨТШТ (ТРИЗ) технологиясында «Миға шабуыл» әдісі ең қолайлы
тәсіл болып табылады. Миға шабуыл нақты сұрақ қоюдан басталады. Басшы
өз ойын ақырғы болып айтады. Миға шабуыл тек жеке тұлғаның
психолгиясын емес, сонымен қатар «бір топ» адамның психологиясын


Page 7

ескереді. Ми қабыршығында жете тығылған мәселені табуға көмектеседі.
Адамдар сыннан қорқып батыл ойларын айтуға жасқанады, сондықтан миға
шабуылды жүргізген кезде сын айтуға тыйым салынады. (сөздік, ым- ишарат,
мимикалық), әрбір ашықтан-ашық, оғаш, әзіл ой-пікірлер көтермеленеді.
Бұл әдіс – балаларға өз пікірлерін айтуға, оны дәлелдеуге, балаларды басқа
біреуді тыңдай білуге, басқа адамға баға беруге, шешілмеген мәселелерді
шығармашылық тұрғыдан шешуге өз пайдасын тигізеді.
Балалардың қызығушылығын арттыру мақсатында «Ойыншық» атты
кейіпкер енгізілген. Осы кейіпкердің көмегімен балалар түрлі ойын-
жаттығуларды, тапсырмаларды орындайды.
Жоспарда берілген жағдаяттарды шешу барысында әр балаға қуаныш,
ұмытылмас әсер сыйлайды, оның көркемдік талғамын, еліктеуі мен қиялын
дамытады.
Күтілетін нәтижелер:
 Баланың сөйлеу тілі дамиды;
 Сөздік қорлары толығады;
 Байланыстырып сөйлей білуге дағдыланады;
 Сөздегі дыбыстарды анық айта білуге үйренеді;
 Мәнерлеп сөйлеу дағдылары қалыптасады.
«Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда
ТРИЗ технологиясының әдістерін қолдану» (ТРИЗ ойындары)

№ Тақырып Мақсаты
Сағ
ат
сан
ы
1
Балабақша –менің екінші
үйім
Балабақша қызметкерлерімен
таныстыру,олардың еңбектері жайлы
толығырақ мағлұмат беру.
1
2
Жыл мезгілі, жыл
мезгілдеріндегі қарама –
қайшылық.
Қоршаған ортаға деген
қызығушылығын күшейту,
табиғаттағы өзгерістер жайлы
білімдерін жүйелеу
1
3
Жыл мезгілі, жыл
мезгілдеріндегі қарама –
қайшылық.
Қоршаған ортаға деген
қызығушылығын күшейту,
табиғаттағы өзгерістер жайлы
білімдерін жүйелеу
1
4
Заттар арасындағы
қарама -қайшылық
Заттарды салыстыра отырып
айырмашылық ұқсастықтарын ,
қажеттілігі жайлы білімдерін кеңейту
1


Page 8

5
Заттар арасындағы
қарама-
қайшылық(жалғастыру)
Заттарды салыстыра отырып
айырмашылық ұқсастықтарын ,
қажеттілігі жайлы білімдерін кеңейту
1
6
Әртүрлі жағдаяттардағы
қарама -қайшылық
Өмір жағдайларындағы қарама
қайшылықты түсіну, салауатты өмір
салтына бағыттау
1
7
Өлшемдер арасындағы
қарама -қайшылық
Салыстырмалы өлшемді қалыптастыр
у жайлы түсінік беру, жануардың мөл
шері туралы балалардың білімін толы
қтыру
1
8
Мөлшерге байланысты
қарама-қайшылықтар.
Салыстырмалы мөлшерлік жайлы түсі
нік беру
1
9
Қарама-қайшылық
белгілер
Қарама- қайшылық, ұқсастық, өзгешел
ік туралы білімдерін толықтыру.
1
10 Тұлғаның ішкі жүйесі
Адамның дене мүшелері жайлы түсіні
к бере отырып, зейінін, салыстыра біл
у машығын жетілдіру
1
11
Мен білетін тақпақтар
(мнемошаршылар
арқылы өлең жолдарын
айту)
Жеңіл өлең жолдарын кесте бойынша
айтқызып, жаттату.
1
12
Нысандар ішкі жүйесі:
нысан «шайнек»
Ыдыстар жайлы білімдерін кеңейту, о
йларын жеткізе білу
1
13
Заттардың ішкі жүйесі:
нысан «Көлік»
Көліктер туралы білімдерін толықтыр
у, жол ережесі жайлы түсіндіру
1
14
«Конструктор»

Балаларды жұмбақ құрастыра білуге
дағдыландыру; елестете білуді
дамыту.
1
15

«Үйшік» ойыны
Балалардың ойлау қабілетін арттырып
,ортақ белгілерін салыстыра білуге үй
рету
1


Page 9

16
«Кішкентай адамдар»
әдісі
«Кішкентай адамдар» әдісімен таныст
ыру,қатты денелер қасиеті жайлы түсі
нік беру
1
17
«Қатты және сұйық»
денелер
Ойлау қабылеттерін дамыта отырып, с
ұйық заттар жайлы білімдерін толықт
ыру
1
18
«Газ тәрізді кішкентай
адамдар»
Газ тәрізді заттар жайлы мағлұмат бер
у
1

19

«Түрлі-түсті адамдар»
Балалардың ойлау қабілеттерін
күшейту; ой-қиялын дамыту;
заттардың әртүрлі қасиеттерін
түсіндіру.

1
20
«Кішкентай адамдарды
модельдеу бойынша
қорытынды оқу қызметі»

Балалардың танымдық белсенділігін
арттыру; салыстыру және толықтыру
қабілетін дамыту; физикалық
процестерді модельдеу қабілетін
қалыптастыру.
1
21
«Ішкі жүйе
функциялары»

Үйдің және бөліктерінің қажеттігі
жайлы түсініктерін жүйелеу;
бөліктерінің өзара байланысын және
анықтап айта білу қабілеттерін
жетілдіру; диалектикалық ойлау
қабілеттерін қалыптастыру.
1
22 «Жүйелі жеделсаты»
Ойлау қабілеттерін дамыта отырып,
кейіпкерлердің рөлдерінде ойнай
білуге үйрету. Жүйелі саты нысанын
модельдеуді талдай білуді үйрету.
1
23
«Нысанның ішкі және
сыртқы жүйелері»
Балалардың ойлау қабілетін күшейтіп,
объектіні талдау үшін «жүйелі
жеделсаты» моделін пайдалануға
үйрету;
1
24
«Нысанның ішкі және
сыртқы жүйелерін
жалпылау»
нысанның ішкі және сыртқы жүйелері
н бекіту. «Жүйелі жеделсаты» моделін
жұмыс барысында қолдана білуді бекі
ту.
1


Page 10

25 «Өтіп кетті»
Әр түрлі объектілердің өткені туралы
балалардың ойларын тұжырымдау.
1
26
«Адам болашағы»

Уақыт бірлік өлшемін жүйелеу; Болжа
мдай білу қабілетін қалыптастыру; қаз
іргі жағдайды талдау тізбегін үйрету.
1
27 «Болашақ субъектілері»
Болжамдап айта білуді дамыту; вариат
ивті шебер ойлауды қалыптастыру; ар
мандай, қиялдай білу қабілетін дамыт
у
1
28
«Жүйелі оператор»
ойыны
«Бесэкранды» талдау нысан үлгісімен
таныстыру. Назар салып тыңдауға үйр
ету.
1
29
«Жүйелі оператор»
жалпылау сабағы
Объектіні жүйелі талдау қабілетін бекі
ту; «Бесэкранды» моделін пайдалана б
ілуге үйрету; диалектикалық ойлауды
қалыптастыру.
1
30
«Жүйелі оператор
бойынша ертегі желісін
талдау»
Ертегілерді жүйелі талдау қабілетін қа
лыптастыру; болжамдап талдау қабіле
тін дамыту; қиялын дамыту; керісінше
пайдалану қабілетін үйрету.
1
31
«Ертегілер құрастыру
үшін ресурстарды
пайдалану»
Жұмбақтар құрастыра білуге үйрету; с
алыстыру, қиялдау және қорыта білу д
ағдыларын дамыту; ойлау қабілетін ж
ағдаяттарды шешу барысында іске қос
а білу.
1
32 «Басқаша көзқарас»
Балаларды ертегі жанры бойынша сөй
лемдер құрастыра білуге үйрету; объе
ктілерді басқа тұрғысынан сипаттауды
таныстыру.
1
33
«Жандандыру» (қиялдау)

«Жандандыру» қиялдау әдісімен таны
стыру; ойлау қабілетін күшейтіп, қиял
1


Файлдың толық нұсқасын материалды жүктеу арқылы көруге болады
Материалды PDF форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
30 қаңтар
18
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі