400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие беру арқылы эстетикалық талғам негіздерін қалыптастыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Табиғат –біздің ортақ үйіміз.Табиғатқа деген сыйды жоғалту адамзаттың адамгершілік құндылықтарын жоғалтуға әкеліп соқтырады. Қазіргі уақыттағы әлемдегі экологиялық жағдай адам көзқарасының өзгеруін талап етеді. Өсіп келе жатқан ұрпақта жаңа экологиялық сезім қарастырылуы керек деп санаймыз.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие беру арқылы эстетикалық талғам негіздерін қалыптастыру

                           Баяндама

 Табиғат –біздің ортақ үйіміз.Табиғатқа деген сыйды жоғалту адамзаттың адамгершілік құндылықтарын жоғалтуға әкеліп соқтырады. Қазіргі уақыттағы әлемдегі экологиялық жағдай  адам көзқарасының өзгеруін талап етеді. Өсіп келе жатқан ұрпақта жаңа экологиялық сезім қарастырылуы керек деп санаймыз.Келешекте балалар кім болса да ,олар қоршаған ортада рөльдерін бөліп , табиғат заңдылықтары бойынша өз түсініктері болуы керек. Экологиялық тәрбие мен білім беру –қазіргі таңдағы айқын бағыттардың бірі. Экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу неғұрлым ерте басталса, соғұрлым оның болашағы зор болмақ. Баланың сәби кезінен экологиялық мәдениеттілік санасын тәрбиелеу –осы мәселелердің шешілу жолдарының бірі болып табылады. Мектепке дейінгі ұйымдардағы экологиялық тәрбие берудің маңызды міндеті-балалардың табиғаттың әсемдігін көріп түсіне білуге ,тірі табиғатқа қамқор бола білуге үйрету және экология саласы бойынша нақты білім беріп, аймақта қолданылатын ресурстары шектеулі екенін түсіндіру керек .Біз баланы табиғатты пайдаланып қана қоймай ,оған қамқор болуға,оны күтіп аялауға үйретуіміз керек.

Экологиялық білім берудің басты міндеттері:

 -өсімдіктермен жануарларды күте білу дағдыларын қалыптастыру.

-қоршаған ортада алған әсерлерін жеткізе білу,эмоциялық көңіл-күйлерін басқара білу дағдыларын жетілдіру.

-қоршаған ортаны сүйе, табиғатты қорғай білуді жүйелі түрде жүзеге асыру.

-табиғат пен бала арасындағы оңтайлы қарым-қатынас орнату.

-адамның табиғаттағы тіршілік әрекеті және жеке гигиена жайындағы білімдерді тиімді жолдары мен жеткізу.

Осы міндеттерді жүзеге асыру үшін мынандай жұмыс түрлерін орындауға болады:

-балалардың экологиялық білімдерін қамтамасыз ететін пәндік-дамытушы ортаны құру.

-«Экологиялық соқпақ», «Қызыл кітап», «Жасыл аймақ», «Дәрілік өсімдіктер» орталығын құру,тірі табиғат бұрышын ұйымдастыру.

-үлестірмелі материалдар жинақтау (гербарий,суреттер жинағы,,табиғат туралы мақал-мәтелдер т.б)

-экологиялық тақырып аясындағы бағдарламаны жүзеге асыра білу жолдарын таба білу,басқа ұйымдастырылған іс-әрекеттерімен сабақтастыру.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері кезінде балаларға табиғат туралы жұмбақтар , мақал-мәтелдер, тыйым сөздер, табиғат туралы ертегілер де оқуға болады.

Жұмбақ.

Қарасаң келбетіне

Тұмсығы найзағайдай

Шығарып су бетіне,

Қакнатын жайса жай,

Көрінер кемедей

Мұхитта телегей.

-бұл жұмбақтың шешуі не?

-балық

-дұрыс , балықтар қайда тіршілік етеді?

-суда

-иә , олар сусыз тіршілік ете алмайды. Суда өседі. Судан шықса, ауа жетпей қалады.Сол үшін балықтың өсіп-өнуіне жағдай жасау керек.

Біз бүгін  «Алтын балықпен»танысамыз.

 

      Балық желбезекпен тыныс алады. Өкпесі жоқ.Құйрығы бұрылу қызметін атқарады. Балық сопақша болады. Олар ұсақ балдырлар , яғни су  өсімдіктері мен қоректенеді.

    Сергіту сәті:Қане балалар тұрамыз

                          Бойымызды жазамыз

                         Балықтарға ұқсап біз,

                         Жүзіп-жүзіп аламыз.

  Балалар тәрбиешінің жасаған іс-қимылдарын қайталайды.

Тосын сый. ( Есік қағылады . Балықша атай кіреді. Сәлемдеседі. Өзі балық аулап келе жатқанын айтады.)

-Ата балалар сізге тақпақ айтып берсек дейді.

 Дәмді ететін сорпаңды

 Білем таяз ортаңды,

 Денесінен басы үлкен,

 Ұстап алдым шортанды

                                                       Ең ірісін алыппын,

                                                       Өзім соған қарықпын

                                                        Атам айтқан осыны,

                                                           Қасқыры деп балықтың

Балықшы атай:Бәрекелді , қарақтарым, рахмет! Мен сендерге жұмбақтар жасырайын.

 Аузы бар , тілі жоқ

Терісі бар , жүні жоқ

Жүрегі бар , ізі жоқ,

 Қанаты бар, ұшпайды.

Су астында қыстайды.

(Балық)

Балықшы атай:-Жарайсыңдар, шешуін дұрыс таптыңдар. Мен бүгін сендерге алтын балық ауладым.

                    Ойын:Кім алтын балықты құрастырады?»

       Тәрбиеші балалар; мына алтын балықты қалай күтеміз?Ол үшін аквариумды жақсылап жуып; тасын тазалап; балдырын салады. Содан соң бір күн тұрған суды акварумге құяды,балықты суға жібереді. Аквариумды жарық жерге қойып, тағамын арнайы ЗОО дүкенінен алуы керек.

  (Барлық іс-әрекеттерді балалардың қатысуымен жүзеге асыру.Тамақтандыру.)

             Осы атқарылып жатқан жұмыстардың барлығы балаларға қоршаған ортаға саналы , мейірімді көзбен қарауға, табиғат аясында ережелерді сақтауға,дұрыс қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу, туған өлкесінің сұлулығына,табиғат тіршіліктеріне деген  сүйіспеншілігін , махаббатын ояту.Мүмкін сонда ғана бүлдіршіндеріміз құмырсқа илеуін бұзбауға , тірі жәндіктерді сақтап, оларды әлсіз тіршілік иесі ретінде аяушылықпен қарап, оларға қамқорлық жасап қол ұшын беруге даяр болар. http://www.youtube.com/watch?feature=player_embedded&v=f2JMU9FUf-w







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17 наурыз
528
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі