400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Мектеп жасына дейінгі балаларға жыныстық тәрбие керек пе?»

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата –аналарға баланың жыныстық дамуындағы өз міндеттері мен қажеттіліктерін түсінуге көмектесу. Бала тәрбиесінде ерекше орын алатын жыныстық тәрбие жайлы мәселелерді шешу. ата-аналардың балалрдың түрлі сұрақтарына жауап берулеріне көмек көрсету. Дөңгелек үстел балабақша ата-аналарына арналған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Мектеп жасына дейінгі балаларға жыныстық тәрбие керек пе?»


Мақсаты: Ата –аналарға баланың жыныстық дамуындағы өз міндеттері мен қажеттіліктерін түсінуге көмектесу.


Дөңгелек үстелдің барысы:

Құрметті ата –аналар! Мен сіздердімен бүгін кездескеніме өте қуаныштымын. Бүгінгі кездесуімізге түрткі болған біршама ата – аналардың әдетте қозғауға батылдығы бармайтын, мүмкін оны білуге ұят немесе ерте деп жылы жауып қойған көкейкесті мәселелеріміз жыныстық тәрбие төнірегінде болмақшы. Бұл тақырыпты осында талқылаудың басты себептері балабақшамызда жыныстық тәрбиеге байланысты мәселелердің тууы болды. Алайда бұны білуіміз керек. Ол жайлы балаларымызбен қалай сөйлесуіміз керек, қалай түсіндіруіміз керек, баланың психологиясына қалай кері әсеріміздің тигізбеуіміз керек деп ойлаған ата – аналарымыздың жүздеген сұрақтарына дәл бүгін «Мектеп жасына дейінгі балаларға жыныстық тәрбие керек пе?» атта дөңгелек үстелімізде талқылауға бар күш – жігерімізді жинап көрейік. Дөңгелек столымызды бастамас бұрын мен сіздердің ойларыңызды білгім келеді

  • Жыныстық тәрбие керек пе?

  • Керек дейтіңдер балаға жыныстық тәрбиені қанша жастан бастауы керек?

Әдетте біз қозғауға ұялатын, қысылатын бұл тақырып баланың жеке тұлға болып қалыптасуына мол әсерін тигізбей қоймайды. «Ауруын жасырған өледі » демекші бұл тақырыптың төңірегінде кейбірейлеріңіздің бір қатар мәселелеріңіз бары анық. Сол мәселелерді алдын алу, болмаса шешу мақсатында мен сіздерге келесі анкетаны ұсынғым келіп отыр. Мүмкін бұл анкетадағы сұрақтарды біреулеріңіз қалыпты қабылдасаңыздар, біреулеріңіз ерсі деп түсіңерсіздер. Бірақ ұлы сөздің ұяттығы жоқ. Анкета ананимді түрде жүргізіледі. Сұрақтарға шынайы жауап берулеріңізді сұраймын.

Анкета

  1. Балаңызбен бір төсекте немесе бір бөлмеде ұйықтайсыз ба?

  2. Балаңыз барда үлкендерге арналған фильмдерді көресіз бе?

  3. Балаңыз интимдік тақырыптағы сұрақтарды жиі қоя ма?

  4. Әр түрлі жыныстағылардың қарым – қатынасы жайлы балаңызбен қашан айта бастауларыңыз керек деп ойлайсыз?

  5. Балалардың қайдан пайда болатыны туралы балаңызға шындықты айту керек пе?

  6. Балаңыз өз жыныс мүшелерін жиі ұстағанын байқасыз ба?

Жыныстық тәрбие өзге тәрбие түрлері секілді ерте жастан басталуы керек. 2,5-3 бала өзін жеке тұлға есептеп, өз жынысын жетік біліп, «қызсың ба?», әлде «ұлсың ба?» деген сұрақтарға қиналмай жауап береді. Қыз бала мен ер баланың айырмашылығы жайлы қызығушылық пайда болады. 4-5 жаста баланы қайдан пайда болғаны қызықтырса, 5-7 жаста анасының ішіне бала қайдан пайда болатындығы қызықтырады. Қыз балаларды бұл сұрақтар ер балалардан ертерек мазалауы мүмкін. Әрине бұл тақырыпқа баламен сөйлесу қиын. Ата-ана бірден сөз таба алмауы да мүмкін. Бұл әңгіме қиын дейміз, себебі біздерді ересектерді ешкім бұндай әңгімелерге дайындамайды. Оның үстіне халық бұл туралы айту ұят және әдепсіздік санайды. Бүгін біз бұл стереотипті бұзғалы тұрмыз. Бәріңізді осындай керекті тіпті қажетті тақырыпты талқылауға ат салысып отыруларыңызды сұраймын. Баланың бұл жайлы сұрақтарына қалай дұрыс жауап беру керек? Баланың барлық сұрақтарына жауап дайындау мүмкін емес. Балаға өзі білгісі келген жайттарды айту керек

Қазіргі таңда әр түрлі жыныстағы адамдар арасындағы интимді қарым қатынас ашық жариялануда. Ол туралы газет – журналдардан, теледидар, ғаламторда еш кедергісіз жариялануда. Осыған байланысты жыныстық тәрбие тәрбиенің барлық процесінде маңызды болып отыр. Баланы осының бәрінен қорғау мүмкін емес. Өкінішке орай көп деген ата – аналар жыныстық тәрбиені маңызды емес деп санап, өмірдің ағынына қалдырып қояды. Егер баламен жыныстық тәрбие жүргізілмесе бала түрлі сұрақтарына жауапты өз қиялынан немесе газет-журнал, көше, интернеттен іздейді. Көбімізде интернет желісіне шығатын ұялы телефон, планшет, компьтерлер бар. Бұл байланыс құралдарын баланың қолына шектеусіз ұсынамыз. Ал сондағы суреттер, жарнамалар балаға кері әсерін тигізбей қоймайтыны анық.

Жыныстық тәрбиенің маңызды кезеңдері:

  1. Жыныстық тәрбие – бөлек әлем емес, ол жалпы тәрбиенің бір бөлшегі ғана.

  2. Жыныстық тәрбие баланың жыныстық дамуы кезіңде емес, туылған кезінен басталуы керек. Ерте балалық шақта баланың кейін өзгерте алмайтын жеке тұлға болып қалыптасуының алғашқы ірге тасы қаланып қойылады. Сондықтан мектеп жасына дейінгі балаларда қоршаған ортаға деген дұрыс көзқарас қалыптасуы керек.

  3. Ата – ана мен бала арасында өзін қызықтыратын сұрақтарды еркін сұрай алатындай сенімділік болу керек.

  4. Балаңыздың сұрақтарына сіздің қызарып, ұялуыңыз ол сіздің жеке комплексіңіз, психологиялық мәселеңіз. Сондықтан өз – өзіңізбен жұмыс жасаңыз. Сіздің міндетіңіз – балаңызға дұрыс жыныстық тәрбие беру.

  5. Ата – аналар мен қазіргі балалардың дәуірі екі түрлі. Қазіргі балалар тез ер жетеді, сондықтан жыныстық сұрақтар ертерек туады. Үлкендерге бұнымен тек келісіп, балаларға дұрыс жыныстық тәрбие беру үшін қолдарынан келгеннің бәрін жасау керек. Балаларға сенің жасында біз ойыншыққа қызығушы едік деп айтудың еш қажеті жоқ.

Балаларға тек өзі білгісі келген жайттарды айту керек. Қойылған сұрақтарға қобалжымай қысқа жауап беріңіз.

Жыныстық тәрбие қарама – қарсы жыныс иелеріне дұрыс қарым – қатынаста болуды дамытады. Жыныстық тәрбиенің нәтижесінде ер бала болашақ - жасөспірім, еркек , әке , ал қыз бала болашақ – бойжеткен, әйел, ана екенің ұғыну керек.

Балалардың жыныстық сезімдерін ернінен сүю арқылы ояту мүмкін. Балаларды ернінен еш уақытта сүймеңіз. Балалар өз жыныстық мүшелерін не екен деп білгілері келіп қызыға ұстайды. Олар жыныстық мүшелерімен қолдарымен, аяқтарымен ойнаған секілді ойнайды. Балаға ата – ана дер кезінде жыныстық мүшені ұстауға болмайтындығын түсіндіріп, баланы басқа іске алдандырып жіберу керек. Ол үшін балаға ұрысып, жазалаудың қажеті жоқ. Ал егер бала бұл істі саналы түрде ұзақ уақыт жалғастырса, оның себебін іздестіру керек мүмкін ол:

  • Тар киім

  • Глисттар

  • Жеке гигиенаның сақталмауы

  • Хирургиялық себептер

  • Үлкендердің тарапынан көңілдің жеткіліксіздігі

  • Бала жиі жалғыз қалса

  • Отбасындағы қолайсыздықтар

  • Үлкендерге еліктеуі

Барлық бала ертелі кеш қарама қарсы жыныс иелерінің жыныстық мүшелерін көріп, қызығушылық танытады бұл қалыпты жағдай. Балаларды «ана мен әке» ойының өздері немесе қуыршақтарымен ойнағаның бақыласаңыз олардың үлкендердің іс – әрекетін қайталайтының яғни шешініп немесе қуыршықтарын шешіндіріп, бірге жаттқызатының байқайсыз. Бұл жағдайда ата – аналарда қорқыныш туып, балаға ұрысып, жазалайды. Ал бұлай істеуге болмайды. Бұл ешқандай мәселе емес тек қоршаған ортаны және адамдарды тануға деген қызығушылық. Балаларды тек «неге біз екі түрліміз, неге қыздарда ұзын шаш, ұлдарда қысқа, неге мен көйлек киемін, ал ол жиде мен шалбар киеді, неге қыз бала ер бала секілді әжет ханада тұрмайды т.с.с.».

Жасыратыны жоқ кейбір балалар ата – аналарының интимдік өмірінің куәгері болып жатады. Бала оны көргенің ата – аналарынан жасырып қалып жатады. Бұл балаға қобалжу, қорқыныш әкелуі мүмкін. Тіпті кейбір балалар оны үйден тыс жерлерде немесе балабақшада айтып, іс – әрекетті қайталауы мүмкін. Білеміз қазіргі үй жағдайы балалардың барлығына бірдей жеке бөлмелі болуына кедергі жасауда. Дегенмен балаға өз бұрышын жасау әр ата- ананың қолынан келеді . Баланы интимдік өміріңіздің куәгері етпеңіз! Тіпті ештене түсінбейтін кішкентай бала теледидардан жыныстық мінездегі көріністерден аулақ болу керек. Мен теледидарды жалпы көруден шектеуді ұсынамын әсіресе қорқынышты және үлкендерге арналған киноларды көрсететін арналарды. Негізінде қазіргі таңда теледидар отбасының бір мүшесі болып кеткендей, соның кесірінен бала ата –ананың уақытына зәру. Нәтижесінде бала осыдан шығатыны теледидар отбасы мүшесі емес, балалар сіздің көңіл бөлуіңізге көбірек мұқтаж.

Кейде ата – аналар баланың «Мен қайдан пайда болдым?» деген сұрақтарына жауап таппай қиналып жатады. Оған қиналудың еш қажеті жоқ. Сұраққа шынайы жауап беру керек. Балаларға шындық пен ертегіні араластырып түсіндірсе де болады. Бірақ ешқандай сені дүкеннен сатып алдық,қырыққабаттың ішінен тауып алдық деген әңгімелердің қажеті жоқ. Балалар анасының ішінде пайда болып өседі , ол әлі кішкентай, сондықтан анасының ішінде өседі. Өскен соң ол туады. Бұл жауап баланы толығымен қанағаттандырады. «Қалай аналардың ішіне бала пайда болады?» деген сұраққа ата – ана әке мен ана тату – тәтті өмір сүріп, бір – біріне қамқор болып, жақсы көрсе ананың ішіне бала пайда болады деп жауап берсе болады. Кейде балалар әкем мен анам неге бірге жатады деп сұрақ қояды. Сіз бұл сұраққа ата аналар көп нәрсені бірге жасайды, сені тәрбиелейді, сауданы бірге жасайды т.с.с.

Адамның өмірдегі ең қымбаттысы, көз қуанышы – бала. Бала –дербес тұлға. Оның бойындағы табиғи қасиеттер, адамгершілік құндылықтары отбасында, мектепте, әлеуметтік ортада нәрленеді, толысып, әрленеді. Барлық бала жақсы мен жаман әдеттерді өзі өскен шаңырақтан үйренеді. Егер отбасында ата-аналар өзара жақсы қарым-қатынаста болса перзенттері де әдепті, тәрбиелі болып өседі. Халқымыз «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген нақылдың астарында қаншама мән-мағына жатыр. Бала отбасында жақсы үлгі-өнегемен, саналы тәлім-тәрбиемен жастайынан сусындаса, ер жеткенде сіздерді ылғида қуантып, қуанышқа бөлеп, абыройларыңызды асқақтатары хақ.
Сондықтан да өмірдің өтпелі қиын кезеңдерінде ұл-қыздарымыздың саналы тәрбие мен сапалы білім алуына күш салайық. Бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қарап, оқыту мен адамгершілікке тәрбиелеуде отбасының басым рөлін мойындап, бірлесе, ынтымақтаса әрекет етуіміз керек. Бала тәрбиесінде шыдамдылық танытып, өз балаларыңызға жүрек жылуын сыйлай біліңіздер!

Психологиялық жаттығулар:

  1. Ал, енді бәріміз мына үлкен ақ жүрекке назар аударайықшы. Ол тірі емес, біз қазір оған жан береміз. Ол үшін мына кішкене қызыл жүрекшелерге сіздер балаға деген бір ақ тілектеріңізді жазып, мына тақтадағы үлкен ақ жүрекке әкеліп, ақ тілектеріңізді оқи отырып, жапсырайық. Қараңыздаршы, ол біздің көз алдымызда тірілді. Бұл біздің топтың жүрегі, ол тренинг барысында үнемі дүрсілдеп тұрады. Бәріміздің жүрегіміз «бала» деп соғады. Осы ақ жүрегімізден шыққан тілектерді жаңа барлығымыз естідік. Балаға деген тілегімізді, жүрегімізді бір арнаға тоғыстырды. Осы жүрек сияқты әрбір ата-ананың жүрегі де бала тәрбиесінде, өз баласының әрбір жаңа атқан таңы үшін елжіреп, алаңдап тұрады.

  2. Жайғасып отырып, көзімізді жұмайық. Денемізді бос ұстап жап – жасыл шөптің ортасында отырғандай сезінейік, бетімізге сәл ғана соққан леппен аспанға қарай қалықтап ұшып барамыз. Аспан сондай керемет жұлдыздарға толы . Әр адамның өз жұлдызы бар. Әрқайсымыз өз жұлдызымызды аламыз. Бетімізге соққан леппен жерге қарай түсеміз. Әрқайсымыз өз жұлдызымызды алдық, қандай керемет, енді алдымыздағы параққа жұлдызымыздың суретін саламыз, жанымызға жақындарымыздың жұлдыздарын орналастырауық.

Осымен бүгінгі дөңгелек үстеліміз аяқталды, уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге рахмет!













Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
27 қаңтар
1828
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі