400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Мектеп жасына дейінгі балалармен ойналатын қимыл - қозғалыс ойындары"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Мектеп жасына дейінгі балалармен ойналатын

Қимыл - қозғалыс ойындары»

Ойын мектепке дейінгі балалар үшін қызықты шаруа бола отырып, сонымен бірге оларды тәрбиелеу мен дамытудың аса маңызды құралы болып табылады. Ойынды басқара жүріп, тәрбиеші баланың жеке басының барлық жағына: оның санасына, сезіміне, ерік-жігеріне, мінез-құлқына ықпал жасайды. Ойынды ақыл-ой адамгершілік, эстетикалық және дене тәрбиесінің мақсаттары үшін пайдаланады. Ойын бала үшін- нағыз өмір. Мектепке дейінгі сәбилер әлі ойнай білмейді. Нақ сондықтанда тәрбиеші ойынды ұйымдастыра жүріп, оларды ойнауға үйретеді. Қимылды ойындар алдымен балаға дене тәрбиесін беру құралы. Олар балалардың қозғалысын жүгіру,секіру, өрмелеу, лақтыру, қағып алу т.б. жаттықтыру, дамытуға және жетілдіруге мүмкіндік береді. Алуан түрлі қимылдар ірі және майда бұлшық еттердің белсенді әрекеттенуін талап етеді, зат алмасуды, қан айналысының, тыныс алудың жақсы болуына, яғни организмнің тіршілік әрекетінің артуына көмектеседі. Қимылды ойындар баланың нервтік, психикалық дамуына, жеке басының аса маңызды сапаларының қалыптасуына да үлкен әсер етеді.Бұл ойындарда баланың еркі, тапқырлығы, батылдығы, шапшаңдығы дамиды. Ойындағы бірлескен әрекеттер балаларды жақындастырады, қиыншылықты жеңу және табысқа жету оларды қуанышқа бөлейді. Ережелі қимылды ойындардың қайнар көзі халықтық ойындар болып табылады. Оларға түпкі ойдың айқындығы, мазмұндылық, қарапайымдылық тән келеді. Ойын балалардың жас ерекшелігіне олардың қайсыбір қимылды орындау ойын ережелерін сақтау мүмкіндіктеріне қарай іріктеледі. Қимылды ойында ережелер ұйымдастырушы роль атқарады. Олар ойынның барысын, іс-әрекеттердің жүйелігін, ойнаушылардың өзара қарым-қатынасын, баланың мінез-құлқын анықтайды.

Ойын - эмоционалды әрекет, сондықтан балалармен тəрбиелік жұмыста үлкен бағалы дүние ретінде болады. Көптеген əртүрлі ойындардың ішінде балалардың арасында қимылды ойындар кеңінен тараған. Қимылды ойындар ұжымдық сипатта орын алатындықтан, балаларды үжымға, бірлікке үйретеді. Ойындар балаларда жолдастық, ынтымақтстық сезімдерді жэне бір - бірінің ісіне деген жауапкершілікті дамытады. Ұжымдық ойынға қатысу арқылы бала жақсы жағдайда жолдасына доп беру, қолға түкен жолдастарын құтқарып алу сияқты қамқорлық, сыйластық т.б. қасиеттерді бойына қалыптастыруға негіз болады.

Ынтымақтастық жэне жолдастық сезім ойындар арқылы біртіндеп тәрбиеленеді. Мектепке дейінгі балаларда өз қимылдарын жолдастарының қимылдарымен тек қана үйлестіру қажет болады. Кейіннен бірін - бірі құтқарып, жолдастарына көмектесетін ойындар пайда болады. Бұдан кейін өз қызығушылығын командасының, ұжымдық қызығушылығына багындыратын ойындарды қолдана бастайды.Ойында бір ойыншының екінші ойыншыға, команданың екінші командаға қарсы эсер етуі тэн. Осыған байланысты, ойнаушылар алдында тез шешімін табуға тиісті әртүрлі міндеттер пайда болады. Ол үшін аз уақыттың ішінде пайда болған жағдайды бағалап, дұрыс әрекет таңдап, оны орындау қажет. Осындай ойындар балалардың өздерін танып - білуіне көмектеседі.Ойынның ережелері балаларды сапалы тэртіпті, адалдықты, үстамдылықты тәрбиелеуге игі ықпалын тигізеді, өзінің жекелік ұмтылыстарын тежеуге үйретеді.Қимылды ойындардың бәрі баланың техникасына азды - көпті эсер етеді. Олардың көпшілігі оның еркін, зейінін, есте сақтау үрдісін дамытады. Сонымен қатар, ойын үстінде көптеген мәселелер кездеседі. Оларды шешуде балалардың ойлану үрдісі өріс ала бастайды. Оның ерік - жігерлігі, ұстамдылығы, тәртіпке бағынышты келуі - құрбыларымен достық қарым - қатынасын нығайтуға септігін мол тигізеді.

Бір жастан-бір жарым жасқа дейінгі бөбектер үшін: жүру. Тегіс, кедір-бұдыр, төмпешік жерлермен жүру мен жүгіруге көшу. Көлемі әртүрлі ойыншықтарды қолымен құшақтап ұстап жүру.

Еңбектеу мен өрмелеу- өз беттерімен еңбектеуге жағдай жасау; еңбектеп келе жатып, тік тұрып жүріп керу; ойыншық атқа, машинаға, мотоциклге мініп, қайта түсу.

Домалату және лақтыру- екі қолмен допты тік тұрып, еңкейіп домалату, лақтыру; екі қолмен кезек-кезек доп, шар т.б. ұсақ заттарды алысқа лақтыру; домалап келе жатқан допты ұстау; жердегі допты аяқпен тебу.

Бір жарым жастан- екі жасқа дейінгі балалардың қимылын жетілдіру:

Жүру, тепе-теңдікті сақтау. Тез жүруге жүгіруге көшу, қолын сермеп, адымдып жүру, көлемді жұмсақ ойыншықтарды көтеріп жүру.

Еңбектеу мен өрмелеу. Биіктігі 30-50 см орындықтың үстіне шығып, қайта түсу. Баспалдақпен шығып, қайта түсу. Велосипедке рулінен ұстап міну және түсу.

Домалату және лақтыру. Арнаулы жерге дейін допты екі қолымен кезек-кезек домалату, допты бір-біріне домалатып, немесе лақтырып, оны ұстау, соңынан жүгіріп барып, допты алып келу.

Жан-жақты дамытатын жаттығулар. Екі қолын жоғары көтеріп, қайта түсіру. Қолдарын алға созып, «мінекей» деп көрсетіп, «жоқ» артына жасыру, саусақтарын қолының басын қимылдату. Қолының ұшымен жерде шашылып жатқан ұсақ ойыншықтарды теріп алып, қорапқа жинау.

Ойындар: « Ұста-ұста », «Қуып жет», «Допша секір», «Допты әкел» , «Ойыншық қайда?»,«Аюша жүреміз»,«Кім алысқа лақтырады?» бұл жаттығу ойындарын балалар тұрып және отырып жасайды. Тәрбиеші ойынның шартын айтып және өзі көрсетіп тұрады.

Екіден үшке дейінгі балалардың қимылын дамытуға жағдай жасау, қимылды ойындар өткізу маңызды.Бұл кездегі қимылдың жетекші түрі баланың өз бетінше иеркін жүруі, жүгіруі болып табылады.Аяқ-қолдың қимыл үйлесуін дамыту үшін ойыншықтардың жиынтығы болуы керек. Олар балалар бір жерден екінші жерге көтеріп, көшіре алатындай жұмсақ, ірі ойыншықтар, доптар шелектер, дорбалар; жіп байлап жүргізе алатындай машиналар, дөңгелегі бар, ірі ойыншықтар болуы керек.

Қимылды ойындар кезінде балалар басынан кешіретін таң қалу,қуану,эмоциялары қимылды жақсы игеруге көмектеседі. Мысалы: «Жасырынбақ» ойыны кезінде балалар тығып қойған ойыншықтарды іздегенде алуан түрлі қимылдар жасайды. Қабырғаға ілінген сөреге қарау үшін аяғының ұшымен тұрады, еңкейеді, манеждің, орындықтың астына қарайды.

Балалардың жалпы дамуында музыканың сүймелдеуімен ойналатын қимылды ойындардың маңызы ерекше. Онда бір тұрып аяғын ұру, жүрелеп отыру т.б. Музыка үнімен баланың ырғақ қимыл үйлесімдерін тәрбиелеуге көмектеседі. Сәби топтарда тәрбиеші ойынның мазмұны мен ережесін ойынның барысында,ал ересек топтарда ойын басталар алдында түсіндіреді. Қимылды ойындарды топта және серуен кезінде бірнеше баламен немесе бүкіл топпен өткізіледі. Олар сондай-ақ дене шынықтыру сабақтарының құрамына енеді.

Серуен кезінде қимылды ойындар кіші топтарды 8-10 минут, ал үлкен топтарда ойынның ұзақтығы 15-20 минутқа созылады. Ойынды егер балалар қалап тұрса, 2-3 рет қайталатып, ойнауға болады.Балалар ойынды игерген соң оны өздігінен ойнай алады.Бұл үшін олардың ойынға деген ықыласын дамытып, серуен кезінде демалыс сағаттарында ұйымдастырып отыру керек.

Қимылды ойындарды негізінен 5 топқа бөлуге болады.

  1. Жүріп және жүгіріп ойнайтын ойындар : «Мүйізді ешкі келе жатыр», «Шіркейлер» , «Жасырынбақ» , «Тауық пен жабайы мысық», «Самолеттер», «Ұста-ұста».

  2. Секіріп ойнайтын ойындар: «Алтын өт», «Допша секір», «Допты әкел», «Аю жүреді» , «Мысық пен торғайлар».

  3. Еңбектеп және өрмелеп ойнайтын ойындар: «Бақшада», «Ойыншыққа еңбектеп жет», «Қақпадан өт» , «Сызықты басып кетпе».

  4. Лақтыру және ұстап алу ойындары: «Төрт кезек» , «Кім мерген?», «Алысқа лақтыр» , «Допты лақтыр», «Дөңгеленген доп».

  5. Кеңістікті бағдарлауға үйрететін ойындар: «Мысық пен тышқан», «Ақ қоян», «Қоңырау қайда?»,«Өз жолаушаңды тап», «Орныңды тап» т.б.

Сонымен ойын балаларды жан-жақты тәрбиелеу мен дамыту құралы болып табылады.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19 наурыз
2052
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі