Материалдар / Мектеп жетістіктері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мектеп жетістіктері

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп жетістіктері жайында
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Н.Исмайлов атындағы №45 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жылдық жетістіктері.


Жетісай ауданының білім бөлімінің “Н.Исмайлов атындағы №45 жалпы білім беретін мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Сейдеханов Нүркен Жалалұлы. Мектеп қабырғасында жоспарға сәйкес біршама жұмыстар атқарылды: Семинар, ашық сабақтар, кештер, түрлі мерекелік іс-шаралар, акциялар, апталықтар, онкүндіктер, спорттық іс-шаралар өткізілді.

«Н.Исмайлов атындағы №45 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2024-2025 оқу жылында жалпы 536 оқушы білім алады.

2023-2024 оқу жылында мектебімізде бірталай жетістіктерге қол жеткізді.

Аудандық 2023-2024 оқу жылында білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадасының аудандық нәтижесінде математика пәні бойынша Сайлау Мұзаяна 11 сынып оқушысы, Қаржау Қазыбек 10 сынып оқушысы, Жанабай Даниал 9 сынып оқушылары аудандық олимпиадаға қатысып, математика пәнінен ауданнан І орын иеленіп облыстық олимпиадаға жолдама алды.
облыстан ІІІ – орын иеленді. Жаңабай Даниял Түркістан қаласында болып өткен халықаралық «Жібек жолы» олимпиадасының облыстық іріктеу кезеңінде математикадан ІІІ-орын иеленді. Жаңабай Даниял «Айқанат» олимпиадасына қатысып жүлделі І-орын иеленіп, математикадан Бурабайдағы мемлекеттік дарынды балаларды даярлау мектеп лицейден шақырту алып, қазіргі таңда сол мектеп лицейде білімін жалғастыруда. Қазақ тілі пәні бойынша 9 сынып оқушысы Аким Аяжан, 11 сынып оқушысы Жеңіс Бейбіт аудандық олимпиадаға қатысып ІІІ орын иеленді. Одан Басқа аудандық пән олимпиадаларынан көптеген оқушылар жүлделі орындар иеленді, атап айтқанда математикадан алтын сақа олимпиадасының аудандық кезеңінен 5-6 сыныптар арасынан бірнеше оқушылар жүлделі орындар алды, атап айтсақ 6-шы сынып оқушысы Тойшыбек Нурислам жүлделі 1-ші орын, Төлбасы Айқын жүлделі 1-ші орын, Умрзақов Ернар жүлделі 2-ші орын, Батыр Даулет жүлделі 1-орын, Исматов Аббос жүлделі 1-ші орын, Исматов Анвар жүлделі 2-ші орындарды иеленді. Жәнеде түрлі пән олимпиадаларынан жүлделі бірінші екінші үшінші орындар иеленді. Мұғалімдеріміз көптеген жетістіктер көрсетіп республикалық, облыстық және аудандық басылымдарынан баспаға өздерінің ғылыми практикалық жұмыстарын, авторлық бағдарламаларын жариялап, конкурстарға қатысып жүлделі орындар иеленді. Оқушыларымыз одан басқа онлайн олимпиадаларына қатысып жүлделі орындар алып алғыс хаттармен, мақтау қағаздарымен марапатталды. Бастауыш сынып оқушылары мен мұғалімдері де өз кезегінде 514-ші бұйрыққа сәйкес сайыстарға қатысып жүлделі орындар алып марапаттарға ие болды.

«Алтын белгі» иегері: Есентай Ақдидар – 117 балл.

«Үздік аттестат» иегерлері: ұлттық бірыңғай тестілеуден Жеңіс Бейбіт – 107балл Сайлау Музаяна – 88 балл Оразбай Жасмин – 72 балл Әжібай Гулбану – 92 балл Гамбарова Роксана – 59 балл Панзарбек Аружан – 90 балл

Қалдыбай Гулбала – 88 балл Адамбек Қарлығаш – 104 балл Жұмахан Сымбат – 86 балл

2023-2024 оқу жылында қазіргі таңда 5-6 сынып оқушылары арасында футболдан қыздар құрамасы ІІІ орын, 5-6 ұлдар құрамасы баскетболдан ІІІ -орын иеленді.

7-8 қыздар құрамасы футболдан ІІІ орын иеленді.

ҚББП Бахтияров Бекзаттың “Былғары қолғап” үйірмесінің оқушылар облыстық, республикалық сайыстардан жүлделі орындар иеленіп жатыр. Атап айтар болсақ Келес ауданының әкіміне арналған республикалық ашық турнирде Төлеп Шаймерден ІІ орын иеленді.

Жамбыл облысында Бокстан әлем және азия чемпионы әскерилер арасында ІІ дүркін әлем ойындарының чемпионы, ҚР ІІ дүркін чемпионы, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Шымбергенов Асыланбек Әбдікәрімұлының жүлдесіне арналған 2010-2011 жылы туылған жасөспірімдер ұлдар арасында облыстық ашық турнирде Наров Наурыз ІІ орын иеленді. Астана қаласында Республикалық ашық турнирде Тугалов Шахидин І орын, Наров Наурыз ІІ орын, Орынхан Нұрмағамбет ІІІ орын иеленді. Түлкібас ауданының облыстық ашық біріншілігінде Пазылбек Нурислам ІІІ орын иеленді.

Алматы қаласында Бекзат Саттархановтың еске алуға арналған Республикалық ашық біріншілігінде Орынхан Нұрмұхамбет І орын, Ешназаров Акаш ІІ орын, Тугалов Шахиддин ІІІ орын иеленді. ҚР Тәуелсіздігінің 32 жылдығына орай Жетісай ауданының ашық біріншілігінде Исматов Анвар ІІІ орын, Тугалов Шахиддин ІІІ орын, Пазылбек Нурислам ІІІ орын, Бейсенбек Нақыпбек ІІ орын, Фарзалиев Рамил ІІ орын, Төлеп Шаймерден І орын иеленді.

2023-2024 оқу жылы бойынша «Біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру» негізінде «Тоғыз айға тоғыз іс шара” ұлттық мәдени ағартушылық жобасы бойынша жұмыстар жүргізілді. “ҚАЗАКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОҚУ-АҒАРТУ Министрлігінің 06.09.2023жылғы √4-04-2/5292 кіріс хатын басшылыққа ала отырып мектеп оқушылар арасында “Дене сергіту” челленджі ұйымдастырылды.Сергіту сәті – бұл физикалық жаттығулардың шағын жиынтығы, сондықтан оларды орындау кезінде түрлі бұлшық ет топтары қамтылады.Сергіту сәті – білім алушылардың ұзақ монотонды позасынан туындаған статикалық кернеуді жеңілдету мақсатында сергіту сәті жаттығуларын өткізуге арналған сабақ процесіндегі қысқа мерзімді үзілістер. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым миністірінің 2016 жылғы 12 қаңтардағы №18 бұйрығымен бекітілген «Тоғыз айға 9 іс-шара»   тұжырымдамасы бойынша Н.Исмайлов атындағы мектебі КММ «Гимн айту» челленджі орындалды. Мектеп оқушылары бір уақытта республикамыздың мемлекеттік әнұранын шырқады. 

Асық ату” челленджі өтті. Өткізілген челлендж мақсаты оқушылардың рухани-адамгершілік мәдениетін және елдің мәдени мұрасын сақтауға, ұлттық ойындарды насихаттауға бағытталды. Ұлттық ойындардың бірі – асық ойыны баланың ой-өрісін және көкжиегін кеңейтеді, мінезін төзімділікке, қозғалысын дәлдікке ептейді, көздің көру қабілетін арттырады. «Болашаққа хат» шығарма жазу челленджі бойынша лирикалық ойлау қабілеттерін, өмірге деген көзқарасын дамыту, білімін өз ойымен, дүниетанымдық көзқарасымен еркін ұштастыра білу мақсатында 7-8 сынып  оқушылары 13-желтоқсан күні эссе жазды. Қазіргі таңда балалардың болашағы таңдайтын мамандығына қарай бағытталуда.

Челленджде жазуға ұсынылатын шығарманы хат жазу түрінде жазылды. «Тәуелсіз Қазақстандағы менің жетістігім», «Менің болашағым», «Еліммен бірге болашаққа апарар жол» т.б. ел тәуелсіздігі күні қарсаңындағы әр білім алушының ел тағдырымен өз болашағы арасындағы сабақтасты туралы ойлануына негіз болатын тақырыпты ұсынуға болады. Шығарма тақырыбын таңдауда білім алушылардың жас ерекшелігін ескеру қажет.

Кітап оқу өз кезегінде білім алушылардың кітап оқу белсенділігін арттыруға және оқу мәдениетін дамытуға ықпал етеді. Көркем әдеби-шығармаларды оқу негізінде білім алушылардың рухани дүниесін байиды, ой-өрісі мен дүниетанымы кеңейеді.

«Оқуға құштар мектеп» челленджі отандық және әлемдік озық шығармаларды насихаттауға, білім алушылардың кітап оқуға қызығушылығын, оқу сауаттылығын арттыруға, оқыған кітабын жалпылау және талдау қабілеттерін дамыту негізінде шығармашалық қиялын қалыптастыруға, кітап оқуға құштарлығын арттыруға ықпал етеді. Сонымен қатар челлендж білім алушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға да негіз болады.

Домбыра тарту арқылы білім алушылардың бойында қазақ халқының мәдени мұрасы дариды, рухани дамуына көмектеседі, эстетикалық тұтастықты қалыптастырады. Домбырада ойнаудың арқасында ұрпақтар арасындағы қарым-қатынас қалыптасады, отансүйгіштікке, бірлікке, сенімге, қонақжайлылыққа, мейірімділік пен ынтымақтастыққа, айналадағы адамдарға, табиғатқа деген етене жақындық сезіміне тәрбиеленеді, осылардың негізінде шығармашыл тұлға және оның рухани-адамгершілігі қалыптасады. Сол мақсатта домбыра үйірмесі қолға алынды.

«Шахмат ойнау» челленджі өткізілді. Шахмат – көне тарихы бар зияткерлік ойын. Қазір - ең көп таралған үстел ойындарының бірі. Шахматтың тәрбиелік мәні бар: ол тұлғаның қалыптасуына ықпал етеді, логикалық ойлауға және өз іс-әрекетін жоспарлауға үйретеді, зейіннің шоғырлануын дамытады.

. «Жасыл мекен» челленджі көктемде көшет отырғызу арқылы қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарауды дәріптеумен қатар, еңбек құндылығын қалыптастыруға, айналаны көгалдандыруға, абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

«Туған жерге тағзым» «Н. Исмайлов атындағы №45 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2003-2004 жылы мектеп қабырғасын бітірген түлектер ауылымызды көркейтуге атсалысып, оқыған білім ордасына өз қаражатынан заманауи, жазғы кіші футбол алаңшасын салып берді. Футболды жақсы көретін ауыл жастары үшін бұл ауыл тамаша сыйлық болды.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!