Материалдар / Мектеп жобасы

Мектеп жобасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал шығармашылық идеяларын іске асыру мақсатында
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады



116 Дина Нұрпейісова атындағы жалпы орта

мектеп

Ашық сабақ

Тақырыбы:

«Мектеп жобасы»







Бейнелеу өнері пән мұғалімі:Адаева Лаззат

Сынып:4 «Б»







Шымкент 2018ж



Сабақ тақырыбы:

Сәулет өнері

«Мектеп жобасы»

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

Шығармашылық жұмыста идеяларын іске асыру мақсатында түрлі ақпарат көздерінің ең тиімдісін таңдай отырып қолдану.Жұмысты орындау барысында қойылатын қауіпсіздік шараларын сақтау және жұмысты тиянақты орындау.Дайын болған жұмыстарын таныстыру.(Көрме)

Сабақ нәтижесі

Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады:

Бейнелеу өнері түрлері жайлы біледі.Сурет сала алады.Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады:

Топтық жұмысты бірлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды.Сұраққа жауап береді.Қосымша үлестірме тапсырмалармен жұмыс жасай алады.

Оқушылардың кейбіреулері мынаны орындай алады:

Қосымша тапсырмаларды орындайды,тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау критерийі

Жеке жұптық,топтық тапсырмаларды орындай алады.

Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Ресурстар

Оқулық,суреттер,әр түрлі заттар,топтық тапсырмалар,кері байланыс,стикер, бейнелеу өнеріне қажетті құрал-жабдықтар,постер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап,әңгімелесу,түсіндіру,ойын,көрнекілік.Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Музыка,әдебиет,еңбек.

Сабақ жоспары

Жоспарланған уақыт

Сабақ барысы


Басталуы

Сәлемдесу.

Психологиялық ахуал қалыптастыру: «Көрші»

Мақсаты:Әрбір қатысушының сол топтың мүшесі екендігін сезінуі,бір-біріне жылылық сыйлау.


(Көршілер қимыл- қозғалыстар арқылы жаттығуды жасайды)



Нұсқаулық:

Көршіңді оң жақтан құшақта,

Көршіңді сол жақтан құшақта.

Оң жақтағы көршіңе бір жымиып,

Сол жақтағы көршіңе бір жымиып,

Бүгінгі тренинг барысы,

Біз үлкен отбасы.

Топтарға бөлу. 1,2,3,4 санау арқылы 4 топқа бөліну.

1 топ «Суретшілер»

2топ «Сәулетшілер»

3топ «Мүсіншілер»

4топ «Жазушылар»

Алдыңғы тақырып

«Бір минуттық әңгіме» тәсілі арқылы үй тапсырмасын қайталау. Көрме ұйымдастырып қорғау,мәлімет беру.

Көрме ұйымдастырып қорғау,мәлімет беру.

Қызығушылығын арттыру

Өлең шумақтарын оқып,осы өлең шумақтары не жайында айтылғанын табу.

Ұлылықты ардақ тұтар үнемі

Алтын ұя, ақ босаға киелі

Қанат қаққан білім алып өзіңнен

Күллі шәкірт саған бас иеді

«Топтастыру әдісі»

МDrawObject1 үсін

DrawObject4 DrawObject3 DrawObject2 Графика Сәулет





DrawObject6 DrawObject5



Кескіндеме Сәндік қолданбалы өнер













Бейнелеу өнері жайлы не айта аламыз?

Жаңа білім

Адам өмірі мен іс-әрекеттері үшін кеңістікте үй құрылыстары мен ғимараттар,тұрғызушы саланы сәулет өнері деп атайды.Әр бір құрылыс адамның өмір сүруі,еңбек етуі,демалуы,дене шынықтыру, сауда және т.б. салаларға арнап салынады.Сәулет өнерін-архитектура деп те атайды.Ол латын және грек тілінде «бас құрылысшы» деген мағынаны білдіреді.Сәулет өнері ең ерте кезде пайда болды. Қалалардың дамуы мен құрылыстың әр алуан типтері тұрғын

Жаңа сабақпен танысу


үй,ғимараттар,ғибадатханалар, ауруханалар,сауда орталықтары және т.б. құрылыстар пайда болды.Әрбір үй,әрбір көше және әр қаланың өзіндік айырықша стилі болады.Ал сәлет өнеріндегі стиль дегеніміз не? Стиль-айырықша көркем пішімдердің үйлесімі. Әр дәуірдің өзіне тән сәулет өнері стилі бар. Мысалы,Готика,барокко, антик,модерн және хайтек стилдерімен таныстыра отырып,біз тек жалпы түсінік пен анықтама береміз. 4сынып үшін бұл күрделі материалдар.


Ой толғаныс

Төрт топқа тапсырмалар беру

1 топ Мақал-мәтел жазу

2 топ Өлең шумақтарын құрастыру

3 топ Тыйым сөздер жазу

4 топ Эссе жазу

Топпен жұмыс.

Сергіту сәті

Мектебім, аяулы мектебім әнін айтады.

Оқушылар ән айтып сергіп қалады.


Шығармашылық шарт әдісі

Балаларды топқа бөлу арқылы «Болашақ мектеп» жобасының нобайын салады.

Екінші сабақта макетін жасайды.

Оқушылар берілген тақырып бойынша идеяны анықтап, постерге сурет салып қорғайды.

Бағалау.

Кері байланыс.

«Смайликтер». Бағалау терезесі

Маған бәрі де Сұрақтар пайда болды?

түсінікті

Мен есте Мен түсінбедім

сақтадым

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, әр терезеге апарып жабыстырады.

Сабақтан алған әсерімен бөлісу.

Стикерлер.

Үй тапсырмасы

«Болашақ мектеп» жобасының нобайын аяқтау.

Күнделіктеріне жазады



ЖИ арқылы жасау
19 Қараша 2018
2264
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі