Материалдар / "Мектеп көшбасшысы" зияткерлік сайысы

"Мектеп көшбасшысы" зияткерлік сайысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып жетекшілерге арналған. ҚР Тəуелсіздігінің 25 жыл толуына орай облыстық байқаудан III орын иеленді. Жоспарынан бөлек презентациясы бар.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
1194
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Батыс Қазақстан облысыКазталов ауданының білім беру бөліміҚайыңды орта жалпы білім беретін мектебі







Зияткерлік сайыс















Тақырыбы:

«Мектеп көшбасшысы»





















Каким Алпамыс КенжебекулыТехнология пәнінің II санатты мұғаліміҚосымша білім беру педагогы













ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 25 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН 9 - 11 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ АРАСЫНДА «МЕКТЕП КӨШБАСШЫСЫ» САЙЫСЫ

Мақсаты: - Отанды сүюге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, әсемдікке, жауапкершілікке, елге, жерге деген патриоттық сезімдерін ояту, елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу;- Өз білімін көрсетуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге, көпшілік алдында еркін сөйлеуге үйрету;Түрі: сайыс сабақКөрнекілігі: интербелсенді тақта, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған фотокөрме

Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған 9 - 11 сынып оқушылары арасында «Мектеп көшбасшысы» сайысына қош келдіңіздер! Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздік елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай «тәңірдің ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Біз бүгінге дейінгі барлық жетістіктерімізге Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік. Жиырма бес жыл ішінде елдің әл - ауқатын көтеріп, төл мәдениетіміз бен мемлекеттік тілді жаңғырту ісінде қыруар жұмыстар жасадық. Елімізді білім, ғылым, денсаулық, спорт салалары айрықша даму үстінде.»Ендеше «Білімді мыңды жығады» демекші, бүгінгі сайыста бағың сынайтын білімпаз оқушылармен таныс болайық.
  • Ғазиз Әли Қадемұлы 9 сынып оқушысы
  • Ерболатова Айдана Жасұланқызы 9 сынып оқушысы
  • Өтеш Данара Асхатқызы 10 сынып оқушысы
  • Ерболатова Алина Жасұланқызы 10 сынып оқушысы
  • Амангелді Бейбарыс Ақанұлы11 сынып оқушысы
  • Кенжегалиев Актлеу Қайратұлы 11 сынып оқушысы
Сайыскерлерімізге сәттілік тілейміз.Сайысымыздың кезеңдерімен таныс болайық.
  • «ЖЫЛДАР СӨЙЛЕЙДІ»
  • «САЛТ – ДӘСТҮРІ ҚАЗАҚТЫҢ»
  • «СУРЕТТЕР СӨЙЛЕЙДІ: ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫ»
  • «ҚАЗАҚТЫҢ БІРТУАР ПЕРЗЕНТТЕРІ»
  • «ОЙТАЛҚЫ»
  • «ҮЙ ТАПСЫРМАСЫ»










Бүгінгі сайысымыздың әділ бағасын беретін әділқазы алқаларымен таныс болайық.
  • Каюпова Қарлығаш Ерсайқызы мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары
  • Супушева Қырмызы Аймырзақызы мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
  • Уразов Тоғжан Қабдоллаұлы Бірлестік жетекшісі


Ақыл тоң аңдағанға тозбайтұғын,Білім кен қанша алсаң да азбайтұғын.Қатарың оза шауып бара жатса,Арқаңның ауруы не қозбайтұғын деп Тұрмағамбет Ізтілеуов айтқандай сайысымызды бастайық. 1 кезең «Жылдар сөйлейді» ережелерімен таныстырып өтсем: - Сіздерге Тәуелсіз Қазақстан жылдарынан атаулы күндерінен сұрақтар қойылады. Ойлануға 10 секунд уақыт беріледі. Уақыт біткенде дұрыс жауабы деп ойлаған қолдарыңыздағы таяқшаны көтересіздер. Әр сұрақ 10 баллмен есептелінеді.
  • Қазақ КСР - нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданды
А. 1990 ж. 25 қазандаБ. 1991 ж. 25 қазандаС. 1989 ж. 25 қазандаД. 1992 ж. 25 қазанда
  • Қазақстан Республикасы атауы қабылданды:
А. 1993 ж.10 желтоқсандаБ. 1995 ж.10 желтоқсандаС. 1991 ж.10 желтоқсандаД. 1992 ж.10 желтоқсанда
  • Қазақстан Республикасының ұлттық ақшасы - Теңге айналымға енді.
А. 1994 ж.15 қарашадаБ. 1993 ж.15 қарашадаС. 1992 ж.15 қарашадаД. 1996 ж.15 қарашада
  • Тұңгыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа самғады.
А. 1996 жылы қазан айында Б. 1994 жылы қазан айында С. 1993 жылы қазан айында Д. 1992 жылы қазан айында
  • «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы қабылданған жыл?
А. 2004 жылБ. 2005 жылС. 2006 жылД. 2007 жыл
  • «Жалпы ұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы» болып жарияланды.
А. 1998 жыл Б. 1997 жыл С. 1999 жыл Д. 2000 жыл
  • Президент Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» стратегиялық жолдауы жарияланды.
А. 1996 жылы қазан айында Б. 1999 жылы қазан айында С. 1998 жылы қазан айында Д. 1997 жылы қазан айында
  • Евразияның кіндігі — Астананың төрінде Елорданың символына айналған «Астана – Бәйтерек» монументі салынды.
А. 2000 жылы Б. 2001 жылы С. 2002 жылы Д. 2005 жылы
  • Астана қаласында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Бірінші съезі болды.
А. 2003 жылы Б. 2001 жылы С. 2002 жылы Д. 2005 жылы
  • Жаңа Астананың ресми тұсаукесері болып өтті.
А. 1998 жылы 10 маусымда Б. 1997 жылы 10 маусымда С. 1999 жылы 10 маусымда Д. 1996 жылы 10 маусымда Міне 1-ші кезеңіміз өз мәресіне жетті. Ұпай сандарына назар аударайық. Ең көп ұпай жинаған сайыскерлерімізді алдыңғы қатарға ретімен орналасуларыңызды сұраймыз. 2 кезең «Салт-дәстүрі қазақтың» шарттарымен таныстыратын болсам: Әрбір қатысушымызға қазақтың салт – дәстүрінен, әдет - ғұрпынан 1 сұрақ беріледі. Дұрыс жауап 5 ұпаймен бағаланады.
  • Дала тұрғындарының дәстүрлі әдет – ғұрыптарының бірі. Онда ауыл тұрғындары ешқандай ақы алмастан бірлесе жұмылып, біреудің белгілі бір жұмысын бітіріп береді.
АСАР
  • Ұзатылып жатқан келіншек көшінің жолында отырған ауылдың адамдары (жастары, әйелдері) керуен атының ноқтасынан, не түйесінің бұйдасынан ұстап тұрып сұрайтын кәдесі. Қыз анасы оларға кәдесін жасайды, кәде алған риза болып, бақыт тілеп батасын беріп, жол болсын айтады
ТҮЙЕМҰРЫНДЫҚ
  • Баласы 7 жасқа толған соң балаға жаңа киім кигізіп, оқу жабдықтарын дайындап, шағын той өткізеді.
ТІЛАШАР
  • Балалардың, жастардың жаңа киім үшін берілетін ақшалай, заттай сый
БАЙҒАЗЫ
  • Сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып.
ТҰСАУКЕСЕР
  • Бұл ғұрып ер балаға жасалады. Сәбилерге шаш орнына кекіл, тұлым да қойылады.
АЙДАР

Міне 2-ші кезеңіміз де өз мәресіне жетті. Ұпай сандарына назар аударайық. Ең көп ұпай жинаған сайыскерлерімізді алдыңғы қатарға ретімен орналасуларыңызды сұраймыз. 3 кезең «Суреттер сөйлейді: Қазақстан қалалары» шарттарымен таныстыратын болсам: Экранда ұпай сандары көрсетілген ұяшықтар бейнелеген, ұяшықтарда Қазақстан қалаларының суреттері көрсетілген. Сол қаланың атауын табу қажет. Сайысты 2 кезең қорытындысы бойынша ең көп ұпай жинаған ойыншымыз бастайды.
Орал қ.Атырау қ.Семей қ.Қызылорда қ.
Алматы қ.Түркістан қ.Көкшетау қ.Қарағанды қ.
Астана қ.Ақтау қ.Ақтөбе қ.Шымкент қ.
10203040
Міне 3 - ші кезеңіміз де өз мәресіне жетті. Ұпай сандарына назар аударайық. Сайысымыздың ережесіне сәйкес ең аз ұпай жинаған 3 ойыншымызбен қош айтысамыз. Келесі кезең «Қазақтың біртуар перзенттері»: Бұл кезеңде сайыскерлеріміздің 3 кезең бойы жинаған ұпайлары жойылады. Сіздерге қазір экраннан ауданымызға облысымызға, республикамызға танымал тұлғаларды 3 топқа бөліп жасырдық. Ұяшықтарда ұпай саны көрсетілген, сайыскерлерімізге сәтттілік.

Ауданымыздың мақтаныштарыТұрсынбек ҚабатовДанагүл ТемірсұлтановаДанияр Елеусінов10
Облысымызға танымал тұлғаларАқұштап БақтыгерееваҒарифолла ҚұрманғалиевЕскендір Хасанғалиев20
Қазақ халқының ұлы бейнелеріЖақсылық ҮшкемпіровБауыржан МомышұлыШәмші Қалдаяқов30


4 - ші кезеңіміз мәресіне жетті. Ұпай сандарына тоқталатылатын болсақ.5 - ші кезеңіміз «Ойталқы» бастаймыз. Қатысушыларымызға «Егер мен мектеп көшбасшысы болсам...» деген тақырып беріледі. Сайыскерлеріміз өзінің ойларың, ұсыныстарың айтады. Қатысушыларымызға 2 минут уақыт беріледі. 3 сайыскер өз ойларың айтып болғаннан кейін, әділқазылар бағасын береді.6 - шы кезең: «Үй тапсырмасы» - әр қатысушы ҚР-ның Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған өздерінің шығармашылығынан өнер көрсетеді. Әділқазылар бағаларын береді. Кең байтақ, көз жетпейтін жерім меніңТаулы орман, жасыл жайлау көлім меніңБүгінде бар әлемге даңқың жетті Тәуелсіз Қазақстан – елім меніңТәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын!МАРАПАТТАУ























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ