400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

МЕКТЕП МАТЕМАТИКА КУРСЫНДА ОҚУШЫЛАРҒА ЫҚТИМАЛДЫҚТАР ТЕОРИЯСЫН ҮЙРЕТУДЕ ӨМІРМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ЕСЕПТЕРДІ ҚОЛДАНУ.

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақалада мектеп математика курсында оқытылатын ықтималдықтар теориясының тақырыптарын оқушылардың тез үйренуіне әкелетін өмірмен байланысты есептер мысалға келтірілген.
Материалдың қысқаша нұсқасы

А.А.Талғатова, Г.Е.Ешенова

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Ғылыми жетекші: Тайболдина К.Р, Математика және МОӘ кафедрасының аға оқытушысы


МЕКТЕП МАТЕМАТИКА КУРСЫНДА ОҚУШЫЛАРҒА ЫҚТИМАЛДЫҚТАР ТЕОРИЯСЫН ҮЙРЕТУДЕ ӨМІРМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ЕСЕПТЕРДІ ҚОЛДАНУ.

Аннотация : Мақалада мектеп математика курсында оқытылатын ықтималдықтар теориясының тақырыптарын оқушылардың тез үйренуіне әкелетін өмірмен байланысты есептер мысалға келтірілген.

Түйін сөздер: ықтималдық, ықтималдықтар теориясы,мода,медиана.

Стохастиканы мектепте зерттеудегі басты ерекшеліктердің бірі дерексіз тұжырымдамалар мен құрылымдарды сыртқы әлеммен тығыз байланыстыру болып табылады. Сондықтан мектеп оқушыларының математикалық белсенділігі тек дайын ықтималдық модельдерін зерттеумен шектелмеуі керек. Керісінше, модельдерді құрастыру және түсіндіру процесі оқушылар қызметтің жетекші формалары болып саналады. Мұғалім осындай қызметті дұрыс жолға бағыттайды, сондықтан ол өзі түсіндіру мен ресімдеудің әдістерін меңгеру керек. Оқушылардың нақты жағдайдағы шешімдер қабылдауға байланысты тапсырмаларын орындау өте маңызды рөл атқарады және мұғалімнің мұқият басқаруын талап етеді. Үйренуді статистикалық ақпараты бастапқыда берілген тапсырмалардың міндеттерінен бастау керек және нақты жағдай бейнесінде проблеманы шешу қажет.

Мысал-1. Жеке кәсіп басшысы жұмысшылардың көпшілігін жұмыстан шығарып жіберді, ал қалған жұмысшылардың жалақысын 20% (кесте-1) азайтты. Бұдан кейін жұмысшылардың орташа табысы жоғарылағанын айтты. Солай ма ?


Кесте-1



Жұмыстан шыққанға дейінгі жалақы

Жұмыстан шыққаннан кейінгі жалақы

1000тг

400тг

800тг

320тг

Жұмысшылар саны

200

800

200

120

Берілген сұраққа жауап беру үшін, оқушылар келесідей орташа көрсеткіштерді есептейді: мода, медиана және арифметикалық орта.

Мода ( ең көп қайталанатын жеке жалақы жиілігі) 400 тг тең .-жұмыстан шыққанға дейін және

800 тг- жұмыстан шыққаннан кейін.Медиана ( кемімелі қатар мәліметтерінің орташа мәні) 400тг тең.-жұмыстан шыққанға дейін және 800 тг- жұмыстан шыққаннан кейін. Шынымен , ойша 400 тг. мәнді 800 рет , кейін 1000тг . мәнді 200 рет жазғанда қатардың ортасында екі мән әрқайсысы 400 тг. болатындығың байқаймыз . Сондықтан 400тг.-жұмыстан шыққанға дейінгі медиана болады.

Арифметикалық ортасын табайық:

Есептеулер орташа көрсеткіштердің өскенің растайды.Бірақ таблицаға қарағанда жұмысшылар жағдайы жақсармағаның байқаймыз. Жалақының өсуі аз жалақы алатың жұмысшыларының көпшілігінің жұмыстан шығарылуынан болды.Мұнда есептің шешуі жалпы мағынаға сәйкес келмейді . Бұл мысалда көрсетілгендей математикалық модель әрдайым практикалық жағдайға сәйкес келмейді. Бұл жағдайда орташа көрсеткіштер статистикалық деректердің типтік өкілдері болып табылмайды, сондықтан оларды пайдалану жалған қорытындыға әкеледі. Кесте-1 мен жалпы мағынаны талдау негізінде объективті қорытынды алынады.

Оқушылардың көмекшісі ретінде мұғалім оларға статистикалық тұжырымдар мен жалпы мәліметтерге сыни көзқарастарды үйрету , статистикалық ақпаратты дұрыс түсіндіре алу, әртүрлі дұрыс таңбаланған нақты шындыққа негізделген ақпараттардың көрінісі ретінде мұқият жасырылған жалғандықтарды ашып көрсету қажет.

Мұғалім істің ықпалымен туындайтын құбылыстарды талдау барысында дұрыс емес шешімдер қабылдаудың қауіп-қатер пайда болу себептерін терең түсінуі керек.Мысалы, жалған ақпарат, толық емес статистикалық ақпаратқа байланысты туындауы мүмкін.

Мысал-2: Келесідей жағдай қарастырылады. Дүкенде автокөлік шиналарының екі түрі сатылады. Сынақ жағдайында шинаның әрбір түрі бойынша ақпарат көрсетілген.(кесте-2,3) Оқушыларға мынадай сұрақ қойылады: « Автокөлік шиналарының қандай түрін сатып алар едіңіз?»

Кесте-2



Автокөлік шиналарын сынау 1 түрі

(мың.км)

14-18

18-22

22-26

26-30

30-34

34-38

Автокөлік шиналарының саны

20

30

140

190

110

10

Кесте-3

Автокөлік шиналарын сынау 2 түрі

(мың.км): 12;13;13;14;20;25;30;34;39;44;45;55

Талдауды келесідей түрде жүргіземіз. Біріншіден мәліметтердің әртүрлілігіне мән берүіміз керек, себебі ол қорытындының шыңдығына әсер етеді. Бірінші кестеде екінші кестеге қарағанда сынақтың көп жүргізілгенің ескеру керек. Бұдан бірінші кестеге біз сене аламыз. Сондықтан шешім қабылдамас бұрын екінші түрлі шиналардың толық сынақтан өткен ақпаратын сұрау қажет. Себебі екінші түрлі шиналарды сатып алу күмән туғызады.Осылайшасенімділік ықтималдығына интуициялық баға береміз.

Бұдан басқа, бірінші тапсырыс беруші үшін шиналар тозуы шамамен бірдей болуы маңызды емес , себебі оған бірнешеуін бірақ алу ыңғайлы болады. Ал келесі тапсырыс берушіге керісінше болуы мүмкін. Сондықтан алғашқы сатып алушы үшін орташа көрсеткіш емес, ақпараттың таралу сипаттамаларын білу маңызды. Екінші түрлі шиналардың орташа көрсеткіші үлкен болсада , бірінші сатып алушыға бірінші түрлі шинаны алған қолайлы себебі таралу сипаттамасы аз. Екінші сатып алушыға орташа көрсеткіш мәні маңызды , егер оған екінші түрлі шиналардың толық ақпараты берілсе ол екінші түрлі шиналарды сатып алар еді. Бірінші және екінші шешім де дұрыс болып табылады, ал олардың шешімі сатып алушылар сұранысына байланысты. Стохастикалық табиғат құбылыстарына талдау жасағанда оған әсер ететің факторларға мән берген жөн.


Қорытындылай келе, мектеп математика курсында оқушыларға ықтималдықтар теориясын оқытқанда өмірмен байланысты есептерді қолдану маңызды болып келеді . Мектепте стохастика саласын оқыту оқушылардың білік, білім , дағдыларын қалыптастыруға, сын тұрғысынан ойлауға, олардың жалпы математикаға деген қызығушылықтарын арттырады.


Әдебиеттер тізімі:

1)Студенецкая В.Н.,Фадеева О.М. « Статистика и теория вероятностей на пороге основной школы» Научно-теоретический и методический журнал №6 « Математика в школе»2004.


2)Макарычев Ю.Н.,Миндюк Н.Г. «Элементы комбинаторики в школьном курсе алгебры» Научно-теоретический и методический журнал №6 « Математика в школе»2004.

3)Бунимович Е.А., « Вероятности-статистическая линия в базовом школьном курсе математики»Научно-теоретический и методический журнал №2 « Математика в школе»2002.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24 ақпан
812
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі