Мектеп. Менің мектебім. 5 сынып, сабақ жоспары

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мектеп. Менің мектебім. 5 сынып, сабақ жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
қазақ тілі, Т2, сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: Қазақ әдебиеті

Күні:

Сыныбы: 5

Сабақтың тақырыбы

Мектеп .Менің мектебім

Сілтеме

Қазақ әдебиеті. Орыс тілінде білім беретені мектептің 5- сыныбына арналған оқулық/Астана: «Арман –ПВ», 2012. – 208 бет.

Мақсаты


Білімдерін жан-жақтылы кеңейтеді, сөз байлығы кеңейеді, сын тұрғысынан ойлауға үйренеді, өз ойын толық жеткізіп, негізгі түйінді таба білуге дағдыланады. Оқушылардың қоғамға деген өзіндік көзқарастарының қалыптасуына ықпал ету, өз ойларын еркін, нақты жеткізе білуге баулу, тіл байлықтарын дамыту, өз бетімен ізденуге, ой қорытуға дағдыландыру.Оқушылардың бойына сұлулық, көркемдік қасиеттерін дарытып, табиғаттың сұлулығын тануға, көре білуге тәрбиелеу.

Күтілетін

нәтижелер


Топтық, диалогтік жұмыс арқылы білім алмасып, оқушылар бір-бірінен үлгі алады, нені қалай оқу керектігіне өзіндік тиімділігі артады, диалогтік қарым-қатынаста тыңдау және сөйлеу әдебіне көңіл аударады, дарынды оқушыны үлгі етеді, көркем әдеби тілде сөйлеуге, меңгеруге құмарлығы артады, сыни көзқарасын білдіру арқылы сөз байлығы молаяды, өз бетінше ізденіп, жоба қорғауға үйренеді,

Сабақтың түрі

Жаңа білімді меңгерту

Пәнаралық байланыс

дене шынықтыру

Қолданылатын әдістер

Сын тұрғысынан ойлау стратегияларын қолданамын: қызығушылығын ояту, мағынаны ашу, « Жоба қорғау технологиясы», ойтолғаныс, РАФТ стратегиясы, БЛУМ таксономиясы, АКТ, жас ерекшеліктеріне сай оқыту, талантты және дарынды балалардың сабақты терең меңгерулеріне ықпал жасаймын. Білім беру үшін және оқуды бағалау тәсілдері бойынша жиынтық бағалау, көшбасшы.

Керекті жабдықтар


Оқулық, интербелсенді тақта, кеспеқағаздар, ватман, стикер, маркер т.б.

Сабақтың барысы:

Сабақ

кезеңдері

Уақыт

Мұғалім әрекеті

 Оқушы әрекеті

Кіріспе












Тұсаукесер


2 мин







2мин




2 мин

  • Ұйымдастыру:Амандасу, оқушыларды түгендеу

Психологиялық ахуал туғызу, тілдік ортаға бейімдеу

Мұғалім оқушыларға бір-біріне тілек айтқызады:

Кәне, достар, тұрайық. Шеңберімізді құрайық. Жақсы-жақсы тілектер айтайық

  • Үй тапсырмасын тексеру, өткен тақырыпты қайталату: «Идеялар қоржыны»

  • Топқа бөлу Сыныптың оқушыларын фигуралар арқылы топқа бөлу.

ТShape2 Shape1 Shape3 опта жұмыс жасау үшін не керек?

-Ережелер не үшін керек?

-Бірлесе жұмыс жасап, ұтқыр идеялар айтуға тырысамыз.

-Бір-бірімізді қайталамаймыз, тек толықтырамыз.

-Бір-бірімізді тыңдап, ортақ келісімге келеміз.

-Уақытқа бағынып, жинақы боламыз.

(ережелерді еске түсіріп талқылайды)

бір-біріне жақсы тілектер білдіреді.

Қобдишадан гүл алып бір-бірлеріне сыйлайды.


Себеттен сұрақтар алып жауап береді



оқушылар фигуралар бойынша топтасып, өз үстелдерінің басына жиналады.



Негізгі бөлім


3 мин

* «СТО» арқылы жұмыс жүргізеді №6 гимназия жайында бейнеролик интерактивті тақтадан көрсетіледі.

-Балалар, бейнеролик не жайында? (оқушылардың жауаптары тыңдалады)

-Дұрыс айттыңдар,

-Олай болса, бүгін біз «Мектебіміз» жайлы тереңірек танысамыз.


Оқушылар не көргендерін, ұққандарын айтады.









Сергіту сәті



9 мин









1 мин

  • Топтар жоба жасап, бір спикер қорғайды, бір-біріне сұрақтар қояды

Төмен деңгейлі және жоғары деңгейлік сұрақтар қою:

  • Асхана

  • Спорт залы

  • Кітапхана

Оқушылар өздері орындайды, жұппен ақылдасады,топта талқылайды. Бір-бірінің пікірін тыңдайды.Талқылайды, ой пікірлерімен бөліседі, бәсекелестік пайда болады


Сергіту сәті

Алға, артқа бұрылайық.

Ағаштар секілді тербелейік,

Самал желдей соғайық.


Топтар бір-бірін бағалайды

( стикер)






Музыкамен билейді


























10 мин









Мақсаты:Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін қадағалау.

І. Мәтінді оқып, үлгі бойынша диалог құрыңыз.

Біздің мектеп – бес қабатты ғимарат. Ғимарат екі корпустан турады. Бірінші ғимаратта үлкен сынып оқушылары, екінші ғимаратта бастауыш сынып оқушылары оқиды.Мектеп іші кең, жарық және таза. Егер мектепке кірсеңіз, оң жақта дәрігер кабинеті және асхана бар. Сол жақта мұғалімдер бөлмесі орналасқан.Екінші қабатта директор кабинеті бар. Ал, кітапхана төртінші қабатта.

Кітапханадан көптеген қызықты кітап,газет, журналдар алуға болады. Мектептің екі спорт залы, компьютер сыныптары бар. Екінші ғимараттағы өзін-өзі тану кабинетінде демалуға болады. Төртінші қабаттағы мәжіліс залында концерт, әр түрлі сайыстар өткізеді.

Біздің мектеп жаңа технологияларға сай жабдықталған.


Үлгі:

  • Кешіріңіз, дәрігер кабинетіне қалай баруға болады?

  • Дәрігердің кабинеті бірінші қабатта оң жақта.

  • Мектептеріңізде не бар?

  • Бірінші қабатта .......

  • Директордың кабинеті қай жақта айтып жіберіңізші.




ІІ. Диалог бойынша сабақ кестесі туралы шағын әңгіме құрыңдар. бүгінгі күнгі өз сабақ кестелеріңе диалог құрыңдар.

  • Арман, үш апта өтті, сен әлі сабақ кестесін білмейсің. Жақсылап тыңда! Бірінші сабақ математика, өзің білесің математика аптасына 5 рет болады: дүйсенбі,сейсенбі, сәрсенбі,бейсенбі,жұмада.

  • Ал бейнелеу өнері сабағы мен қазақ тілі қашан?

  • Бейнелеу өнері сенбіде, екінші сабақ аптаның соңында. Қазақ тілі аптасына 4 рет болады. Дүйсенбі,сейсенбі, сәрсенбі,бейсенбі.Ағылшын тілі қашан екенін білесің бе?

  • Иә, ағылшын тілі үшінші сабақ болады, ол аптасына 3 рет болады:сейсенбі, бейсенбі, жұмада. Ал, еңбек қашан?

  • Еңбек екі сабақ қатарынан сейсенбіде болады. Есіңе сақтап ал.


ІІІ. Қай пәндер туралы жазылып тұр, соны айтыңдар, өздерің қалаған бір пәнге диалог құрыңдар.

* Бұл сабақта біз есеп шығарамыз. Апта сайын бақылау жұмысын жазып отырамыз.

* Жаңа сөздермен танысу, қазақ халқының салт-дәстүрі туралы білу, мазмұндау, мәтіндерді аудару қай сабақта болады?

*Жүгіру, секіру, доппен ойнау, спорттық ойындарда жарысу қай сабақта болады?




Қорытынды


3 мин

«Бес жолды» өлең құрастыру «Менің мектебім»


Әр оқушы дәптеріне синквейн құрастырады.

1.Зат есім

2.Сын есім

3.Етістік

4.Фраза

5.Зат есімге синоним

Рефлексия

2 мин

Сабақтан түйгенін, өз мектебне, бір-бірлеріне деген лебіз, тілектерін жазады

Оқушылар стикерлерге жазып, тақтаға іледі.

Үйге тапсырма


«Менің арманымдағы мектебім» шағын әңгіме жазу


Оқушылар күнделіктеріне жазып алады.

Бағалау

2 мин

Мұғалім қорытынды бағаны өзі қояды.






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.10.2018
5883
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі