МЕКТЕП-МЕНІҢ ӨМІРІМ

«Адам бір жылын ойласа – дән себеді, бар ғұмырын ойласа – ағаш отырғызады, ал ғасырлық болашағын ойласа – ұрпақ тәрбиелейді»
Халық даналығы
Ұстаз – ұлағатты ұғым. Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес десек, адам баласының жүрегінде қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, соның бірі – Ұстаз.
Мен мұғалім болуды бала кезімнен армандадым. Мектепте оқып жүріп көп жақсы мұғалімдерді кездестіріп, олардан білім нәрін алып, өнеге алуға тырыстым. Өскенде солар сияқты жақсы ұстаз боламын деп алдыма үлкен мақсат қойдым.
Бүгінде жылдар жылжып, менің де арманым орындалып, ұстаздық еткен ұлы жолыма 22 жыл болыпты. Осы жылдардың күні мен түні өмірімдегі ең бағалы, ең бақытты күндер болды. Өйткені бұл күндерімді жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беруге арнадым. Әр баланың тұлға болып қалыптасып, өмірдегі өз орнын табуы үшін еңбектендім.
Адамзат баласының бұл өмірде үш түрлі міндеті болады екен. Оның біріншісі - ұрпақ өрбітіп, тәрбие беру, екіншісі – ұстаздық етіп, шәкірт баптау, үшіншісі - ілім-білім жинап, қоғамға қызмет ету. Бұл орайда, тәлім - тәрбие – ата-анадан, оқу мен білім - ұстаздан, ал қоғамға қызмет ету - баршамызға ортақ парыз.
Ұстаздың еңбегі шәкіртімен бағаланатыны белгілі. Еңбек еткен ұстаздық жолымда озық ойлы, шығармашыл дарынды шәкірт тәрбиелеп жемісін көріп келемін. Түрлі аудандық, облыстық байқауларда, пәндік олимпиада жүлдегері атанып, төбемді көкке жеткізген шәкірттерім де баршылық. Ұстаздық тәжірибемде білім берген әрбір шәкірттерім өмірде бір кірпіш болып қаланып, ұстаздан шәкірт озып жатса, бұл мен үшін еткен еңбегімнің жемісі деп білемін.
Білім беру ісінде алға қарай дамудың қоғамда өсіп өркендеуі ғана емес, табысқа жеткісі келген әрбір ұстаздың бағы мен шығармашылығының жетістігі деп білдім.
Менің ұстаздық еткен еңбек жолымдағы тәжірибемнің негізгі бөлшегі өзімнің туған өлкем Түркістан қаласындағы Сәкен Сейфуллин атындағы №4 мектеп-лицейінде 5 жылдан бері жалғасын тауып келеді. Қазақ мәдениеті мен тарихында қайталанбас өзіндік орны бар, Сәкен Сейфуллиннің атына берілген мектеп-лицейінде жұмыс жасау менің ұстаз жолыма берілген бақ болды. Аталған мектепте жұмысымды директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметінен бастасам, қазіргі таңда директордың әдістемелік оқу ісі жөніндегі орынбасарының міндетін өз мамандығыммен қоса атқарып келемін. Киелі Түркістан қаласының төрінде орналасқан, 50 жылдық тарихы бар білім ордасының бүгінгі таңдағы жеткен жетістігі - ұшан теңіз. Шығармашылығы шарықтаған, озық ойлы, ізденісі ілгері ұстаздары білім бәсекелерінде белсенділік танытудан танған емес.
«Ұстаз» деген асыл ұғым - бұл қайнап жатқан қоғам өміріне, оның ішінде бала өмірінің үлкен мұратына үлес қосар, нардың белін қайыстырар қыруар жүкті көтеріп келе жатқан тұлға дер едім. Ұстаз өзінің биік парасатын өтеу жолында, қазіргі сансыз өзгерістер болып жатқан уақытта, соның ішінде білім беру жүйесі жаңарып, мәні өзгерген салада болашақ жастарды біліммен сусындатып, әрқашан қамқорлық жасауға ұмтылады.
Бүгінгі мектеп оқушылары, ел тізгінін ұстар - ертеңіміз. Ұлттың бәсекеге қабілеттілігінің басты көрсеткіші де осылар. Білімнің дамуы - бұл қоғамның алға жылжуы, адамзат өркениетінің өнегелі өлшемі. Ал білімнің қайнар көзі - мектеп.
Қорыта келе, мен ұстаздықтан өз бақытымды тапқан жанмын деп айта аламын. Өйткені өз мамандығым мен берілген міндетімді жақсы көремін. Күнде мектепке асығып барамын, себебі мектепсіз өз өмірімді елестете алмаймын. Мектеп – менің өмірім, менің тағдырым.
Джолдасова Ақтолқын Елшібекқызы,
директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз