400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мектеп өмірі, мектеп тынысы. Мақала

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі апталығына жазылған анықтама
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Қызыл таң» жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қазақ тілі мен әдебиет пәні бірлестігінің жетекшісі Керімбекова Айгүл


Әр адам өзінің тілін шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап құлағына сіңіруі тиіс. Себебі, тілін білген адамның ғана бойында патриоттық сезім қалыптасады. Олар елге, ұлтқа пайдалы мәселелерді қозғап, жауапкершілікті сезінеді. Өйткені, мемлекеттік тіл елімізде аса маңызды да, ең өзекті мәселе.
«Қызыл таң» жалпы орта мектебінде 18-23 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасының Тілдер күні мерекесіне арналған «Үштілділік – заман талабы» атты тілдер апталығы өтті. Бұл апталықта іс-шаралар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өткізілді. Аталмыш апталық аясында бекітілген жоспар бойынша мектебіміздің тіл мамандары Қазақстан Республикасында тұратын барша халықтың тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін қорғауға және дамытуға бағытталған түрлі іс-шаралардың өтуіне белсене ат салысты.
Дүйсенбі күні апталықтың ашылу салтанаты болды. Салтанатты жиын Қазақстан Республикасының Әнұранымен ашылды. Жиында сөз алған қазақ тілі бірлестігінің жетекшісі Керімбекова Айгүл мен орыс тілі пән бірлестігінің жетекшісі Сулейменова Саида тәуелсіз елдің мемлекеттік тілі мәртебелі де тұрақты болып, өрістеп дамуына үлес қосу – жас жеткіншектердің жауапкершілігінде болатын міндет екендігіне тоқталып, ана тіліміздің мерейлі мерекесімен құттықтады. Шараны пән мұғалімдері дайындаған оқушылардың үш тілдегі әдеби монтажы жалғастырды.
Тәуелсіздігіміздің тұғырына көтерілген жылдар ішінде елдің бірлігі артқандай. Елімізде ұлтымыздың ұлы тілімен қатар әлемдік тілдердің де құндылығы жоғары. Қазақ балаларының өзге тілді меңгергеніне қуанып, өзге ұлт өкілдерінің қазақ тілінде сөйлеп, білім алып жатқанын көргенде, бір жасап қаламыз. Ұстаздар қауымының басты міндеті – шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, болашақ ұрпаққа ұлағатты тәрбие беру. Осы мақсатта қазақ тілі пәнінің мұғалімдері ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар өтті. Ә. Әшім «Ананың тілі-жүректің үні» атты шығармалар сайысын ұйымдастырса, тіл мерекесінің жоғары деңгейде өтілуіне мектеп кітапханашысы да атсалысты. Кітапханашы А. Мұртазаеваның ұйымдастыруымен «Ең үздік оқырман» атты іс-шараға 6-7 сынып оқушылары арасында сайыс өткізіліп, жеңімпаз топ мақтау қағазымен марапатталды. Апталық жоспарына сәйкес қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі Г. Тұрсынбекова 11 «Ә» сыныбында М. Дулатұлы. «Бақытсыз Жамал» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақта мұғалім өзін құзырлы да, білікті маман ретінде көрсетті. Сабақтың барысы жүйелі әрі әдістемелік жағынан ұтымды өтті. Оқушылар сабақта өздерінің пәннен білімдерінің жоғары деңгейде екенін көрсетті. 

Орыс тілі пәнінің мұғалімдерінің ұйымдастыруымен « Если дружат люди- дружат языки» атты мерекелік іс-шара 7-8 сынып оқушыларының қатысуымен акт залында атап өтілді. Ал, ағылшын мұғалімдерінің «English is a global language» атты 5-7 сыныптармен пән мұғалімдері сыныптан тыс іс-шарасын өткізді.
Қазақ тілі пәні мұғалімі Джорабаева Ажардың «Дәстүріңді сақтай біл» атты 9 сыныптар арасында сыныптан тыс тәрбие сағаты ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өткізілді. Қазақтың ұлттық салт-дәстүрлерін, өнерді кеңінен паш етіп, көрермендерді өз өнерлерімен тәнті етті. Айта кетсек оқушылар қазақтың салт-дәстүрінен көріністер көрсетіп, мың бұрала билер биледі.
Қазақ тілі пән мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Тіл - татулық тірегі» атты тілдер апталығының әдеби-танымдық қорытынды кеші өтті. Мектебіміздің оқу-тәрбие ісінің меңгерушісі А. Өмірбекова құттықтау сөзінде Елбасының данышпан саясатының арқасында елімізде қоныстанған барлық ұлттардың тілдерін, мәдениетін, сондай-ақ мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру бағытында қол жеткізген айтарлықтай жетістіктерге тоқталып, маңызды апталықта белсенділік танытқан сыныптарды, жеңімпаз топтарды, жеке тұлғаларды атап, тіл мамандарына өз ризашылығын білдірді. Оқушылар өздерінің музыкаға деген қабілеттерін аңғартып, ән мен жырдан шашу шашып, 11-сынып қыздары қазақтың ұлттық биін шабыттана орындаса, 6 «б» сынып оқушыларынан құралған қыздар кәріс ұлтының биін билеп көрермен қауымын таңқалдырды. Концерттік бағдарламаны Амир Сұлушаш, Махамбетәлі И, Каналқұл Ж үш тілде жүргізді.
Түйіндей келе, бұл шаралар осы мерекемен ғана шектеліп қалмай, әрі қарай өз жалғасын табады деп ойлаймыз. Ұлы жазушы Мұхтар Әуезов «Ұлттың тілі – сол ұлттың жаны, жан-дүниесі. Ол жүректі соқтыртып тұрған қан тамыры сияқты. Егер де қан тамыры жабылып қалса, жүрек те соғуын тоқтатпай ма?» - деп тура айтқан. Олай болса, тілімізді қадірлей білейік!

Апталықтан көріністер





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
817
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі