Материалдар / Мектеп оқушылары арасындағы ән-би байқауы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мектеп оқушылары арасындағы ән-би байқауы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп оқушыларының арасында өнерге деген қызығушылығын арттыру мақсатында ,өнерін шыңдауда көмек болар еді
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
1138
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ән-би байқауының сценарийі\

Мақсаты: Оқушыларды туған халқының өнерін құрметтеуге,өнерлі оқушылардың өнерін ұштауға,ортаға танытуға тәрбиелеу

Жүргізуші : - Армысыздар құрметті көрермендер! Мектебімізде өткізілгелі отырған «Құлақтан кіріп бойды алар»атты ән-би байқауына қош келдіңіздер.

Мектеп жұлдызын анықтайтын бұл өнер сайысы - талантты балалардың, талантын шыңдап, қанат бітіріп, үлкен өнерге жол ашатын байқаулардың бірі болады деп ойлаймыз. Ендеше байқаудың қазылар алқасымен таныс болайық

1. Мектебіміздің тәрбие жөніндегі орынбасары ,қазылар алқасының төрағасы Алагөзова С.

2. Мектебіміздегі музыка пәнінің білікті маманы Жаукенова Г.

3. Шәкірт терін домбырада ойнауға баулып жүрген өнерлі ұстаз Жанжігітов С .

4. Мектеп психологы,өнер жанашыры Мұқанғалиева Н

Ендеше ортамызға сайыскерлерімізді шақырсақ :

5»а» сынып атынан өнер көрсететін Баймұрат Жайна

5 «ә» сынып өнерпазы Таңжарықова Ақерке

5 «б» сынып бишісі Батырбек Альбина

5 «в» сынып қатысушысы Джумабай Нұрлыбек

6 «а» сынып өнерпаздары Мұқамед-Халий Жадыра мен Қанатбай Дильназ

6 «ә» сынып атынан қатысушы Амандықова Дария

6 «в» сыныптың намысын қорғайтын өнерпаз Қазыева Әлия

7 «а» сынып атынан Тасқараев Алмас

7 «ә» сынып әншісі Сансызбаев Диас

7 «б» сыныптың өнерпазы Сақи Бақытгүл

7 «в» сынып жұлдыздары Қосыбай Ақжол мен Абишева Аружан

8 «а» сынып атынан Смагулова Дильназ

8 «ә» сыныптық Құрақбай Таңсұлуды қарсы

8 «б» сынып оқушысы Нарбаева Назеркені қарсы алайық

Сайыскерлер өнерлі ортаға салар додаға қош келдіңдер! Баршаңызға сәттілік тілейміз!

Сайыскерлерді өз өнерлерін көрсетер алдында жеребе алуға шақырамыз және сахна сыртына шығарып саламыз.(Өнерпаздар алған сандарын көпшілікке көрсете отырып сахна сыртына өтеді)



1)Жүргізуші:

Айгөлек-ай,айгөлек,

Айдың жүзі дөңгелек.

Айгөлек деп ән салып

Би билеймін дөңгелеп– деп өнерпаз болып өсіп келе жатырған бүлдіршін ,сыныбының белсендісі, байқаудың алғашқы қатысушысын сахна төріне шақырайық. 5«А» сыныбының биші қызы Батырбек Альбинаның орындауында «Қазақ биін» қабыл алыңыздар

2 ) Жүргізуші: Барлық әлемнің балалары сияқты жер бетінде тек ғана бейбітшілік болуын тілейтін келесі талантты әншілеріміздің бірі 5 «в» сынып оқушысы Джумабаев Нұрлыбек. Оқу екпіндісі., бос уақытында ән айтып, спортпен шұғылдағанды ұнатады. Әжесінің сүйікті немересі Нұрлыбек болашақта атақты әнші болғанды армандайды. Сонымен «Жаса Қазақстан» әнімен сахна төріне Нұрлыбекті қошаметтеп шақырамыз. Қарсы алыңыздар.

3) Жүргізуші : Келесі алдарыңызға шығатын өнерпаз әдептілігімен ерекшеленеді ,сыныбының үлгілі оқушысы,ата-анасының қолғанаты 6 «ә» сыныбының абыройы үшін сынға түсетін Амандықова Дарияны «Өзбек биімен» қарсы алыңыздар

4 ) Жүргізуші: Бұл оқушының бойынан сан түрлі өнер табуға болады дейді сыныптастары.Өз ана тіліндегі әндерді нақышына келтіре орындайтын әнші қыз бүгін алдарыңызға орыс тілінде ән шырқамақ. 7 «б» сыныбың оқушысы Сақи Бақытгүлді «Мамочка «әнімен қарсы алыңыздар

5) Жүргізуші: Біздің өнерпаздарымыздың қай –қайсысы болмасын өзге ұлттың өнерін қалтқысыз орындай білетіні таңқалдырады. Оған қазір сіздер де куә боласыздар.7 «в» сынып оқушылары Қосыбай Ақжол мен Абишева Аружанды «Лезгин» биімен ортаға шақырайық

6 ) Жүргізуші: Өзінің нәзіктігімен ерекшеленетін аруымыз сыныбының мақтанышы. Апаларының тәлімін алып әншілікке бет бұрып жүрген 6 «б» сыныбың үміткері Дауылбай Жасмина алдарыңызда.Жасминаның орындайтын шығармасы « » Қошеметпен қарсы алайық

7) Жүргізуші: Он саусағы майысқан, биші қыздарымыз Жадыра мен Дильназ көптен бері «Гүлдәурен » би тобында би билеп келеді. Олар халық билері, көркемөнерпаздар байқауының жүлдегерлері, мектебіміздің жұлдызды бишілері, көрермендердің сүйікті өнерпаздары. Бишілерімізге сәттілік тілей отырып, бүгінгі байқауға дайындаған «Көркем» атты билерімен сахнаға шақырамыз!

8) Жүргізуші: Мектебіміздің мақтанышы ,қалалық сайыстарға қатысып шыңдалған әншіміз 7 «а» сынып оқушысы Тасқараев Алмасты «Айқаракөз» әнімен ортаға шақырамыз

9) Жүргізуші : Талайға таңдай қақтыратын өзіндік стилі бар үнді халқының биін келесі қатысушымыз орындап шықпақ. Алдарыңызда 5 «а» сынып оқушысы Баймұрат Жайна үнді биімен өнер көрсетеді





10) Жүргізуші:

Ол оқу үздігі ,ән салып би билеуді ұнатады. Сонымен қатар анасына да, інісіне де көмектеседі. Сонымен келесі алдарыңызға шығатын 5 «ә» сыныбының үміткері Таңжарықова Ақерке..Мектепішілік сурет сайысының жеңімпазы.Ақерке бүгінгі байқауға «Қазақ жастары » әнімен келген екен. Қабыл алыңыздар.

11) Жүргізуші: Ал біздің келесі би наминациясы бойынша байқауға қатысушы үміткерлеріміз дің би үйірмесіне қатысып жүргеніне 2-3 жыл болған. Яғни біраз шыңдалып қалған. Бүгінгі орындайтын би»н өзі ерекше жақсы көретінін айтады. Ендеше «Карнавал» биімен ортаға 8 «А» сыныбының бишісі Смагулова Дильназды ду қол шапалақпен сахна ға шақырайық, қарсы алыңыздар.

12 ) Жүргізуші: Диас сыныбының бетке ұстар оқушысы, жауапкершілігі жоғары, сыныптастарына әркез көмек қол ұшын соғады. Бос уақытта футбол ойнап, спортпен шұғылданады. Болашақта футболдың королі болуды армандайды. Диастың орындауында « » әнін қабыл алыңыздар.

13) Жүргізуші: Келесі қатысушымыз көпшілік сайыстарға шығып шыңдала қоймаса да ,бүгін сыныбының намысын қолдан бермеуге тырысады. Орындайтын би қойылымын өзінің қиял шеберлігімен орындап шығады. Алда талай шыңды бағындырам деп өзіне мақсат қойып отырған жігерлі қыз Қазыева Әлияны қарсы алыңыздар. 6 "в" сынып үміткері

14) Жүргізуші: Бұл сайыскердің бойында әншілік ерекше қабілеті бар екен.Ол іштей мектебіміздің жұлдызды әншісі болуды армандайды. Қоғамдық жұмыстарға әркез ат салысады. Былайынша айтқанда ән салу оның сүйікті ісі. Ендеше « » әнімен сахнаға шақырайық, 8 «в» сыныптың үміткері Мұратқызы Әйгерім . Ду қол шапалақпен қарсы алыңыздар.

15) Жүргізуші: Би билеп сахнаның үлкен төрінеде талай-талай өнер көрсетіп жүрген, кішкентай кезінен бері би билеп жүрген , « » би тобының тұрақты бишісі 8 «ә» сыныбының биші қызы бүгін «Өзбек биін» таңдаған екен.. Қошаметпен қарсы алыңыздар.

15) Жүргізуші: Сайысымыздың соңғы қатысушысы алдарыңызға шығады. Анаға арнап жыр шертпеген ақын бар ма?! Сондай керемет әннің бірін сіздердің алдыңызда тамылжыта орындайтын 8 «б» сынып оқушысы Нарбаева Назерке. «Аяулы ана» әнімен

Сонымен сайыскерлеріміз өздерінің өнерлерін ортаға салып өтті.Қазылар алқасының шешімін күтеміз

Өнерпаздарымызды сахна төріне шақырамыз. Сайыста бір-бірімен бәсекеге түсіп жатсада бір-біріне сәттілік тілеп , тілеулес бола білетін біздің сайыскерлеріміз бірлікте ән шырқайды

Әділқазылар шешімдерімен таныстырып,марапатттарын тапсырады

Жүргізуші : Құрметті қатысушылар сіздерді бүгінгі жеңістеріңізбен құттықтаймыз.

Жүргізуші 1: Осымен бүгінгі тартысқа толы «Құлақтан кіріп бойды алар» атты ән-би байқауы өз мәресіне жетті. Ендеше үміткерлерімізге өмірде т сәттілік тілейміз.

Жүргізуші 2: Құрметті көрермендер жас таланттарымызға қолдау көрсеткендеріңізге көп рақмет. Келесі кездескенше қош сау болыңыздар!

Жаңаөзен қаласы



















Shape1

«Құлақтан кіріп бойды алар...»

ән-би байқауы



























№7 орта мектеп

2016-2017 оқу жылы

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!