Материалдар / МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫН ЖАН-ЖАҚТЫ ДАМЫТУДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ТӘЛІМ-ТӘРБИЕНІҢ ЫҚПАЛЫ
25 ҚАЗАН
Республика күніне арналған ашық тәрбие сағаты
Дайын материалдарды жүктеп алыңыз

МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫН ЖАН-ЖАҚТЫ ДАМЫТУДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ТӘЛІМ-ТӘРБИЕНІҢ ЫҚПАЛЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында берілген жалпы білім беру мазмұнының базалық құндылықтары мен жалпыадамзаттық және қазақ халқының ұлттық құндылықтарын кіріктіру ұсынылады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Тамыз 2024
126
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Shape2


МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫН ЖАН-ЖАҚТЫ ДАМЫТУДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ТӘЛІМ-ТӘРБИЕНІҢ ЫҚПАЛЫ







Батыс Қазақстан облысы, Бәйтерек ауданы

«Рубежин «мектеп – бөбекжай-балабақша» кешені» КММ

Директордың тәрбие ісі жӛніндегі орынбасары

Санкибаева Лаззат Бактыгереевна

Білім беру жүйесін дамыту мен білім беру мазмұнына өзгеріс енгізу – заман талабы. Әр халықтың тарихи, мәдени ерекшелігі білім мазмұнын жаңартудың негізгі көзі болып саналады. Бұл ғылыми білімнің, іскерліктің жүзеге асуы болып табылады. Аталған жүйе негізінде тұлғаның ақылойы, қабілеті дамиды, өзіндік көзқарасы, мінезі қалыптасады. Еліміздің тәуелсіздік алуы ұлттық тәрбиеге кең өріс ашты. Білім беру жүйесі мен мазмұнының жаңа талаптарға сай болуы өмір қажеттілігінен туындап отыр. Өркениетке қадам басқан қоғамда жеке тұлғаны тәрбиелеуде ең алдымен, білім берудің ұлттық жүйесі адамның ішкі жан-дүниесін, рухани әлемін жетілдіру бағытындағы тәрбие ісі ұлттық тәлім- тәрбие арқылы жүзеге асуы қажет. Замана жетiстiктерi негiзiнде ұрпаққа сапалы бiлiм берудi мақсат ете отырып, жаңа қоғамға лайықты өмірден өз орнын табатын, зерделі тұлға тәрбиелеу − бүгінгі күннің басты талабы. Ұрпақ тәрбиесі – қай қоғамның, қай заманның болмасын көкейкесті мәселесі екені даусыз. Себебі, еліміздің көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы, халықаралық деңгейге шығуы бүгінгі ұрпақ бейнесі арқылы көрініс табады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» Ұлттық құрылтайдың екінші отырысында: «Адал азаматқа тән қасиеттер әрбір жастың бойынан табылуы керек» – деп Әділетті Қазақстанды құру жолында маңызды өзгерістер, тіпті ауқымды реформалар керектігіне баса назар аударды.

Жаңа Қазақстанды құру құндылықтар бағдарын жаңартуды білдіреді. Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекеттің ең жоғары құндылықтары – адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары – мызғымас сипатқа ие. Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарында патриотизм құндылықтарын дәріптеу жалпыұлттық басымдық ретінде белгіленген. Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет Жаңа Қазақстанның жастары айрықша түсінуге тиіс үш маңызды бағыт ретінде айқындалады. Егемендігіміздің мәңгілік үштағаны – аумақтық тұтастық, мемлекеттік тіл және береке-бірлігіміз – қазақстандық қоғамның дау тудырмас құндылықтары болып қала береді. Осыған орай, қазіргі жастардың бойында ұлттық құндылықтар негізінде ұлттық сананы қалыптастырудың маңыздылығы – бүгінгі күнгі өзекті мәселелердің біріне айналып отыр.

Тәрбие жұмысы біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде жүзеге асырылады. Бағдарлама жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде адал азаматты тәрбиелеуді көздейді. Білім беру ұйымдарының барлық тәрбие жұмысының мазмұнында ұлттық мүдде, ар-ұят, талап сияқты құндылықтар көрініс табуы қажет.

Білім беру ұйымдарында білім алушыларды тәрбиелеу ісі:

  • оқу пәндерінің мазмұны;

  • сынып сағаттары мен тәрбиелік іс-шаралар;

  • сыныптан тыс іс-әрекеттер мен қосымша білім беру (үйірмелер, клубтар, секциялар, факультативтер және т.б.) арқылы жүзеге асырылады.

Күнделікті сабақтың қысқа мерзімді жоспарларын әзірлеуде Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында берілген жалпы білім беру мазмұнының базалық құндылықтары мен жалпыадамзаттық және қазақ халқының ұлттық құндылықтарын кіріктіру ұсынылады. Мысалы, Қазақстан тарихын оқытуда еліміздің ұлттық мұрасы мен мәдениетіне құрметпен қарауды дәріптеу немесе әдебиетті оқыту барысында шығармаларды талдау арқылы жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға басымдық беру, географияны оқыту барысында табиғатқа, табиғи мұраға ұқыптылықпен қарау және табиғи ресурстарды үнемді әрі тиімді қолдану еліміздің тұрақты дамуы үшін маңызды екендігін дәріптеу ұсынылады.

Сынып сағаттары мен тәрбие іс-шаралары шеңберінде:

 ұлттық мүдде, ар-ұят, талап құндылықтарын негізге алып әдептілік, әділеттілік, мейірімділік, адалдық, отаншылдық, қамқорлық, азаматтық жауапкершілік, еңбекқорлық, ұлттық мұра мен қазақ тілін қастерлеу, қоғам игілігіне қызмет ету, денсаулық пен салауатты өмір салтын ұстану секілді қасиеттерді қалыптастыруға ықпал ететін дөңгелек үстелдер, пікірталастас, талқылау, рөлдік ойындар, кейстерді шешу және т.б. формада өткізу ұсынылады;

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР: ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ, АР-ҰЯТ, ТАЛАП.

Ұлттық мүдде құндылығы:

  • Қазақстан мемлекеттілігін нығайтуға атсалысу;

  • Қазақстанның оңтайлы имиджін қалыптастыруғабелсенді үлес қосу;

  • Ұлттық мұраға ұқыпты қарау;

  • Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту;

  • Қазақстан мүддесіне қызмет етуге ұмтылу;

  • Қоғам игілігі үшін қызмет ету;

  • Қазақстанның қауіпсіздігін қамтамасызетуге дайын болу;

  • - Ұлттық мәдениетті дәріптеу;

Күтілетін нәтижесі:

  • Отаншыл, мемлекетшіл және намысшыл

  • Мемлекеттік рәміздерді қадірлейді

  • Елінің тарихын құрметтейді

  • Ұлттық мирасты, мәдениетті дәріптейді

Білім беру ұйымдары мен мүдделі мемлекеттік органдардың бірлескен іс-шараларын ұйымдастыруда білім алушылардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуді және олардың жас, жеке, психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып іс-шаралардың мазмұнын білім беру ұйымының басшыларымен, тәрбие ісі жӛніндегі орынбасарларымен, педагог-психолог мамандармен алдын ала келісу ұсынылады.

Түйіндеп айтатын болсам, ата-бабаларымыздың сан ғасырлар бойы ұрпағына азық болған ақылкеңес, өсиеттері, асыл мұрасы ұлттых рух, ұлттық мақтаныш, ұлттық намыс, ана тілі мен ұлттық мәдениетін қалыптастыру сезімін ояту – білім беру мекемелері, ата-ана, қоғам, яғни баршамыздың парызымыз. Бірлескен жұмыстың нәтижесі болмақ. Сонда ғана ұлттық сана-сезімі толыққанды жетілген, туған тілін еркін білетін, ұлттық сипаты мен ұлттық рухын жоғалтпаған ұрпақ тәрбиелей аламыз. Халқымыздың маңдайына біткен ұлттық құндылықтарымызды, сонау өткен ғасырлардан өшпес мұра болып қалыптасып келе жатқан дархан халқымыздың таратқан үлгі насихаты асыл мұраларымызды өздеріңіздің талмай, қажымай еткен еңбектеріңіздің арқасында дарынды да тәрбиелі оқушылардың бойына сіңіріп, ұлттық мәдениетімізді әлемдік деңгейдегі мәдениетке жеткізіп сақтауға деген патриоттық сезімді қалыптастыруға бір кісідей атсалысу қажет.


Shape4

2



Материал жариялап тегін
сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!