Мектеп оқушыларының шетел тілін үйренудегі психологиялық қиындықтарын жеңу

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мектеп оқушыларының шетел тілін үйренудегі психологиялық қиындықтарын жеңу

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақалада мектеп оқушыларының шет тілін үйрену барысында кездесетін психологиялық қиындықтары, әсіресе көпшілік алдында сөйлеу мен қателік жасауға деген қорқыныш қарастырылған. Зерттеу нәтижелері бойынша, оқушылардың негізгі қиындықтары сөйлеу дағдыларын дамыту мен грамматикалық қателіктерден қорқу болып табылады. Бұл мәселелерді шешу үшін ойындар мен жаттығулар, мысалы, таныстыру ойыны, импровизация жаттығулары және "Қателік көрмеймін" ойындары ұсынылады. Мұғалімнің мадақтауы оқушылардың сенімін арттырып, оқу процесіне ынтасын күшейтеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп оқушыларының шетел тілін үйренудегі психологиялық қиындықтарын жеңу

Майрамбаева Аида Прімханқызы Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің шет тілдері факультетінің 4 курс студенті

Махатбек Әсем Сакенқызы Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің шет тілдері факультетінің 4 курс студенті



Аннотация

Мақалада мектеп оқушыларының шет тілін үйрену барысында кездесетін психологиялық қиындықтары, әсіресе көпшілік алдында сөйлеу мен қателік жасауға деген қорқыныш қарастырылған. Зерттеу нәтижелері бойынша, оқушылардың негізгі қиындықтары сөйлеу дағдыларын дамыту мен грамматикалық қателіктерден қорқу болып табылады. Бұл мәселелерді шешу үшін ойындар мен жаттығулар, мысалы, таныстыру ойыны, импровизация жаттығулары және "Қателік көрмеймін" ойындары ұсынылады. Мұғалімнің мадақтауы оқушылардың сенімін арттырып, оқу процесіне ынтасын күшейтеді.

Кілтсөздер:интеграция;когнитивті;эмоционалдық;психологиялық;оқыту әдістері;шет тілдер;мәдениетаралық.

Халықаралық интеграция заманында шетел тілдерін меңгеру маңызды мақсатқа айналды. Оқушыларға шет тілін үйретумен қатар оқытудың жаңа тәсілдерін пайдалана отырып тілді толық меңгерген тұлғаны қалыптастыруға, оның шетел азаматтарымен қарым-қатынаста мәдени байытылуына , мемлекетіміздің халықаралық қарым-қатынастарының нығайуына оң ықпал етеді.Шет тілін оқытудың негізгі мақсаты –білім алушыларға жаңа тілді үйрету арқылы мәдениетаралық түсіністікті қалыптастыру және білімге деген көзқарастарын кеңейту.Бұл мақсатқа жету үшін оқушылардың тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым дағдыларын жетілдіріп, сөздік қорын байытып, грамматикалық құрылымдарды меңгерту қажет.Мектеп оқушылары үшін шет тілін білу олардың болашақ кәсіби және жеке өміріндегі табыстарына оң ықпал етпек. Алайда шет тілін үйрену барысында оқушылар жиі психологиялық қиындықтарға кезігеді. Мұндай кедергілер тіл үйрену үдерісін баяулатып, оқушылардың оқу жетістіктеріне кері әсерін тигізуі мүмкін. Сондықтан, шет тілін үйрену кезінде оқушылардың психологиялық жағдайына көңіл бөлу маңызды.Шет тілдерін меңгеруде жас ерекшеліктері айтарлықтай маңызды рөл атқарады. Әр жас өкілінің когнитивті, эмоционалдық және физиологиялық ерекшеліктері әртүрлі болғандықтан, тіл үйрену процесі де әртүрлі кезеңдерде өтеді. Төменде жас ерекшеліктеріне қарай тіл үйренудегі айырмашылықтарын қарастырайық:7-12 жастағы балалардың шет тілін үйренуі ерекше кезең болып саналады.Себебі осы жас аралығында балалардың есте сақтау қабілеті жоғары болады.Олар сөздік қорларын көбейтіп,жаңа мәліметтерді тез меңгеріп, грамматика мен синтаксис тілдік құрылымдарын жақсырақ түсіне бастайды.Бұл жастың ерекше артықшылығы олар қателік жасаудан қорықпайды.13-18 жас аралығындағы жасөспірімдер тілдік құрылымды тереңірек түсініп,тілді жақсымеңгереді және грамматиканың күрделі аспектілерін оңай игереді.Бірақ бұл жастағы жасөспірімдер қателік жасау,өзіне сенімсіздік,көпшілік алдында сөйлеу сияқты психологиялық қиындықтар туындайды. Біз мектеп оқушыларының шетел тілін үйренудегі туындайтын и қиындықтарды аңықтау мақсатында 41 мектеп-гимназиясы 9-сынып оқушылары арасында зерттеу жүргізіп,сауалнама алдық.Сауалнамаға жалпы 15 оқушы қатысты.


Сауанама нәтижесі бойынша 1-сурет

Сауалнаманың нәтижесі бойынша оқушылардың 48,6%-ы тіл үйренудегі қиындықтардың бірі көпшілік алдында сөйлеу мен мәтіндерді түсінбеу мәселесі екенін атап көрсетті. Бұл жауап берушілердің көпшілігінде сөйлеу дағдыларын дамытуда өзіне деген сенімсіздік бар екендігін көрсетеді.42,6%-ы қателіктермен сөйлеуден қорқады және грамматика бойынша білімдері жеткіліксіз екенін көрсеткен.Тек 8,8% студент қана психологиялық жағдайын жеңе алады және шет тілінде қарым-қатынас жасауда ешқандай психологиялық кедергілерді сезінбейтінін мойындады.

Оқушылардың көпшілігі мұғалімнің мадақтауының өздері үшін маңызды екенін көрсеткен. Бұл оларға өзіне деген сенімділігін арттырып, оқу процесіне ынтасын күшейтетінін көрсетеді.Бұл нәтижелер оқушылардың шет тілдерін үйрену барысында кездесетін психологиялық кедергілерді, оқыту әдістерін таңдаудағы артықшылықтарын, сонымен қатар мұғалімнің қолдауына деген қажеттіліктерін анық көрсетеді.

Зерттеу нәтижесіне сүйене отыра балаларда шет тілін үйренуде ең көп таралған қиындықтардың бірі-көпшілік алдында сөйлеу мен қателіктермен сөйлеуден қорқу екенін қарастыра отырып,бұл қиындықты шешудің бірден-бір жолдары ойындар мен жаттығуларды сабақ барысында қолдану екенін айта аламыз.Мысалы таныстыру ойынын алатын болсақ,әр оқушы көршісін немесе өзіне жақын отырған басқа оқушыны таныстырады. Ол үшін олар бір-бірімен алдын ала сөйлесіп, қызықты фактілер жинайды. Бұл ойын өзгенің атынан сөйлеу арқылы өз сөзін еркін жеткізуге көмектеседі.Келесі ойын импровизация жаттығуы.Оқушыларға кездейсоқ тақырып беріледі (мысалы, “Марстағы демалыс” немесе “Мысықтардың университеті”) және олар ойдан шығарылған фактілерді айтып, тақырыпты 1-2 минут бойы дамытуға тырысады. Бұл ойын креативтілікті дамытып, көпшілік алдында сөйлеудегі қорқынышты азайтады.

Қателіктермен сөйлеуден қорқу проблемасын жеңу үшін “Жалғасын тап” ойынын өткізуге болады.Ойынның шарты: Бір қатысушы оқиғаны бастайды, ал келесісі оны жалғастыру барысында бір әдейі қате жібереді. Қалған қатысушылар сол қатені шығармашылық тұрғыда қабылдап, оқиғаны қызықты етіп жалғастырады. Бұл жаттығу қателіктердің оқиғаны қызықтырақ ете алатынын көрсетеді. Келесі ойын түрі “ Қателік көрмеймін” ойыны.Әр қатысушы кезекпен бір тапсырманы орындауға тырысады, бірақ міндетті түрде қате жібереді. Қалғандары оның қателігіне назар аудармай, қолпаштап, қолдау білдіреді. Бұл ойын қатысушыларға қателіктеріне назар аудармауға үйретеді.Бұл ойындар мен жаттығулар қатысушылардың қателіктерді қалыпты құбылыс ретінде қабылдауына көмектесіп, өзін-өзі бағалауын көтереді. Қателік жасаудан қорқу – табысқа жетудің басты кедергілерінің бірі, сондықтан осы жаттығуларды қолдану арқылы қатысушылардың қателіктерге оң көзқараспен қарауын қалыптастыруға болады.





Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1.Абрамова Г.С. Практическая психология. М.,2001.

2.Павленко Т.Б. К вопросу об эмоциональных барьерах, влияющих на изучение иностранных языков / / Иностр. языки в школе. - 2020. - Nº5. - С. 58-60.

3.Сорокоумова Г. В. Развитие коммуникативных компетенций и уверенности в себе детей и подростков с ОВЗ / / Гуманизация образования. - 2019. - Nº6. - С. 99-109.

4.Анастази А. Психологическое тестирование. В 2 т., М., 1982

5. Меньшенина Н. П. Игра как способ обучения иноязычной коммуникации / / Иностр. языки в школе. - 2019. - N° 11. - C. 17-20.

Shape1



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.05.2025
47
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі