жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Мектеп пен отбасы арасындағы байланыс
Мектеп пен отбасы арасындағы байланыс
Сабақ
барысында «Танысу» кезеңінде оқушылардың
өздері туралы жағымды пікір, ой айтуы
олардың өздеріне деген сенімділік,
күш-жігер, көтеріңкі көңіл күй сыйлайды,
ертеңіне зор үмітпен қарайтын жеке
тұлғалар қалыптаса бастайды. Ата-аналар
да отбасында балалардың өзіне деген
сенімділік, өзіндік «менін» тудыратын
жағымды есім, жылы сөздерді барынша мол
қолдануы керек.
Келесі тренинг
бойынша ата-аналарға түрлі-түсті
фигураларды беру.
Құрметті ата-аналар!
Қазір сіздерге тапсырмалар беріледі.
Әр қайсысыңыз түрлі-түсті бір фигураны
алып, сол түстегі столға барып отырасыздар.
Столдағы тапсырмаларды орындауларыңыз
керек.
1. Мектепке деген махаббатыңызды
білдіріп гүл шоғын жасаңыз.
2. Балаға
деген махаббатыңызды білдіріп гүлге
жазып жапсыру.
3. Ата-ананың бір-біріне
деген махаббатын білдіріп күн шуағына
жазу.
Тапсырмаларды орындап болған
соң, пікірлерін сұрау, қорытынды жасау,
пікірлері балаларының пікірімен сәйкес
келе ме, жоқ па, талдау жасалатыны
ескертіледі.
Сіздерге ұсынылатын
келесі ойын-жаттығуы – «Тыныштық сәті».
Әуен ойналады, көздеріңізді жұмып отырып
тыңдайсыздар, әуенді тыңдап болған соң,
қандай сезімде болдыңыздар, сол жөнінде
пікірімізді ортаға салайық.
Балалармен
жүргізілетін «Тыныштық сәті» оларға
жағымды ойларға берілуге мүмкіндік
жасайды. Олардың ойларына тіпті ересек
адамдар ойламайтын қызықты бейнелер
елестейтінін айта кетейін. Тыныштық
сәті аяқталғаннан кейін балалар өздерінің
санасында, қиялында ойлап тапқандары
жайлы әңгімелеп, суреттейді. Оларды
тыңдап отырып, бала қиялының қаншалықты
бай екенін көреміз. Сіздер де үйде
балаларыңызбен бірге қиялдап, ертегі
құрастырып, өлең шығарып көріңіз.
Жан-дүниесі таза, қиялға бай, білімге
ынтық азаматтың қалыптасары сөзсіз.
«Өзін-өзі тану» сабағында көзделген
мақсат әрбір баланың өз бойындағы
шығармашылық әлеуетін тани және аша
білуге, өзінің эмоциялық көңіл күйі мен
мінез-құлық мотивтерін ұғына білуге,
бағалай білуге мүмкіндік туғызу болып
табылады.
Сіздерге ұсынылатын
келесі ойын жаттығуы – «Жүректен-жүрекке».
Бұл
кезеңде мен Сіздерге «Ғажайып сандық»
туралы шағын әңгіме айтып беремін. Бұл
әңгіме атасы мен немересі жайында.
Сіздер әңгімені тыңдап болғаннан кейін,
менің қолымдағы ғажайып сандықты осы
өмірде балаларыңызға арнайтын, ұстазға
деген тілектермен, жылы сөздермен
толтырасыздар. Бұл кезеңде балалар
сабақ үстінде алған білімдерін, жаңа
ақпараттарын қорытындылай келе ой
бөлісіп, жылы тілектер жүректен-жүрекке
ұштасып жатады.
«Өзін-өзі тану»
сабақтарында ұсынылатын ойындардың
басым көпшілігі балаларды мейірімділікке,
достыққа, сүйіспеншілікке, сыйластыққа
үйретуді көздейді, бұндай ойындардың
өзі бала бойына жалпы адамзаттық
құндылықтарды сіңіруді көздейді.
Ата-аналардың баламен жүргізілетін
ойындар мен жаттығуларды осылай жасауы
олардың бала психологиясын тереңірек
түсінуге, оларға сеніммен қарауға,
балалардың ойымен, көзқарасымен санасуына
мүмкіндік береді.
Адамзат –
табиғаттың ажырамас бір бөлшегі, адам
табиғатта тіршілік етеді, оның мөлдіреген
суын, биік тауларын, әсем бұлттарын,
ерекше, өзіндік әсемдігі мол жыл
мезгілдерін тамашалай отырып, осы кең
байтақ жерімізді аялауға, кәусардай
мөлдір суын ластамауға, әр табиғат
жаратылысын қорғауға баулуымыз керек
деген тәрбиенің қайнар көзі осы «Өзін-өзі
тану» пәнінде жатыр десек, қателеспейміз.
Бала
– кең әлемдегі ең пәк, ең таза, асыл жан.
Оның ойының тазалығы, арының тазалығы
оны қоршаған ортаға байланысты болмақ.
Бала осы ортаны қалай қабылдап, танып
білсе, оның алдынан кең әлемнің есігі
де солай ашылмақ.
Сондықтан, қымбатты
ата-аналар, баланың өзіндік «Менін»
қалыптастыру, адамгершілік-рухани
әлеуетін көтеру, қазіргі заман талабына
сай өзіндік ой-көзқарасы қалыптасқан
жеке тұлға тәрбиелеп шығару мектеп пен
отбасының тәрбиесі ұштасып, ортақ бір
мүддеге бағытталғанда ғана жан-жақты,
толыққанды жүзеге асады.
Сонымен
бірге бала тәрбиесінде мектеп пен
ата-ана арасындағы ынтымақтастық, тығыз
байланыс орнатуда да бұл пән үлкен роль
атқарады. Себебі, ата-бабамыздан келе
жатқан ұлттық құндылықтарды үйрету –
ата-ананың да басты міндеті. Сондықтан
әрбір ата-ана қолына «Өзін-өзі тану»
оқулығын алып, онда айтылған тағылымдар
мен өнегелі ой-ұғымдарды балаларының
оқып үйренуіне ықпал етулері тиіс.
Ал
ұстаз өз кезегінде халқымыздың
рухани-интеллектуалды мұраларын, мәдени
құндылықтарды жаңғыртып, тәрбиеге
ұлттық сипат беруге ұмтылуы тиіс.
Қорытынды.
Өзін-өзі тану – кез келген адамның
қолынан келе бермейтін, қиындықпен
жүзеге асатын үрдіс. Мұғалім «Өзін-өзі
тану» сабақтарында әр оқушымен жеке
тұлға ретінде қарым-қатынасқа түсе
отырып, баланың мінез-құлқын, сезімін,
әдет-дағдысын бақылай білуге, басқара
білуге, сонымен бірге жанындағы адамдарды
табиғи болмысымен қабылдау, ізгі ниет,
ыстық ықылас таныта білуге үйретеді.
Ата-ана да отбасында осы мақсаттардың
жүзеге асуына бағытталған тәрбие беруі
тиіс.
Сонда ғана болашақ ұрпақтың
бойына рухани адамгершілік қайнарын
сіңіріп, мінез-құлқын тәрбиелеуге, жалпы
адамзаттық құндылықтарды, адамгершілік
принциптер мен мұраттарды ғұмыр бойы
басшылыққа алатын тұлға қалыптастыра
аламыз. Жас ұрпақтың қабілеті мен
мүмкіншілігін жан-жақты ашып,
адамгершіліктің биігіне көтеретін,
ізгілік пен сұлулықтың шын мағынасын
түсінуге, шынайы мейірімділік пен
ақиқатқа ұмтылуға, өз өмірін жоғары
мәнмен өткізуге тәрбиелейміз.
Әр
баланы рухани керемет күш иесі деп
қарап, оның шетсіз шексіздікті үйренсем
деген ұмтылысына уақтылы көңіл бөліп,
демеу жасасақ, қуаттандырсақ, жүрегі
нұрға толы, жан-жағына шуағын шашып
тұратын, мейірімді, адамгершілігі мол,
үнемі талпынып тұратын, өз елін, жерін,
тілін отбасын сүйетін, еңбекқор адал
адам тәрбиелеп шығарамыз деп сенемін.
Ондай бала басқаға жан жылуын жеткізе
алады, барын ортаға с алады, өзін танытады,
өзгені де бар күйінде мойындайды,
кешірімді болады. Бала тәрбиелеуде
ата-ананың ықпалы зор, барлық жасыл
желектер күн көзіне қарап бой түзейді.
Олар көлеңкені сүймейді. Артық бұтақтар
мен арам шөптерді қырқып, отап отырсаңыздар
еккендеріңіз түзу, алқабыңыз жайнап
тұрары сөзсіз.
Бала да сол. Оған
ақыл-кеңес, өнегелі әңгіме, мейірім
керек. Олай болса, ағайын, бала тәрбиесі
тек отбасында ата-аналық парымыз ғана
емес, Отан алдындағы борышымыз екенін
естен шығармайық!
Бүгінгі кештен
алған әсерімізден әрқайсымыз өз ойымызбен
түйін түйейік. Олай болса, кеш соңында
мектепке жиі келіңіздер. Атақты педагог
В. Сухомлинскийдің «Жанұя мен мектеп
тәрбиесі біріккенде ғана толық тәрбие
болады» деген сөзін ұмытпаңыздар дегіміз
келеді.
Міне, осындай үйлесімділік
болған жағдайда бүгінгісін ғана емес,
болашағын сәулелі

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген