Материалдар / Мектеп Президентінің мотивациялық хаты
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мектеп Президентінің мотивациялық хаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп Президентінің мотвациялық хаты
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
31 Қаңтар 2024
219
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Мектеп Парламенті» президентінің мотивациялық хаты



Қайырлы күн. Мен Исабек Нұралы Жанатұлы , таза ауасы, кен даласы. дархан көңілді халықы бар ұядай ғана Баянауыл ауданы, Жаңажол ауылында дүниеге келіп,жасыл жайлауда, ит құспен жарысып, түн батқанға дейін қара топыраққа аунап өскен қарапайым дала, қыр баласымын. Баянауылдың әр тасының өз қасиеті бар, әулиедер мен ғұламалар шыққан киелі өлке. Менің ауылым ұядац ғана болғанымен өте киелі әрі абыройлы жер. Бұл жерде әулие, ақын, жазушы , шежіреші, ғұлама Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының кесенесі орналасқан. Мәшекең көзі тірісінде жер жерді аралап жүріп таңдап алған қолайлы ыңғайлы өлкесі Айдабол жері болған. Осы Айдабол руынан тараған ұрпағынын бірі мен боламын. Дәл осы ауылда туып-өсіп Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының атына берілген киелі жалпы орта білім беру мектебінің табалдырығын 2015 жылы 1 сыныпқа қадам басып аттадым. Дәл осы кезден бастап өзімнің табандылығыммен зеректігімнін арқасында ұстаздарымнын көзіне түстім. Мектепте өткен кез келген іс-шараға белсенділік таныту қазіргі таңда кез келген ортада өзімнің ойымды ашық жеткізуге, мақсатты айқын қоюға әрі сол мақсатқа жетіп, жемісін көруге соқтырып отыр. Қазір дәл осы Мәшекеннің атындағы мектептін үздік те үлгілі , жетістігі мол 9 сынып оқушысымын. Артық айтпасам мектеп өміріне белсенді қатысатын оқушылардын бірімін. Қазіргі таңда Мектеп парламентінің президенті қызметін атқарамын. Бұл мектепшілік қызмет мен үшін үлкен жетістік. Мектебімде оқитын барлық баланын айнасы болу бұл үлкен дәреже. Мектеп Парламенті 10 фракция бойынша жұмыс атқаруда. Барлық фракция өзінше бір ерекше әрі тандамылы ьолып келеді. Осы фракцияларда мектептін үздік , жетістіктері мол , белсенді оқушылары төраға және төрайым атанды. Әрбір фракция министірлері оқушылармен айлық, жылдық жоспарға сәйкес іс-шаралар, ойындар, сайыс, жарыс, конкурстар өткізеді. Мен үшін орыны ерекше фракциянын бірі ол Ұшқыр ой аланы атты Дебат қозғалысы фракциясы. Өзім тәжербиелі әрі кәсіби дебатер болғандықтан ба бұл фракцияда атқарылатын жұмыстар мен үшін ерекше болып келеді. Бірақтар ешкандай бағытты бөліп жармаймын. Ең бастысы барлық өткізілген жұмыстар оқушыдардын, ұстаздардын көңілінен шығуда. Келесі кезекте өзімнің жетістіктерімді, және жетістікке жеткен тарихымды баяндағым келеді. Басында айтып өткендей 1 сыныпта-ақ ұстаздарымнын көзіне түсіп көптеген жарыстарға қатыса бастадым. Мысалғы айтатын болсам 2015 жылы XIV аймақаралық Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы оқуларында жүлделі 2 орынға ие болған едім, Баянауыл өлкесінен шыққан жазушы қайраткер Жүсіпбек Аймауытовтың 12-ші аудандық конференциясында “Көркем сөз” бағыты бойынша 1 орынды жеңіп алған едім. Әрбір жеткен жетістігім мен үшін келесі жарыста жүлдегердер қатарынан көрінуге мотивация болатын. Дәл осы бастауыш сынып оқушысы болған кезімде бір қызық оқиға болған, соны баяндап берейін. Ауданымызда жарыстар жиі өткізіліп отыратын. Ал мен маған ұсынған жарыстардан қатысуға ешқашанда бас тартпайтынмын, тіпті қазірде дәл солай. Сол кезде 10 күннің ішінде 3 жарысқа қатысуым керек болатын. Бұлар Аудандық «Зерде» ғылыми жобалар байқауы, «Балдаурен» бастауыш сынып оқушыларынын конкурсы және облыстық “Мен Зияткер” олимпиадасы. Барлық жарыстарға бір мезетте дайындалу мен үшін қиын болды. Ойланыздаршы 3 сынып оқушысы 10 күнде 3 жарысқа қатысуы тиіс , мен үлгеремін бе жоқпа бұл өте үлкен сұрақ. Бірақта барлығы бір Алланын қалауымен керемет өтті. «Зерде» ғылыми жобалар байқауынан 1 орын алып облысқа жолдама алдым. «Балдаурен» бастауыш сыныптар жарысының Бас жүлде иегері атандым. Ал “Мен Зияткер” облыстық олимпиадасынын 3 орын иегері атанған едім дәл осы кезден бастап өзіме деген сенімділігім арта түсті. Бастауыш сыныпты аяқтаған сон, қызығушылығым бірден ауысып кетті. Мен өзіме таныс емес IT, роьототежника саласынын есігін аштым. Бұл сала мен үшін өте қызық әрі күрделі болып көрінетін. Алғашқы жарыстарым өзімнің тіл байлығыммен дәл осы саланы ұштастырып «шығармашылық роботтар» бағыты бойынша қатыстым. Ең алғашқы ауыз толтырып айтатын жарыс Павлодар қаласында өткен Облыстық “WRO” роботтар көрмесі және роботтар жарысы, байқауы еді. Бұл жарыста «Ақылды қала» санаты бойынша «Ақылды жаяу жүргіншілер жолы» жобасын абыроймен қорғап 50 топтын арасынан жүлделі 2 орынмен марапатталдық. Жәнеде бұл сайыста өмірімдегі ірі жетістігме жеттім. Ол Президентіміз Кемелұлы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесіп 300 топтын арасынан біздің жобаға қызығушылығын танытып , жанымызға келіп таныстыруымызды сұрады. Жобамыздын ұнағаны соншалық өзін қызықтырған сұрақтарды қойды және барлық қатысушылардын алдында бізді үлгі ретінде көрсетті. Президентіміз маған өзінің алғысын білдіріп қолын берді. Дәл осылай алғашқы робототехникадан жарысымды қорытындыладым. 2019 жылы тағыда бір рет «Зерде» 1-7 сынып оқушыларына арналған ғылыми жобалар байқауында өзімнін бағымды сынап көрейін деп шештім. Информатика-робототехника санаты бойынша қатысып аудандық кезеннің 1 орын иегері атандым. Келесі кезекте ауданнын намысын Павлодар қаласында қорғаған болатынмын және де әділ қазылардын көңілінен шыққан жоба болғандықтан облыстан 1 орын иеленіп Республикалық «Зерде» финалдық бәсекесіне жолдама алдым. 2020 жылдын Қантар айында Щучинск каласында «Балдаурен» оқу сауықтыру лагерін де соңғы шешуші кезең өтті. Бұл кезенде Қазақстанннын түпкір түпкірінен келген 200 команда бақ сынады және де бұл кезеннең де сүрінбей өтіп “ЗЕРДЕ” XV ші ғылыми жобалар байқауынын «Абсолютті Жеңімпазы» атандым. Бұл жетістігім мен үшін әрі қарай алға басуға мотивация болды. Республикалық жарыстардын бірнеше дүркін жеңімпазы атанғанннан кейін өзімді басқада бұданда жоғары аренадан көргім келді. Яғни бұл Халықаралық арена болды.Халықаралық алғашқы жарысыма 2021 жылы қатысқан болатынмын. Бұл Халықаралық VI «RoboLand» бағдарламалау және инновациялық технологиялар байқауында «Шығармашылық» секциясы бойынша бағымызды сынаған болатынбыз. Алғашқы халықаралық байқауымыз болғанннан кейін бе жүлделі орынға ілікпей 4 орынға табан тіредік. Дәл осы жеңілісімізде келесі жылы мен дәл осы жердін чемпионы атанамын деп сөз берген едім. Өз сөзімде тұрып 2022 жылы VII «RoboLand» программалау және инновациялық технологиялар байқауында әлемнің түпкір түпкірінен келген командаларды жеңе отырып халықаралық «RoboLand» 2022-нің чемпионы атандым. Жеңіс кубогы және жеңіс медальін табыстаған сәт мен үшін айтып жеткізе алмайтын сезім. Жалпы мен гуманитарлық және робототехника саласынан басқа көптеген жетістіктерім бар. Мысалы дәл осындай ерекше және бірегей жетістіктерімнін арқасында Республикалық “Жыл Оқушысы-2023” байқауының аудандық кезенінің 1 орын иегері, Облыстық кезеннің 3 орын иегері атандым. Бұл жерде қатысушылар өз жетістіктерімен портфолио арқылы таныстырып, эссе жазу және ораторлық өнер арқылы сынға түсті. Өздерініз білетіндей жыл сайын мемлекетімізде Жалпы білім беру пәндері арасындағы республикалық олимпиада өтеді. Бұл олимпиада бойынша жеткен жетістіктерім де жетерлік. 5-6 сынып оқушылары арасындағы олимпиаданын аудандық кезенінің жеңімазы, облыстық кезеннің 2 орын иегерімін. 2022 жылы 7-8 сынып оқушылары арасында өткізілген олимпиаданын аудандық кезенінің жеңімпазы және облыстық кезенінің 3 орын иегерімін. Бұл оқу жылы енді басталсада ауыз толтырып айтатын жетістіктерім баршылық. Күні кеше ғана өткен «Robotek Grand Tournament» байқауында аудандық және облыстық кезеңдерінің жеңімпазы атанып Республикалық кезенде 20 команданы басып озып 3 орын иелендік. Басында айтқандай мен Ұлттық “Тәуелсіздік Ұланы” премиясы мен төсбелгісінін иегерімен және Щучинск каласында берілген “Елжанды жас патриоттар академиясынын мүшесі әрі төсбелгі иегерімін. Жақында «Елжанды жас патриоттар» академиясы және Оқу Ағарту министірлігі “Балалар арманы Балдауренде” патриоттар слеті болатындығын жариялаған болатын. Өзімнің бағымды сынайын деп берілген тапсырманы орындап видеоролик түсіріп слетке жолдама алған 50 оқушынын қатарына ендім. 22-24 қазан аралығында «Балдаурен» РОСО және Астана қаласында өткізілген слетте Павлодар облысынын намысын Оқу Ағарту министрі Бейсембаев Ғани Бектайұлынын алдында абыроймен қорғадым. Бұл Слет арқылы жарқын болашаққа қадам бастым. Бұл жерде айтылған жетістіктерім менің жеткен жетістіктерімнін бір бөлігі ғана болатын . Алда әлі алар асуым көп екеніне сенімдімін. Әлі де оқушы болсамда Республикамыздын жастар қатарына жатамын. Жәнеде дәл осы жастарды дамыту жастардын мәселесін шешу үшін өз үлесімді Жастар саясатына қосқым келеді. Біріншіден көптеген жетістікке жеткен жастармен кездесу өткізіп басқа жандарға бағыт бағдар, мотивация, сенімділік беруге шақырамын. Екіншіден жастар арасындағы тәжербие алмасы сағаттар ұйымдастырғым келеді. Өзінің еңбектерімен , шығармаларымен басқада жандарға таныстырып қызығушылын оятатын еді. Дәл осындай айқын қадамдар арқылы жетістікке жеткен жастар қатарын көбейте аламыз. Құрметті «Үздік Мектеп Парламенті» байқауының ұйымдастырушылары сіздерге мектеп оқушыларына дәл осындай мүмкіндік бергендерініз үшін мың АЛҒЫС









































Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы атындағы жалпы орта білім беру мектебі





















ҚМЖ

Биология пәні

8сынып

3тоқсан



















2023-2024 оқу жылы









!

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!