Материалдар / Мектеп психологының жұмыс бағыттары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мектеп психологының жұмыс бағыттары

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп психологтарына дайын жылдық жоспар 2023 - 2024 оқу жылына арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Қырқүйек 2023
925
4 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады




«Бекітемін»

Мектеп директоры

_________________

                                                                                                                                                                                                                           






Мектеп психологының жылдық жұмыс жоспары








Педагог-психолог: Жұматаева Г.Ж.










2023-2024 оқу жылы






Мектеп психологының жылдық жұмыс жоспары

Мақсаты:

Білім беру ұйымының педагог ұжымы мен әкімшілігіне, оқушылар мен тәрбиеленушілердің жеке даралығына сай келетін дамудың әлеуметтік жағдайын орнату және барлық оқу үрдісіне қатысушылардың, педагогикалық ұжыммен, оқушылармен, тәрбиеленушілердің, олардың ата-аналарының тұлғасының дамуы мен денсаулығын сақтау мен қорғауда тиісті психологиялық жағдай орнатуға қолдау көрсету.



Міндеттері:

1. Білім беру ұйымында әлеуметтік жағдайдың дамуына психологиялық талдау, негізгі проблемаларды анықтау және оның туындау себептері мен шешу жолдарының әдіс-тәсілдерін анықтау;

2. Білім алушылардың тұлғалық және зияткерлік дамуына ықпал ету, өзін – өзі тәрбиелеу және өзін – өзі дамыту қабілетін қалыптастыру;

3. Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің тұлғалық және зияткерлік жағынан жетілуіне септесу, өзін-өзі тәрбиелеу және өзін-өзі дамыту қабілетін қалыптастыру;

4. Білім алушылардың тұлғасын психологиялық – педагогикалық зерделеу негізінде әрбір білім алушыға жеке тұрғыдан ықпал ету;

5. Психологиялық диагностиканы жүргізу және білім алушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту;

6. Психологиялық түзету жұмыстарын жүзеге асыру;

7. Психологиялық проблемаларды шешуде және оқу – тәрбие жұмыстарының қолайлы әдістерін таңдауда ата – аналар мен педагогтерге консультациялық көмек көрсету;

8. Білім беру үдерісі субьектілерінің психологиялық – педагогикалық құзыреттілігін көтеру.

Негізгі міндеттері:

1.Психопрофилактикалық жұмыс:

Мектепте білім берудегі психологиялық дайындықты анықтау.

Балалық өтпелі сын кезеңінде ерекше бақылау және көңіл бөлу / 1 сынып. 4-5 сынып.

Мұғалімдердің балалармен, әріптестерімен, ата-аналармен қарым-қатынастың ең тиімді түрі арқылы жайлы психологиялық микроклимат тудыру.

2. Психодиагностикалық жұмыс:

Балалардың психикалық дамуын үнемі зерттеу, интеллектуалды қабілетінің дамуына және психикалық саулығына ерекше көңіл бөлу.

Оқушылардың психикалық ерекшеліктерін зерттеу.

Педагогикалық ұжымдағы психологиялық климаттың диагностикасы.

Әр балаға жеке дара педагогикалық –психологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізу.

3. Дамыту және түзету жұмысы

Оқушылардың жеке- типологиялық ерекшеліктерін ескере отырып интеллектуалдық даму және шығармашылық қабілетінің жолдарын ашу. Өмірдің төтенше және сын сәттеріндегі психологиялық көмек.

4. Оқушыларға, ата-аналарға және мұғалімдерге психологиялық білім және кеңес беру:

Айқын оқушылардың немесе оқушы топтарының тәртібі және жеке тұлғалар арасындағы проблемалар туралы кеңес беру, сондай-ақ мектеп жүйесінде мұғалім-мұғалім, оқушы-оқушы, мұғалім-ата қарым-қатынасындағы дау- жанжалдарды шешу т.б.

Балаға білім беру және оның жеке дамуы жөнінде, сондай-ақ баланың жанұясында психологиялық проблемалар мен эмоционалдық күйзелістер, оқиғалар кезінде ата-анаға білім және кеңес беру.

Балаларғаа білім берудің проблемалары жөнінде дамуы, өмірлік және профессионалдық өзін-өзі анықтауы жөнінде жеке және топтық сабақтар өткізу.

Психодиагностикалық жұмыстар

Іс-қимылдың мазмұны

Мерзімі

Өтілетін сынып

Жұмыс түрі

Жауапты

Күтілетін нәтиже

1-сынып оқушыларының мектепке бейімделуін анықтау

(Керн-Йерасек тесті бойынша).

Қыркүйек

1-2 аптасы

1-сынып

Тест

Мектеп психологы Жұматаева Г.Ж.

1-сынып оқушыларының мектепке бейімделу деңгейін анықтау

1-сынып оқушыларының мектепке бейімделу кезеңінің деңгейінің диагностикасы. Танымдық процестерінің деңгейін анықтау.

Қыркүйек

1-сынып

Әдістеме

тест

Мектеп психологы Жұматаева Г.Ж.

1-сынып оқушыларының танымдық даму деңгейлерін анықтау. Диагностикалық карта толтыру

5-сынып оқушыларның мектепке бейімделу кезеңінің деңгейін анықтау, оқушыларды диагностикалық тексеру

5-сынып оқушыларының психологиялық -педагогикалық диагностикасы , пәндерге көзқарасын анықтау.

Қазан

2 апта

5-сынып

Тест, әдістеме

сауалнама

Мектеп психологы Мектеп дәрігері Дир.оқу тәрбие жөніндегі орынбасары


5-сынып оқушыларының мектепке бейімделу деңгейін анықтау

5-сынып оқушыларының орта буынға бейімделуін қадағалау.

Психологиялық таным процестерінің даму деңгейін анықтау.Зейін,есте сақтау,қабылдау, ойлау

Қыркүйек

Қазан


1-9 сыныптар

Әдістемелер тест

Мектеп психологы Жұматаева Г.Ж.

Психологиялық таным процестерінің даму деңгейін анықтау.

Диагностикалық карта толтыру.

1-сынып оқушыларының ойлау іс- әрекетінің даму деңгейінің диагностикасы

Желтоқсан

1-сынып

Әдістемелер

тапсырмалар

Мектеп психологы Жұматаева Г.Ж.

Оқушылардың ойлау қабілетінің даму деңгейін анықтау, ақыл-ойы төмен оқушыларды табу. Ұстаздарға, ата-аналарға ақыл-ой дамуына байланысты ұсыныс беру

Жанұядағы өзара қарым –қатынас диагностикасы

Жанұя суреті

Қыркүйек

1-4 сыныптар

Әдістеме

Мектеп психологы Жұматаева Г.Ж.

Оқушылардың жанұядағы бейімделген қарым-қатынасын табу

2,3 сынып оқушыларының ойлау қабілетінің даму деңгейінің диагностикасы

Қаңтар

2-3

Тест әдістеме

Мектеп психологы Жұматаева Г.Ж.

Оқушылардың ойлау қабілетінің даму деңгейін анықтау, ақыл-ойы төмен оқушыларды табу. Ұстаздарға, ата-аналарға ақыл-ой дамуына байланысты ұсыныс беру.

4-сынып оқушыларының орта буынға көшуінің дайындығын зерттеу

Сәуір

4-сынып оқушылары

Тест

Мектеп психологы Жұматаева Г.Ж.

4-сынып оқушыларының орта буынға көшуінің дайындық деңгейін анықтау

Суицидке бейім оқушыларды анықтау

Жыл бойы

5-9 сынып

Сауалнама

Мектеп психологы Жұматаева Г.Ж.

Суицидке бейім оқушылардың даму деңгейін анықтау

Мектепішілік әлімжеттік, бопсалаушылықтың алдын алу

Жыл бойы

5-9

сыныптар

Сауалнама

Мектеп психологы Жұматаева Г.Ж.

Алдын-алу жұмыстары

Төменгі сынып оқушыларының орта буынға оқу дайындығының диагностикасы

Ақпан-наурыз

4-сынып

Әдістемелер

Тест Сауалнама

Мектеп психологы Жұматаева Г.Ж.

Сынып жетекші


Төменгі сынып оқушыларының орта буынға оқу дайындығын зерттеу

Социометриялық зерттеу. Оқушылар ұжымындағы лидерді анықтау

Қыркүйек

1-8 сынып оқушылары

Әдістеме

Мектеп психологы Жұматаева Г.Ж.

Сынып жетекші

Лидерді анықтау. Сынып оқушылары арасындағы қарым-қатынасты зерттейді.

«Мұғалім оқушы көзімен»


Қараша

7-9 сыныптар

Сауалнама

Мектеп психологы Жұматаева Г.Ж.

Оқушының мұғалім жайлы жақсы көзқарасын қалыптастыру және сауалнаманың жауабы бойынша қорытынды жазу

Оқушылардың темпераментін анықтау

Қараша

1-9 сыныптар

Тест

Мектеп психологы Жұматаева Г.Ж.


Анықтама толтыру

Мектепке дайындық деңгейін анықтау


Наурыз-мамыр

Болашақ

1 сынып

Тест

Мектеп психологы Жұматаева Г.Ж.


Болашақ 1 сынып оқушыларын мектепке дайындығын зерттеу

Социометрия (сынып жетекшілерінің сұрауы бойынша)

Бір жыл ішінде

6-8 сынып оқушылары

Әдіс

Мектеп психологы Жұматаева Г.Ж.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!