Мектеп қабырғасындағы жас дарынды оқушыларды баулу

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мектеп қабырғасындағы жас дарынды оқушыларды баулу

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп қабырғасындағы жас дарынды әнші Рекенова Кариманың творчествалық биік шыңдары айтылады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп қабырғасындағы жас дарынды оқушыларды баулу


Балалар біздің қуанышымыз, үмітіміз, болашағымыз. Бүгінгі мектептің алдына қойып отырған міндеті – сапалы білім, саналы тәрбиемен қатар, жасөспірімнің дарындылық қабілетін анықтап, оны аша түсу. Яғни, дарынды балаларды анықтау – нақты бір баланың дамуын талдауға байланысты ұзақ мерзімді жүйе іспеттес. Сондықтан әр баламен жүйелі түрде үздіксіз жұмыс жасау керек. Жалпы, шығармашылық пен өнер егіз ұғым. Ал, шығармашылықтың қозғаушы күші – әр алуан өнердің түрі болып табылады. Шығармашыл бала өзінің қабілетін, күш-қуатын, бейімділігін сезіне алатынын дәлелдейді. Осы орайда «Әрбір бала – болашақ данышпан» деген қағидаға ой жіберсек, ұстаз атаулының жас шәкірттерді дарынды, дарынсыз деп жіктеуінің үлкен қателік екенін байқаймыз. Психологтардың өзі соңғы жылдары адам бойындағы дарындылықтың екі түрін бөліп көрсеткен. Олардың бірі «Туа қалыптасқан» данышпан деп аталса, ал екіншісі «Келе-келе қалыптасқан» данышпан деп негізге алынған. Мәселен, «Туа қалыптасқандарға» – біздің халықтың ішінен Шоқан Уәлиханов, Мұхтар Әуезов т.б жатқызсақ, ал Моцарт, Рафаэль, Пушкиндер де өз туындыларында керемет қабілеттілік танытқан. Ал «келе-келе қалыптасқан» данышпандардың ең үлкен қасиеті – қажымайтын жігер, өнерге деген құштарлық, өзіне -өзі қоятын талаптың қатаң болуы екен. 

Осыларды ой-елегінен өткізсек, адам бойындағы дарындылықты нағыз данышпандыққа айналдырудың бір ғана шарты – табиғи талантпен шектеліп қалмай, табандылықпен еңбектену. Демек, оқушылар арасында табиғи таланттарды ашу, олардың жарқырап көрінуі үшін ұстазға жүктелер жүк ауыр. Ол міндет – оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін жан аянбай еңбек ету. Осы жағдайға жеткен оқушы әрқашан да ұстаз сенімін ақтайды. Баланы өзбетімен өнерге жетелеудің жолы жетерлік. Соның ішінде музыкаға бейімдеудің түп негізі музыка сабақтары болып табылады. Сабақ барысында үйренген ән, би, ойын түрлерін неғұрлым жақсы үйренсе, оларды емін-еркін меңгеруге талпындырады. Сонымен қатар мерекелер мен ойын-сауықтар да баланың күнделікті өміріне жарқын әсер етеді. Бала неғұрлым мерекелік кештерден әсер алса, соғұрлым қызығушылығын арттыра түседі. Орындау шеберлігі де шындалады. Осы тұста, ұстаздың басты қызметі ең алдымен оқушылардың музыкамен қарым-қатынасын дамыту. Музыканы тындау, қабылдау сабақтарын ұйымдастырып, әр түрлі әдістемелерді дұрыс қолдауын үнемі үстемелеп, жиі жетілдіріп отыру ұстаздық тәжірибенің үлесіне тиеді. Ал ұстаз қызметінің жетістігі мен шығармашылық деңгейі оның оқушылармен құрған рухани байланысы арқылы көрінеді. Осы тұрғыда оның алға қойған жоспары, тәрбиелік мақсаттары, көркемдік-кәсіби дәрежесі бағаланады, енбегі еленеді. Оқушыға берілуге тиісті музыкалық білім мен ұлттық, адами, рухани үрдістер өз жемісін сонда ғана көрсете алады. Мінеки, дәл осындай жетістіктердің дәмін азын-аулақ татып жүрген жәйім бар. Дәлірек айтар болсам, мен Сарыкөл орта мектебінде 2007 жылы ашылғаннан бері жұмыс істеймін. Қазіргі уақытта бұл мектеп Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы мектеп болып аталады. Музыка, өзін-өзі тану пәні мұғалімімін және қосымша білім беру жүйесінің педагогі ретінде қызмет етіп келемін. Менің де басқалар сияқты бала кезгі арманым – музыка өнеріндегі дарынды оқушыны кездестіру. Ол оқушыдан жақсы әнші, күйші, ақын тәрбиелеу. Сол бала күнгі арманыма бір табан жеткендей болдым. Маған жолыққан қарапайым дауысты балалардың бәрін бауырыма басып, бар білгенімді үйреттім. Олардың көбі өз беттерімен келсе, ал енді бірі ата-аналарының қалауымен келді. Солардың ішінде өнерді шын түсініп, ақ пейілдерімен үйренуге талпынғандары қаншама?! Бірақ, бұған да көңілім кішкене көншімей, бірдеңе жетіспей тұрғандай болды. Сөйтіп жүргенде, бір күні ойламаған жерден Арқалық қаласынан ата-анасының жұмыс бабымен қоныс аударып келген Рекеновтар отбасының отанасы Айжан Хайроллақызы кіп-кішкентай топ-томпақ Карима атты қызын менің алдыма әкелді. Карима кіріп келісімен кіршіксіз сәби жанарымен жәудірей маған қарап: - Апай вокал, үйірмесіне жазылуыма бола ма? - деген сәби пәк көңілімен өтініш білдіргені әлі есімде. Бойында табиғи таланты бар Каримаға біртіндеп жеңілден ауыр жұмыстар бере отырып жетеледім. Ән айтқызып, музыкалық қабілетін тексеріп едім, іздегенім жанымнан табылғанына қатты қуандым. Содан сол оқушыны аудандық, облыстық, республикалық және халықаралық байқауларға дайындай бастадым. Жалпы, Кариманың әнді бір орнында табжылмай тұрып тыңдайтыны мені қатты таңдандырды. Әдетте балалар бір орнында отыра алмайды ғой. Ал Карима болса, ән тыңдағанда қаққан қазықтай бір орнында тұрып қалатын. Мені таңқалдырған тағы бір тұсы ән айтып жатқан баланың дауыстан ауытқып кеткен жері болса (тоналносын ұстамаса) ұнатпай бетін тыжырыйтып қояды. Құлағына жағымсыз естілгені болар. Анасы кеткеннен соң Каримаға жақынырақ барып отырып : -Саған ән ұнады ма? Карима үнсіз басын изеді. -Қалай ойлайсың осы өлеңмен не істеуге болады: армандауға, ойлауға немесе билеуге?-деп сұрадым мен. Карима ойласып ештеме демей, менің байқағаным оған бәрібір болды.

- Сіз ән айтып бере аласыз ба?- деп ол төтенше сауал қойды. -Жарайды, ән айтып берейін деп мен келістім, тек келісейік мен ән айтып болғаннан соң, сен де өзіңнің білетін бір әніңді маған айтып бересің дедім.

Сен ән білесің бе? -Білемін,-деп басын шұлғыды. Бір сәтте мен өлеңді бастамас бұрын ол шырқай жөнелді. Бала дауысымен қырылдап ақырын естіледі бұрынғы әндердің бірі. Яғни, «Ана туралы жырды» бастап кетті: «Әлдилеп, аялап, өсірген жемісің, Самал жел сая бақ, құшағың мен үшін». Мен тез түсіне қойдым, бұл әнді Карима анасынан естіген ғой деп. Қандай балалық сезім! Қандай жүрек сезімімен айтты десеңізші.Әннің ауырлығына қарамастан, әр шумағын нақышына дейін келтіріп айтып шыққанның өзі ерлік емес пе?! Балада ерекше музыкалық қабілеті бар дарынды екенін бірден түсіндім. -Жаратқан Иеміздің мені дәл осындай балаға жолықтырғанына мыңда бір шүкіршілік еттім. Арманымдағы баланың жанымнан табылғанына қатты қуандым. Бұл сәттегі кез тіпті, ертегідегідей болды.Ал, баланың анасы келгенде, мен ол кісіге өзімнің таңқаларлықтай сезімімді сөзбен айтып жеткізе алмадым. Сөз жоқ, осы орайда баланың вокалға келіп, тәлім алатындығы шешілді. Сөйтіп, содан мен Кариманы үшінші сыныптан бастап музыкаға баули бастадым. Сынаптай сырғыған уақыт ішінде ол жақсы нәтижеге қол жеткізе бастады. Алдымен, аудандық «Нұрлы Жұлдыз» эстрадалық ән байқауында «Бас жүлде», одан кейін облыстық «Алтын микрафон» байқауында,аудандық «Әнім саған,Астана»байқауында 1 орын, ең жоғарғы марапаты мен үшін ол Халықаралық «Күншуақ»фестиваль-конкурсында бас жүлдеге иеленгені. Осының бәрі оның еңбегі және вокал үйірмесінің септігі. Бала Кариманы бір күндері менің кеңесіммен ата-анасы өнер мектебіне берді.Өнер мектебіне беріңіз деген ұсынысым аталмыш мектепті аяқтап диплом алса, болашақта музыка саласын таңдаған жағдайда құжат болады дегенім еді.Біздің мектепте қосымша білім жүйесі яғни вокал үйірмесі ғана өкінішке орай құжат бере алмаймыз.Сондықтан өнер мектебіне де мектеп үйірмесіне де келіп сабақ алып өзінің әншілік дарындылығын кеңінен талпына білгеннің арқасы деп санаймын. Өнер мектебінде де Карима өзін биіктерден көрсете білді. Қоңыр үнімен халық әндерін тамаша шырқап, қазіргі әндерді де меңгерді. Өнер мектебі атынан жанды оркестрмен өз өнерін көрсетіп, жүлделі орынды еншіледі. Менің айтайын дегенім, Карима нағыз талант иесі, оның қатысуынсыз бірде-бір мектепішілік, аудандық іс-шаралар өткен емес. Карима Рекенованы үшінші сыныптан міне биыл он бірінші сыныпқа дейін музыкаға деген сүйіспеншілігін арттыра баулып келемін.Мені куантарлық жағдай Карима он бірінші сыныпты ойдағыдай тәмәмдап Алматы қаласындағы Жүргенов атындағы музыкалық акдемиясына түсу арманы. Менің көргенім, көкейге түйгенім, дарынды балалармен жұмыс бұл жеңіл еңбек емес, әр баланың өзіндік мінезі, ән айтқанда өздік мәнері, дауысында өз ерекшеліктері баршылық, олардың арасында достық жылы қарым-қатынасты ұстау менің негізгі мақсатым болды. Тәжірибемде дарынды балалар көп кездесті, ауыз толтырып айтарлықтай сондай шәкірттерімнің бірі – Валиева Мадина, Биржанова Гүлнұр,Еркін Айзада,Бисембаева Айна,Ілесбек Жібек,Насырова Дариға т.б. Қабілетті және талантты балаларға көңіл аудару мерзімді немесе ауық-ауық болмауы тиіс, керісінше тұрақты түрде жүргізу үшін, қосымша білім беру жүйесіне сүйенуі керек. Аталған жүйедегі негізгі тұжырым: дарындылық, талант, оқытуды даралау дегенге саяды. Дарынды балалармен жұмыстағы мектептердің басты міндеті – олардың танымдық, эмоцияналдық форманың таңғажайып әрі өте сирек құбылыстарын тану қажетті екенін қанағаттандыру болып табылады. Дарынды балаларды іздеу, оларды оқыту мен тәрбиелеу қоғам үшін бүгін ауадай қажет, себебі дарынды адам басқаларға қарағанда қоғамға көп пайда әкелетіні анық. Ендеше, сол жұмысымыз нәтижелі болу үшін әрқашан жаңа оқу әдістерін (технологияны) қолданамыз. Оқушылардың ән айтуын дұрыс үйрету үшін, олардың дауыстарын жүйелі қалыптастырып тәрбиелеуде ән айту аппаратының даму кезіндегі өзгеріп отыратын жас ерекшеліктерін ескеріп, қадағалау – дұрыс үйрету мен тәрбиелеудің басты шарты болып табылады. Музыкалық талант ол табиғи құбылыстан дарыған сый десем артық айтпаған болар едім. Бойына өнер дарыған жасөспірімдерімізді әрине бойындағы өнерін дамыту үшін арнайы бағдарлама құрастырып бағыт-бағдар беру әр ұстаздың міндеті. Оқушылардың сахнаға шығып өнер көрсетуі балаларды батылдыққа, жинақылыққа бейімдеп, ойларын, өнерлерін ұштай түседі, бойындағы дарындылығын ашуға көмектеседі. Жүсіпбек Аймауытов «Мұғалім істеген ісі өнімді, берекелі болуын тілесе, әуелі өз қызметін шын көңілмен жақсы көрсін» деген екен. Олай болса, құрметті ұстаздар, өз мамандығымызды шексіз сүйе отырып, әрбір ізденіс, әрбір қимыл тек балаға, баланың біліміне, болашағына арналса ғана шәкірттеріміз сол білімді жоғары дәрежеде көрсете алары күмәнсіз.Ұстаз сөзінің ұғымы мен үшін кең дүние. Оның ең негізгі мәні - жақсылыққа тәрбиелеу, өмірде өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізуге үйрету дегенді білдіреді. Ұстаз бен шәкірт сүйіспеншілігі – адам баласының қатынастарының ең бір абзалы, әрі мағыналы, мәнді түрі.Ұстаздық мамандықты таңдағаныма еш өкінген емеспін,өкінбеймін де.Ерен еңбегімнің нәтижесі болар 2018жылы «Өнер саласының үздігі»төс белгісімен марапатталдым.


Музыка пәні мұғалімі: Маржанкүл Тайжанова






























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
16.01.2019
584
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі