Мектеп тәлімгерлеріне арналған "Қыз сыны"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мектеп тәлімгерлеріне арналған "Қыз сыны"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп тәлімгерлеріне қыз сынын өткізуге көмегі тиеді деп ойлаймын
Материалдың қысқаша нұсқасы


Мақсаты: Қыз балалар дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт-дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, сұлулыққа, ізгілікке, ізеттілікке тәрбиелеу.

 1 Жүргізуші:

-Армысыздар, ұстаздар,аналар, қыздар, қонақтар!

 2 Жүргізуші:

Кеш жарық, қымбатты ұстаздар,аналар, арулар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып,тағы да 8 наурыз халықаралық әйелдер күні келді.Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек.Олай болатыны,аналарға деген ыстық сезім,алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар-өмірдің гүлі,көңілдің жыры,әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен, қыздармен ажарлы.

 1 Жүргізуші:

Ендеше, бүгінгі мерекелік кешіміз де аруларға арналады. Сіздерді тағы да мерекелеріңізбен құттықтай отырып, ұлттық құндылықтарды қастерлейтін, ұрпақ тәрбиесіне жауапкершілікпен қарайтын қыздарға дұрыс бағыт-бағдар сілтеу, жастар арасында ұлттық салт-дәстүрімізді насихаттау,  жас буынды патриот етіп тәрбиелеу мақсатында өткізілгелі жатқан «Бүлдіршін аруы – 2020» байқауына қош келдіңіздер!

2 Жүргізуші:

Ендеше бастайық!

Арулар – асыл жандар, сағыныштар,

Өкініштер, құшақтар, жалыныштар…

Жек көрсе олар жүрегін мұз жасайды,

Жақсы көрсе балқытып, жанына ұстар.

Арулар – аяулылар, ардақтылар,

Өмірдің жылуы боп қалмақ бұлар.

Арулар – тіршілікке күре тамыр,

Өмірді бір-біріне жалғап тұрар!



1 Жүргізуші:

Ал, халайық, аруларға тамсанайық,
Қыз қылықты дегенге ән салайық.
Атына заты сай аруларға
Тағы да бір қол соғып қарсы алайық
дей келе сайысқа қатысушы аруларымызды ортаға шақырайық!

 2 Жүргізуші:



1.Жақсы адам кімге болсын болар пана,

Мол оның тал бойында ақыл, сана.

Көркіне ақылы да сай келетін –

Бірінші келе жатқан – бұл Мөлдір дара.

1 Жүргізуші:

2.Шығады мың бұралып Інжу биші,

Өнерді Інжу сүйген бәрің сүйші.

Қыздары бұл сыныптың бәрі өнерлі,

Шығады арасынан әнші, күйші.

2 Жүргізуші:

3.Қуантады білімменен бізді Аяжан қыз,

Қол соғып қарсы алайық енді оны біз.

Білімің серік болсын талабыңа,

Бүгінгі қабыл болып тілегіміз.

1 Жүргізуші:

4.Құлпырған дала гүліндей Көркем қыз,

Жүресің әркез күлімдей.

Арманыңа аңсаған,

Ақ ниетпен жет сүрінбей.

2 Жүргізуші:

Ал ендеше, әр аруымыздың реттік санын біліп алу үшін жеребе суырайық! (Әр қатысушы жауқазын гүлін алады. Гүлде реттік нөмірлері жазылған.).





1 Жүргізуші:



Ал,құрметті халайық,

Жарысты енді көріңіздер.

Әділқазылар алқасы

Әділ баға беріңіздер – дей келе, бүгінгі байқауды бағалайтын қазылар алқасының мүшелерімен таныс болыңыздар! Әр кезең сайын сайысқа қатысушы аруларға ұпай сандарын беріп отырады.

Мектеп директоры –

Директордың оқу ісінің орынбасары –

Директордың тәрбие ісінің орынбасары –

Ата – аналар комитетінің төрайымы-

Сонымен, сайысымыз 5 кезеңнен тұрады.

  1. «Мен қазақтың қызымын» – сайыстың алғашқы кезеңінде арулар өз-өздерін таныстыруы қажет(өлеңмен музыканың сүйемелдеуімен, тақпақпен таныстыруға болады ) Ұзақтығы 1 минуттан артық емес.

1 – сынып ұлдарының әнін тамашалаңыздар


  1. «Мақал-сөздің мәйегі» сайысы. Ана туралы мақал - мәтелді жатқа айту.

2 – сынып ұлдарының биін тамашалаңыздар


  1. «Өз өнерім» әр қатысушы өнерін көрсетеді.

  2. «Мен білімдімін» Әр сыныпқа пәндерден 3 сұрақтан қойылады.

3 – сынып ұлдарының әнін тамашалаңыздар


  1. «Сән үлгісі». Заманға сай тігілген көйлек үлгісін көрсетіп, қорғайды.(көйлек жылтыр қағаздардан, пластикалық стақаннан т.б жасалынады). Сән үлгісін музыка ырғағымен көрсетулері қажет.

4 – – сынып ұлдарының биін тамашалаңыздар


2 Жүргізуші:

Жас ару алынбаған асуларсың,

Бүгінгі мерекеде тасудасың.

Халқымыздың әрқашанда үлгісі боп,

Күш-қайратың әрқашанда тасқындасың.

Өнермен өрге жүзіп шарықтадың,

Мақсатыңды талаппен анықтадың.

Сан қырлы таза гауһар секілденіп,

Қуантады өзіңді танытқаның, – дей келе қазылар алқасына сөз кезегін ұсынамыз.

Білімді ару атағын жеңіп алған

Үздік таныстыру номинациясымен

Шебер ару номинациясымен

Шешен ару номинациясымен марапатталады.

1,2,3 орын және бас жүлде Абай атындағы мектептің Бүлдіршін аруы марапатталады.

1 Жүргізуші:

Сонымен, сайысымыз аяқталды. Келесі мерекелерде жолыққанша!

Барлықтарыңызды биге шақырамыз

Соңында бүкіл мектеп қыздарын ұлары вальске шақырады.











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.02.2021
434
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі