Материалдар / Мектеп тәлімгерлеріне арналған "Қыз сыны"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мектеп тәлімгерлеріне арналған "Қыз сыны"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп тәлімгерлеріне қыз сынын өткізуге көмегі тиеді деп ойлаймын
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Ақпан 2021
476
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мақсаты: Қыз балалар дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт-дәстүріне байланысты қыздарды әдептілікке, инабаттылыққа, сұлулыққа, ізгілікке, ізеттілікке тәрбиелеу.

 

1 Жүргізуші:

-Армысыздар, ұстаздар, аналар, қыздар, қонақтар!

 2 Жүргізуші:

Кеш жарық, қымбатты ұстаздар,аналар, арулар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып,тағы да 8-Наурыз халықаралық әйелдер күні келді.Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек.Олай болатыны,аналарға деген ыстық сезім,алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар-өмірдің гүлі,көңілдің жыры,әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен, қыздармен ажарлы.

 1 Жүргізуші:

Ендеше, бүгінгі мерекелік кешіміз де аруларға арналады. Сіздерді тағы да мерекелеріңізбен құттықтай отырып, ұлттық құндылықтарды қастерлейтін, ұрпақ тәрбиесіне жауапкершілікпен қарайтын қыздарға дұрыс бағыт-бағдар сілтеу, жастар арасында ұлттық салт-дәстүрімізді насихаттау,  жас буынды патриот етіп тәрбиелеу мақсатында өткізілгелі жатқан «Көктем аруы – 2020» байқауына қош келдіңіздер демекпіз!

2 Жүргізуші:

Ендеше бастайық!

Арулар – асыл жандар, сағыныштар,

Өкініштер, құшақтар, жалыныштар…

Жек көрсе олар жүрегін мұз жасайды,

Жақсы көрсе балқытып, жанына ұстар.

Арулар – аяулылар, ардақтылар,

Өмірдің жылуы боп қалмақ бұлар.

Арулар – тіршілікке күре тамыр,

Өмірді бір-біріне жалғап тұрар!

1 Жүргізуші:

Ал, халайық, аруларға тамсанайық,
Қыз қылықты дегенге ән салайық.
Атына заты сай аруларға
Тағы да бір қол соғып қарсы алайық
дей келе сайысқа қатысушы аруларымызды ортаға шақырайық!

 2 Жүргізуші:



1.Жақсы адам кімге болсын болар пана,

Мол оның тал бойында ақыл, сана.

Көркіне ақылы да сай келетін –

Бірінші келе жатқан – бұл Шынар дара.

1 Жүргізуші:

2.Шығады мың бұралып Әсем биші,

Өнерді Әсем сүйген бәрің сүйші.

Қыздары бұл сыныптың бәрі өнерлі,

Шығады арасынан әнші, күйші.

2 Жүргізуші:

3.Қуантады білімменен бізді Шарапат қыз,

Қол соғып қарсы алайық енді оны біз.

Білімің серік болсын талабыңа,

Бүгінгі қабыл болып тілегіміз.

1 Жүргізуші:

4.Құлпырған дала гүліндей Айгерім қыз,

Жүресің әркез күлімдей.

Арманыңа аңсаған,

Ақ ниетпен жет сүрінбей.

2 Жүргізуші:

5.Қыздардың бәрі сұлу салсаң назар,

Бәрі де арманына қолын созар.

Арманың орындалсын Балнұр сенің,

Бұйыртса бақыт құсы саған қонар.

1 Жүргізуші:

6.Сабырлы әрі салмақты,

Өзі өнерлі, жан-жақты.

Келе жатқан Ислам ару,

Жарысты бүгін жалғапты.

2 Жүргізуші:

1 Жүргізуші:

7. Сыпайы оның мінезі,

Күліп жүрер ақырын.

Қыз сынына кеп қапты

Тал шыбықтай Аружан

2 Жүргізуші:

Ал ендеше, әр аруымыздың реттік санын біліп алу үшін жеребе суырайық! (Әр қатысушы жауқазын гүлін алады. Гүлде реттік нөмірлері жазылған.).



1Жүргізуші:

Сонымен, сайысымыз 7 кезеңнен тұрады. 4 кезең қорытындысы бойынша аз ұпай жинаған 3иқатысушы сайыстан шығарылады.

  1. Мен қазақтың қызымын» – сайыстың алғашқы кезеңінде арулар өз-өздерін таныстыруы қажет(өлеңмен музыканың сүйемелдеуімен, тақпақпен таныстыруға болады ) Ұзақтығы 3 минуттан артық емес.


  1. «Білім мен дәстүр» кезеңінде арулар салт-дәстүрге қатысты қойылған сұрақтарға жан-жақты, толық жауап беруге тиісті.


  1. «Ана жылуы» берілген сөздерден ана туралы әңгіме, өлең құрастыру.


  1. «Ойлай білген оя да біледі» – арулар ою-өрнек ойып көрсетеді. 2минут

2 Жүргізуші


  1. «Қыз көркі – шаш» – сайыстың бұл кезеңінде арулар шашты халықтық тәсілмен күтуге және шаш үлгісіне байланысты жарнама жасайды. Қорғау ұзақтығы 1 минут.


  1. «Тапқырлық». Алдарыңызға берілген керексіз заттардан пайдалы заттар жасау.


  1. «Өнерлі өрге жүзер» өнер көрсету сайысы.

Сонымен, қатысушы қыздарға ақ жол тілеп, сайысымызды бастаймыз. Қатысушыларға сахнадан шығып, дайындалуға рұқсат.

1 Жүргізуші:

Ал,құрметті халайық,

Жарысты енді көріңіздер.

Әділқазылар алқасы

Әділ баға беріңіздер – дей келе, бүгінгі байқауды бағалайтын қазылар алқасының мүшелерімен таныс болыңыздар!Әр кезең сайын сайысқа қатысушы аруларға ұпай сандарын беріп отырады.



  1. Мектеп директоры –

  2. Директордың оқу ісінің орынбасары –

  3. Директордың тәрбие ісінің орынбасары –

  4. Ақсақалдар алқасының төрайымы және ардагер ұстаз _____________



2 Жүргізуші:

1 кезеңді бастайық.

«Таныстыру». Бұл кезеңде аруларымыз өздерін таныстырып өтеді.

Таныстыру біткеннен кейін

Қазылар алқасы ұпай сандарын қойғанша 5 – сынып ұлдарының аналарға, қыздарға арналған мерекелік тартуын қабыл алыңыздар!

ұпай сандарына кезек берейік

1 Жүргізуші:

  1. кезеңді бастайық

«Білім мен дәстүр» кезеңінде арулар салт-дәстүрге қатысты қойылған сұрақтарға жан-жақты, толық жауап беруге тиісті.

6 – сынып ұлдарының аналарға, қыздарға арналған мерекелік тартуын қабыл алыңыздар!


ұпай сандарына кезек берейік


2 Жүргізуші:

3кезеңді бастайық

«Ана жылуы» берілген сөздерден ана туралы әңгіме, өлең құрастыру қажет. Аруларымыз ойланып алғанша 7 – сынып ұлдарының аналарға, қыздарға арналған мерекелік тартуын қабыл алыңыздар

ұпай сандарына кезек берейік


1 Жүргізуші:


4 кезеңді бастайық

Жүргізуші:


Шеберлерім өнер тамып қолынан,

Жаңылмаған ата-баба жолынан.

Шебер қолдар өз өнерін көрсетсін,

Біз айтайық төрелігін соңынан.

Кезекті ою-өрнек кезеңіне берейік.


Қазақ халқында өрнекті әшекеймен істелетін қолөнер түрлері көптеп саналады. Солардың ішінде ел арасына көп тараған түрі – ою-өрнек өнері. Сайыстың«Ойлай білген оя да біледі» кезеңінде аруларымыз саусақтарын айыстырып, шеберліктерін көрсетуге тиісті.



ұпай сандары


2 Жүргізуші:

Ал енді кезекті әділқазылар алқасына берейік.

Аз ұпай жинаған 4 қатысушы сайыстан шығарылады.

Қазылар алқасына сөз кезегін берейік.


1 Жүргізуші:

Сұлу қыздар, ару қыздар
Шашты кеспей күтіп оны қараңдар.
Қыздың көркі шаш екенін түсініп,
Өріп қойып шаш үлгісін жасаңдар, - деп аруларымыз қазір шаш үлгісін көрсетеді.

2жүргізуші:


-Сайыстың шарықтау сәті деп осы кезеңімізді атауға болады. «Қыздың көркі – шаш» демекші, қос бұрым етіп арқасына өрілген сүмбіл шаш ару кез келген адамның назарын өзіне аударады. Күнделікті өмірде  шашты күтіп, оны тарап, әдемілеп жинаудың өзі – өнер. Сайыстың осы кезеңінде қыздар шашты халықтық тәсілмен күтуге байланысты жарнама жасаулары тиіс.

 

Сауданың қозғаушы күші  саналатын жарнаманы қызықты жасаудың өзі адамнан режиссерлік талантты, актерлік шеберлікті талап етеді. Сайыстың осы бір күрделі кезеңінде арулар өздерінің қарым-қабілетін барынша ашулары қажет.

Біздің аруларымыз шаш үлгісін жасап болғанша мектеп ұлдарының атынан барша қыздарға, аналарға арналған «Ерке сылқым» күйін қабыл алыңыздар.

ұпай сандарына кезек берейік.



1Жүргізуші

.

 «Тапқырлық» Алдарыңызға берілген керексіз заттардан пайдалы заттар жасау.



2Жүргізуші

Дауысың қандай сырлы еді,

Табиғатты тыңдатқан.

Көркің қандай нұрлы еді,

Таң шолпанмен астасқан.

Өнеріңді қане бүгін көрсетші,

Мына жұртқа қошеметтеп қол соққан, – дей отырып, аруларды өз өнерлерін көрсетуге шақырамыз

ұпай сандарына кезек берейік.



2 Жүргізуші:

Жас ару алынбаған асуларсың,

Бүгінгі мерекеде тасудасың.

Халқымыздың әрқашанда үлгісі боп,

Күш-қайратың әрқашанда тасқындасың.

Өнермен өрге жүзіп шарықтадың,

Мақсатыңды талаппен анықтадың.

Сан қырлы таза гауһар секілденіп,

Қуантады өзіңді танытқаның, – дей келе қазылар алқасына сөз кезегін ұсынамыз.


Шешен ару атағын жеңіп алған

Үздік таныстыру номинациясымен

Шебер ару номинациясымен

Шешен ару номинациясымен марапатталады.

1,2,3 орын және бас жүлде Абай атындағы мектептің ару қызы марапатталады.

1 Жүргізуші:


Сонымен, сайысымыз аяқталды. Келесі мерекелерде жолыққанша!

Барлықтарыңызды биге шақырамыз

Соңында бүкіл мектеп қыздарын ұлары вальске шақырады.













«Келісемін»: «Бекітемін»:

Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары «Абай атындағы орта мектеп» __________ Г.Е.Сембинова КММ директоры:

___________ Д. М. Асаубаев











Тақырыбы:



«Бүлдіршін ару - 2020»

(1-4 - сыныптар)















Жауапты:

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!