400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мектеп Тренері жұмысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәлім алушыларым өткізген сабақтары барысында әдіс-тәсілдерді тиімді қолдануды үйренді деп ойлаймын. Бұл әдіс-тәсілдердің оқушы қызығушылығы мен білімін арттыруда маңызы зор. Зерттеулер нәтижесінде байқағаным тәлім алушыларымның оқушылармен ара-қатынасы өзгерді, сабақты бұрынғыдай өзі түсіндірмей, оқушылардың өздері түсінуі үшін жағдай жасау керектігін ұғынды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп тренері Нұрмұханбетова Алмагүл Қанапияқызының есебі

Тренерліктегі басты ұстаным қызмет емес, қарым-қатынас болып табылады, оның барысында тренер объктивті тыңдаушы және бағыттаушы болады. (МАН)
«Мұғалімдерге көшбасшылық арқылы өкілеттік берілсе, олардың өз күшіне деген сенімі арта түсетіндігін» тәлім алушылармен жұмыс барысында байқадым. Әріптестер арасында сенімділік пен өзара түсіністік болғанда ғана жұмыс алға жылжитыны белгілі. Білім дәрежесіне қарамастан әрбір тұлға дамуында өзінің үздік нәтижесін өз бетімен үнемі ұстап тұра алмайды, осы ретте екінші деңгей бағдарламасы арқылы әріптестеріне жаңа тәсілдерді, пәнге енгізу үшін жұмыс істеуге мүмкіндік беретін дағдыларды ұсынады. Оқу үдерісі кезеңінде тренердің тәлім алушының мүмкіндіктерін ашу, стратегиялық деңгейде жаңалықпен алмасу, мақсат қою мен оған жету жолдарын жоспарлауға көмектесу міндетін атқарып шығуға тырыстым. Мен тәлім алушыларымның дәстүрлі сабақтарына қатысып, оқытудағы өзекті мәселесін нақты қоюына ықпал жасадым. Кембридж бағдарламасына сәйкес мұғалімнің басты мақсаты - оқушыға білімді өздігінен игеру амалдары мен тәсілдерін үйретіп, оның өзіндік түсінік қалыптастыруына тиімді жағдай жасап, бағыт-бағдар сілтеу болмақ. Сабақты дұрыс жоспарлауды түсіндіріп, түрлендіріп, интерактивті тәсілмен өткізу үшін бірнеше әдістерді ұсындым. Сабақтарында жаңа әдістермен қатар формативті бағалаудың түрлерін тиімді қолданып, сабақ соңында кері байланыс жасап отыруды үйренді

Тәлім алушыларым өткізген сабақтары барысында әдіс-тәсілдерді тиімді қолдануды үйренді деп ойлаймын. Бұл әдіс-тәсілдердің оқушы қызығушылығы мен білімін арттыруда маңызы зор. Зерттеулер нәтижесінде байқағаным тәлім алушыларымның оқушылармен ара-қатынасы өзгерді, сабақты бұрынғыдай өзі түсіндірмей, оқушылардың өздері түсінуі үшін жағдай жасау керектігін ұғынды. Сабақты ұйымдастырудағы әдіс-тәсілдері өзгерді. Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту үшін сұрақтардың маңызды екенін түсінді. Бағалаудың түрлерін тиімді пайдалана білді. Олай дейтін себебім, заманауи мұғалім үздіксіз білім алып, өз тәжірибесімен шәкірттерін сусындатумен бірге, әріптес ұстаздармен тәжірибе бөлісіп, келешек білімді ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу ісіне жұмылдыруда көшбасшы болып отыр. Олар алдарындағы білім алушыларын жан-жақты қырынан өмірге дайындап, олардың ішкі мүмкіндіктерін ашып, оқудағы ерекшеліктерін танып, көптеген жаңашыл әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, олардың қызығушылығы мен мінез-құлық дағдыларын жете түсінуге бағыттап отыр.

Мектеп тренеріне арналған бағдарлама негізінде педагог қызметкерлердің біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары курсын тәмамдап, біліктіліктерін арттырған мұғалімдердің өздерінің осы бағдарламадан алған білімдерін, озық тәжірибелерін мектептеріндегі әріптестерімен бөлісіп, оларға қолдау көрсету көзделеді. Олар арнайы жылға арналған бағдарлама жоспары бойынша жан-жақты ізденіспен, шығармашылықпен, шеберлікпен жұмыс атқара отырып, мақсаттарға жетуге ұмтылады.

Курсқа қатысқан мұғалімдер туралы мәлімет

№

Қатысушының аты-жөні

Туған жылы, күні

Білімі

Сабақ беретін пәні

Еңбек өтілі

1

Ахмеджанова Айгүл

14.05.1986

Арнаулы орта

бастауыш

2 жыл

2

Атымтаева Гүлфайрус

07.11.1993

Жоғары

тарих

2 жыл

3

Аманжолов Асылжан


Жоғары

физика

1 жыл

4

Бүркітбаев Ерлан

03.03.1991

Аяқталмаған жоғары

денешынықтыру

4 жыл

5

Булекбаева Фариза

22.07.1991

жоғары

Даярлық тобы

4 жыл

6

Жылқышина Мерей

03.05.1992

Арнаулы орта

Бастауыш

4 жыл

7

Кубекова Сымбат

01.01.1994

жоғары

математика

1 жыл

8

Қалиева Айгерім

19.02.1994

Арнаулы орта

бастауыш

3 жыл

9

Сағынғалиева Гүлден

16.10.1993

Жоғары

Қазақ тілі, әдебиеті

2 жыл

10

Өтеулина Перизат

02.08.1993

жоғары

Ағылшын тілі

3 жыл

Бағдарлама материалдарымен танысу барысында мұғалімдер кәсіби даму бағдарламасына негіз болған әдіс-тәсілдерді қарастырып, әріптестерімен ынтымақтаса отырып, оларды талқылады. Тәжірибе жүзінде іске асыру және жоспарлау сатысында мұғалімдерге өз сабақ жоспарларына бағдарлама барысында танысқан тақырыптарда кіріктіріліп, оларды тәжірибе жүзінде іске асырып көруге, әріптестері мен мектеп тренерінен сындарлы кері байланыс алуға мүмкіндік берілді.

Мұғалімдерді курсқа қатыстыру барысында «Оқудағы жаңа әдіс- тәсілдер» тақырыбында өткен коучингте алынған кері байланыста біраз мұғалімдердің «Орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспарлауды үйретсеңіздер», «7 модульді ықпалдастырып сабақ жоспарларын құруды үйренгім келеді» сияқты жазбаларды басшылыққа ала отырып «Орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарды 7 модульге ықпалдастыру» тақырыбында коучинг жоспарладық.

Егеменді елдің нұрлы болашағын әлемдік білім деңгейіне жетелер жеті модуль идеясының негізі оқытудың сындарлы теориясымен оқушыға нақты білім беруді мақсат тұтқан мұғалім өз сабақтарында өзіндік көзқарасы бар оқушының сыни ойлауы мен білім – біліктілігіне  ықпал ететін міндеттерге сай ұйымдастыруына жол ашады. Өйткені, бұл міндеттер біріншіден, оқушының  жеке тұлға және әлеуметтік нысан ретіндегі келешегі болса, екіншіден, оқытудың оқушы мен мұғалім арасындағы қарым – қатынастың нәтижесі ретіндегі  көрінісі қарастырылған. Себебі, қазіргі заман талабына сай мұғалімнің құзыреттілігін  жетілдіруде ерекше роль атқаратын жеті модульді кіріктіріп, оқушының сыни ойлауына жол ашатын сабақ өткізу – жаңа тұрпатты мұғалімнің міндеті.


Тәжірибедегі рефлексия курсынан көрініс











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
6 мамыр
2002
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі