жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
"Мектеп түлектері-мұғалімдер" кездесу кеші
№199 орта мектеп
«Мектеп түлектері-мұғалімдер»
Кездесу кеші
Өткізген: мектеп директорының бейінді оқыту
жөніндегі орынбасары С.Жалғасбаева
2023-2024 оқу жылы
«Мектеп түлектері-мұғалімдер»
(кездесу кеші)
Мақсаты: Мектептен түлеп ұшып,
қазіргі уақытта мұғалімдік қызмет жасап жүрген ұстаздармен кездесу
арқылы ұстаз мамандығының қыры мен сырларын түсіндіру, ұстаз
еңбегін әрқашан бағалай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, шарлар, гүлдер, слайдтар,
плакаттар, нақыл сөздер.
Барысы:
(Музыка әуенімен)
1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар, қадірлі қонақтар, бүгін біздің арамызда болашағынан үлкен үміт күттіретін мектеп оқушылары мен осы мектептен түлеп ұшып, мұғалімдік мамандық алып, осы мектепте мұғалімдік қызмет атқарған, атқарып жүрген ұстаздар қауымы бас қосып отыр. Бұл бас қосудың маңыздылығы - мынау нарықтық қарым -қатынас жағдайында өмірге аттағалы отырған жастың көкейінде «Кім болам?» деген сұрақ тұр. Олай болса біздің бүгінгі кешімізде оларға өмірде жаңылыспай, өз жолын табуға септігін тигізердей етіп, сіздермен бірге өзіміздің бай тәжірибемізді, ой толғаныстарымызды ортаға салып, ой бөліссек деген ниетпен өткізгелі отырмыз.
Бүгінгі «Мектеп түлектері-мұғалімдер» атты кездесу кешіне қош келдіңіздер!
2-жүргізуші: Атақты ғұлама Әл – Фараби айтқандай «Ісім оңсын десеңіз, Сол істің маманы болыңыз. Даңқым шықсын десеңіз, Көпшіліктің адамы болыңыз» . Әлемде 50 мыңға жуық мамандық бар екен және жыл сайын оған 500 - ге тарта жаңа түрі қосылып отырады екен. Олардың ішінен өзімізге қажеттісін қалай таңдауға болады? Біз олар туралы қаншалықты білеміз? Мамандық таңдауда нені бағдар ретінде алуға болады?
«Мектеп бітіргеннен кейін кім боласың?» деген сұрақтарға мектеп оқушыларының көбісі нақты жауап бере алмайды. Шындығына келгенде мамандық таңдау мәселесі әсіресе біздің қоғамымыз нарықтық қатынасқа көшіп отырған жағдайда өте күрделі мәселе. Осы орайда әрбір сыныпта, жалпы мектепте оқушылармен, бітірушілермен танымдық, ақпараттық жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі кешіміздің ерекшелігі, біз мұғалім мамандығының қыр-сырын тереңірек білетін боламыз.
1-жүргізуші:Әл-Фараби: «ұстаз... жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ, жұрттың бәріне жақсылық пен ізгілік көрсетіп, қорқыныш пен жасқануды білмейтін батыл, ержүрек болуы керек» деген. Байқайсыздар ма? Бұл сөзден біз бүгінгі ұстаздардың бейнесін көреміз.
Олай болса кешіміздің қонақтарымен таныс болыңыздар:
(жүргізушілер кезекпен таныстырады)
-
Әлиев Рая Шаухарқызы- мектебіміздің 1976 жылғы түлегі, бастауыш сынып мұғалімі, қазіргі уақытта зейнеткер,
-
Пшкеева Әлия Айдосқызы – мектебіміздің 1987 жылғы түлегі, физика пәні мұғалімі;
-
Есқали Гүлнұр Салматқызы – мектебіміздің 1991 жылғы түлегі, биология-химия пәні мұғалімі ;
-
Кәрібаев Нұржан Мырзағалиұлы –мектебіміздің 1995 жылғы түлегі, дене шынықтыру пәні мұғалімі,
-
Жұмабай Мұрат Тыныштықұлы –мектебіміздің 1996 жылғы тиүлегі, дене шынықтыру пәні мұғалімі,
-
Жұматаева Айжан Айдарбайқызы – мектебіміздің 2001 жылғы түлегі, бастауыш сынып мұғалімі,
-
Қазиев Нұржігіт Бақытбекұлы – мектебіміздің 2007 жылғы түлегі, география пәні мұғалімі,
-
Көшекбаев Кенжебек Амангелдіұлы – мектебіміздің 2007 жылғы түлегі , география пәні мұғалімі,
-
Тыңқыбаев Ербол Жақсылықұлы – мектебіміздің 2008 жылғы түлегі, АӘД пәні мұғалімі,
-
Мырзағалина Балдай Ғалымжанқызы –мектебіміздің 2013 жылғы түлегі, тарих пәні мұғалімі,
-
Шаймаханова Қазакөз Есенбекқызы – мектебіміздің 2013 жылғы түлегі, көркем еңбек пәні мұғалімі,
-
Төлегенова Арайлым Шахзадақызы – мектебіміздің 2017 жылғы түлегі, бастауыш сынып мұғалімі.
-
Тоқташова Ақерке Оразбекқызы – мектебіміздің 2019 жылғы түлегі, ағылшын тілі пәні мұғалімі.
Кездесу кешіміздің 1-кезеңі «Сыр-сұхбатқа» кезек береміз.
2
-жүргізуші
Рая апай - мектепте болған орны бөлек,
Сүйеді шәкіртіңіз сізді ерек.
Тамыры тереңге тартқан нәрлі ағаштай,
Әрқашан аман болып жүрсеңіз тек.
-Ортаға мектебіміздің түлегі, тәжіребилі ұстаз мәртебесін алған, қазірде зейнеттегі ұстазымыз Рая апайымызды ортаға шақырамыз.
1 -жүргізуші:
-Рая апай, «Сыр –сұхбатымызға» қош келдіңіз.
- Жас кезіңізде қандай болдыңыз?
- Бала кезіңізде қандай ойын түрлерін ойнадыңыз?
- Мектепте қандай пәнді ұнаттыңыз
-
Ұстаздық өмірге қалай келдіңіз? Жүрек қалауымен бе, әлде осы мамандықты таңдауға себепші оқиға немесе бір жағдай болды ма?
- Бос уақытыңызда немен шұғылданасыз?
- Егер қайта мүмкіндік берілсе, қандай мамандықты таңдаған болар едіңіз?
Сұхбатыңызға рахмет. Қонақтарға арналған орынымызға жайғассаңыз болады.
2
–жүргізуші:
Жақсы жандар жанымызда әрқашан
Ұлағатты сөзін биік ұстаған
Ардақты Әлия апай анаң секілді
Тәрбиелейді балапандай жасыңнан
-Ортаға мектебіміздің 1987 жылғы түлегі, физика пәні мұғалімі Әлия апайды шақырамыз.
- Әлия апай, «Сыр –сұхбатымызға» қош келдіңіз.
- Туған жер сізге несімен ыстық?
- Еңбек еткен жылдары есіңізде қалған қызық оқиғаны айтып
берсеңіз.
- Ұстаз болуды бала кезіңізден армандадыңыз ба?
- Ең алғашқы жұмыс күніңіз есіңізде ме? Несімен есте
қалды?
- «Ұстаз болу жүректің батырлығы» дейді, осы ұстаздық қызметті таңдауда батырлықпен қандай қасиет адам бойынан табылу керек деп ойлайсыз?
- Сізге қайта мамандық таңдау реті түссе, қандай мамандықты таңдар едіңіз?
Әлия апай, сұхбатыңызға үлкен рахмет. Қонақтарға арналған орнымызға жайғассаңыз болады.
1-жүргізуші
Ұлылықтың мықтылығы ағашынан,
Қымыздың күштілігі сабасынан.
Біздерді дарынды деп атандырған,
Үйреткен, тәлім берген Гүлнұр апай,
-«Сыр сұхбатымыздың» келесі қонағы мектебіміздің 1991 жылғы түлегі , химия, биология пәндерінің мұғалімі Гүлнұр апай.
-Гүлнұр апай, қош келдіңіз.
- Жас кезіңізде қандай болдыңыз?
- Мектепте қалай оқыдыңыз?
- Мектепте қандай пәнді ұнаттыңыз?
- Алғашқы ұстазыңыз кім еді?
- Алғашқы шәкірттеріңіз нешеде?
- Жақсы маман болу үшін адам нені білуі және үйренуі қажет?
- Сізге қайта мамандық таңдау реті түссе, қандай мамандықты таңдар едіңіз?
-Гүлнұр апай, сұхбатыңызға үлкен рахмет. Қонақтарға арналған орнымызға жайғассаңыз болады.
2-жүргізуші
Мектебіміздің дене шынықтыру пәні мұғалімдері Нұржан, Мұрат ағайларымызды ортаға шақырамыз.
-
Ағайлар, «Сыр –сұхбатымызға» қош келдіңіздер!
Нұржан ағай,
— ұстаздық жолды таңдауыңыздың себебі жөнінде әңгімелеп берсеңіз;
Мұрат ағай,
— Мектеп бітірген кезіңізде де қандай сезімде
болдыңыз?
Нұржан ағай,
— орындалмаған арманыңыз бар ма?
Мұрат ағай,
— ұстанымыңыз жөнінде әңгімелесеңіз;
Нұржан ағай, ұстаздық еткен уақытыңызда қиындықтар кездесті ме? Сол кезде демеу болған не?
-
Егер уақытты кері айналдырса, қандай мұғалімдік мамандықты қайта таңдар ма едіңіздер?
- Нұржан ағай, Мұрат ағай, сұхбаттарыңызға рахмет. Қонақтарға
арналған орнымызға жайғассаңыздар болады.
1-жүргізуші:
«Сыр –сұхбатымыздың» келесі қонағы, мектебіміздің 2001 жылғы түлегі, бастауыш сынып мұғалімі Айжан апайды ортаға шақырамыз.
-Айжан апай, қош келдіңіз!
- Шәкіртіңіздің күлкілі қылығы есіңізде ме?
- Апай, өз ұстанымыңыз жөнінде әңгімелесеңіз;
- Мамандық адамның қабілетіне, бейімділігіне байланысты ма?
- Өз мамандығыңызға көзқарасыңыз қандай?
-Сізге де біздің соңғы сұрағымыз, егер 2001 жыл қайта айналып келсе, қандай мамандықты таңдаған болар едіңіз? Не себепті?
2-жүргізуші:
«Сыр –сұхбат» төріне гегорафия пәні мұғалімдері Нұржігіт және Кенжебек ағайларымызды, және АӘД пәні мұғалімі Ербол ағайды шақырамыз. Қош келдіңіздер!
-
Мұғалімдік мамандықты таңдауға кім немесе не себепші болды?
-
Орындалмаған армандарыңыз бар ма?
-
«Ұстаз болу-өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау» деген мақалды қалай қалай түсінесіздер?
-
Егер уақытты кері айналдырса, өміріңізді өзгертер ме едіңіз?
Ағайлар, сұхбаттарыңыз үшін үлкен рахмет, қонақтардың орнына жайғасуларыңызды сұраймыз.
1-жүргізуші:
Мектебіміздің 2013-2019 жылдар аралығындағы түлектері, қазірде өзінің 11 жыл білім алған мектебінде ұстаздық жолын бастап, еңбек етіп жүрген апайларымызды бағдарлама төріне шақырамыз.
Балдай , Қаракөз, Арай, Ақерке апайлар, қош келдіңіздер!
-
ұстаздық жолды таңдауыңыздың себебін әңгімелеп берсеңіз;
-
алдыңызға қойған мақсатыңыз, түпкілікті мақсатыңыз қандай?
-
Жақсы маман болу үшін адам нені білуі және үйренуі қажет?
-
Мұғалім боламын дейтін оқушыларға не айтар едіңіз?
-
Егер мектепті биыл бітіретін болсаңыз, кім болуды қалар едіңіз?
Сұхбаттарыңыз үшін Сіздерге рахмет, қонақтардың қатарына жайғасуларыңызды сұраймыз.
1 –жүргізуші:
Қандай да бір маман иесі болмасын алғашқы әріпті танып, білімді мұғалімнің алдынан алатындығын ескерсек, мұғалімнен құрметті, қадірлі мамандық жоқ деп айтуымызға толық болады –ау. Ия, жас шыбықтың қалай өсуі бағбанға байланысты болса, жас баланың қандай тәрбие мен білім алып шығуы, келешегінің қандай болуына мұғалімнің ықпалы өте зор. Сондықтан да мұғалімдік мамандықты таңдаймын, мұғалім боламын дейтін оқушылар ең бірінші сол мамандықтың жауапкершілігін сезінуі керек деп ойлаймын.
2-жүргізуші:
Бағдарламамызға қатысқан әрбір қонағымыз, ұстаздарымыз осы мамандыққа кездейсоқ емес, көңіл қалауымен келгендігі, баланың алдындағы жауапкершілікті сезіне отыра, осындай қиын да қызықты мамандық иесі болуды қалағаны қуанышты.
Хор «Ұстазым»
1-жүргізуші:
Келешек мұғалімдік мамандықты таңдаймын деген оқушыларға пайдалы ақпарат бере кетуді жөн көріп отырмыз
(оқушыларға ақпарат беріледі)
2-кезең. «Мақалды
жалғастыр» оқушылармен ойын
-
«Ұстаз болу-өз уақытын аямау, (өзгенің бақытын аялау»),
-
«Ұстазға қарап ( шәкірт өседі)
-
«Аспаз көрген ат таныр, (ұстаз көрген хат таныр»)
-
«Ұстазыңды ұлы (әкеңдей сыйла»)
-
«Ұстазы жақсының- (ұстамы жақсы»)
-
Жүргізуші:
Қазақта жақсы сөз бар, «Әзілің жарасса атаңмен ойна» деген, ендеше ұстаздарымызбен ойын ойнасақ.
«Қызықты сұрақтар» сергіту
1. Домбырада – жетеу, сырнайда – алтау, қобызда бесеу. Бұл не? /әріп/
2. Ол сізге тиесілі, бірақ оны сізден гөрі басқалар жиі қолданады? (есім)
3. Егер сары қалпақты қызыл теңізге салса не болады? (су)
4. Теңізде қандай тас болмайды? /Құрғақ/
5. Ертістің ортасында не бар? /Т әріпі/
6. Өзі судан шығады, бірақ судан қорқады. Бұл не? /Тұз/
7 Сәрсенбі, жұма, жексенбіні айтпай, үш күнді қатар айтыңыз. (1,2,3)
1-жүргізуші: Қызық, осы ұстаздар кім болуды армандайды екен?
2-жүргізуші: Сен де қызық сұрақ
қояды екенсің. Ұстаздар кім болсам
екен деп армандамайды..
1-жүргізуші: Неге? Армансыз адам
болмайды гой
2-жүргізуші : Сен дұрыс түсінбедің .
Менің айтайын дегенім басқа еді.
Білгің келеді ма ?
1-жүргізуші: ммммммммм,
әрине
2-жүргізуші: Ұстаздар бастық болуды
армандамайды .Әр мұғалімнің жұмыс бөлмесі, отыратын жұмыс үстелі,
қарамағында 25-30 оқушысы бар, кішігірім бастық емес
пе?
1-жүргізуші:Ұстаздар сот болуды да
армандамайды. Ұрыс, төбелес жөніндегі бала мен ата-ана дауын да бір
өзі шешіп отырады. Ал, енді сот демей
көріңдерші.
2-жүргізуші яяяяя, өте дұрыс
айтасың. Жазушыларға келер болсақ, тіпті кейбір жазушыларыңыз да,
мұғалім құсап күнде жазуға отырмас. Ұстазды жазушы емес деп
көріңізші.
1-жүргізуші: охо, бір адамның бойынан
қаншама мамандықты көріп тұрмыз. Онда біз аяулы ұстаздарымызды дарынды,
шебер деп айтсақ артық болмас. Әр мұғалім өз сабағының шебері, яки
режиссері, көбінесе басты рөлде де өзі ойнайды. Әртіс демей көр,
кәне. Көпшілік көрініске де өзі қатысады.
2-жүргізуші:--- Бір тыным жоқ. Кабинет тазалығы да өз мойнында.
Безендіруші де өзі. Осы біз кейде кабинетте қағаз шашып,
кезекшілікті атқармай кететінімізге ұялып тұрғаным
ай.
1-жүргізуші: ---- яяяя , біздің балалығымыз бен шалағымызды кешіре
білген ұстаздарға қандай құрмет көрсетсек те артық болмас. Ұстаздар
жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы “Ұстаздық - ұлы
құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын
да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де
ұстаз өсіреді... Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ,
сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға
міндеттіміз” деген.
2 -жүргізуші: Ендеше келесі музыкалық сәлемімізді қабыл алыңыздар.
Ән «Ұстаз-Ана»
1 -жүргізуші-
Ұрпақ болашағы, халқымыздың
келешегі қазіргі ұстаздардың қолында!
Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы –
деп ақын Ғ.Қайырбеков жырлағандай, сөзі маржан, үні ән ұстаздардың
бар болғанын мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз жүгі – ауыр жүк.
Ұстаздардың әсерлі үнмен, асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір
оқушыға деген қамқорлықтың, аналық, әкелік сезімнің дана ойдың
ыстық лебі есіп тұрғандай. Иә, адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей,
қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес
пе?
2 -жүргізуші : яяя, сөзіңе қосыламын. Ұстаздар бізге не
үйретпеді дейсің ... бәрін, бәрін !!!Ендеше, ұстаздық мамандықты
таңдаған сыныптас, жолдас, құрдастарымызға айтарымыз, егер осы
мамандықты шын қаласаң, осы қасиеттердің бәрін бойыңа жинауға
тырыс.
1-жүргізуші: Құрметті бүгінгі кешіміздің қадірлі қонақтары, аяулы ұстаздар, Сіздердің еңбектеріңізге толағай табыс, шығармашылық шабыт тілейміз.
Рая апай, Сіздің сол талғаусыз еңбектің жемісі ретіндегі бүгінгі зейнет демалысыңыздағы ғұмырыңыз ұзағынан, көрер қуаныштарыңыз молынан болсын.
Жүздеріңіз күндей күлімдеп, жүректеріңіз жаздай жайнасын.
Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңіз үшін Үлкен рахмет!

