Жас негізгі жалпы
білім беретін мектебі 2017-2018 ж ІІ
тоқсан
«Білім беруді жаңарту
аясында оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау»
тақырыбындағы оқыту ата-анамен
жұмыс
Критериалды бағалау
ата-аналармен жүргізілген жұмыс
жоспары
Күн
тәртібінде
1.Кіріспе. Ұйымдастыру.
Музыкалық аспап (триненг)
2.
«Қазіргі заманда әкенің
отбасындағы ролі».
3.Ата-анаға рубрика
үлгілері
4.Кері
байланыс
5
.Қорытынды.
Коучинг
жоспары
Коучинг
«Қазіргі заманда әкенің
отбасындағы ролі».
-
Аталған тақырып өзекті
мәселені көтереді, өйткені соңғы кезде әкенің отбасындағы рөлі
отбасын тек материалдық жағын қамтумен шектеліп қалды. Ұлттық
болмысымызда әр шаңырақта әкенің орны ерекше. Әке – отбасының
асыраушысы, отбасы мүшелерінің тірегі, қамқоршысы. Әкенің мінез –
құлқы, өзгелермен қарым – қатынасы, өнері мен білімі – баланың көз
алдындағы үлгі, өнеге алатын, оған қарап өсетін нысанасы. Отбасының
пейіл – береке, ынтымағы үшін отағасының әділ, ұстамды болуы орасан
маңызға ие. Оның тәрбиелік рөлі де зор. Ер бала әкесімен сырлас,
жолдас, дос. Ол әрқашан бір әрекет жасау үшін әуелі әкесімен
сырласады. Ер баланың өсіп, жетіліп, өз алдына жеке тұлға болып
қалыптасуына, қоғамдағы өз орнын дұрыс табуына әкенің атқарар
еңбегі ерекше. Қазақ халқында «Бір бала бар – атадан өте туады, бір
бала бар – кері кете туады» деген тұжырымға, баланың қандай
болмағына негіз қалайтын да әкенің өзі. Оқу жылының нақ ортасында
коучингті жоспарлау және өткізу бір жағынан көп қиындық туғызады,
екінші жағынан әкелерге ой салып тәрбиеге деген көзқарасын
өзгертеді.
Мақсаты: әкелердің тәрбие барысында өз
ролінің қаншалықты екенін түсінуі.
Міндеттері:
- мектептегі оқу-тәрбие
үдерісінде ата-ананың ролі туралы пікір
алмасу;
- оқушы мен әкенің көзқарас
ерекшеліктерін айқындау;
- себептердің түйінің табу,
дәләлдеу.
Күтілетін
нәтиже:
-
әкелерді бала тәрбиесіндегі
ролі төмендегені ойландырады.
-
Толық
аудитория ата-ана
-
Коучинг барысында
пайдаланған әдістер мен
тәсілдер:Танысу тренингі
«Көршіңді таныстыр», топпен жұмыс, ой қозғау, бейнематериал көру,
постер жасау, сергіту сәті,рефлексия мен бағалау: «Екі жұлдыз-бір
тілек», «Ойлаудың 6 қалпағы», «Шаңырақ, отбасы, мектеп, ұстаз»
байланысы
-
Құралдар мен дидактикалық
материалдар: бейнематериалдар,түрлі-түсті
қағаздар, А4 формат , флипчартар, музыка, проектор, стикерлер,
фломастерлар мен маркерлер.
Коучинг өткізу қорытындысы
бойынша рефлексия:
Коучинг мектеп директорының
тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының ұсынысы бойынша өткізілді. Бұл
шараның ұйымдастырудың өзектілігі:
Мектеп
үшін:
-
Кейінгі кезде әкелер көбінесе
жиналыстарға бармайды, сабақтарына қатыспайды, бала тәрбиесіне
қатысын тек материалдық қолдаумен
шектейді.
-
алдын-ала жүргізілген
сауалнамалар қорытындысы бойынша «әкенің отбасындағы рөлінің» төмен
көрсеткіш көрсетулері;
Танысу
«Көршіңді
таныстыр» әдістемесі арқылы жүзеге
асырылды.
Осы мәселелерді шешуге ықпал
ету мақсатында ең алдымен әкелерге ой салатын түрлі бейне
жазбаларды зерделеу мақсатында интернет желісінен материалдар
іздестірдім және осы мәселені шешуде
«Әке, бір сағат
уақытыңызды сатып алайыншы!» видеоролигін көрстіп,
топтарға тапсырмалар беремін деп ұйғардым. Видеоролик көрсетер
алдында «Тан
брейк» ұйымдастырылды. Видеороликті
тамашалау кезінде (донер мен тан құйып үлестірілді) ұйымдастыру мен
үшін уақытымды тиімді пайдалануға
көмектесті.
«Әке, бір сағат уақытыңды
сатып алайыншы!» видеосын көрсету өте сәтті, ұтымды болды, өйткені
күнделікті өмірден алынған оқиғада әкенің жұмысты сылтауратып
баласының тәрбиесіне көңіл бөлмеуі, баланың өміріндегі қиындықтарды
жеңуге тек анасының міндеті деген бір жақты пікірдің болуы, баланың
тамақ ішуге беретін тиын-тебенін әкесінің 1 сағатын сатып алу үшін
жинауы қатысқан әкелерді қатты толғандырып, ой қозғады. Бұны
әкелердің өз топтарына берілген тапсырмалардан айқынырақ көруге
болады. Бұл тапсырмаларды қаншалықты орындалғанын бағдарлау
мақсатында «Галереяны
аралау» әдісін қолдандым. Бұл әдісте
барлық топтар бір мезетте галереяға келушілерге өз туындысын топтың
бір мүшесі түсіндіріп жатты. Бұдан мен уақытты ұттым. Өйткені,
әрбір топ кезектесіп қорғайтын болса, әр топқа жекек-жеке 5 минут
кеткенде барлық топ үшін 25 минут уақыт кеткен болар
еді.
Осы кезде әкелерге караокемен
«Әке арманы» әнін бірге орындап, әрі постерлерді бағалау үшін «екі
жұлдыз, бір ұсыныс» жазу тапсырылды.Ән аяқталысымен ұсыныстарын
оқып таныстырып, жұлдыздарды қалаған жұмыстарына
жапсырмалады.
Коучингтегі тақырыптың
негіздемесін анықтау мақсатымен «Ойлаудың 6 қалпағы» әдістемесі
арқылы әкелердің пікірлері тыңдалып, ой елегінен тағы бір өткізіп,
қорытынды шешімге келдік. «Шаңырақ, отбасы, бала,ұстаз және мектеп»
бейнелерін әртүрлі қағаздардан ою арқылы, бір-біріне жапсырмаладық.
Мұндағы мақсат: осы аталғандардың арасындағы тығыз байланыс
ажырамасын, үнемі мектеппен ынтымақтастыққа бірігіп жұмыстанайық-
дегенді білдіру еді.
Коучинг барысынан алынған кері
байланыста, әкелер:«Отбасындағы баланың тәрбиесіне әкенің ықпалы
керек екендігіне көз жеткіздім.Мектеппен тығыз байланыста болу
керектігін түсіндім.Мектепке деген көзқарастарымды өзгерттім;
Қазіргі кездегі білім саласындағы өзгерістер туралы білдім.Бала
тәрбиесіндегі кейбір пікірлерінің қате екенін түсіндім»- деген
пікірлерінен білдірді.
Шараның өту барысын мектеп
директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасардың «Аяқталмаған
сөйлем..» әдістемесінің қорытындысымен жалғастырса. Мектеп
директоры коучингтің өту барысына қорытындысын жасап, өз пікірін
білдіріп, ұйымдастырушыларға деген ризашылығын
білдірді.
Сонымен қатар тәрбие саласының
мамандары мен қатысқан ұстаздар үшін де әсері мол болды. Тек
қатысып қана қоймай, әкелер алдында пікірлерін білдіре отырып,
өздеріне әкелермен жұмыс мазмұны мен әдіс-тәсілдерін үйренгендерін
«кері байланыс» парағында келтірген.
Пайдаланған әдебиеттер және
интернет ресурстар тізімі:
«Отбасындағы әкелердің рөлі»
сауалнамасы»
«Аяқталмаған сөйлем...»
әдістемесі.
«Әке, бір сағат
уақытыңызды сатып алайыншы»You
tobe
(Социальный видеоролик) |
ВКонтакте vk.com›video200826890_170837753;
«Әке туралы әндер» Н.Өнербаев,
Е.Айдар, А.Дәрібаева, Қ.Нұртас, Т.Мұхамеджановтың композициялары
(Детство, Нежность, Юность)
sabaqtar.kz 1035-
bala-trb….сайты материалдары
Дәлелдемелер
Орындаған мектеп үйлестірушісі
:Хайруллина Р.Б.
1-сынып 4 тоқсан және 2
сынып І жартыжылдық мониторингі