400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 13 материал табылды

"Мектепалды даярлық білім бастауы" эссе

Материал туралы қысқаша түсінік
еңбек жолын енді бастап келе жатқан тәрбиешілерге үлгі ретінде салып жатырмын
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Әлия» жекеменшік балабақшасы

Тәрбиеші:Сабденбекова Ұ

Эссе «Мектеп алды даярлық білім бастауы»

Мен өз қызмет жолымды Мұнайлы ауданы «Әлия» жекеменшік балабақшасынан тәрбиеші қызметінен бастадым.Мен осы балабақшада үшінші жыл еңбек етудемін.Осы мамандықты таңдағаныма еш өкінбеймін,балалармен болған әр бір уақытым ,олардың оқуға деген құштарлығы,шабыты, үмітке толы көздері маған үнемі қуаныш,шабыт сыйлайды.Күнделікті оқу іс-әрекетін қызықты өткізуге тырысамын, сол үшін әрдайым ізденемін.Тәрбиеші болу жәй ғана мамандық емес.Ол келешек ұрпақтың сәулетшісі.Бұл сөздің астарында тәрбиеші мамандығының үлкен жауапкершілік иесі екендігі айқындап тұр.Бала тәрбиесі оның ішіндегі балабақшадағы сәбилерді тәрбиелеу үлкен мәртебе.Сондықтан біз балаларымыздың болашағына ,тәрбиесіне жауапты жандармыз.Баланың дүниеге келгеннен кейінгі алғашқы жеті жылы оны тәрбиелеу мен оқытудағы ең басты кезең болғандықтан оны ескерусіз өткізіп алуға болмайды.Баланың болашағы сол кезеңде алған біліміне байланысты.Баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуы сәби кезінен басталады.Сондықтан балаға барлық жағдай жасап, саналы тәрбие беру біздің басты мақсатымыз,міндетіміз.Мектепке дейінгі ұйымдардың басты бағыты оқу тәрбие процесін жүйелі түрде жоспарлау,жаңа технологияларды ендіре отырып балаларды дамыту жолдарын қарастыру.

Мектепке дейінгі кез адам өміріндегі ең маңызды кезең.Өйткені осы кезде баланың бойындағы бар дарындылық жан-жақты дами бастайды.Сондықтан осы кезден бастап баламен жан-жақты жұмыс жасап,дамытушылық әрекеттержүйелі жүргізілсе нәтижесі болады.Тәрбиелі, білімді ұрпақ болып шығады.Балабақша барлық тәрбие мен білімнің бастауы.Мұндағы тәрбие мен білім баланың қабілетін ерте жастан дамытады.Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып отыр.Қазіргі заманға сай білімді де тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу тәрбиешілердің еншісінде.Уақыт өткен сайын әдіс-тәсілдер көбейіп,жаңарып жатыр.Балалардың тілін табу үшін әр түрлі әдістерді қолдануға ізденеміз.Баланы заманға сай қалыптастырып дамыту үшін оның мүмкіншіліктері мен қабілетінің дамуына жағдай жасауымыз керек.Баланың өміріндегі алғашқы қабылдаған қуанышты сәттер оның болашақтағы өміріне жағымды бағыт бере отырып, өмір бойы есінде қалады.Балалар тәрбие арқылы дүниені таниды ,көруді, сезінуді,тыңдауды үйренеді.

Мен өз ісімді шеберлікпен атқарып,балабақшадағы тәрбиеленушілердің заман талабына сай ,білімді ұрпақ болып жетілуіне қолымнан келгенше көмектесуге тырысамын.Ағартушы Ы.Алтынсарин «Күнәнің ең үлкені-бала жанының нәзік пернелерін дұрыс сезіне алмайтындарда» деп бала тәрбиесіндегі басты тұлға ұстаздардың өз ісіне үлкен жауапкершілікпен шақырған.Мен үшін тәрбиеші мамандығы –қастерлі де,қасиетті мамандық.Өзімнің еңбек жолымның баламен байланысты болғаны үлкен бақыт, қуаныш. Әр баланың өзін қоршаған ортаны тануға құштарлығы мол,олардың меннен күтетіні көп.Сондықтан бала күнделікті бір нәрсені біліп отырса екен деймін.Әрбір сабақты ойын арқылы өткізіп ,баланы қуантуға тырысамын.Балалар әр –бір үйдің еркесі.Олардың әрқайсысының тілін табу оңай емес.Ата-анасына еркелейтін қылығын мұғалімге көрсетіп жатады.Мұндай жағдайда мұғалім сабырлы болу керек.Даярлық топта бала әріп тани бастайды,сандармен танысады.Сөздік қоры көбейеді,өз ойын еркін айта алады.Балалардың бәрі бірдей сабақты меңгеріп алып кете алмайды ,арасында жәй қабылдайтындары да болады.Олармен жеке жұмыс жасауға тырысамын.Мен үшін әр баланың білімі өте маңызды.Себебі бүгінгі ұрпақ –біздің ертеңгі болашағымыз.Балалар біздің өміріміздің жалғасы.

Ұрпағымызды ұлттық тәрбиеге баулып , бойына адамгершілікті,мәдениетті, өз ана тіліне деген құрметті сіңіре тәрбиелеу біздің балабақшамыздың басты міндеті.

«Ұстаздық еткен жалықпас,үйретуден балаға» деп Абай атамыз айтқан ,осы қызығы мен шұжығы көп мамандық иесі атанғаныма қуанамын.Осы мамандықты шексіз мақтан тұтатынымды және осы таңдаған жауапкершілігі мол қызмет жолында бар білімім мен тәжірибемді аямайтынымды айтқым келеді.



















Тәрбиеші:Сабденбекова Ұ

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.02.2021
620
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі