Ашық сабақ
Өзін-өзі
тану
Тақырыбы: « Мен бақытты баламын
»
Мақсаты: «Бақыт», қуаныш, сүйіспеншілік
құндылықтарының мағынасын
түсіндіру.
Міндеттері:
· адами қасиеттерін
дамыту;
· сүйіспеншілікке
тәрбиелеу
· бақыт құндылығының мазмұнын
ашу;
Көрнекі құралдар: айна, фломастерлер, ақ
парақтар, жер шары суреті,қима суреттер, жүрек
шамы
Шаттық шеңбері: - Балалар, біз өзіміздің дәстүрлі
шаттық шеңберіне жиналдық. Біздің шеңберіміз қандай тамаша! Бізді
дотық пен сүйіспеншілікке
шақыратындай.
Қайырлы таң
достым!
Қайырлы күн
болсын!
Күніміз жарық
болсын!
Аспанымыз ашық
болсын!
Амансыз ба
қонақтар,
Амансыз ба әлем
Баршаңызға амандық
сәлем!
Ойын. – Балалар, енді мен сендерді
бір-бірлеріңнің көңіл-күйлеріңді көтеруге
шақырамын.
Алақан- алақанға
Иық-иыққа
Мұрын- мұрынға
Арқа-арқаға
Құлақ-құлаққа
- Жақсы ,рахмет балалар! Барлығымыз жайғасып
отырайық.
Релаксация. Бүгін мен сиқыршымын. Қазір біз
ғажайып әлемге саяхатқа барамыз. Мен сиқырлы таяқшаммен белгі
берген кезде сапарымыз басталады.
1,2,3
Көздеріңді жұмуға болады. ( баяу
музыка)
Сендер ғажайып Бақыт әлеміне келдіңдер.
Жан-жақтарыңа қараңдаршы, қандай керемет. Айнала жұпар иісі аңқыған
әсем гүлдерге толы. Сендердің көңіл-күйлерің өте жақсы, жүздерің
күліп, тамаша сезімге бөленіп жатырсыңдар.Алдарыңнан Бақыт
періштесі шығып,менің әлеміме қош келдіңдер, балақайлар! Сендер өте
ерекше баласыңдар. Қане, алақандарыңды жайыңдар, мен сендерге бақыт
сәулесін сыйлаймын.
Бұл сәулені мәңгәләк жүректеріңе сақтаңдар.
Өйткені ол сендерге қуаныш пен бақыт әкеледі. Бақытты болыңдар!
Көздеріңді ашыңдар.
Әңгімелесу.
- Не көрдіңдер?
- Не сезіндіңдер?
- Не ұнады?
(Балалардың ой- пікірлері
тыңдалады)
Жаттығу. «Сиқырлы
айна»
Алдарыңдағы айналарды мен сиқырлап қойдым.Айнаны
алып, өздеріңе қарап « Мен
қандай баламын ? » деп ойланып
көріңдерші.
( Оқушылардың жауаптары
тыңдалады.)
· Балалар, қалай ойдайсыңдар, « Бақытты бала »
деп кімді айта аламыз?
· Өз отбасы бар
· Достары көп
· Денсаулығы
мықты
· Арманы орындалған
баланы
· Иә, ойларың дұрыс,
балалар.
«Тыңдайық-ойланайық.» Бақыт деген не? өлеңін оқу.
( Слайд )
Ақниет: Айтшы білсең егер
де,
Тәте, бақыт деген
не?
Мұғалім: Бақыт деген ,
шырағым
Мынау әсем
тұрағың.
Ну ормандар, гүл
бағы,
Күннің күліп
тұрғаны
БАҚЫТ- гүлі
далаңның
Алақаны анаңның
Ботам деуі
әжеңнің
Тыныштығы
әлемнің.
Аида: Қайда бақыт
мекені
Қалай оған
жетеді?
Мұғалім: Адал еңбек
етесің
Сонда ғана
жетесің.
· Бақыт деген не? ( жауаптар
тыңдалады)
· Сендер өздеріңді қай кезде бақытты
сезінесіңдер? ( жеке оқушылардан
сұрау)
· Жақсы, балалар, өмірде қуанышты сәттерің көп
болсын!
Шығармашылық жұмыс. 1- ші топ. Алдарыңдағы ақ
парақтарға өздеріңнің ең бақытты, ең қуанышты сәттеріңді
салыңдар.
2- ші топ. «Бақыт әлемі» жұмысын орындайсыңдар.
Бақытты әлемде нелер болғанын қалайсыңдар? Сол суреттерді таңдап
алып жер рына жапсырыңдар.
· Оқушылар өз жұмыстарын
таныстырады.
Жүректен- жүрекке. Мұғалім « Жүрек шамын » ұстап
тұрады.
–Балалар,
мен сендерді шеңберге шақырамын. Бүгін біз бақыт дегеніміз-ой-
арманның орындалуы, қуанышты сәттің көп болуы, әлемнің тыныштығы,
деніміздің саулығы екенін білдік. Бақыт әлемін құрастырдық. Осы
әлемдегі адамдардың жүрегі сүйіспеншілікке, мейірімділікке толы
болу керек.
Ендеше сол жылуы мол, мейірімге толы жүрегімізбен
тілектер тілейік.
( тілектер айтылады, жүрек шамы
жанады)
Ән. « БІЗ БАҚЫТТЫ БАЛДЫРҒАН
»
- Балалар, осындай шат көңілмен ән салайық
бәріміз.