Мектепалды даярлық сыныппен қоштасу кеші. "Биікке самға балапан"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мектепалды даярлық сыныппен қоштасу кеші. "Биікке самға балапан"

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру.Бейімділіктерін байқау. Бір жылғы нәтижелерін көрсету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жүргізуші: Ардақты да аяулы ұстаздар, ата-аналар, Бүгінгі Даярлық сынып бүлдіршіндердің «Біз мектепке барамыз» атты ертеңгілігін тамашалауға қош келдіңіздер. Бүлдіршіндеріміздің алғаш осы мектеп табалдырығын аттағалы бері сәлемдесуді, партада отыруды, қалам ұстап сурет салуды ән айтып, би билеуді әріп танып, жазуды, оқуды үйренді. Ізеттілік, тәртіптілік және біліміне бұл болашаққа бастайтын сара жол. Осы жолдың өнегелі де үлгілі жолдаушылары біздің балаларымыз. Аттаған қадамдары құтты болсын, болашақта елін қорғайтын, Отанын сүйетін, біз мақтанатындай ұл-қыз болсын-деп тілейміз. Ендеше  «Біз мектепке барамыз» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
1.Жүргізуші:
Ұшырып көкірегімнен жер кептерін
Мерекең құтты болсын түлектерім
Қол соғып ортамызға шақырайық
Бүгінгі кештің шынайы кейіпкерін.
Келеді жаңа ғасыр перзенттері
Көшбасшы керемет кемеңгерлері
Болашақ президент министрлер
Ерен ер қазағымның төрелері.
2. Нұрлы үмітін арқалаған арқаға
Жан сәулесін таратын баршаға
Шын көңілмен құрметімізді көрсетіп
Бүлдіршіндерімізді шақырайық ортаға
Уа, халайық, халайық
Мұнда назар салайық
Бүлдіршіндерді қарсы алып,
Бәріміз қол соғайық.

Үлкенге де сіз

Кішіге де сіз

Үлкендерді құрметтеп

Бас иеміз біз
1. көз салып қараңдаршы бойымызға
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға
Қош келдіңіз ұстаздар, ата-аналар
Даярлықпен қоштасу тойымызда.
Мұғалім: Құрметті ұстаздар, ата-аналар, . Бала біздің болашағымыз, еліміздің ертеңі,  ел тізгіннін ұстар ұрпағымызды жақсылыққа баулу, бойына ізгілік нұрын, білім шуағын беру ұстаздың міндеті. Барлық ғалымның атасы алғаш хат танытып, сауатымызды ашқан біздің жарқын досымыз дайындықпен қоштасқалы отырмыз.
2-ші жүргізуші: олай болса, «Біз мектепке барамыз!» атты ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз.  Бірінші құттықтау сөз кезегі Мектебіміздің директоры Садуова Ғалия Әскербекқызына берсек. 



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.02.2023
367
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі