Материалдар / Мектепалды даярлық тобының циклограммасы желтоқсан

Мектепалды даярлық тобының циклограммасы желтоқсан

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепалды даярлық тобының циклограммасы желтоқсан
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Тәрбиелеу-білім процесінің циклограммасы

Білім беру ұйымы......................................

Мектепалды даярлық: 0 сынып

Балалардың жасы 5 жас

Жоспардың құрылу кезеңі 13-апта 2-6 желтоқсан 2024-2025 оқу жылы

Күн тәртібі

Дүйсенбі

Сейсенбі

Сәрсенбі

Бейсенбі

Жұма

Балаларды қабыылдау

Тәрбиешінің балалармен қарым-қатынасы: отбасы дәстүрлері туралы жеке әңгімелесу,қарым-қатынас және көтеріңкі көңіл-күй орнатуға ойындар ұйымдастыру. Жағымды жағдай орнату

Ата-аналармен әңгімелесу,кеңес беру

Ата-аналармен әңгіме:

Балалардың тазалығы жөнінде кеңес беру


Ата-аналармен әңгіме:Ата- аналарға балаларын ертеңгілік жаттығуға үлгертіп алып келулерін ескерту.


Ата-аналармен әңгіме:

Балалардың жетістік пен дәрежесі үшін емес, сол қалпында сөзсіз қабылдап жақсы көретініңізді сездіріңіз.

Ата-аналармен әңгіме:

Ата-аналарға балаларды тамақтарын тауысып жеуге үйретулерін ескерту.

Ата –аналармен әңгіме: «Дұрыс тамақтануға баулу»


Балалардың дербес әрекеті(баяу қимылды ойындар,үстел үсті ойындары,бейнелеу әрекеті,кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер)

Қимылды ойын

«Итеріспек».

Мақсаты: шапшаңдыққа, ептілікке, жылдам ойлап, шешім шығаруға үйрету.

Жаттығу ойыны: «Бір орында тұрып, биікке секіру»

Қимылдарын дамыту.

Мақсаты: Кімде- кім өзінің күш шамасын байқағысы келсе биіктікке секіруге үйренеді.

Мақал- мәтел: Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар


Қимылды ойын

«Допты ұста».

Мақсаты: балаларды шапшаң дербес қимылға үйрету, ұйымшылдықққа тәрбиелеу

Жаттығу ойыны «Бестас».

Мақсаты: қолды жылдам қимылдатып, нақты нүктеге тигізуге жаттықтыру

Халық болжамы: Доп қуған тозар, үйде отырған озар.

Қимылды ойын «Ақ серек, көк серек».

Мақсаты: балаларды ұйымшылдыққа, жылдамдыққа, мықтылыққа, тәрбиелеу.

Жаттығу ойыны: «Кім жылдам?»

Мақсаты: бір орыннан жылдам жүгіру техникаларын жақсарту.

Халық болжамы: жаз ыстық болса, қыс қатты суық болады.

Қимылды ойын

«Соқыр теке».

Мақсаты: байлаулы көзбен қашып жүрген балаларды ұстау, аңғарымпаздыққа тәрбиелеу

Жаттығу ойыны

Белге қойып, дөңгелентіп жасайтын жаттығу ойындары.

Мақсаты: айналатын дөңгелекпен айналдыра отырып секіруге үйрету.

Мақал-мәтел:

Жан ауырса, тән азады.


Қимылды ойын «Секірмек»

Мақсаты: балаларды байқампаздыққа, ептілікке тәрбиелей отырып, жылдамдыққа үйрету.

Жаттығу ойыны: Бір-біріне доп лақтыру.

Мақсаты: қозғалыс координацияларын дамыту.

Халық болжамы.Ата көрген оқ жанар.

Таңертеңгі жаттығу Таңғы жаттығу кешені №1

Ұйымдастырылған іс-әрекетке ддайындық

Жылулық сәті:

Адамдарға кешіріммен қарайтын,

Жан жылуы жылулықпен тарайтын.

Кішіпейіл бала болғым келеді,

Айналасын нұрлы күнге балайтын.

Жылулық сәті:

Қайырымды жандар айнала,

Шеңберге келсін айнала.

Жылулықтан қайта біз,

Махаббат сөзін айтамыз.

Жылулық сәті:

Сүйеміз барлық әлемді,

Әлемдегі бар елді.

Бақыттымыз осы біз,

Қасымызда досымыз.

Жылулық сәті:

Жарқырап күнде ашылды,

Айналаға нұр шашылды.

Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз,

Қайырлы күн! Сәлемдесіп аламыз.

Жылулық сәті:

Қайырлы таң, көк аспан,

Қайырлы таң, жер Ана!

Қайырлы таң достарым!

Сәлем, сәлем, сәлем!

Білім беру ұйымының кестесі бойынша ұйыымдастырылған іс-әрекет

1-ұйымдастырылған іс-әрекет

Математика негіздері

Сабақтың тақырыбы: Салмағы бойынша тең және тең емес заттар.

Мақсаты: -«жеңіл - ауыр» сөздерін пайдалана отырып, салыстыруды үйрету; заттардың салмағын өлшемі бойынша анықтауды үйрету; заттың салмағы оның өлшеміне байланысты емес, деген ұғым беру;

-логикалық байланыстар мен заңдылықтарды орнату білігін бекіту;

-есте сақтау, сөйлеу, назар аудару, қолдың ұсақ моторикасын дамыту.

Күтілетін нәтиже: балаға әртүрлі заттардың салмағы да әртүрлі болатындығы туралы түсіндіру.

Құндылықтар: Бірлік пен ынтымақ айы

Бір тұтас тәрбие: «Күй күмбірі» – қоңыраудың орнына күйді пайдалану, сондай-ақ үлкен үзіліс кезінде күй тыңдау

Қауіпсіздігі: Балаларды жолда, қоғамдық көлікте өте мұқият болуға үйретеміз.

Балаларға құтқару қызметіне қоңырау шалуға үйрету. Өрт сөндіру қызметі-101, полиция-102, жедел жәрдем-103, авариялық газ қызметі-104.

Апта дәйексөзі: бірлігі күшті ел озады.


Дидактикалық ойыны Мына кестедегі есептерді есептейміз. Қанша зат бар екенін есептейді. Және оларды түсіне қарай ажыратады.


1-тапсырма. 1.Суретке қара. Қай арқа қоржын ауыр, анықта. Белгіле. Өз таңдауыңды түсіндір.



2-тапсырма Мына суреттегі заттардың қандай пішінге ұқсайтынын табады?


3-тапсырма. Сыныптағы ауыр және жеңіл заттарды тауып, бір бірімен салыстырып, неге ауыр, неге жеңіл екендігін ажыратып айт.


Сауат ашу негіздері

Сабақтың тақырыбы: Дыбыстық талдау

Мақсаты: -дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажыратуларын жетілдіру;

-берілген дыбысқа сөз құрай алу дағдыларын бекіту жəне графикалық жұмысты орындау кезінде жаза білу қабілеттерін дамыту;

-тиянақты жəне мұқият болуға тəрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: буын дегеніміз не екенін түсінеді.

Құндылықтар: Бірлік пен ынтымақ айы

Бір тұтас тәрбие: «Күй күмбірі» – қоңыраудың орнына күйді пайдалану, сондай-ақ үлкен үзіліс кезінде күй тыңдау

Қауіпсіздігі: Көшеде және әлеуметтік желіде бейтаныс адамдармен сөйлеспеуді ұғындыру.

Балалармен ойын не спорт алаңында болған абай болуға үйрету.


Апта дәйексөзі: бірлігі күшті ел озады.


«Суретпен жұмыс»

Суретке қарап не бейнеленгенін айт. Зымыран сөзін буынға бөліп, дыбыстық талдау жаса.










1-тапсырма. Суретке қара. Үш дыбыстан тұратын сөздерді ата.



2-тапсырма. Дыбыстық талдау жаса.




Математика негіздері

Сабақтың тақырыбы: Салмағы бойынша тең және тең емес заттар.

Мақсаты: -«жеңіл - ауыр» сөздерін пайдалану арқылы салыстыруға үйрету; заттарды қолға алып, салмағы бойынша салыстыруға және өлшемі бойынша салмағын анықтауға үйрету;

-логикалық байланыстар мен заңдылықтарды орнату біліктілігін бекіту;

-есте сақтау, сөйлеу, назар аудару, қолдың ұсақ моторикасын дамыту.

Күтілетін нәтиже: балаға әртүрлі заттардың салмағы да әртүрлі болатындығы туралы түсіндіру.

Құндылықтар: Бірлік пен ынтымақ айы

Бір тұтас тәрбие: «Күй күмбірі» – қоңыраудың орнына күйді пайдалану, сондай-ақ үлкен үзіліс кезінде күй тыңдау

Қауіпсіздігі: Балаларды жолда, қоғамдық көлікте өте мұқият болуға үйретеміз.

Балаларға құтқару қызметіне қоңырау шалуға үйрету. Өрт сөндіру қызметі-101, полиция-102, жедел жәрдем-103, авариялық газ қызметі-104.

Апта дәйексөзі: бірлігі күшті ел озады.


«Үстел үсті ойындар»

Мақсаты: Құрастыру бөлшектерінен, әртүрлі заттарды құрастыру дағдыларын қалыптастыру арқылы мектепке дейінгі ересек балалардың логикалық ойлауын дамыту.


Көрнекілік: конструктор.


Барысы: Балаға конструкторды беріп қалауларынша фигура, не зат құрастыруын сұрайды. .


1-тапсырма. Суреттерді қара. Таразының қай басындағы заттардың ауыр, қайсысысның жеңіл екендігін түсіндір.


2-тапсырма Суретке қара. Ауыр және жеңіл заттарды тауып, оларды жапсыр.



3-тапсырма. Төмендегі суреттегі заттарды салыстыр. Қайсысының салмағы басым, қайсысының салмағы жеңіл екендігін түсіндір.


Математика негіздері

Сабақтың тақырыбы: Салмағы бойынша тең және тең емес заттар.

Мақсаты: -«жеңіл - ауыр» сөздерін пайдалану арқылы салыстыруға үйрету; заттарды қолға алып, салмағы бойынша салыстыруға және өлшемі бойынша салмағын анықтауға үйрету;

-логикалық байланыстар мен заңдылықтарды орнату біліктілігін бекіту;

-есте сақтау, сөйлеу, назар аудару, қолдың ұсақ моторикасын дамыту Күтілетін нәтиже : балаға әртүрлі заттардың салмағы да әртүрлі болатындығы туралы түсіндіру.

Құндылықтар: Бірлік пен ынтымақ айы

Бір тұтас тәрбие: «Күй күмбірі» – қоңыраудың орнына күйді пайдалану, сондай-ақ үлкен үзіліс кезінде күй тыңдау

Қауіпсіздігі: Балаларды жолда, қоғамдық көлікте өте мұқият болуға үйретеміз.

Балалармен ойын не спорт алаңында болған абай болуға үйрету.

Апта дәйексөзі: бірлігі күшті ел озады.


«Ұшты ұшты ойыны » 
Ойынның мақсаты: ненің ұшатынын, ненің ұшпайтынын аңғарымпаздыққа тәрбиелеу 
Ойынның құрал-жабдықтары: суреттер 
Ойынның мазмұны: Ойынды сыныпта отырып ойнайды. Балалр басқарушының сөзін қалт жібермей, бағып отыру шарт.Ұшатын құс не зат айтылса қолдарын жоғары көтереді. Ал ұшпайтын зат айтылса тырп етпей отырады. Қателескен бала айып тартып тақпақ, не өлең айтады.


1-тапсырма. Не ауыр? Не жеңіл? Тышқанға жеңіл, пілге ауыр заттарды бер.




2-тапсырма Қай зат ауыр болса, соны боя

3-тапсырма. Қосымша берілген суреттердің ішінен қайсысы ауыр, қайсысы жеңіл екендігін тауып, айтамыз. Тағы қандай ауыр, не жеңіл заттар туралы білетінімізді айтамыз.

Сауат ашу негіздері.

Сабақтың тақырыбы: Дыбыстық талдау

Мақсаты: -сөздерді буынға бөле алу дағдыларын бекіту;

-тақырыпқа сай дидактикалық ойындар арқылы дыбыс жəне дыбыстық талдау туралы алған білімдерін пысықтау;

-дербес жұмыс істеу алуға еңбекқорлыққа тəрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: бір әріпке дыбыстық талдау жасай алады.

Құндылықтар: Бірлік пен ынтымақ айы

Бір тұтас тәрбие: «Күй күмбірі» – қоңыраудың орнына күйді пайдалану, сондай-ақ үлкен үзіліс кезінде күй тыңдау

Қауіпсіздігі: Балаларды жолда, қоғамдық көлікте өте мұқият болуға үйретеміз.

Балаларға құтқару қызметіне қоңырау шалуға үйрету. Өрт сөндіру қызметі-101, полиция-102, жедел жәрдем-103, авариялық газ қызметі-104.

Апта дәйексөзі: бірлігі күшті ел озады.


«Жемістерді буынға бөліп оқы. Дыбыстық талдау жаса»

Мақсаты: Жемістерді аттарын буындап оқи алады.

Көрнекілік: Әрбір балаға әртүрлі суреттер беріледі.

Ал-ма, а-на-нас, ас- қа-бақ, ал- мұрт, а-нар, а-пель-син.


1-тапсырма: Суретте қатаң дауыссыз дыбыстан басталатын сөздерді ата.



2- тапсырма: Дыбыстық талдау жаса.

Picture 1









3- тапсырма: Тыңда орында

Алақанды ысқылап,

Қыздырайық балақай.

Алақаның ысыды,

Қараңдаршы алақай.

4-тапсырма. Штрихта


Үзіліс: Жүгіруге арналған ойындар «Оқтау тартыс»

БАЛАНЫҢ  ТІЛІН ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН  ОЙЫНДАР

«Бес саусақ» ойыны

Басбармағым Атам

Үйдің данасы.

Балаң үйрек Әжем

Ошақ анасы.

Ортан терек Әкес

Отау тынысы,

Шылдыр шүмек Шешем

Шаңырақ ажары.

Кішкентай бөбек Мен

Бәрінің базары


Ойын: «Оқтау тартыс» 
Мақсаты: Балалардың денесі шынығады. Спортқа деген қабілеті, қызығушылығы артады, жақсарады.
Ойынның шарты:Ортаға екі бала шығады. Ортаға сызық сызып, соның екі жағында тұрады. Енді оқтаудың 2 ұшынан ұстап тартады. Қайсысы сызықтан өтсе, жеңілгені.
Ұсыныс: Тәрбиеші: Мұғалім белгісінен кейін оқтауды екі жағынан тартады. Кім сызықты басса сол жеңілгені, ал қарсы бала жеңімпаз атанады. Жеңіске жеткендер ортада қалып, келесі баламен сайысқа түседі. Соңғы оқушы жеңімпаз атанады.

2-ұйымдастырылған іс-әрекет


Сөйлеуді дамыту

Сабақтың тақырыбы: Біз де ойнаймыз (ертегі)

Мақсаты: -балаларды бірігіп ойнауға, ұйымшылдыққа

тәрбиелеу. Әңгімемен таныстырып, мазмұнын айтуға үйрету;

-ой-өрісін кеңейту, есте сақтау қабілетін дамыту;

-туған жердің табиғатына қамқор бола

білуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: баланың сөздік қорын, сөз байлықтарын дамыту. Сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын қалыптастырады.

Құндылықтар: Бірлік пен ынтымақ айы

Бір тұтас тәрбие: «Күй күмбірі» – қоңыраудың орнына күйді пайдалану, сондай-ақ үлкен үзіліс кезінде күй тыңдау

Қауіпсіздігі: Балаларды жолда, қоғамдық көлікте өте мұқият болуға үйретеміз.

Балаларға құтқару қызметіне қоңырау шалуға үйрету. Өрт сөндіру қызметі-101, полиция-102, жедел жәрдем-103, авариялық газ қызметі-104.

Апта дәйексөзі: бірлігі күшті ел озады.


«Бұл қай кезде болады?»

Мақсаты: Баланың жыл мезгілдері жайлы білімін тиянақтау, пысықтау, тиісті белгілерін атату, тілдерін жетілдіру, танымдылықтарын, ұстанымдылықтарын таныту.

Көрнекілік: Жыл мезгілдеріне байланысты 3-4 сурет

Барысы:

Бала өз суреті бойынша әңгімелейді. Ал әңгіме қай жыл мезгілі туралы айтылғанын бағыттаушы кімге көрсетсе сол жауап береді. Жауап дұрыс болған жағдайда ғана сурет балаларға көрсетіледі.


1-тапсырма.Қайың жапырақтарының бірін жаз мезгіліне, екіншісін күз мезгіліне сәйкес боя

2-тапсырма. Шырша мен қайың ертегісін тыңдайды. Түсінгенін айтады.


Өткір өткір найзаңды көріп тұрмын,

Ол инеден қорқатын біз жоқ.


3-тапсырма. «Ой қозғау» әдісі.

-Шырша қай мезгілде өседі? -Шыршаның жапырағы қандай болады?

-Қай мезгілде көгеріп тұрады?

-Қайың ағашы қайда өседі?

Қоршаған орта

Сабақтың тақырыбы: Аквариумда не тіршілік етеді?

Мақсаты: -балаларды жанды табиғат бұрышындағы тіршілікпен таныстыру;

-құрбы-құрдастарымен және ересектермен еркін араласу үдерісі арқылы олардың танымдықзерттеушілік қызметпен айналысуына жағдай жасау;

-балаларды еңбекқорлыққа, құрбыларымен достық қарым-қатынас жасауға үйрету. Күтілетін нәтиже: аквариумда балықтардың қалай тіршілік ететінін біледі?

Құндылықтар: Бірлік пен ынтымақ айы

Бір тұтас тәрбие: «Күй күмбірі» – қоңыраудың орнына күйді пайдалану, сондай-ақ үлкен үзіліс кезінде күй тыңдау

Қауіпсіздігі: Көшеде және әлеуметтік желіде бейтаныс адамдармен сөйлеспеуді ұғындыру.

Балалармен ойын не спорт алаңында болған абай болуға үйрету.


Апта дәйексөзі: бірлігі күшті ел озады.


Дидактикалық ойын: «Себетке жемістерді жина» ойыны. Шарты: жемістердің, көкөністердің бірнеше түрлері беріледі. Соның ішінен жемістерді себетке теріп жинайды.


1-тапсырма

Аквариум қалай жасалады?


2-тапсырма. Аквариумда балықтан басқа тағы нелер болады?




3-тапсырма. Аквариумның үлкен түрін не деп атаймыз? Ол қай қалада бар? Кім көрді? Суреттеп берейік

Көркем әдебиет

Сабақтың тақырыбы: Жаңа жыл келді. (өлеңді жаттау)

Сағи Жиенбаев

Мақсаты: -өлеңді дауыс ырғағымен мәнерлей оқи отырып, логикалық екпінмен, үзілістермен жаттату, көтеріңкі көңіл күймен жатқа айтуға үйрету;

-балалардың өлең мазмұнына деген қатынасын,

тілдік бейнелілігін сезінуге баулу және өзара

қарым-қатынасын дамыту;

-ұйымшылдыққа, бірлікке, татулыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: мысық пен әтештің жасаған әрекеттерін талдай алады.

Құндылықтар: Бірлік пен ынтымақ айы

Бір тұтас тәрбие: «Күй күмбірі» – қоңыраудың орнына күйді пайдалану, сондай-ақ үлкен үзіліс кезінде күй тыңдау

Қауіпсіздігі: Балаларды жолда, қоғамдық көлікте өте мұқият болуға үйретеміз.

Балаларға құтқару қызметіне қоңырау шалуға үйрету. Өрт сөндіру қызметі-101, полиция-102, жедел жәрдем-103, авариялық газ қызметі-104.

Апта дәйексөзі: бірлігі күшті ел озады.



«Дыбыстар қайда орналасқан».

Ойын мақсаты: Дауысты дыбыстарды ажырата білуге үйрету.

Ойын шарты: Үш сандықша жасалынады.Бірінші сандықшада дауысты дыбыс басында, екінші дауысты дыбыс ортасында, үшінші дауысты дыбыс аяғында көрсетілген. Балаларға  жазылған сөздер үлестіріліп береді. Дауысты дыбыстар сөздің қай жерінде кездеседі сол сөзді сандықшаларға салады.


1-тапсырма. Суретте балалар не істеп жатыр? Әр балағ аат қойып, олардың немен айналысқанын әңгімеле. Жаңа жыл мерекесі қалай тойланады?

2-тапсырма түстерін сәйкестендіріп боя

3-тапсырма. Біз бүгін ақын Сағи Жиенбаевтың өлеңімен танысамыз.

Жаңа жылда келеді,

Бізге қарай жылыстап.

Өлеңде әзір, бәрі әзір,

Кел Жаңа жыл біздерге,

Кел Жаңа жыл жаңа жыл!

Сөйлеуді дамыту

Сабақтың тақырыбы: Біз де ойнаймыз (ертегі)

Сабақтың мақсаты: -балаларды бірігіп ойнауға, ұйымшылдыққа

тәрбиелеу. Әңгімемен таныстырып, мазмұнын айтуға үйрету;

-ой-өрісін кеңейту, есте сақтау қабілетін дамыту;

-туған жердің табиғатына қамқор бола

білуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: баланың сөздік қорын, сөз байлықтарын дамыту. Сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын қалыптастырады. Құндылықтар: Бірлік пен ынтымақ айы

Бір тұтас тәрбие: «Күй күмбірі» – қоңыраудың орнына күйді пайдалану, сондай-ақ үлкен үзіліс кезінде күй тыңдау

Қауіпсіздігі: Көшеде және әлеуметтік желіде бейтаныс адамдармен сөйлеспеуді ұғындыру.

Балалармен ойын не спорт алаңында болған абай болуға үйрету.


Апта дәйексөзі: бірлігі күшті ел озады.

«Өз үйіңді тап»

Мақсаты: түстерді ажыратуға жаттықтыру. Қабылдауын дамыту. Ойынның ережесін сақтауға үйрету. Көрнекілік: Түрлі түсті дөңгелектер 
Барысы: балаларға түрлі түсті дөңгелектер таратып, түрлерін атау. Белгі бойынша балалар дөңгелектерінің түсі бойынша үлкен шеңбер жасап, өз үйлерін жылдам тауып, тұра қалу.

1-тапсырма. Қима қағаздардың қималарынан Аққала құрастыру



2-тапсырма. Шырша мен қайыңның сырты келбеті қандай болады. Сол туралы білетіндеріңді айтыңдар.



3-тапсырма. Түстерін сәйкестендіріп бояймыз

Көркем әдебиет

Сабақтың тақырыбы: Жаңа жыл келді. (өлеңді жаттау)

Сағи Жиенбаев

Мақсаты: -өлеңді дауыс ырғағымен мәнерлей оқи отырып, логикалық екпінмен, үзілістермен жаттату, көтеріңкі көңіл күймен жатқа айтуға үйрету;

-балалардың өлең мазмұнына деген қатынасын,

тілдік бейнелілігін сезінуге баулу және өзара

қарым-қатынасын дамыту;

-ұйымшылдыққа, бірлікке, татулыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: мысық пен әтештің жасаған әрекеттерін талдай алады

Құндылықтар: Бірлік пен ынтымақ айы

Бір тұтас тәрбие: «Күй күмбірі» – қоңыраудың орнына күйді пайдалану, сондай-ақ үлкен үзіліс кезінде күй тыңдау

Қауіпсіздігі: Балаларды жолда, қоғамдық көлікте өте мұқият болуға үйретеміз.

Балаларға құтқару қызметіне қоңырау шалуға үйрету. Өрт сөндіру қызметі-101, полиция-102, жедел жәрдем-103, авариялық газ қызметі-104.

Апта дәйексөзі: бірлігі күшті ел озады.


«Үйдің есігін жабайық» 
Ойынның мақсаты: заттарды өлшемі бойынша салыстыруға, жуан және жіңішке заттарды ажыратуға жаттықтыру. Ойлау қабілетін дамыту. 
Ойынның құрал-жабдықтары: үйдің, есіктің суреттері. 
Ойынның мазмұны: қағаздан қиылған, есігі жоқ үйдің суретін балаларға тарату. Жуан және жіңішке есіктерді үйдің өлшеміне сай келтіріп салуды ұсыну.

.

1-тапсырма Жұмбақты шеш.

Жасыл ине киімім,

Жайлаймын тау биігін.

Жаңа жылды тойласаң,

Төріндемін үйіңнің.

2-тапсырма. Жаңа жылды қарсы алу үшін қажетті заттарды шыршаға сызып қос.


3-тапсырма. Суреттегі кімдер? Олар қай мезгілде келеді? Және не үшін келеді?

Үзіліс: Көзді жұмып, достарын ұстап алуға арналған қозғалмалы ойындар  «Түйілген орамал»


Тіл ұстарту жаттығуы:


Ық- ық

Тышқан жейді мысық



Ойын: «Түйілген орамал»

Мақсаты:  Балаларды ептіліке,шапшаңдыққа тәрбиелеу.Тәрбиешінің берген белгісін мұқият тыңдай білуге үйрету. 
Ойынның шарты: Балалар айналасына жиып алады да «1,2,3»- деп дауыстайды. Осы кезде бабалар жан жаққа бытырап қаша бастайды. Ал ойын жүргізушісі қолында түйілген орамалы бар баланы қуалайды. Ол орамалды басқа балаға лақтырады. Қағып алған бала қаша жөнеледі.

Осылайша ойын жүргізіледі. Түюлі тұрған орамалды алғанша қкалай береді. Ұсталған ойыншы көпшілік ұйғарымымен ортаға тұрып өнер көрсетеді. Одан кейін ойын жүргізушісі ауыстырылады.


3-ұйымдастырылған әрекет


Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Әсем қала- Алматы.

Мақсаты:- сөздік қорларын жаңа сөздермен толықтыру, жаңа сөздерді дұрыс айтуға жаттықтыру. Сөздерді бір-бірімен байланыстырып, сөйлем құрай білу дағдыларын жетілдіру. Қазақ тіліндегі сөздер мен сөйлемдерді түсініп және күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету.

-қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру, ауызекі сөйлеу тілдерін жетілдіру.

Күтілетін нәтиже: Отанын сүюге, қорғауға үйрету. Патриоттық сезімдерін қалыптастыру

Құндылықтар: Бірлік пен ынтымақ айы

Бір тұтас тәрбие: «Күй күмбірі» – қоңыраудың орнына күйді пайдалану, сондай-ақ үлкен үзіліс кезінде күй тыңдау

Қауіпсіздігі: Балаларды жолда, қоғамдық көлікте өте мұқият болуға үйретеміз.

Балаларға құтқару қызметіне қоңырау шалуға үйрету. Өрт сөндіру қызметі-101, полиция-102, жедел жәрдем-103, авариялық газ қызметі-104.

Апта дәйексөзі: бірлігі күшті ел озады.

«Сиқырлы суреттер» 
Ойынның мақсаты: балалардың логикалық ойлау қабілетін, ес, зейін, қабылдау процесстерін дамыту. 
Ойынның кұрал-жабдықтары: әр түрлі сурет бөлінділері. 
Ойынның мазмұны: Балалар алдарындағы үлгі бойынша бөлінділерден сурет құрайды. Сурет бойынша әңгіме құрауды ұсыну.

1-тапсырма. Суретте нелер бейнеленген? Қайтала. Сен Алматыда болдың ба? Саған ұнады ма?



2-тапсырма. Тыңда. Таныс сөздерді тап, ата.

Алматы

Алматымыз- күн қала,

Желек жайған гүл қала.

Көктөбе мен Медеуі

Таңғажайып тұр дара.

Алматы- нұр қала,

Алматы- жыр қала.

Күн сайын құлпырған,

Мәңгі жас- бұл қала.

А.Асылбеков


Қосымша тапсырма: Мұғалім оқиды. Оқушылар қайталайды.

Мұзайдын- каток. Әсем- красивый

Саябақ-парк. Қала- город

Сурет салу

Сабақтың тақырыбы: Менің сүйікті ертегім. (акварель бояу)

Мақсаты: -балаларды сурет салғанда ертегілер сюжетін,

өздері ұнататын кейіпкерлерге тән сипаттарды бере білуге баулу.

-балаларды елестете отырып сурет салу тәсілдерімен таныстыру;

Күтілетін нәтиже: түрлі түсті бояу арқылы ертегі кейіпкерлерін бояйды.

Құндылықтар: Бірлік пен ынтымақ айы

Бір тұтас тәрбие: «Күй күмбірі» – қоңыраудың орнына күйді пайдалану, сондай-ақ үлкен үзіліс кезінде күй тыңдау

Қауіпсіздігі: Көшеде және әлеуметтік желіде бейтаныс адамдармен сөйлеспеуді ұғындыру.

Балалармен ойын не спорт алаңында болған абай болуға үйрету.


Апта дәйексөзі: бірлігі күшті ел озады.


1-тапсырма Суреттегі қандай ертегі кейіпкерлері екендігін айт.


2-тапсырма. Төмендегі ертегі кейіпкерлерін түрлі- түсті акварель бояумен боя.

3-тапсырма. Красканың қандай түрлерін білетіндеріңді айт.


Сауат ашу негіздері

Сабақтың тақырыбы: Дыбыстық талдау.

Мақсаты: -дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажыратуларын жетілдіру;

-берілген дыбысқа сөз құрай алу дағдыларын бекіту жəне графикалық жұмысты орындау кезінде жаза білу қабілеттерін дамыту;

-тиянақты жəне мұқият болуға тəрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: сөздерді буынға бөліп көрсетеді.

Құндылықтар: Бірлік пен ынтымақ айы

Бір тұтас тәрбие: «Күй күмбірі» – қоңыраудың орнына күйді пайдалану, сондай-ақ үлкен үзіліс кезінде күй тыңдау

Қауіпсіздігі: Балаларды жолда, қоғамдық көлікте өте мұқият болуға үйретеміз.

Балаларға құтқару қызметіне қоңырау шалуға үйрету. Өрт сөндіру қызметі-101, полиция-102, жедел жәрдем-103, авариялық газ қызметі-104.

Апта дәйексөзі: бірлігі күшті ел озады.


Ойын: «Буынға буын қос»

Мақсаты: басталға буынға буын қосып, сөз құрастырып айта білуге, шапшаңдыққа, зейінділікке тәрбиелеу



1-тапсырма. Тыңда орында.

Бір, екі, үш,

Кәне жина күш.

Саусақтарды басайық,

Жаттығуды жасайық.


2-тапсырма. Үзік сызықтарды бастыр.


3-тапсырма. Бастыр









Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Қыс қызығы.

Мақсаты: - қыс мезгілінің ерекшеліктерін қазақша айтуға үйрету, тақпақ, жаңылтпаш жаттауға және диалогке қатысуға үйрету;

-жаңа сөздерде қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айту, қоршаған орта жайлы

ұғымдарды қалыптастыру барысында сөздік қорды байыту және дамыту.

Күтілетін нәтиже: жыл мезгілдеріне байланысты табиғаттағы өзгерістерді ұғынады. Қыс мезгіліндегі қызықты ойын түрлерін біледі.

Құндылықтар: Бірлік пен ынтымақ айы

Бір тұтас тәрбие: «Күй күмбірі» – қоңыраудың орнына күйді пайдалану, сондай-ақ үлкен үзіліс кезінде күй тыңдау

Қауіпсіздігі: Көшеде және әлеуметтік желіде бейтаныс адамдармен сөйлеспеуді ұғындыру.

Балалармен ойын не спорт алаңында болған абай болуға үйрету.


Апта дәйексөзі: бірлігі күшті ел озады.


Дидактикалық жаттығуы:

«Музыкалық текше» ойыны

Ойын шарты:

Ән- күй жетекшісі:

Текше кетті айнала,

Бере қойшы досыңа.

Текше саған тоқтаса,

Сал өнерді ортаға- деп әндетеді. Ал балалар шеңберде тұрып текшені бір біріне жібереді. Ән аяқталғанда текше қай балаға келіп тоқтайды, сол бала өз өнерін ртаға салады.


1-тапсырма

1.Суретте қай жыл мезгілі бейнеленген? Қыста балалар не істейді? Сөйлем құра.


2-тапсырма. Қыс мезгіліне тән заттарды қорша.


3-тапсырма. Мұғалім дауыстап оқиды. оқушылар қосылып қайталайды.

Қыс қызығы-зимние забавы

Аққала- снеговик

Шана- сани. Қыс- зима

Қар- снег. Сырғанақ- каток

Сүңгі- сосулька

Қоршаған орта

Сабақтың тақырыбы: Аквариумда не тіршілік етеді?

Мақсаты: -балаларды жанды табиғат бұрышындағы тіршілікпен таныстыру;

-құрбы-құрдастарымен және ересектермен еркін араласу үдерісі арқылы олардың танымдықзерттеушілік қызметпен айналысуына жағдай жасау;

-балаларды еңбекқорлыққа, құрбыларымен достық қарым-қатынас жасауға үйрету. Күтілетін нәтиже тұқымнан не өсіп шығатынын біледі. Өсімдіктердің өсуі үшін не керек екенін біледі.

Құндылықтар: Бірлік пен ынтымақ айы

Бір тұтас тәрбие: «Күй күмбірі» – қоңыраудың орнына күйді пайдалану, сондай-ақ үлкен үзіліс кезінде күй тыңдау

Қауіпсіздігі: Балаларды жолда, қоғамдық көлікте өте мұқият болуға үйретеміз.

Балаларға құтқару қызметіне қоңырау шалуға үйрету. Өрт сөндіру қызметі-101, полиция-102, жедел жәрдем-103, авариялық газ қызметі-104.

Апта дәйексөзі: бірлігі күшті ел озады.


Дидактикалық ойын:«Кім не жейді?»

Мақсаты: логикалық ойлауды, сөйлеуді, талғамды, байланыс құруды және түсіндіре білуді дамыту. 
Барысы: Өсімдіктер мен жануарлар суреті бар карточкалар дайындайды. Мысалы: шөп-қоян-қасқыр. .... Балаларға карточкалар таратылады.

Көрнекілігі: Өсімдіктер мен жануарлар бар карточкалар


1-тапсырма Балықтардың тіршілік етуі үшін не қажет екендігін айтады.


2-тапсырма Аквариумдағы балыққа қандай күтім керек екендігін айт.

-Кім үйінде аквариумдағы балықты асырайды?

-Оны қалай баптайды?

-Балықтарға қандай күтім керек?

-Балықтар тағы қайда тіршілік етеді?


Үзіліс Ойын: «Қояндар мен қасқыр»

Тынысалу жаттығулары

*Ұртын үрлеу

*Ернін созу «у», «о»

*Жымияды «и»

*Қасын көтеру «ой» (таңқалу)

*Көзін қатты жұму

*Дем алу және тыныс шығару са-со-су- сы.



Тақырыбы: «Қояндар мен қасқырлар» ойыны.

Мақсаты: Балаларды тапқырлыққа, қырағылыққа, татулыққа тәрбиелеу. Ептілілк қасиеттерін арттыру. Денсаулықтарын нығайту.

Шарты: Бір бала қасқыр болады. Қалған балалар қоян болады. Қояндар өз үйлерінтығылып жатады. Қасқыр өз апанында жатады. Тәрбиеші

-секеңдердер, секеңдеңдер қояндар десе қояндар шығып секеңдеп ойнайды. Қасқыр өз апанынан шығып қояндарды қуа жөнеледі. Ұстап алған қоянды өз апанына апарады. Осылай 3-4 қоян ұстаған соң, ойында басқа бала жалғастырады.



4-ұйымдастырылған іс-әрекет


денешынықтыру

Тақырыбы: Асықпен ойналатын ойындар

Мақсаты:-малдас құрып отырып, ұсақ заттарды (асықтарды) лақтырып, оны қайтадан қағып алуға үйрету;

-гимнастикалық орындық үстінде асықтарды алдында, артында ұстап, тепе-теңдік сақтап жүру.

-көзмөлшерлеуін, ептілік, төзімділік секілді дене сапаларын дамыту

Күтілетін нәтиже: салауатты өмір салтын ұстау үшін доппен түрлі қозғалмалы ойындар ойнап, епшіл, жылдам, күшті, мықты болуды үйрету.

Құндылықтар: Бірлік пен ынтымақ айы

Бір тұтас тәрбие: «Күй күмбірі» – қоңыраудың орнына күйді пайдалану, сондай-ақ үлкен үзіліс кезінде күй тыңдау

Қауіпсіздігі: Балаларды жолда, қоғамдық көлікте өте мұқият болуға үйретеміз.

Балаларға құтқару қызметіне қоңырау шалуға үйрету. Өрт сөндіру қызметі-101, полиция-102, жедел жәрдем-103, авариялық газ қызметі-104.

Апта дәйексөзі: бірлігі күшті ел озады.


«Ханталапай» ойыны

Асықпен ойналатын ойынның бір түрі. Балалар бұл ойынды үлкендердің басшылығымен ойнайды. Ойынға қатысушы балалрдың санына шек қойылмайды. Олар жүргізушінінң айналасына жарты шеңбер құрып отырады. Ойын жүргізуші қолындағы асықты «ханталапай» деп ортаға шашып жібереді. Асықты жылдам, көп жиып алу керек. Кім аз жинаса сол жеңілген болып саналады.

Ойынның мақсаты: балалардың жылдамдығын жеделдету,жүйке жүйелерін шыңдау, тілін дамытып, есте сақтау қабілетін арттыру.


1-тапсырма. Асықты қалай ұстап лақтырамыз. Мұғалім асықты ұстап көрсетеді.



2-тапсырма. «Асық» ойыны. Бұл ойынды тек асығы бар балалар ғана ойнайды. Асық ойнайтын балалардың саны 4-8 балаға дейін жетеді. Бұл ойынның түпкі мақсаты- асық ұтып алу.

Ойын ережесі: көнге барлық ойыншы бір бір асық тігеді. Содан соң бір бала ойыншылардың кезегін анықтау үшін басқалардың сақасын жиып, алып, иіреді.









музыка

Тақырыбы : Орманда серуендейміз.

Мақсаты: -шығармалардың эмоциялық мазмұнын, олардың сипатын, көңіл күйін ажырату, әсерлі реңктерін ажырату;

-мерекелік әннің шаттық көңілін көңілді жеткізіп, жеңіл, ширақ дауыспен шумақтардың соңын жұмсартып айту;

-әуеннің би сипатын сезіну, би қимылдарының элементтерін орындау. Музыкалық аспаптарда ойнауға үйрету.

Күтілетін нәтиже: еліміздің байтақ жерінен мәлімет арқылы біледі..

Құндылықтар: Бірлік пен ынтымақ айы

Бір тұтас тәрбие: «Күй күмбірі» – қоңыраудың орнына күйді пайдалану, сондай-ақ үлкен үзіліс кезінде күй тыңдау

Қауіпсіздігі: Көшеде және әлеуметтік желіде бейтаныс адамдармен сөйлеспеуді ұғындыру.

Балалармен ойын не спорт алаңында болған абай болуға үйрету.


Апта дәйексөзі: бірлігі күшті ел озады.


Музыка тыңдау:

«Жаңа жыл» (Қ. Шілдебаев)

Шыршаға бардық

Әсем ән салдық.

Аяз Атадан

Сыйлықтар алдық.


Ән айту: «Ақша қар» (Е. Өміров)

Қуанып біз келеміз,

Қыс қызығын көреміз.

Сары аязға шыңдалып,

Шымыр болады денеміз.


Аппақ аппақ дала,

Аппақ ауыл, қала.

Жапалақтан ақша қар,

Жауа берсін жауа.....


«Шырша әні» (К. Қуатбаев)

Жаңадан тақпақ,

Аламыз жаттап.

Жаңа жыл келді,

Жаңа жыл аппақ.


Музыкалық-ырғақтық қимылдар:

«Сағат» (Е. Андосов)

денешынықтыру

Тақырыбы: Хоккей ойнаймыз! (таза ауада)

Мақсаты: -қимыл әрекеттің дұрыс басталуының кепілі болатын бастапқы қалыпқа дұрыс келуге, шайбаны ілгері бағытта ұшыруға үйрету.

-жұпта қасына қарай аттау арқылы қозғала отырып заттарды орнынан басқа жерге апаруға, қол мен аяқтың қимылдарын үйлестіруге, түсетін күшті мөлшерлеп бөлуге жаттықтыру.

Күтілетін нәтиже: командалық ойында бір бірімен бірлесіп жұмыс жасауға, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Құндылықтар: Бірлік пен ынтымақ айы

Бір тұтас тәрбие: «Күй күмбірі» – қоңыраудың орнына күйді пайдалану, сондай-ақ үлкен үзіліс кезінде күй тыңдау

Қауіпсіздігі: Балаларды жолда, қоғамдық көлікте өте мұқият болуға үйретеміз.

Балаларға құтқару қызметіне қоңырау шалуға үйрету. Өрт сөндіру қызметі-101, полиция-102, жедел жәрдем-103, авариялық газ қызметі-104.

Апта дәйексөзі: бірлігі күшті ел озады.

«Бестас ойыны»

Бестас ойынын бес бала жиналып ойнайды. Ойынға бес домалақ тас немесе бес асық пайдаланады.


1-тапсырма. Хоккей ойыншысының киімдерін ата.


2-тапсырма. «Хоккей» ойыны

Хоккей — қақпалар орнатылған арнайы алаңда таяқпен, доп не шайбамен ойналатын командалық спорт түрі. Ойын жазда көгалда доппен, қыста шайба және доппен мұз үстінде өтеді; қара допты хоккей, Көгалдағы хоккей, Шайбалы хоккей.

Хоккей алаңының ұзындығы – 61 м, ені – 30,5 м болады және алаң жан-жағынан 1,1-ден 1,2 метр биіктігі бар дуалмен қоршалады. Қақпасының ені − 1,83 м, биіктігі − 1,22 м болады, қызылмен сырланады.


музыка

Тақырыбы : Орманда серуендейміз

Мақсаты: -шығармалардың эмоциялық мазмұнын, олардың сипатын, көңіл күйін ажырату, әсерлі реңктерін ажырату;

-мерекелік әннің шаттық көңілін көңілді жеткізіп, жеңіл, ширақ дауыспен шумақтардың соңын жұмсартып айту;

-әуеннің би сипатын сезіну, би қимылдарының элементтерін орындау. Музыкалық аспаптарда ойнауға үйрету.

Күтілетін нәтиже: Елімізге деген құрметтерін арттыра отырып, музыкаға сәйкес қимыл жасауды біледі..

Құндылықтар: Бірлік пен ынтымақ айы

Бір тұтас тәрбие: «Күй күмбірі» – қоңыраудың орнына күйді пайдалану, сондай-ақ үлкен үзіліс кезінде күй тыңдау

Қауіпсіздігі: Көшеде және әлеуметтік желіде бейтаныс адамдармен сөйлеспеуді ұғындыру.

Балалармен ойын не спорт алаңында болған абай болуға үйрету.


Апта дәйексөзі: бірлігі күшті ел озады.


Билер:

«Ұлпақарлар биі»

(«Вальс» П. Чайковский үнтаспада,

«Билеп үйренейік» жинағынан)


Shape1


Музыкалық аспапта ойнау:

«Полька» (А. Филиппенко)


Shape2

денешынықтыру

Тақырыбы Керуен

Мақсаты: әртүрлі бағытта бір аяқпен секіре білу шеберліктерін (машықтарын) жетілдіру, табанның алдыңғы жағымен таянып итерілулерін бекіту.

-өкшемен отырып, ұсақ заттарды (тастарды) лақтырып, оны қайтадан қағып алу шеберліктерін (машықтарын) бекіту. Көз мөлшерлеуін, ептілік, төзімділік секілді дене сапаларын дамыту.

Күтілетін нәтиже: спортшы болу үшін шыдамдылық еңбек үнемі дәлдікті ұстанатын бала спортшы бола алатынын түсінеді.

Құндылықтар: Бірлік пен ынтымақ айы

Бір тұтас тәрбие: «Күй күмбірі» – қоңыраудың орнына күйді пайдалану, сондай-ақ үлкен үзіліс кезінде күй тыңдау

Қауіпсіздігі: Балаларды жолда, қоғамдық көлікте өте мұқият болуға үйретеміз.

Балаларға құтқару қызметіне қоңырау шалуға үйрету. Өрт сөндіру қызметі-101, полиция-102, жедел жәрдем-103, авариялық газ қызметі-104.

Апта дәйексөзі: бірлігі күшті ел озады.


1-тапсырма:

«Табан жарыс» ойыны

Табан жарыс ойыны көгалды тегіс алаңда, спорт залда ойналатын ойын. Бұл ойынды екі топқа бөліп ойнайды.

Ойын ережесі: Балалар екі қатарға тұрады, алдыңғы ойыншының қолына ұлтарақ береді. Төреші белгі бергенде 15-20 м жердегі белгіні айналып келіп, келесі ойыншыға ұлтарақты беру керек. Қай қатар бірінші болып белгіні айлып болады, сол топ жеңімпаз атанады.


2-тапсырма.

«Көш керуен» ойыны

-Жібек жолы қайдан басталды?

-Ұлы Жібек жолымен алғаш сауда қашан жасалған?

-Жібек сатуда Қытай мемлекетімен бәсекеге түскен ел?





Серуенге дайындық

Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету

(Өз-өзіне қызмет ету)

Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету

Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету

(Өз-өзіне қызмет ету)

Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету

(Өз-өзіне қызмет ету)

Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету.

(Өз-өзіне қызмет ету)

Үзіліс: Ойын: «Допты ұстап ал».

Тіл ұстарту жаттығулары:

Ян-ян-ян- секеңдеген қоян

Ю-ю-ю- қорбаңдаған аю.

Кі-кі-кі-бұл айлакер түлкі.

Қыр- қыр-қыр- бұл көкжал қасқыр.

Ойын: «Допты ұстап ал».

Мақсаты:ойынға үш ойыншы қатысады. Екеуі 3 метрдей қашықтықта тұрып, бір біріне допты лақтырады. 3-бала екеуінінң ортасында тұрып төбесінен ұшып бара жатқан допты ұстап алмаұқшы болады.егер ол допты ұстап алса, допты лақтырған бала ның орынына барып тұрады. Ал бала ойын жүргізушінінң орнына тұрад.

.


Балаларды үйге қайтару

«Өнегелі 15минут»

Ата-аналардың баласымен мінез-құлық және адамгершілік туралы әңгімелесу

«Өнегелі 15минут»

Егер Сіздің балаңыз көпшіл, өз-жақындарыңыз бен бірге бөтен адамдарды жатырқамаса, ойын кезінде өздігімен ойнай білсе, мінезі ашық, өз құрдастарымен мейрімді болса мектепке келген күннен бастап – ақ үйреніп кететіне сеніңіз.

«Өнегелі 15минут»

- үйдегі жағдайда баланың өзіне - өзі қызмет етудің алғы шарттарына үйрете беріңіз: жуыну, қолын сүрту, шешіну, өз бетімен тамақтану, тамақ ішкенде қасықты пайдалану, горшокқа сұрану. Киімдері міндетті түрде өзіне ыңғайлы болуы шарт: шалбар не болмаса шорты замоксыз, белдеушесіз.

«Өнегелі 15минут»

Егер Сіздің балаңыз көпшіл, өз-жақындарыңыз бен бірге бөтен адамдарды жатырқамаса, ойын кезінде өздігімен ойнай білсе, мінезі ашық, өз құрдастарымен мейрімді болса мектепке келген күннен бастап – ақ үйреніп кететіне сеніңіз.

«Өнегелі 15минут»

- баламен жағымды эмоционалдық жағдайлар жасау қажет, ол көбіне ата – ана жағынан болуы қажет, мектеп туралы, оның өзіне керектігін түсіндіріп балаңызды сүйіп, аймалап, жиі оған өз мейіріміңізді көрсетіңіз. Балаңыздың көзінше мектеп туралы өзіңізді толғандыратын мәселені айтудан аулақ болыңыз.


ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Каримова Умида
03 Желтоқсан 2024
196
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі