400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мектепалды сыныбы тәрбиеленушілерімен өткізілген тренинг

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепалды сыныбы тәрбиеленушілерімен өткізген тренинг атауы:«Достық пен бірлестік әлеміне саяхат»тренинг барысында тәрбиеленушілер "Достық","Бірлік" сөздерінің мағыналарына терең үңіліп,мәнін саралады.Достық пен бірлестік үйлесімді болса,адамдар бір жағадан бас,бір жеңнен қол шығарып,тізе қоса өмір сүретінін түсінді.Өзге әріптестерім бұл материалды өз тәжірибелерінде әбден қолдана алады.Сәттілік!
Материалдың қысқаша нұсқасы

Солтүстік Қазақстан облысы

Жамбыл ауданы,Майбалық ауылы

Майбалық ЖОББМ

Мектепалды сыныбы мұғалімі Усина К.Б

«Достық пен бірлестік әлеміне саяхат»
(мектепалды сыныбы тәрбиеленушілерімен жүргізілген тренинг)

Мақсаты: Бүлдіршіндердің «достық», «бірлік» туралы ұғымдарын кеңейту; достықты, бірлікті  бағалай білуге тәрбиелеу.

Сәлемдесу. «Бәріміз дос болайық!»

Армысыз, қайырымды Аспан ата!

Армысыз, мейірімді Жер Ана!

Армысыз, шұғылалы Алтын күз!

Қайырлы таң! Қайырлы күн!

Күліп шықты күн бүгін,

Бәріміз күндей жарқырайық!

Бәріміз дос болайық!

Ассалаумағалейкум. Армысыз!

-          Құрметті балалар, бүгін біз сіздермен «Достық пен бірлестік

әлеміне саяхат» жасағалы отырмыз. Саяхатқа шығу себебіміз, кеше мектебімізге Данышпан ата немерелерімен келіп, көмек сұраған болатын. Қолдарында Достық пен бірлестік әлеміне саяхатқа шығу картасы берілген екен. Сол картадағы тапсырмаларды орындап беруімізді сұрады. Егер барлығымыз бірлесе отырып, картадағы тапсырмаларды орындасақ Данашпан атамызға көмектескеніміздің белгісі ретінде өзіміздің достығымыз бен бірлігімізді көрсете аламыз. Ал балалар Данышпан атамыз бен немерелеріне көмектесуге қол ұшын берейік пе?

Олай болса тапсырмаларымызды орындай бастайық.

Ақпарат. Ол үшін ең біріншіден достық дегеніміз, бірлік дегеніміз не екендігіне тоқталуымыз керек.

Достық – адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі.

Жаттығу «Досымды тауып беріңдерші?»Нұсқау: Шеңбер бойында отырған оқушылардың біреуі ортаға шығып, осы жерде отырған бір досының қасиеттерін айтып, сипаттап береді. Басқалар ортадағы адамның досын табады

 Ассоциая «Достық жүрекшесі»

 






























































































 

 

 

 

 

 

 

 

Ән айту. «Ризамын»  әнін орындау

Жаттығу «Достық пен бірлестік қоржыны»

Нұсқау: тақтадағы бағанады сөздерден достық пен бірлестікке тән қасиеттерді тауып қоржынға салыңдар.

Еңбек, өзара сыйластық, шыншылдық, сүйіспеншілік, мейірімділік, кешірімділік, жауапкершілік, түсіністік, қамқорлық, адалдық, әдептілік, күлкі, өтірік айту, жалғандық, қастық, сенімділік.

Релаксация

Балалар классикалық музыканың сүйемелдеуімен балалар «Қиялдағы достық әлеміне» саяхатқа шығады. Көздерін жұмуға да болады.

Шығармашылық тапсырма

Тақтада берілген мақал-мәтелдерді мағынасын ашу.

«Ашу – дұшпан, ақыл – дос»

«Бірлік бар жерде, тірлік бар»

«Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын»

«Айнымас досы бар адам – ең бақытты адам»

Ал балалар енді бүгінгі саяхатымызға көз жүгіртіп көрейік. Қалай ойлайсыздар сіздер Данышпан атамызға көмектесе алдық деп ойлайсыздар ма? Әрине, сіздердің көрсеткен көмектеріңізге аталарың ризашылығын білдіріп, сендердің нағыз дос екендеріңе үлкен алғысын білдірмекші. Өздерің де саяхатқа барып келген сезімде шығарсыңдар. Олай болса саяхатымыздың соңын тілек айтумен аяқтайық.

Рефлексия. «Жылы сөздер сыйлығы»

Барлығымыз бір-бірімізге жақсы тілектер айтайық.( 33 рет


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
566
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі