400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Мектепалды сынып балаларының сөйлеу шығармашылығын дамытудағы тиімді әдіс тәсілдер» мақала

Материал туралы қысқаша түсінік
МДҰ педагогтеріне «Мектепалды сынып балаларының сөйлеу шығармашылығын дамытудағы тиімді әдіс тәсілдер» мақала
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Мектепалды сынып балаларының сөйлеу шығармашылығын дамытудағы тиімді әдіс тәсілдер»

Өз педагогикалық тәжірибемде балалардың сөйлеу шығармашылығын дамытуға ерекше көңіл бөлемін. Себебі осы кезеңде баланың еркін сөйлеуі, қиялы, шығармашылық ойлауы және қарым-қатынас жасау қабілеті қалыптасады.

Сондықтан, бүгін осы тақырыпта өз тәжірбиемде қолданып жүрген әдіс-тәсілдерді ұсынғым келіп отыр. Балалардың қызығушылығын арттыру, шығармашылық ойлауын және олардың тілдік белсенділігін көтеру мақсатында заманауи педагогикалық әдістер мен технологияларды жүйелі түрде қолданамын.

1. Ассоциация әдісі

Балалар сөзге, затқа немесе кейіпкерге байланысты ойына келген сөздерді немесе идеяларды айтуға үйрететін әдіс. Бұл әдіс сөздік қорды байытып,белсендіріп, образды ойлауды және шығармашылық қабілетті дамытады.

Мысалы: «Алма» деген сөзді айтамын немесе суретін көрсетемін, балалар бірден «қызыл», «тәтті», «ағаш», «жеміс» сияқты сөздерді айтады.

«Сары» күн,гүл,көбелек,жылу

Орман

Отбасы

2. «Миға шабуыл» әдісі

«Миға шабуыл» – балаларды еркін ойлауға, тез жауап беруге, өз ойын ашық айтуға үйрететін белсенді әдіс. Бұл әдісте дұрыс немесе бұрыс жауап болмайды, нәтижесінде сөйлеу белсенділігі артып, ойлау жылдамдығы дамиды,ең бастысы – баланың ойы.Сабақтың басында (қызықтыру үшін),ертегіні тыңдағаннан кейін,қорытындылау кезеңінде қолдануға болады.

«Қазір біз ойларымызды жылдам айтамыз. Қандай ой келсе де айта беруге болады»,деп, педагог нұсқаулық береді. Доп лақтыру арқылы тәрбиеші қысқа, нақты сұрақтар қояды ,балалар жауап береді.

Мысал келтірсем.Сөйлеуді дамыту сабағында «Түлкі мен ешкі» ертегісіндегі«Миға шабуыл» сұрақтары:

Құдыққа түспей тұрып ешкі нені ойлауы керек еді?

Түлкі неге айлакер болды деп ойлайсың?

Егер түлкі шыншыл болса, оқиға қалай өзгерер еді?

Құдықтан шығудың тағы қандай жолдары бар?

Бұл әдісті қолданған кезде балалардың ойы шектелмейді,сөйлеу еркіндігі қалыптасады,қиялы дамиды,оқуға қызығушылық артады.

3. Балалардың сөйлеу шығармашылығын ертегі және көркем әдебиет арқылы дамыту

Ертегі – шығармашылық ойлаудың қайнар көзі.

Қолданып жүрген практикалық әдістер:

«Ертегіні басқаша аяқтау» әдісі.

«Түлкі мен ешкі» ертегісінде балаларға ертегінің соңын былай аяқтады

Ешкі өзі ақыл тауып шықы

Түлкі өкініп, көмектесті

Басқа жануарлар көмектесті

МАС «Құмырсқа мен көгершін» ертегісін меңгерген кезде балаларды 2 топқа бөліп,ертегінің аяқталуын өзгертті,.

1 топ «Құмырсқа кейін көгершінге азық әкелді»,деп ертегіні аяқтады

2 топ «Олар бірге ойнады»,деп өзгертті.

4.«Кейіпкерлердің мінезін өзгерт» әдісі

Ертегілер өту барысында кейіпкерлердің мінезін өзгерту арқылы шығармашылығын дамытып,балалардың байланыстырып сөйлеуін дамытамыз.

-Қасқыр мейірімді жануарға айналса.

-Түлкі-жақсы кейіпкерге айналса. Түлкі ешкіні алдамай, құдықтың қауіпті екенін алдын ала ескертер еді.Ешкі ойланып, құдыққа түспей, қауіптен аман қалар еді.Екеуі бірігіп, құдықтан шығудың ақылды жолын табар еді.Түлкі мен ешкі дос болар еді.

5.«Сурет бойынша ертегі құрастыру» әдісі де тәрбиеленушілердің шығармашылық сөйлеуін дамытып,сөздігін белсендіреді.

6. «Ертегіні жалғастыр» әдісі.

Мақсаты: Шығармашылық ойлау мен қиялды дамыту.

Тәрбиеші әңгімені бастап береді:

«Бір күні балалар орманға келді…»

Балалар кезекпен жалғастырады.

Балаларға көмекші сұрақтар қою арқылы оқиғаны өрбітіп,3,4 эпизодтан құралатын әңгіме құрайды. Кішкентай кірпі орманға серуендеуге шықты.. Кіммен кездесті? … Оларда не болды кейін? ... Оқиғалары қалай аяқталды?». Жыл соңына қарай бұл топтық әңгіме құрастыру әдісі кеңінен қолдануға болады.Бірінші бала әңгімені бастайды, екінші – жалғастырады, үшінші – аяқтайды.

7.Мнемотехника әдісі

Мнемокестелер арқылы әңгімелеу және мнемокесте құру. Мнемокесте – балалардың еске сақтау, ойлау , сөйлеу қабілетін жүйелеуге арналған көрнекі құрал.Сонымен қатар бұл әдіс шығармашылық қабілеттерін дамытып, ,ұялшақ балаларды да сөйлеуге тартады.

Әр ұяшыққа сурет, белгі немесе пиктограмма орналастырылады.Балалар суретке қарап әңгіме құрап, логикалық тізбекті сақтайды.

Сюжетті өзгертуге болады,балалар суреттерді басқаша тәртіпке қояды немесе жаңа элемент қосады.Өздері сюжет бойынша мнемокесте құрастырады.

«Ақ қала» өлеңін жаттаған кезде,қарапайым сурет арқылы тәрбиеленушілер мнемокесте құрып,шығармашылығы,сөйлеуі дамыды,өлеңді тез меңгеріп,жатқа айтты,ұялшақ балалардың да белсендігі жоғары болды.

Қар жауғанда қуанып,

Жасадық біз аққала.

Басындағы шелегі

Өзіне шақ қана.

Аққала-ау,аққала,

Еріп кетпе су болып.

Балаларды қуантып,

Қатып тұршы мұз болып.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19 қараша
50
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі