400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мектепішілік бақылауды жүргізудің жаңа амалдары

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепішілік бақылауды ұйымдастыру бойынша шебер сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы

БІЛІМ САПАСЫН МОНИТОРИНГЛЕУ - МЕКТЕПІШІЛІК БАҚЫЛАУДЫҢ ТИІМДІ ҚҰРАЛЫ




Мақсаты: Білім сапасын жақсарту үшін басқару мен бақылауды ұйымдастыруда мектеп басшыларына әдістемелік қолдау көрсету

Ұйымдастырушылар: «Жетісу облысы білім басқармасы» ММ «Әдістемелік орталығы» КММ

Қатысушылар: жалпы білім беру ұйымдарының басшылары

Өткізілетін күні: 29 қараша 2023 жыл

Өткізілетін орны: Талдықорған қаласы



Замзина Гулмира Бектемуровна- Алматы облысы,Еңбекшіқазақ ауданы. А.Жексембеков атындағы орта мектептің әдістемелік ісі-жөніндегі орынбасары.

Тақырыбы; Мектепішілік бақылауды жүргізудің жаңа амалдары



Мектепішілік бақылауды жүргізудің жаңа амалдары

29.11.2023 ж


Тақырыбы:

Мектепішілік бақылауды жүргізудің жаңа амалдары

Мақсаты:

Білім беру үдерісіндегі жаңашылдыққа ұмтылыс жасай отырып мектепішілік бақылауды жаңаша жоспарлауды өзара талдау және іс-тәжірибе алмасу..

Әріптестермен бірлесе талдау нәтижесінде заман талабына сай құрылғанына көз жеткізу.

Күтілетін нәтижесі:

Жаңаша әдіс - тәсілдерді пайдалана отырып мектепішілік бақылауды жоспарлауды талқылайды; және практикалық тұрғыда жаңа амалдарды қолдану жайлы ақпарат алады.

Құрал-жабдықтар:

Үлестірмелі қағаздар, А4 формат, қалам, маркерлер, т.б.

Өткізу барысы:

Кезеңдері

Уақыт

Коучтың іс-әрекеті

Мұғалімдердің

іс-әрекеті

Қолданылатын ресурстар

1.Коучингтің дәйексөзі:

2-минут

Бақылауды диагностика негізінде жасау және оны мұғалім қызметінің шығармашылық бастамаларын дамыту құралына айналдыру.

Дәйексөзбен танысады.

Интербелсенді тақта

2.Топқа бөлу«Өз тобымды жасақтаймын» әдісі арқылы топқа бөлу.


3 -минут

6-адам ортаға шығып өзерінің командасын жинайды.

/ Әр адамның жақсы қасиетін айта отырып/.


Сыни тұрғыдан ойлау:

Жұмбақ:

  • Нормативтік құжаттардың орындалуын жəне талаптарға сəйкес мектеп құжаттамасының жүргізілуі ,

  • Оқу процесінің сапасы,

  • Білімдегі олқылықтар

  • Оқу-зерттеу қызметі,

  • Мұғалімнің шеберлік деңгейі мен əдістемелік дайындығының жай-күйі,

  • Тəрбие процесінің сапасын, іс-шараларды өткізу сапасы

Сұрақ: Бұл сөйлемдерді қай жерлерде кездестіреміз?

Жауабы: Келтірілген сөздердің барлығы мектепішілік бақылау бағыттарында қамтылған.

-Ал біздерді біріктіретін ортақ мәселе қандай?

Ұстаздар жауабын тыңдау.



Ойланады, қорытынды жасайды жауап береді.




«Көгершіннен хат» топ аттары жазылған стикерлерге ортаға қойылады.Топ аттары ашылады


3. Психологиялық ахуал тудыру


















3 -минут

Дейл Карнегидің басқара білудің (əлеуметтік-психологиялық болып табылатын) 10 ережесін үнемі назарда ұстау:

1. Адамдардың ерекшелігін ықыласпен мойындаңыз жəне мақтаудан бастаңыз.

2. Кемшілікті жанама түрде көрсетіңіз, тура сынау пайда келтірмейді.

3.Алдымен өз қатеңіз туралы айтудан бастаңыз, сонан соң сынаңыз.

4.Бұйрық беруден бұрын сұрақ койыңыз.

5.Адамға өз жетістіктерін қорғауға мүмкіндік беріңіз.

6.Мақтауға сараң болмаңыз.

7.Адамның үмітін ақтау жəне сақтау үшін мүмкіндік туғызыңыз.

8.Мадақтаңыз,кемшілікті оңай түзетуге болатындай және қиындык келтірмейтіндей үміт туғызыныз.

9. Өз қалауыңша, адам қызығушылықпен орын алатындай күйге қол жеткізіңіз.

10. Адамның өз бейнесін сақтауға мүмкіндік беріңіз.


Әріптестермен талдайды

Үлестірмелі қағаздар таратылады


















4. Топтық жұмыстар:

Постер қорғау «Батлл план» «Вattle plan» стратегиясымен жоспар құру


35-минут

Әзірленуге – 5 минут; қорғауға –5 минут

(Жетістіктері мен кемшілігі)

1-топ.Нормативтік құжаттардың орындалуын жəне талаптарға сəйкес мектеп құжаттамасының жүргізілуін бақылау;

2-топ.Оқу процесінің сапасын бақылау;

3-топ.Білімдегі олықылықтарды толықтыру және төмен көрсеткіштер бойынша жұмыстарды бақылау

4-топ.Оқу-зерттеу қызметі;

5-топ.Мұғалімнің шеберлік деңгейі мен əдістемелік дайындығының жәй-күйін бақылау

6-топ.Тәрбие процесі,өткізілген іс-шаралардың сапасын бақылау.

6-топ өздері құрастырған жоспарды талқылайды,қорғайды.





Топтар ойланады, постерге түсіреді.

Ортақ пікірге келіп, қорғайды.





Флипчарт, А4 парағы,стикер

5.Мағынаны тану

7 -минут

Мектепішілік бақылау жүргізудеге ержелер.

Өз мектебіміздегі іс-шаралар тәжірибесімен бөлісу және тарату.


Тәжірибемен бөліседі

6.Түйінді ой

2-минут

  • МІБ мектептің барлық жұмысын оның алдына қойылған тапсырмаларға сай үйлестіру мен оңтайландыру мақсатында білім беру ұйымындағы оқу тәрбие процесін жан-жақты оқу мен талдау жасайтын, сондай ақ қателіктердің алдын алу мен педагогикалық ұжымға кәсіби көмек көрсететін біртұтас процесс.

  • МІБ - бұл мектептегі білім беру процесінің өзекті мәселелері мен қатар білім ұйымы қызметін анықтаудағы маңызды ақпараттардың қайнар көзі.

  • Мектеп әкімшілігі мүшелерінің өз құзырлықтары шеңберінде мектеп қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының заңдары мен басқа да нормтивтік -құқықтық құжаттарды орындалуын бақылау мен басқару,әдістемелік қолдау көрсету.



7. Кері байланыс

2- минут

Не ұқтым?

Не естідім?

Не айттым?

Не көрдім?

Не ұстадым?


Өз әсерлерімен бөлісе отырып пікірлерін білдіреді.

Флипчарт, А4 парағы, стикер















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
12 ұстаз жүктеп алған
12 желтоқсан
346
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі