Мектепішілік бақылауды ұйымдастыру +

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мектепішілік бақылауды ұйымдастыру +

Материал туралы қысқаша түсінік
МАЗМҰНЫ: 1. Басты бет............................................................................... 1 2. Жалпы ережелер............................................................ 3 3. Мектепішілік бақылаудың мақсаты. Бақылау түрлері.......................... 4-5
Материалдың қысқаша нұсқасы
  1. Жалпы ережелер

    • Осы ереже "Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, орта, арнаулы, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығына өзгерістер енгізутуралы , Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 17 наурыздағы № 68 бұйрығына сәйкес әзірленді.

    • Ереже мектепішілік бақылаудың мазмұны мен тәртібін реттейді, ол оқу-тәрбие процесін және білім беру ұйымы қызметінің негізгі нәтижелерін реттейді.Ережені оған өз өзгерістері мен толықтыруларын енгізуге құқығы бар педагогикалық кеңес қарайды.


  • Мектепішілік бақылау ережелері:


  • Мектеп директоры немесе оның орынбасарлары, әдістемелік бірлестіктердің басшыларымен жүзеге асырылады;

  • Директор нақты мерзімдерін көрсете отырып, жаппай және сыныптық-жалпылама бақылау жүргізу кезінде жұмыс тобының құрамы туралы бұйрық шығарады;

  • Білім алушыларға сараптамалық сауалнама немесе сауалнама жүргізу тек қажет болған жағдайда білім алушылардың ата-аналарымен (заңды өкілдерімен) келісім бойынша жүргізіледі;

      • Педагогикалық ұжым мүшелері мектептің жұмыс жоспарына сәйкес бақылаудың тақырыптарымен, мерзімдерімен, мақсаттарымен, нысандарымен және әдістерімен танысуы тиіс.

      • Мектепішілік бақылау нәтижелері талдау анықтамасы, мектепішілік бақылау нәтижелері туралы анықтама, тексерілетін мәселе бойынша істердің жай-күйі туралы баяндама немесе өзге де нысанда ресімделеді. Қорытынды материалда фактілер, тұжырымдар мен ұсыныстар көрсетілуі керек. Педагогтер мектепішілік бақылау нәтижелерімен танысқаннан кейін қорытынды материалдың астына олардың мектепішілік бақылау нәтижелері туралы хабардар етілгенін куәландыратын қол қоюы тиіс. Бұл ретте олар қорытынды материалда жалпы немесе жекелеген фактілер мен қорытындылар бойынша бақылау нәтижелерімен келіспейтіні туралы жазба жасауға және мектептің кәсіподақ комитетіне немесе жоғары тұрған органдарға жүгінуге құқылы.




Мектепішілік бақылаудың мақсаты:


    • Білім беру ұйымының педагогикалық жүйесінің жалпы білім берудің мемлекеттік стандартына сай жұмыс істеуі мен дамуының мектептегі білім беру процесін ары қарай дамыту ұсыныстары мен объективті тұжырымдамаларды қамтамасыз ететін себеп - салдарлық байланыстарын орнатуды анықтау;

    • Жеке тұлғаның келешек және маңызды қажеттіліктеріне сай және оның фундаметальды негізін сақтап қалуға негізделген мектеп ұжымының қол жетімді және сапалы қызметін жетілдіру;

    • Оқушының білім әлеуетін анықтау және жүзеге асыру, жеке тұлғаның жан-жақты даму динамикасын бақылау;

    1. Білім мекемелерінің білім беру процесін қамтамасыз ету мен ұйымдастыруға қойылатын талаптарға сай жұмыс істеуін қамтамасыз ету.


    1. Бақылау түрлері.

      1. Бақылау түрі-белгілі бір мақсатта жүргізілетін бақылау нысандарының жиынтығы. Бақылау түрлерінің ерекшеліктері олардың объектілері мен тұрған міндеттерінің ерекшелігімен, сондай-ақ бақылау үшін пайдаланылатын құралдармен айқындалады.

      2. Тексерілетін объектілер бойынша бақылауды ұйымдастыру тәсілі кезінде бақылаудың келесі түрлері қолданылады:

  • Жалпы шолу бақылауы жалпы білім беру қызметінің жекелеген мәселелерін бақылау:

  • мектеп құжаттамасының жағдайы;

  • мұғалімдердің еңбек тәртібінің жағдайы;

  • оқу-техникалық жабдықтардың жағдайы;

  • оқу кабинеттерінің оқу жылының басындағы және соңындағы жағдайы;

  • білім алушылардың оқулықтармен қамтамасыз етілуі және т. б.

  • Жеке (персоналды) бақылау жекелеген педагогтің педагогикалық қызметін зерделеуді және талдауды көздейді:

  • педагогтің психологиялық және педагогикалық ғылымның заманауи жетістіктері, мұғалімнің кәсіби шеберлігі саласындағы білім деңгейі;

  • педагогтің оқыту технологияларын, оқытудың неғұрлым тиімді нысандарын, әдістері мен тәсілдерін меңгеру деңгейі;

  • педагог жұмысының нәтижелері және оған қол жеткізу жолдары;

  • педагогтің кәсіби біліктілігін арттыру тәсілдері.

  • Тақырыптық бақылау нақты мәселе бойынша істердің нақты жай-күйін зерделеуге ғана емес, сонымен қатар қолданыстағы практикаға оқыту технологиясын, жұмыстың жаңа нысандары мен әдістерін, педагогикалық еңбек шеберлерінің тәжірибесін енгізуге бағытталған, сондай-ақ мектеп қызметінің жекелеген проблемалары бойынша жүргізіледі.

  • Сыныптық-жалпылама бақылау белгілі бір сыныпта немесе параллельде жүзеге асырылады. Сыныптық-жалпылама бақылау жүргізуге арналған сыныптар оқу жылының, жарты жылдықтың, тоқсанның қорытындылары бойынша проблемалық-бағдарланған талдау нәтижелері бойынша айқындалады. Сыныптық-жалпылама бақылаудың ұзақтығы анықталған проблемаларға сәйкес істердің жай-күйін зерделеудің қажетті тереңдігімен айқындалады:

  • белгілі бір сыныптың немесе параллельдің барлық педагогтерінің қызметі;

  • оқу бағдарламаларын орындау (теориялық және практикалық бөлім);

  • білім алушыларға қойылатын бірыңғай талаптарды орындау;

  • білім алушылардың білім, білік және дағды деңгейі; мектеп құжаттамасы;

  • оқытуды ұйымдастыру кезінде педагогтің жаңа педагогикалық технологияларды меңгеруі;

  • бірыңғай орфографиялық режимді сақтау;

  • білім алушыларды танымдық қызметке қосу;

  • білім алушылардың білім сапасының төмендеуі туралы алдын алу бойынша педагогтің жұмысы, үлгерімі төмен білім

алушылармен жұмыс;

  • оқытуды саралау және даралау;

  • білім алушылардың ата-аналарымен жұмыс;

  • тәрбие жұмысы;

  • сынып ұжымындағы әлеуметтік-психологиялық ахуал;

  • Фронтальды бақылау бұл оқытудағы бақылау, оның мақсаты-бүкіл педагогтер ұжымының, пән мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің немесе нақты педагогтің жұмысын жан-жақты зерттеу:

  • білім алушылардың нақты пән бойынша білім, білік және дағды жүйесінің қалыптасуын бақылау; оқытудағы сабақтастық мәселелері және т. б.

  • сынып параллеліне арналған кешенді мәселелердің жай-күйін бақылау (білім алушылардың білім деңгейі мен тәрбиелілігі, параллельде оқыту сапасы, параллельде сынып жетекшілерінің жұмыс сапасы, параллельде ата-ана міндеттерінің орындалуы және т. б.)



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.12.2023
323
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі