Мектепішілік іс-шара "Гүлдерге толы омырау, соғылсын соңғы қоңырау" соңғы қоңырау салтанаты

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мектепішілік іс-шара "Гүлдерге толы омырау, соғылсын соңғы қоңырау" соңғы қоңырау салтанаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепішілік іс-шара "Гүлдерге толы омырау, соғылсын соңғы қоңырау" соңғы қоңырау салтанатының іс-шара жоспарын құрып, өткізген болатынмын.Іс-шара өте жақсы деңгейде өтті деп танылып, оң бағаға ие болды. Барлық сыныптар іс-шараға белсене атсалысты.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін: М/д тәрбие жөніндегі орынбасары О.Бекжанова



Күні:25.05.16ж

Тақырыбы: Гүлдерге толы омырау, Соғылсын соңғы қоңырау
Жүргізуші: -Армысыздар, ұстаздар, оқушылар! «Гүлдерге толы омырау, соғылсын соңғы қоңырау» атты салатанатты жиынға жиналған қауым. - Міне тағы бір оқу жылы аяқталып, біздің мектебіміздің 18 түлегі бүгінгі салтанатты жиында балалықпен, мектеппен қоштасқалы тұр.

Жүр: -Бұл күн – мектеп тарихында , мектеп бітіруші түлектер есінде мәңгі өшпейтін күн.

Жүр:--Жас жүректің өмірлік құштары –гүл, 
Бағбан - ұстаз баулыған құстары бұл. 
Қоштасып бүгінгі күн ұясынан 
Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр.

Жүр:- Бітіруші түлектерді құрметпен ортаға шақырамыз. Қошеметтеп қарсы алыңыздар!

11-сынып жетекшісі Жақанбаева Шырынкүл

1.Әділханов Жомарт - Аудандық волейбол құрама мүшесі, Облыстық үздік шабуылшы номинациисының иегері, ХҮ Сәтбаев оқуларының ІІІ дәрежелі диплом иегері

2.Бахиева Аружан – Аудандық география пәнінен олимпиада қатысушысы, болашақ дәрігер болуды қалайды, таңдау пәні – биология

3.Бимырзаев Ақтілек – мектепішілік футбол командасының мүшесі

4.Есетов Нұрболат – Аймақтық, мектепішілік футбол командасының мүшесі, мектепішілік іс-шараларға белсенді қатысушы. І Нұртуған оқуларының ІІ орын иегері.

5.Жасағанбергенова Әсем – Аймақтық ән орындаушылар сайысының ІІІ орын иегері, аудандық биология пәнінен олимпиада қатысушысы, таңдау пәні – биология.

6.Жүсіпов Марғұлан – 2014-2015 оқу жылында оқушылар ұйымының президенті, Аймақтық КТК-ның топ жетекшісі, таңдау пәні – физика

7.Зиядинова Айкерім – Аудандық пән олимпиадасының тарих пәнінен ІІІ орын иегері, мектепішілік іс-шаралардың белсенді мүшесі, таңдау пәні – биология

8.Қыстаубаева Ақшолпан – аудандық пән олимпиадасының орыс тілі пәнінен қатысушысы, «Қазанғап - 2014» күй орындаушыларының ІІІ орын жүлдегері, таңдау пәні – биология

9.Құлсейтова Назгүл – мектепішілік ағылшын пәні олимпиадасының қатысушысы, таңдау пәні-биология

10.Нұртаева Гүлсана – мектепішілік орыс тілі пәнінен олимпиада қатысушысы, іс-шаралаға белсенді қатысушы, таңдау пәні-биология

11.Нұржаубаев Нұрлан – аудандық КТК командасының мүшесі, мектепішілік суретшілер байқауының І орын жүлдегері

12. Мейірімханова Мөлдір – Аудандық физика пәні олимпиадасының ІІІ орын жүлдегері, ХҮ Сәтбаев оқуларының ІІІ дәрежелі диплом иегері, таңдау пәні – физика

13.Мылтықбаева Нұсәуле – Аудандық пән олимпиадасының информатика пәнінен ІІІ орын жүлдегері, ХҮ Сәтбаев оқуларының ІІІ дәрежелі диплом иегері.Таңдау пәні – физика

14.Октяброва Гүлім – Аудандық пән олимпиадасына химия пәнінен қатысушы, мектепішілік іс-шаралардың белсенді мүшесі, таңдау пәні – физика

15. Тағыбергенов Наурызбек – Аудандық волейбол, аймақтық футбол командаларының белсенді мүшесі, футболдан үздік ойыншы.

16.Теңізбаева Шынарай – аудандық пән олимпиадасының география, математикадан ІІ орын иегері. ХҮ Сәтбаев оқуларының І дәрежелі диплом иегері.Таңдау пәні – биология. Алтын белгіге үміткеріміз.

17.Төлебаева Жаннұр – мектепішілік биология пәні олимпиадасының жүлдегері. Нұртуған – 2014 оқуларының ІІІ орын иегері.Болашақ дәрігер болуды қалайтын ол биология пәнін таңдап отыр.

18.Шынберген Арайлым – Аудандық қазақ тілі пәні олимпиадасының ІІІ орын иегері, ХҮ Сәтбаев оқуларының ІІ дәрежелі диплом иегері. Таңдау пәні – химия

Жүр:

Білімді шәкірттерін аялаған 
Жақсылығын ешкімнен аямаған, 
Саялы бақ, жанашыры жас ұрпақтың 
«Ұстаз» деген аяулы , ардақты адам. 
Өмірде өлшенбейтін іс – балаға берген білімің, мейірімің, қамқор пейілің. Ол –болашақ. Болашақтың бүр жарған сабағына құйған білім нәрің мәңгілік. Осынау мәңгілік борышты ауырсынбай, аянбай, өзімнің адамгершілік парызым деп түсінген мектебіміздің директоры Алижанов Айбек ағайымызға сөз кезегін құрметпен ұсынамыз.(қонақтарды таныстырады)

Жүр:-Батырлыққа уызынан жарыған 
Ер түркіні жалауынан таныған. 
Өзі батыр, өзі әнші халықтың

Гимні  бар жігер берер әрқашан
 (Бөгенбай ағай .......Гимн орындалады)

Жүр: -Тек жүректен арналар сөзіміз де, 
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз. 
Сөз берейік құрметпен өзіңізге 
Шәкірттерге арналсын тілегіңіз. 
Сөз кезегі құрметті қонақтарымызға ұсынамыз-------------------------сөз беріледі. (ағай , марапаттау оқушыларды)
Жүр:Күмбірлей күй естілсе домбырадан 
Көңілге шаттық сезім қондырар ән. 
Шымырлай шыққан кезде шырқау көкке 
Елітіп тұла бойың балбыраған. 
2).Ән: « » Орындайтын -----------------------------------------
Жүр: ---Ұрпақсыз шәкірттерге бақ келген бе? 
Бапкерсіз тұлпарларға бап келген бе? 
Он бір жыл сыныбы үшін жанын салған, 
Сөз кезегі – бітіруші түлектерде. (ән, би)

_______________________

Жүр:Жүректері лүпіл қағып, жыр еккен
кішілерге сенім артқан үмітпен

Білімді бол, тәрбиелі, тәртіпті
Аманатты табыстайды дәл осындай тілекпен

Аманат тапсыру рәсімі. Аманат тапсырушы 11-сынып оқушысы Жүсіпов Марғұлан, аманат қабылдаушы 1а-сынып оқушысы Әмидуллаева Назерке

Жүр:Алдарыңнан арман жолы ашылады. 
Түлектерге бақыт гүлі шашылады. 
Қимастықпен 11-дің алтын кілтін 
Ізін басар сыныпқа тапсырады.

Білімнің алтын кілтін тапсыру рәсімі.Білім кілтін табыстаушы 11-сынып оқушысы Қыстаубаева Ақшолпан, қабылдаушы 10-сынып оқушысы Әділхан Назгул

Жүр:-Гүлдерге толып омырау 
Түлектер тойын тойлайды. 
Қағылмақ соңғы қоңырау 
Қаққызбай өмір қоймайды. 
Соңғы қоңырау соғу салтанаты құрметпен 11 сынып оқушысы 
Теңізбаева Шынарай мен  1
б-сынып оқушысы Қуаңбаев Шыңғысқа тапсырылады.


Бүгінгі күн – жас түлектің жаңа өмір баспалдағына жолдама берілетін күн.Тек биіктеп самғай беріңдер көгершіндер. 
Жүр: -- Көгершіндей самғаңдар түлектерім, 
Орындалсын өмірде тілектерің. 
Үнімен соңғы естіген қоңыраудың. 
Дірілдеді-ау ерекше жүректерің.  Бұл соңғы қоңырау үні...Балалықпен қоштасу, үлкен өмірмен қауышу үні.

Жүр: -Үлкен өмірге аттаған қадамдарыңа нұр жаусын, талаптарың оң болсын! 
Жас түлектер!!! 

Қоштасады алтын ұя мектебің, 
Маңдайыңнан сипап өтсін көктен күн 
«Сәт сапар!»-деп қол бұлғайық бәріміз, 
Тілейік біз армандарға жеткенін. 

Жүр:-- Осымен салтанатты соңғы қоңырау жиынын жабық деп жариялай отырып, жазғы демалысты жақсы өткізіп, келесі оқу жылына амандықпен жолыққанша сау-саламатта болыңыздар



Бүгінгі салтанатты жиынымызға осыдан 10 және 20 жыл бұрын мектебімізден түлеп ұшқан түрһлектеріміз

Келіп отыр.

: Балалық шақ - бәрі ыстық, ортақ бәрі
20 жыл болды жапқалы сол қақпаны

20 жыл болды мектептен түлеп ұшып
Әрқайсысы сан тарау жол тапқалы

Осыдан 20 жыл бұрын мектеп табалдырығын аттап үлкен өмірге қадам басқан мектебіміздің түлектерін қол соға қарсы алайық. Сынып жетекшісі_______



10 жыл бұрын нұрға толы жанымыз
Арман қуып кеткен едік бәріміз
Сағынышпен сан жылдар өтіп арада
10 жыл бұрынғы түлегің бүгін ортада
Осыдан 10 жыл бұрын мектеп табалдырығын аттап үлкен өмірге қадам басқан түлектер шақырамыз.
Сынып жетекшісі ______



73 орта мектеп











Гүлдерге толы омырау,

Соғылсын соңғы қоңырау



(соңғы қоңырау салтанаты)





























2015-2016 оқу жылы

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
656
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі