«Жас Ұлан» бірыңғай балалар
мен жасөспірімдер ұйымының Ұланбасын ұлықтау рәсіміне арналған
салтанатты жиын
1. «Жас Ұланның»
мақсаты:
өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі
жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз
Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті
қалыптастыру.
2.«Жас Ұланның»
міндеттері:
- Қазақстан халқының тілін, мәдениетін, тарихын білу негізінде
өскелең жас ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік әлеуетті
қалыптастыру;
- балалар мен жасөспірімдердің азаматтық белсенділігі мен
саналылығын арттыру;
- танымдық жұмыстарды ынталандыру;
- балалар мен жасөспірімдердің зияткерлік, шығармашылық және
әлеуметтік дамуы үшін қолайлы жағдай жасау;
- жауапкершілік мен еңбексүйгіштікті қалыптастыруға, көшбасшылық
және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуға бағытталған баланың
жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту.
Барысы:
1
ЖҮРГІЗУШІ: Қайырлы күн, құрметті
қонақтар, ұстаздар мен оқушылар!
2-ЖҮРГІЗУШІ: Назарларыңызға, «Жас
Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының Ұланбасын, кеңес
мүшелерін және топ басшыларын ұлықтау рәсімін
ұсынбақпыз.
1-ЖҮРГІЗУШІ: Ендеше, салтанатты
жиынды ашық деп жариялаймыз.
2-ЖҮРГІЗУШІ: Қазақстан Республикасының
мемлекеттік Туына түзеліңдер!!!
Түсініп терең, өмірдің
мәнін
Жалынды жастар, сендерсің сәнім.
Беретін бойға күш-қуат, жігер
Шырқалсын шаттық гимн әнім!
Қазақстан Республикасының
мемлекеттік Гимні орындалады.
2-ЖҮРГІЗУШІ: 2019 жылдың 11- 25 қараша
күндері аралығында «Жас Ұлан» республикалық балалар мен
жасөспірімдер ұйымының Ұланбасына үміткер 3 оқушы сайлау алды үгіт
насихаттарын жүргізді. 21 қараша күні ұйым мүшелері мектеп
оқушыларымен ашық кездесіп, өз бағдарламаларымен ой
бөлісті.
1-ЖҮРГІЗУШІ: Ал 25 қараша күні
мектебімізде өткен жалпы Ұланбасы сайлауында 125 сайлаушы өз
дауыстарын беріп, сайлау мәресіне жетті.
2-ЖҮРГІЗУШІ: Сонымен, бүкіл мектептік
сайлау нәтижесінде мектеп президенті лауазымына, атап айсақ 59
дауыс жинаған 10 «А» сынып оқушысы Жақсыбаева Перизат
сайланды.
1-Жүргізуші: Олай болса, «Жас ұлан»
ұйымының Ұланбасын Жақсыбаева Перизатты құрметпен ортаға
шақырайық!
Ұланбасы Жақсыбаева П. өзінің
бағдарламасын және алдына қойған мақсаттарымен толықтай таныстырды.
Мектеп оқушыларыннан ортаға салған мақсат міндеттеріне бір кісідей
атсалысайық деген ұсыныс білдірді.
1-ЖҮРГІЗУШІ:Сайлау қорытындысы бойынша
жоғары дауыс жинаған 2 үміткер өзін-өзі басқару ұйымының құрамына
енді.
2-ЖҮРГІЗУШІ: Олардың барлығы жаңа
идеяларын ұсынып, өз бағдарламалары мен жобаларын дамытып жетілдіре
білді.
1-ЖҮРГІЗУШІ: Мектебіміздің Ұланбасы
мен Көшбасшыларымыз алдағы уақытта мектеп өмірін жандандырып
көркейтеді деген сенімдеміз.
1-ЖҮРГІЗУШІ: «Жас»ұйымның Ұланбасы
Жақсыбаева Перизат салтанатты түрде
АНТ қабылдауына рұқсат
етіңіздер.
АНТ БЕРІЛЕДІ. АНТ
БЕРІЛГЕННЕН КЕЙІН,
«Жас Ұлан» ұйымының Гимні
орындалады.
1-ЖҮРГІЗУШІ:
Көшбасшылар жарасып сан-
салалы,
Шара десе, жиын десе жар
салады.
Салтанатты жиынның құрметіне,
Әуелеген әсем ән
жолданады.
8-сынып оқушылары
Болатберген А және Рахатова А. «Туған ел» әнін
орындады.
2-ЖҮРГІЗУШІ: Жас Ұлан» бірыңғай
балалар мен жасөспірімдер ұйымының Ұланбасын, кеңес мүшелерін және
топ басшыларын ұлықтау рәсіміне арналған салтанатты жиынды жабық
деп жариялаймыз.
1-ЖҮРГІЗУШІ: Қуанышты күндерде
кездескенше сау саламатта болыңыздар!
Сайлау
барысы