жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Мектепішілік іс-шара тақырыбы : «Тәуелсіздік тірегі- қайсар рухы- қазақтың!»
Шу қаласы, Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектебі Құрастырған информатика
пәнінің мұғалімі Баялбекова С.К.
«Тәуелсіздік тірегі- қайсар рухы- қазақтың!»
Мақсаты:
-
Желтоқсан оқиғасы туралы оқушыларға дұрыс, терең түсінік беру,олардың саяси санасын ояту, өз көзқарастарын қалыптастыру.
-
Барша адам баласының отансүйгіштік ,патриоттық сезім, ерлік, батылдық, шындық төзімділік, адамгершілік қасиеттерін дамыту үшін Желтоқсан батырларының өмірін үлгі өнеге ету.
Көрнекіліктер: Шарлар, «Тәуелсіздік тірегі- қайсар рухы- қазақтың!» жазуы, кітаптар көрмесі, оқушылар шығармашылығы.
Шараның барысы:
1.Жүргізуші - Жеңіс: Армысыздар қадірлі ұстаздар, оқушылар, көрермендер! Ғасырлар бойы ата бабамыздың аңсап кеткен, біздің қолымыз әрең жеткен мерекеміз Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні құтты да, Қайырлы болсын!
2-ведущий- Аружан: Уважаемые преподаватели, ученики!
Поздравляем вас с праздником – Днем Независимости – об этом дне наши предки мечтали всю свою жизнь и после многих невзгод наш народ стал свободным. Пусть же этот праздник принесет вам успехов, благополучия, счастья.
Қазақстан Респбуликасының рәміздері кіргізілсін:
Залда музыка ойналады. Осы кезде 3 салдат рәміздер мен ата заңды алып шығады.
Жеңіс: Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны
2 жүргізуші:
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі мерекесіне арналған ««Тәуелсіздік тірегі- қайсар рухы- қазақтың!»» атты салтанатты кешімізді бастауға рұқсат етеңіздер!
1-жүргізуші
25 жыл, тәуелсізбін, дербеспін,
Күмәндана қоймас бүгін енді ешкім.
Бодандығым ғасырларға жалғасқан
Қазір міне артта қалды, келмес күн.
Атты бүгін азаттықтың ақ таңы,
25 жыл Тәуелсіздіктің арайлы таңы атқалы.
Елі текті, киелі, қасиетті жерімнің
Құтты болсын еркіндігі, ата-баба арманы.
Ведущий: В 1991 году 16 декабря был принят конституционный закон Республики Казахстан «О Государственной независимости Республики Казахстан». Именно в этот день сбылась мечта всех поколений нашего народа, на древней казахской земле было провозглашено молодое государство.
2-жүргізуші Құттықтау сөз және марапаттау мектебіміздің директоры Жумагулова Айгул Серікқызына беріледі.
Жеңіс - Биылғы оқу жылында Еліміздің тәуелсіз мерекесіне орай мектеп оқушыларыда өз үлестерін қосып, мектебіміздің мәртебесін биікке көтерді.
Республикалық «Тіл парасаты» атты байқауына 11 А сынып оқушысы Кастенко Надежданың қатысу сәті. Назар аударыңыздар!
1-Жүргізуші: Біздің Отанымыз-Қазақстан. Мемлекетіміз тәуелсіздік алғалы Қазақстан Республикасының жетістіктері өсуде. Осынау жылдарда елдігімізді танытып, еңсемізді көтерген қаншама ұлы оқиғалар бар. Қазақстан Республикасы 1991 жылы16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет болды. Осы өткен жолдарымызға қарасаақ, әр жылдың өз шежіресі, сыры, тарихы, қасиеті бар.
1991 жылы Желтоқсанның 16-да Қазақстан республикасының тәуелсіздік туралы конституциялық заңдық күші бар құжат қабылданды.
1992 жылы 4 маусымда Қазақстан Республикасының Елтаңбасы, Туы, Әнұраны қабылданды.
1992 жылы 7 мамырда Қазақстан Республикасының Қарулы Күштер туралы заңы қабылданды.
1993 жылы 15 қарашада Қазақстан республикасының ұлттық валютасы – төл теңгеміз айналымға енгіділді.
1993 жылы 18 қаңтарда бірінші, 1995 жылы 30 тамызда екінші рет Ата Заңымыз қабылданды.
Жеңіс: Қазақстан Респбуликасының рәміздері шығарылсын
2- жүргізуші : Еліміз 25 жыл ішінде әлемдік қауымдастықтың алдында «Қазақстан Республикасы » деген асқақ рухты ел екенін мойындатты. Біз бүгінге дейінгі барлық жетістіктерімізге Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік. 25 жыл ішінде елдің әл-ауқатын көтеріп, төл мәдениетіміз бен мемлекеттік тілді жаңғырту, білім, ғылым мен денсаулық, спорт салалары айрықша даму үстінде
Дильназ:
Жаңа заман, жаңа дәуір өркендеп,
Еңсем биік көрінсе екен ертең деп,
Көкбайрақ ту, желбірейді көгімде,
Елтаңба тұр елдігімді көркемдеп.
Жүрегімнің отын үрлеп маздаған,
Әнұраным жыр боп ұйытқып қоздаған,
Егеменді елдің жайын бүгінгі
Ақын емес ой толғатып жазбаған!
Ән: «Көк тудың желбірегені»
1-жүргізуші:
Шарықта, шарла көкті көк байрағым,
Арманым, Азаттығым, көпке айғағым.
Мен сенің салтанатты сағатыңа
Өлеңмен алтын шашақ шоқ байладым.
Ал самға, әлем кезіп, Әнұраным
Қалықта Елтаңбасы- шаңырағым.
2- жүргізуші :
Алтайдан Атырауға дейінгі ұлан – ғайыр жерді мекен еткен ата – бабаларымыз тәуелсіздікті арман еткен. Осынау кең даланы көк найзаның ұшымен, сом білектің күшімен қорғаған бабаларымыздың аманатын орындау үшін талай боздақтар жанкештілікке барңған. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай батырлардан бастап, Иса Досан, Шотан батырлар, беріректе Бауыржан, Мәншүк, Әлия сынды батырлар сол ел қорғауды ұран еткен, сол үшін құрбан болып, ел құрметіне бөленген батырлар.
Ведущий 1: Поистине велика казахстанская земля. От седого Каспия — на западе до Алтайских хребтов — на востоке, от березовых перелесков — на севере до хребтов Заилийского Алатау — на юге. Здесь в мире и согласии живут уже целое столетие более 120 национальностей. Но сколько бедствий и страданий довелось испытать народу!
-
Жүргізуші
Қанша жыл, қанша ғасыр өтсе де ұмытылмайтын оқиғалар бар. Ұмытылмайтын себебі ол оқиғалардың халық тағдырымен байланыстылығында. Қоғам құрсауында жетілген қайшылықтардың салдары ретінде көрінген мұндай құбылыстардың талайы тарихтан белгілі. Соның бірі, дүниені дүр сілкіндіріп тәуелсіздік туын ең алғаш көтерген әйгілі 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы. Халқымыздың тәуелсіздігі, егемендігі жолында өз өмірлерін қиған құрбандардың рухына құрмет көрсету қазақ азаматтарының игі борышы.
Бейнеролик. Желтоқсан желі.
1-жүргізуші: Желтоқсан оқиғасы – мәңгілік тарих. Біз Желтоқсан оқиғасын ешқашан есімізден шығармаймыз. Жылдар өткен сайын Желтоқсан оқиғасы айқындала түсуде. Құрбан болған ерлеріміздің бейнесі сол жас қалпында есімізде мәңгі сақталады. Көтеріліске шыққан жастар рухы-тәуелсіздіктің киесі. Еліміздің егемендігіне ең алғаш қадам жасаған Желтоқсан оқиғасына биыл 30 жыл толды. Бүгінгі жарқын өміріміз сол қаралы күндердің жеңісті жемісі іспетті.
Ербол туралы тақпақ
1- оқушы:
Дастан
Жалғыз Отан –адамның жүрегі
ғой,
Ер жігіт туған жерін сүйеді
ғой.
Ел үшін Желтоқсанда құрбан
болған,
Ербол атты ағамыз - нағыз ердің бірі еді
ғой.
Қайрат туралы тақпақ
2-оқушы. Азат
Ерлігіңе қуанам да, сүйінем,
Қайрат аға рухыңа мен иілем.
Бәйшешектің солғанына ах ұрсам,
Әділ жанның қазасына күйінем.
Сабира туралы тақпақ
3 – оқушы:
Балнұр
Сәбира, Ләззат сынды
жауқазындар,
Жетілмей ерте солған гүл еді
ғой.
Болашаққа даңғыл жол салып
берген,
Боздақтар мәңгі айтылар жыр еді
ғой.
Ләзатт туралы тақпақ
3 – оқушы: Сабина :
Тапталмасын деп қазақтың кек ары,
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары,
Топты бастап шыққан Ләззат алаңға
Толған еді он алтыға небәрі,
Қаһарман қыз, ғажап қыз,
Ұрандайды Ләззат қыз
Жасқанбаған жауынан
Біз қазақпыз, қазақпыз!
Айжан :
Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ
ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп
талпындың.
Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі
салқынның,
Айналайын, айналайын жас қайраты
халқымның.
Темір қолдар қуатты еді алқымыңды
қаусырған
Намысыңды жықпай өттің нәубе, дүлей
маусымнан.
Жалғыз қалған шақтарымда жігер алдым
бойыма
Түрме торын жарып шыққан сенің қайсар
даусыңнан.
Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ
қалауы,
Лаула, лаула, желтоқсанның мұзға жаққан
алауы.
Өздеріндей ер намысты жас өркені бар
елдің,
Ешқашанда еңкеюге тиісті емес
жалауы!
1 жүргізуші:
Арада төрт жыл өткен соң 1990 жыл 17 желтоқсанда сол алаңға ескерткіш тақта қойылды. Ендеше, сол желтоқсан құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алайық.
2 – жүргізуші: -
Қуан халқым! Қуанатын күн бүгін,
Серпіп таста мұңды жүрек түндігін
Шарықтайық, шаттанайық, тынбайық
Тәуелсіздік күнін бүгін халқым бірге тойлайық.
Ортаға
қазақ ұлтының киімін киген оқушы, шаңырақты алып шығады. Шаңырақтың
уықтарын әр ұлттың киімін киген оқушылар көтеріп тұрады,
тақпақтарын айтады.
Ақерке :
Қазақстан – Тәуелсіздік бесігі
Басқалардың тимесінші кесірі
Елдің көшін өрге бастап барады
Нұрағаңмен егіз болар есімі
Қазақстан-Тәуелсіздік бесігі
Бесігімде тербеледі дос үні
Ұлттардың ұйып тұрған ұясы
Ұмытпайық, ұлықтайық осыны!
2-оқушы:
Как хорошо тебе
и мне,
Мы родились в
такой стране.
Где люди все –
одна семья,
Куда ни глянь –
кругом друзья.
Казахи мы и русские,
Немцы и
уйгуры,
Мы дети нашей
Родины,
Ведь Родина у
нас на всех одна!
Дастан :
Қасиетті Қазақстан мекенім,
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.
Елім, жерім, Отаным – бақ - дәулетім,
Болашағым, өнер - білім, өркенім.
4-оқушы
Мы разные, но
здесь мы все равны
Мы дети нашей
матери – страны.
Мой Казахстан,
для всех ты есть Отчизна,
И мы горды
тобой, тобой сильны!
Ақбота
Бойымда әні бұлақ жатыр бұрқырап
Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап
Тілейтінім барша жұртқа бір ғана
Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ
6- оқушы
Пусть на
твоей земле,
Мой
Казахстан прекрасный,
Смеются
дети и цветут сады,
Не будет
тесно людям разных наций
Ажар
Жыл сайын табыс қоссын табысыңа
Әр қазақ берік болсын намысына
Нұрсұлтан Назарбаев бастай берсін,
Нұрлы жол, Нұрлы заман бағытына!
Барлығы бірге: ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ МЕРЕЙТОЙЫ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
-
Жүргізуші , 2 жүргізуші бірге айтады:
Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік- ел бақыты, ертеңі,
О, халайық, құтты болсын қуаныш!
2 жүргізуші : Күнкей мен көлеңкенің қадірін біліп, тас түйіп бекініп, қазақы қара домбыраның басына күн түспейуін тілеп, мың өліп, мың тірілген, қазағымның өзіндей, көзіндей сақтап келген домбырасыз қазақтың тойы өтпес. Олай болса келесі кезекті күмбірлеген күйімен ортаға 6 «Ә» сынып оқушысы Нұрханды ортаға шақырайық.
№3 Күй
-
Жүргізуші : Жеңіс Еліміздің 25 жыл мерейтойына біздің сыныптастарымыз «Мәңгілік ел» флешмобын сыйға тарту етпекші.
-
Жүргізуші олай болса бірге тамашалайық.
№2 Флешмоб «Мәңгілік ел!»
-
Жүргізуші
№4 Ән. Оорындайтын 7 А сынып оқушысы Уалиев Бексұлтан «Қазақтай ел қайда?»
-
Жүргізуші
Вокал. Орындайтын вокал тобы
-
Жүргізіуші еліміздің туын желбіретіп, Қазақстанды әлемге танытып қазақ елінің қойнауына алтын, күміс, қола жүлделерін алып берегн еліміздің мақтаныштары, спорт чемпиондарының жеңісі қаншама.
-
жүргізуші
-Жеңіс олай болса осы елімізді әлемге танытып жүрген жеңімпаздарымызға анаған 10 сынып оқушыларының орындауында «Чемпиондар әні» КЛИПпін тамашаласақ қалай болады?
-
Жүргізуші Ән, __________________________________орындайтын 6 В сынып оқушысы «_______________________________________________»
Хор «Атамекен»
1 жүргізуші
Тәуелсіз Қазақстан – ұлы Отаным,
Көк туымды қалайша құлатармын.
Тып-тыныш тұрып жатқан жайымыз бар,
Бәріміз баласындай бір атаның.
Елімізде бақ-береке, ырыс болсын,
Қызыл тілім қанжардай қылыш болсын.
Халқымның ахуалы дұрыс болсын.
Еліміз әрқашанда тыныш болсын! – деп «Тәуелсіздік тірегі- қайсар рухы- қазақтың!» атты салттанатты кешін көңіл бөліп тамашалағандарыңызға рахмет. Сау болыңыздар!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген