Күз
ханшайымы
Жүргізуші:
Жиылған қауым, армысыздар,
бәріңіз,
Келіп жетті алтын дәнді сары
Күз.
Бірге болып қуанышта бәріңіз,
Бізбен бірге шаттық әнін
салыңыз.
1-жүргізуші:
Күз- мереке, Күз- ырыстың
белгісі,
Қайтып барады мекеніне жыл
құсы.
Әнге ұласып, жырға ұласып
даламыз,
Шат-шадыман халқымыздың
тұрмысы.
2-жүргізуші: Қасиетті Күз мезгілінің бір сөзбен айтып жеткізу
мүмкін емес. Күз дегеніміз-
байлық, молшылық. Күзде күн суытып, барлық жан-жануарлар, жәндіктер
қысқы ұйқыға кетеді. Егін жиналады. Құстар жылы жаққа ұшады.
Жапырақтар сарғайып, жерге түседі емес пе?
1-жүргізуші: Иә, мен бұл
мезгілді Күз деп айтар едім. Өйткені жер беті сарғайған
жапырақтарды жамылып, алтын түске боялды.
2- жүргізуші:
Армысыздар құрметті оқушылар
мен ұстаздар. Сары алтынға малынып келіп жеткен күз мезгілі
баршамызға мол байлығымен, берекесімен келгей. Бүгінгі мерекелік
шарамыз «Күз ханшайымы-2017» байқауына қош келдіңіздер.Ерекше
көтеріңкі көңіл күймен байқауымызды бастауға рұқсат
етіңіздер.
Ортаға әр сыныптың намысын
қорғап, өнері мен білім дәрежесін паш етуге келген
қатысушыларымызды шақырамыз. 5 сынып оқушысы Мұхтарова
Лейла
6 сыныптың ару қызы, білімді,
иба мен инабат бойға сіңірген Самигуллина
Саида
Алдарыңызда 7 сыныптың сұлу қызы, өнері мен
білімі жарасқан Бүркіт Аружан
Біздің соңғы қатысушымыз 8
сынып оқушысы Тойшыбаева Әлия
Әр сынақта бір төрелік, қазы
бар
Шын жүйрік те сол арқылы
танылар
Біз таныс қып төрешімен кетейік
Өнерпаздар мұқияттап танып ал
Жүргізуші:
Әділқазы, алқасына бір сәлем.
Әділдікке бас иеді күллі әлем
Жүйрік озар сайыстарда неше бір
Сарапқа сай әділдікпен шеше біл... дей келе
бүгінгі сайысымызға қазылық жасайтын әділқазылар алқасымен таныс
болыңыздар!
1.Мектеп директоры Муханова
Акмарал Ораковна
2. ДТІЖО Аманшина надежда
Аманшақызы
3.Логопед маман Какимоллаева
Арайлым Ықыласқызы
Сайысымызды бастамас бұрын сөз кезегін мектеп
директоры Муханова Ақмарал Ораққызына береміз.
Әр қатысушы қандай ретпен өнер көрсететінін
анықтау үшін, жеребе суыруларын өтінеміз.
Гүл көңілің қуаныштан
өрілді,
Жанарыңнан жалын нұры
төгілді.
Жыр ұшқындап тұр ғой әне
үніңнен,
Көпшілікке таныстыршы
өзіңді.
1кезеңіміз Сәлем- сөздің анасы – деп
аталады. Арулар бір-бірден шығып ортаға өздерін
таныстырады.Жоғары ұпай 5 балдық жүйемен
есептеледі.
Өнерлі
ұлдарыңыз Мұхтаров Эльдарды әсем әнімен қабыл
алыңыздар.
Ән:
Сымбатына сын киім
жарасатын,
Аспандағы айменен
таласатын.
Өнеріне сәні сай келіп
тұрған,
Аруларды қызығып
қарасатын
Қыздарға әсемдік жарасатын деп келесі сән
үлгісі бөлімінеде кезек келіп жетті.Алғашқы аруымызды ортаға
шығарайық. Бұл кезеңнің ережесі күзгі бейнені насихаттайтын киім
үлгісімен шығуы және оны таныстыруы
тиіс.
Жас ару жас ғұмырдың
талғамысың,
Қуантқан әр бір үйдің
арманысың.
Дәл бүгін қанат
қомдап,сыналарда,
Сан сұрақтан сүрінбей, самғап ұшқын. Ендеше
сұрақ-жауап бөліміне кезек береміз.Әр қатысушыға арнайы дайындалған
5 сұрақ қойылады. Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады. Сәттілік.
Біз бастаймыз.
Жүргізуші:
2-жүргізуші:
Сахна мен төр қалмапты
жасанбаған,
Қобалжудан жанарлар жасаураған.
Аптығыңды баса гөр ару қыздар,
Шеберлігің қалмасын жасалмаған.
Жүргізуші:
Қолөнерің көрінсін шеберлігің
Өнер сенің жетістік, кемелдігің
Қапы қалмай бұл сыннан
озыңыздар
Мен
сендерге арулар сенем бүгін деп, кезекті қолөнер сайысына береміз.
Шарт бойынша әрбір қатысушы өздерінің дайындалып келген бұйым түрін
жасап , көрерменге таныстырады. Ал іске сәт
достар!
Әділқазылар алқасынан осы сайыстың қорытынды
бағасын білсек.
Жүргізуші:
Шығарып сап күзде ылғи жыл
құсын
Қысқа қамдап барлық адам
тұрмысын
Жатса дағы сабылысып, ал бізде
Соңғы сынақ, соңғы жарыс, соңғы
сын
Жүргізуші:
Аспаздарым кел ортаға дәм алып
Тіл үйірер ұсын бізге бал шырын
Отырайық ауыз тиіп, демалып
Түсіндірсең тағамыңның бар сырын деп,-кезекті
«Мен ас толы қазақтың қазанымын» айдарына
береміз.
Жүргізуші:
Сайысқа қатысушыларымызды түгелдей ортаға
шақырамыз. Жеңімпаздарды анықтау үшін соңғы сөз кезегін біздің әділ
бола білген қазыларымызға береміз.
Қазыларымыз есептеп болғанша біраз уақыт
береміз.Сіздердің алдарыңызда 10-сынып оқушысы Сабанов Ақылбек.
«Күз неткен тамаша ең» өлеңімен.
Жүргізуші:
Жемісі мол теретін
Күз дос екен бізбенен
Бәрін тауып беретін
Жомарт екен күз деген.
Алтын, сары, қызыл, көк,
Алуан, алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады атырап.
|
Жеңімпаздар құтты болсын
жеңісің
Оза
шапқан болды нағыз ер ісің
Алда талай сынақтар бар толағай
Қарыштап тек өсе берсін өрісің
Жас
достарым өздеріңе сенем мен
Құрбы құрдас дос болыңдар тең
өрген
Кездескенше амандықта болайық
Сайысымыз тәмам болды көрермен
Барша қошеметтеріңізге
алғысымыз шексіз. Жақсы күндерде
кездескенше!