400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Мектепке барып келемін" М.Дулатұлы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне әдебиеттік оқу сабағынан қысқа мерзімді жоспар
Материалдың қысқаша нұсқасы

САБАҚ: Әдебиеттік оқу

Тақырыбы: мектепке барып келемін.

М.Дулатов


Мектеп: Жалғызағаш ОМ

Күні:29.11.2018

Мұғалімнің есімі:Куттыбаева Асем Манарбековна


СЫНЫП: 2

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар: 0

Сабақ негізделген оқу

мақсаты (мақсаттары)

2.2.3.1 мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтау.

2.3.2.1 мұғалім көмегімен үлгі бойынша шағын ертегілер, жұмбақтар жазу немесе дайын ұйқастарды қатыстырып шумақтармен санамақтар құрастыру.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • Оқулықта берілген тапсырмаларды орындайды. Тақырыпты меңгереді.

Оқушылардың басым бөлігі:

  • Тақырыптың маңызы туралы дәлелдеп айтып бере алады.

Кейбір оқушылар:

  • Білімді сыныптастарына түсіндіріп оқулықтан тыс ресурстар қоса алады.

Бағалау критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады.

Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Музыка, қазақ тілі,тарих.

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде

жоспарланған жаттығулармен қатар,

ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы 5 минут


Топқа бөлу2 минут

1-топ «Мектеп»

2-топ «Сынып»

3-топ «Сабақ»

3 топқа бөлініп отырады.

Психологиялық ахуал қалыптастыру:

1 минут

Қайырлы күн, көздерім!

Ояндыңдар ма? (қабақтарын сипайды).
Қайырлы күн, құлақтарым!

Ояндыңдар ма? (құлақтарын сипайды).
Қайырлы күн, қолдарым!

Ояндыңдар ма? (қолдарымен шапалақтайды).
Қайырлы күн, аяқтарым!

Ояндыңдар ма? (аяқпен жерді тебу).
Қайырлы күн, мұғалім!

Мен ояндым!. (Күлімсіреп, мұғалімге қолдарын созады)

Білу және түсіну 10 минут

Ой шақыру:

1 дегенім-білмек

2 дегенім-еңбек

3 дегенім – үлгі

4 дегенім- төзім

5 дегенім-бестік

6 дегенім- алғыс

7 дегенім- жеңу

Өткенге шолу

Сапар мен парта.

1-топ «Мектеп»

2-топ «Сынып»

3-топ «Сабақ»



Ортасы 20 минут

Тақырыпты ашу.

Жалпыға арналған тапсырма:

Неше жыл мезгілі бар?

Күз айларын атап бер?

Күзде қандай мерекелер бар?

1-қыркүйекте біз қайда барамыз?

МЕКТЕПКЕ.

М.Дулатов туралы түсінік беру.

Өлеңді мәнерлеп тізбектеп оқыту.


Сұрақ –жауап

Сергіту сәті

2 минут

«Қыдырып қайтайық!»

би билеу

Постермен жұмыс:

  1. Топ. Автор туралы деректер жинақтау.

Бағалау. Туған жылы, жері туралы біледі.

Ақын, жазушы екенін анықтады.

«Оян, қазақ» кітабі жазғанын анықтады.

  1. Топ. Екі өлеңді салыстыру.

Бағалау: Өлең авторын анықтады.

Жылдың мезгілін анықтады.

Өлең жолдарынан анықтап көрсетті.

  1. Топ. Өзің туралы әңгімелеу.

Бағалау: Мектептен қашан келгенін айтты.

Мектептен қай уақытта қайтатынын біледі.

Қай мектепте оқитынын айтып берді.

Дескриптор:

1.Автор туралы деректер жинақтай алады.

2.Екі өлеңді салыстыра біледі.

3.Өзінің мектебі, барып қайту уақытын айта алады.

«Қыдырып қайтайық!» биі


Аяқталуы 20 минут

Синтез

Екі түрлі түсініктеме күнделігі.

Оқушылардан қағаз бетін (не таратылып берген парақты) ортасынан вертикаль сызықпен бөлу сұралады.

Мәтінді оқу барысында олар:


Бөліктің оң жағына

Сол жағына

Мәтіндегі қатты әсер еткен тұстарды, үзінділерді жазады.

Сол әсер еткен үзінділер жайлы пікір жазады (нені еске түсіреді, себеп-салдары қандай, қандай сұрақ бар т.б.)





Оқушылар кестемен жұмыс жасайды

Үйге тапсырма: Мектепке өлеңін жаттап келу.

Бағалау: өзін-өзі бағалау


Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс

Рефлексия

Сабақ / оқу

мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар

не білді?

Сыныптағы ахуал

қандай болды?

Мен жоспарлаған

саралау шаралары

тиімді болды ма?

Мен берілген

уақыт ішінде

үлгердім бе? Мен

өз жоспарыма

қандай түзетулер

енгіздім жəне

неліктен?

«Менің көңіл-күйім баспалдағы»

Оқушылар стикерлерге өз есімдерін жазып (немесе смайликтің суретін салып) тақтада салынған баспалдақтардың біріне жабыстырады. Баспалдақтар «Керемет!», «Өзіме сенімдімін!», «Жақсы», «Жаман емес», «Маған көмек керек!», «Білмеймін», «Нашар» деп аталады.


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
14 наурыз
2989
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі