400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мектепке дейін балаларға арналған Музыкалық ертегісі "Түймеқыз"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақшадағы музыка жетекшілеріне, балалардың театр арқылы музыкаға қызығушылығын арттыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жүргізуші:

Ертеде бір жалғыз басты әйел өмір сүріпті. Оның баласы болмапты. Бірде оған сиқыршы кемпір келіп кәдімгідей арпа дәнін сыйға беріп, гүл өсіретін тостаққа отырғыз деп айтады. Рахметын айтып, сиқыршы кемпір айтқандай дәнді топыраққа отырғызып, су құяды. Сол сәтте одан әдемі гүл өсіп шығады. Гүл қызғалдаққа ұқсайды, бірақ күлтелерін әлі ашпаған болатын. Қайран қалған әйел гүлдің сары араласқан қызыл күлтелерін сүйе бастайды. Сол кезде бірдеңе тырс еткендей болады да, күлтелер ашылады. Қараса, нағыз қызғалдақтың өзі! Ал гүлдің тостағаншасында кішкен тай қыз отырады. Оның үлкендігі түймедей ғана екен. Сондықтан қызды Түймеқыз деп атап кетеді.

/Залдын ортасына Гүл ұстап қыздар шығады/ Э.Григ «Утро», қыздардын орындауында «Гүлдер биі»/

/Түймеқыз, ортаға шығып әнін айтады. «Гүл көбелек»/

/Бақа жүгіріп шығады, Түймеқызды қолынан ұстап өзімен алып кетеді./ «Танго смерти» Вивальди/

Жүргізуші:

– Міне, менің ұлыма әйел болуға нағыз лайық қыз! – деп бақ етеді де, қызды бесігімен қоса қолтығына қысып алып, терезеден баққа секіріп түседі. Бақта үлкен өзен ағатын. Жағалаулары таяз, батпақты болатын. Сол жерде құрбақа ұлымен бірге тұратын.

/Кішкентай бақалар ортаға музыкамен жұптасып шығады, бақалар орындауында «Полька»/ «Марш Радецкого» Штраус/

/Осы кезде Тұймеқыз бен бақа шетте тұрады, кішкентай бақалар билеп болып ортаға шығады, қастарына Бақа Баласы секіріп шығады./

Бақа:

-Қарашы балам саған келін алып келдім.

Бақа баласы:

-Қандай әдемі.

/Түймеқыз Бақа баласымен би билейді. «Серенада» Шуберта/

Бақа баласы:

-Енді сен маған тұрмысқа шығасын

Түймеқыз:

-Мен???Жоқ шықпаймын.

/Бақалар жұгіріп кетеді, Артынан Түймеқыз да кетеді./

/Түймеқыз ортаға шығып, шеңбер бойымен жаурап жүреді./ «Осень» Вивальди Қыздардын орындауында «Жапырақтар биі»

Жүргізуші:

Осылайша жаз өтті, оның артынан күз өтті. Ұзақ та ызғарлы қыс таянды. Түрлі әуенге салып, құйқылжыта сайрайтын, сонысымен Түймеқыздың көңілін аулайтын құстардың барлығы да жылы жақтарға ұшып кетті.

/Түймеқыз ортаға шығып, шеңбер бойымен жаурап жүреді./

Жүргізуші:

Гүлдер солып, шөптер қурады. Ал өзі паналап жүрген түйежапырақ сарғайып, кеуіп, ақыры, үгітіліп қалады. Үстіндегі көйлегінің де жұлым-жұлымы шықты. Байғұс қыз суықтан тоңа бастайды.

/Осы кезде орман тышқаны жылап отырған қызды естіп қасына келеді./
Дала тышқаны:

– Әй, байғұс қызым-ай! Сенин атын кім?

Түймеқыз:

-Менин атым Түймеқыз


Дала тышқаны:

– Келе ғой, кір үйге, жылынып, менімен бірге тамақтанып ал.

Жүргізуші:

Дала тышқанына Түймеқыздың ұнағаны сондай...
Осында қал, қысты менің жылы інімде өткіз деп айтады, Бірақ бір шартын айтады: менің бөлмелерімді жақсылап жинап, күнде ертегі айтып беріп отырасың, – дейді.Түймеқыз бұған қуана келіседі. Ол қайырымды тышқан апайының айтқандарын бұлжытпай орындайды. Екеуі тату-тәтті, жап-жақсы тұрып жатады. Бір күні ....

/Есікті тарсылдатып көртышқан кіріп келеді/

Көртышқан:

-Сәлем көрші.Мен сіздің қызыныз бар екенін естідім, Мен оған үйленуді ұйғардым. Келісеміз бе?

Дала тышқаны:

-Келісеміз

Жүргізуші:

Алайда оған Түймеқыздың тіпті де тұрмысқа шыққысы келмейді, өйткені ол көртышқан болатын. Түймеқыз жарық әлеммен соңғы рет қоштасуға рұқсат сұрайды, іннің аузында тұрып, қолын көкке созып:

Түймеқыз:

– Қош бол, жарық күн!

Жүргізуші:

Осы кезде дәл төбеден шиқылдаған дыбыс естіледі. Түймеқыз басын көтеріп, жоғары қараса, қарлығаш ұшып барады екен. Бірақ қарлығаш бір қанатын бұтаға жарақаттап алыпты, бір қанаты ұшалмай, ол жерге түседі. Түймеқыз қанша қорықса да, бойын жинап алып, қарлығаштын қанатын емдейді.

Қарлығаш:

Қаласаң, менімен бірге жүр! – дейді қарлығаш.

Түймеқыз:

– Әрине, мен сенімен бірге ұшқым келеді!

/Қарлығаш Түймеқыз бен бірге ұшып келіп «Вальс» биін билейді./

Жүргізуші:
Ұшқаннан ұшып отырып, олар жылы өлкелерге жетеді. Көгілдір көлдің жағасында аппақ мәрмәрдан соғылған ескі сарай көрінеді.

/Сол кезде, Эльф патшайымы өз халқымен залдын ортасына жайғасады. Эль патшаймы көмекшісінін қолында көбелек қанаты болады./

Жүргізуші:

Қарлығаш Түймеқызды әдемі бір гүлдің күлтесіне отырғызады. О, ғажап! Гүлдің тостағында Түймеқыз сияқты кіпішкентай адам отыр. Өзі хрусталь тәрізді мөп-мөлдір. Басында жалт-жұлт еткен әдемі алтын тәж, арқасында екі қанаты жарқырайды. Бұл патша ұлы – Эльф еді.

Түймеқыз:

– Қандай әдемі!

Жүргізуші:

Эльф те қызды көрген бойда аңтарылып қалды. Мұндай сұлу қызды осыған дейін еш уақытта көрмеген! Ол басындағы тәжді алды да, қыздың басына кигізді.

Эльф Патшаймы:

-Маған тұрмысқа шығып, гүлдердің патшайымы болғың келе ме?



Жүргізуші:

Міне, бұл жігіт нағыз күйеу болуға лайық! Сондықтан Түймеқыз оған келісімін береді. Тойда жас жұбайларға сыйлық көп келді. Солардың ішінен Түймеқызға, әсіресе шегірткенің жылтыр қанаттары ұнады. Оны Түймеқыз арқасына тағып алып, гүлден гүлге енді өзі де ұша алатын болды.

/Патшайым көмекшісі Түймеқызға қанатын тағады/

Ғажап емес пе! Қандай қуаныш! Қарлығаш биікте өз ұясында отырған. Жас жұбайлар одан ән айтып беруді өтінді. Қарлығаш барын сала сайрады. Бірақ үнінен мұңды әуез сезілді. Өйткені ол да Түймеқызды жақсы көретін, одан айырылғаны жүрегіне қатты батты. 

/Эльф халқы флешмоб биіне шығады./

Жүргізуші:

Балалардын шағын дайындаған ертегілері осымен аяқталды.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 қараша
681
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі