Ұйымдастырылған оқу
қызметінің технологиялық картасы.
Білім беру
саласы: Қатынас
Бөлімі: Көркем
әдебиет.
Тақырыбы:
«Мақтаншақ
қоян»
ертегісі
Мақсаты: Балаларды ертегі мазмұнымен
таныстыру. Ертегіні соңына дейін тыңдауға
үйрету.
Білімділік: Балаларды халық ауыз
әдебиетінің шығармаларындағы кейіпкер бейнесі арқылы адамгершілік
қарым-қатынас әлемімен таныстыру.
Дамытушылық: Шығарма мағынасын түсінуге,
кейіпкерлер іс-әрекетін бағалауға, олар жайлы айтуға, кейбір
адамгершілік қасиеттерге сипаттама бере білуге
үйрету.
Тәрбиелік: Көркем сөйлеу қабілеттерін
дамыту.
Көрнекі
құралдар: Орман, түлкі, аю, қоян,
арыстан суреті, үнтаспа, видео.
Сөздік
жұмыс: қоян, ақ,
жұмсақ.
Әдіс
тәсіл: Әңгімелеу, түсіндіру,
сұрақ-жауап, жұмбақ, ойын.
Үштілдік
компонент: Қоян – Заяц – Rabbit, Қарға –
Ворона – Сrow
Сабақтың
барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі.
Кіріспе.
Баларармен үш тілде амандасу,
түгендеу, назарларын өзіне аудару.
«Сәлеметсіңдер ме, балалар!»,
«Здравствуйте, дети!», «Good mornig,
children!»
Шаттық
шеңбері:
Қуан, шаттан алақай
Қуанатын күн бүгін.
Қайрлы таң, қайырлы күн
Күліп шықты бүгін күн.
II.Негізгі
кезең.
Тәрбиеші:
- Балалар бізге ертегілер елінен хат келіпті. Кәне хатты ашып
қарайық, кім жіберді екен?
- Ия бұны түлкі жіберіпті ғой. Бұл хатта былай деп жазылыпты
«Қымбатты балалар! Сіздерді орманға саяхатқа шақырамын»
- Барамыз ба балалар?
- Ендеше ертегі орманына аттанайық. Онда бізді «сиқырлы жел»
апарады
- Балалар ертегі орманы қандай тыныш. Тек желдің гуілі ғана
естіледі. Бізде орманға келіп жеттік . мына орманда барлық аңдар
жүр екен.
Жұмбақ
Сылдырдан
қорқады,
Шошынып
жортады.
(Қоян)
Тәрбиеші:
Ал енді балалар менің сұрағыма
жауап беріндер.
- Ең қорқақ аң
...
- Ия дұрыс
балалар!
- Ой, балалар қарандаршы бізге
біреу келген сияқты. Бұл кім екен?
- Біздің жолымызға түлкі
кездесіпті!
- Сәлеметсіңдер ме,
балалар!
- Мен сендерге сұрақ қойғым
келеді!
- Балды жақсы көретін аң
...
- Ең
айлакер...
- Аң патшасы
...
III. Сергіту
сәті.
«Сиқырлы ғажайып
орман»
Мақсаты: Эмпатия мен сенім
секілді сезімдерді жетілдіру.
Барысы: Қазір біз ғажаптарға
толы, жайдарман әрі сиқырлы орманға айналамыз. Екі топқа бөлінеміз:
орман-тоғай болып екі қатарға тұрамыз. Біздің қолдарымыз – орманда
серуендеп келе жатқан адамды нәзік, абайлап қана сипалайтын
ағаштардың бұтақтары болады. Ал енді барлықтарыңызды бір-бірден осы
сиқырлы орман ішінен өтуге шақырамыз, ал қалғандарың серуендеуші
адамның басынан, қолынан, арқасынан сипалап, сиқырлы ағаштар болуға
шақырамыз. Сараптама:
Орман ішінен өткенде, басқа
қатысушылар сізді сипағанда қандай сезімде
болдыңыз?
Сиқырлы ағаштар болғаныңызда
қандай сезімде болдыңыз?
Жаттығуға дейінгі және
жаттығудан кейінгі сезімдеріңізбен
бөлісіңіз?
IV. Жаңа
сөздер.
Балалар енді менің артымнан
қайталандар
Қоян – Заяц – Rabbit, Қарға –
Ворона – Сrow
Тәрбиеші:
- Иә балалар, бүгін біз
орманға саяхат жасадық.
- Орманнан бізбен бірге қандай аңдар келді?
- Олай болса, біз бүгін жаңа ертегімен
танысамыз.
«Мақтаншақ
қоян» ертегісін
тыңдау.
Орманда бір қоян өмір сүріпті.
Ала жаздай сайраңдап, тоғайда жеміс жидектерді теріп жеген ол, қыс
түссе қарны ашып, ауылға арпа ұрлауға барады екен. Бір күні
ол ауыл шетіндегі тұратын шаруаның үйіне ұрлыққа келеді. Қорасына
кірсе қаптаған қоян ол мақтана бастайды. Сендер үйде тұрсаңдар
қайтейін? Мен сендерден бәрібір артықпын. Менің
мұртым мұрт-ақ. Сендердікіндей емес.
Ал табаным мен тістерім ше? Сендердікі
салыстыруға да келмейді…
Мен
ешкімнен қорықпаймын! Үй қояндары мақтаншақ қоянның қылығын қарға
тәтелеріне айтып береді. Ол бөспе қоянды жазаламақ болып іздеп
тауып алады. Даңғой қоян шошып кетеді. Қарға тәте! Тиіспеші. Мен
енді мақтанып елдің мазасын алмайтын боламын. Солай, де. Босқа
мақтанба! Елден ерешекшелігінді бос сөзбен емес, ісімен көрсет
дейді қарға. Арада біраз өткен соң, бірде қараса, әлгі қарғаны
иттер талап жатыр екен. Жаныашып кеткен қоян құтырмақ болады.
Иттердің назарын өзіне аударып, тұра жүгіреді. Қарғаны тастай
салған иттер қояеды қуа жөнеледі. Ол қашып құтылады. Қоянның
ерлігіне риза болған қарға оған келіп жолығып.
— Рахмет саған! Сен мақтаншақ қоян емес екенсің!
Мақтауға тұратын ер екенсің! деп ризашылығын
білдіреді.
V. Рефлексиялық –
түзетушілік кезең.
Қорытынды
- Балалар көніл-күйлерің қандай?
- Бүгінгі жаңа ертегіден қандай әсер алдыңдар?
- Ертегіде не жайлы айтылған?
- Иә, әрқашан жүздерің жарқын, аспандарың ашық, көңілдерің нұрға
толсын. Сонымен бүгінгі жаңа оқу іс-әрекетін
аяқтаймыз.
МАДАҚТАУ.
Күтілетін
нәтежие:
Біледі: Қояның қорқак, ақ, қасиеттерін
біледі.
Игереді: Көркем сөйлеу
қабілеттерін арттырады.
Меңгереді: Ертегідегі кейіпкерлердің
іс-әрекеттерін бағалай білуді.