Материалдар / мектепке дейінгі балалар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

мектепке дейінгі балалар

Материал туралы қысқаша түсінік
«Айырмашылығын тап» Мақсаты :балаларға екі суреттің немесе заттың айырмашылығын таба білуге; өз ойын айта білуге үйрету;ақыл –ойларын дамыту; шыдамдылыққа, досының жауабын тыңдай білуге дағдыландыру. Бұл ойында тәрбиеші сенсориканы, көлемді,кеңестік қатынасын, санын салыстыру үшін белгілі бір мақсатты көздейді.Ары қарай салыстыратын заттардың санын арттыра отырып, бірнеше нұсқаларын қатарынан істеуге болады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Наурыз 2021
394
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


«Айырмашылығын тап»

Мақсаты :балаларға екі суреттің немесе заттың айырмашылығын таба білуге; өз ойын айта білуге үйрету;ақыл –ойларын дамыту; шыдамдылыққа, досының жауабын тыңдай білуге дағдыландыру.

Бұл ойында тәрбиеші сенсориканы, көлемді,кеңестік қатынасын, санын салыстыру үшін белгілі бір мақсатты көздейді.Ары қарай салыстыратын заттардың санын арттыра отырып, бірнеше нұсқаларын қатарынан істеуге болады.


«Біреуі артық»

Мақсаты: «біреу - көп»ұғымын бекіту;ойлау қабілеттерін дамыту; заттарды топтастыра білуге үйрету.


М /ы: бірнеше дөңгелек, бір шаршы пішінді зат.Балалар артық бір затты таңдау себебін түсіндіреді.

«Сөзді керісінше ата» сөздік ойын

Мақсаты: балаларды қарсы мағынадағы сөздерді таба білуге үйрету; көлем, кеңістіктегі ара қатынас туралы білімдерін бекіту.

М /ы:үлкен-кіші, кең-тар т.с.с.


«Аңдарды көрсет»

Мақсаты:1 саны және цифры туралы алғашқы білімдерін бекіту;қоршаған орта туралы білімдерін кеңейту.

Мазмұны: Тақтада аңдардың суреті ілінген, ал тамақтың суреті тәрбиешінің үстеліне қойылған.

-Марат, қалай ойлайсың, бананды қай аңға береміз?Сен пілдің баласына неше банан бердің?Осы цифрды ата және көрсет.

«Ненің баласы?»

Мақсаты:балалардың «үлкен», «кіші» ұғымдары турал түсініктерін бекіту; жабайы және үй жануарлары туралы білімдерін кеңейту.

Мазмұны: бала үлкен ойыншықты таңдап алады және оған кішкене ойыншықтарды іріктеп алады.Өзінің таңдап алған жұбын атайды.

М /ы: ит үлкен, ал күшік кішкентай.


«Сиқырлы қалта»

Мақсаты:балаларды заттарды қолымен ұстап, санауға үйрету.

1-нұсқа: затты қолмен ұстап санау.

2-нұсқа: қандай зат екенін ұстап көріп, анықтау.


«Жануарларды орналастыр»

Мақсаты:балаларды тақтада және қағаз бетіне бағытты таба білуге үйрету

М /ы: оң жақтағы жоғарғы үйшікке ақтиінді орналастыр; сол жақтағы төменгі үйшікке мысықты орналастыр т.б.

«Ненің жұбы болады?»

Мақсаты:балаларға қандай заттардың жұпсыз болуы мүмкін емес екендігін көрсету, «жұп» ұғымын бекіту

Тәрбиеші киімдер мен киімдер бейнеленген суреттерді көрсетеді. Балалар жұпсыз болмайтын заттарды атайды:шұлық, аяқ киім, қолғап,т.б.Олардың неліктен жұпсыз болмайтындықтарын түсіндіреді.

«Сандар шатасты»

Мақсаты: сандар қатарындағы сандардың орны жайлы білімдерін нығайту.

М /ы. Тәрбиеші сандардың орнын ауыстырып немесе алып тастайды. Балалар сандардың орнын тауып қояды.


«Дауыстап санау»

Мақсаты: дауыстап санауға, қорытынды санды есте сақтауға үйрету.

Тәрбиеші шапалақтайды.Балалар іштерінен санайды.Неше рет соғылғанын цифр мен көрсетеді.


«Адасқан сандар»

Мақсаты:баланың ойлау жылдамдығын арттыру.

Мазмұны : 2,4,,6,7,3,5. Сандар жазылған карточкаларды тақтаға іледі, балалар қалып қойған санды атайды.


«Сиқырлы қапшық»

Мақсаты:балаларды заттарды қолымен ұстап, сезуге үйрету.

Қапшықта геом.пішіндер:

Геом.денелер : шар,текше бар.Балалар қолымен ұстап, сезім арқылы қандай пішін екенін айтады.


«Не жоқ?»

Мақсаты:балалардың зейінін, есте сақтау қабілетін дамыту.

Мазмұны:тәрбиеші бірнеше ойыншықты қояды, балалар қарап алады.Тәрбиеші біреуін алып тастайды.Балалар қай ойыншықтың жоқ екенін табады.


«Өз орныңды тап»

Мақсаты:цифрлардың сандар қатарындағы орны, көрші сандар туралы білімдерін нақтылау.

Мазмұны: тәрбиеші блаларға цифрларды таратып береді. «Цифрлар» муз.ырғағымен билеп жүреді.Муз.тоқтауымен балалар тез бір қатарға тұра қалады.


«Пішін қайда жасырынды?»

Мазмұны:геом.пішіндерден тұратын 6 сурет қойылған.Әр балада бір геом.фигурадан бар.Балалар тауып, өз суретінің қасына тоқтайды да, геом.пішіндерді атап, оның пішіндердің қандай түріне жататынын айтады.






«Біреу және көп»

Мақсаты: «Біреу және көп» ұғымын ажырата алуға үйрету.Тәрбиеші балалардан заттардың арасынан бір және көп заттарды табуды өтінеді.М/ы: сағат біреу-ойыншық көп; тақта біреу-парта көп; бір аквариум - көп гүл.











«Зат неге ұқсайды?»

Мақсаты: геом.денелер мен фигуралар туралы білімдерін бекіту;айналадағы геом.пішінін ажырата білу дағдыларын дамыту.

М /ы:Тәрбиеші геом.пішінді немесе геом.денені балаларға көрсетеді,ал балалар оның қоршаған ортадағы затқа ұқсайтындығын табады немесе естеріне түсіреді.












«Фотосуретті тап»

Мақсаты:балаларға геометриялық денелердің жазық бетте бейнеленген суретін таба алуға үйрету; көлемді денелердің жазық фигуралардан айырмашылығын көрсету.

Ойынның мазмұны: тақтада дөңгелек, шаршы және үшбұрыш ілінген.Тәрбиеші шардың фотосу ретін тауып, геом.денені атауды ұсынады.

-шар дөңгелекке ұқсас.Алайда шарды ұшыруға болатындығын, ал дөңгелекпен бұлайша ойнай алмайтындықтарын айтады.Содан кейін балалар текшенің суретін тауып, оның қандай геом. пішінге ұқсайтындығын туралы айтады.Тәрбиеші балалармен бірігіп отырып, текше мен шаршының ұқсастығы мен айырмашылын табады.Текшеде неше шаршы бар екенін санайды.Текшені үстелдің үстіне қоюға болады,ал шаршыны тұрғызып қоюға болмайды.



















«Не өзгерді?»

Мақсаты:көру арқылы ойлау қабілеттерін арттыру.


Мазмұны:тәрбиеші екі жолақты карточканы тақтаға іліп, бірінші жолағына алмұрттың, ал екінші жолағына көп алманың суретін іледі де, балалармен бірге салыстырады.

















«Не өзгерді?»

Мақсаты:көру арқылы ойлау қабілеттерін артыру.


Мазмұны:тәрбиеші екі жолақты карточканы тақтаға іліп, бірінші жолағына алмұрттың, ал екінші жолағына көп алманың суретін іледі де, балалармен бірге салыстырады.




















«Сөйлемді аяқта»

М /ы:-бұта аласа, ағаш ...(биік), піл үлкен, ал тышқан кішкентай. т.с.с.












«Сөйлемді аяқта»

М /ы:-бұта аласа, ағаш ...(биік), піл үлкен, ал тышқан кішкентай. т.с.с.














































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!