400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 21 материал табылды

Мектепке дейінгі балалар бақшасына арналған дидактикалық ойындардың жинақтары

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі балалар бақшасына арналған дидактикалық ойындардың жинақтары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Лебяжі ауданы Аққу ауылы

Мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны

«Айналайын» балабақшасы

















Мектепке дейінгі балалар бақшасына арналған дидактикалық ойындардың жинақтары









Құрастырған тәрбиеші:

Балтабаева М.Н.













Аққу ауылы

Мазмұны


Түсінік хат 3

Әдістемелік нұсқаулықтың мақсаты 4

Әдістемелік нұсқаулықтың міндеттері 4

Күтілетін нәтижесі 4

Дидактикалық ойындардың тәрбиелік мәні. 5

Дидактикалық ойындардың маңызы 6

Лексикалық тақырыптар жоспары 7



Күз 8

Қыркүйек 8-11

Қазан . 12-15

Қараша 16-19



Қыс 20

Желтоқсан 20-23

Қаңтар 24-27

Ақпан 28-31



Көктем 32

Наурыз 32-35

Сәуір 36-39

Мамыр 40-43

Қосымша 44-50

Әдебиеттер тізімі 51













Түсінік хат

Ойын – балалар өмірінде өте зор маңызы бар нәрсе, үлкендердің қайраткерлігі, жұмысы, қызметі қандай маңызды болса, балалардың ойыны да сондай маңызды. Ойында бала қандай болса, өскен кезде жұмыста да көбінесе сондай болады. Сондықтан болашақ қайраткер ең алдымен ойын арқылы тәрбие алады.

А.С.Макаренко



Мектеп жасына дейінгі баланы дамытатын, өсіретін әрі тәрбиелейтін негізгі іс-әрекет-ойын. Ойын арқылы бала өзін қоршаған ортамен, табиғатпен, қоғамдық құбылыстармен, адамдардың еңбегімен, қарым-қатынастарымен танысады. Халқымыз ойындарды тек балаларды ойландыру көңілін көтеру әдісі деп қарамай, жас ерекшеліктеріне сай олардың көзқарастарын, мінез-құлқын қалыптастыру құралы деп ерекше бағалаған. Бала жүгіріп, секіріп, күліп жүріп ойын ойнайды, сол арқылы оның ой, тіл қабілеті, қиялы, дене бітімі шындалады. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев «Ойын ойнап, ән салмай өсер бала болар ма?» деп тегін айтпаған. Ойын арқылы бала бір- бірімен қатынас жасап ортамен танысады.

Бұл «Дидактикалық ойындар» әдістемелік нұсқаулық балаларды ойната отырып ойландырып олардың ой- танымдылығын арттырып, сөздік қорларын молайтып, өзі қатарластары және үлкендермен қарым-қатынаста өзін-өзі ұстай білу әлеуетін дамыту болып табылады. Ұсынылып отырған нұсқаулық баланың сабақты бекіту, сабақта меңгерген материал туралы түсінігін кеңейту және шығармашылықтарын дамытады. «Ойындар қоржыны» әдістемелік нұсқаулықтың ойындары балалардың логикалық-өрісінің қалыптасуымен, дамуын мақсат етіп қана қоймайды сонымен қатар, салауатты өмірге және еңбекке деген құлшыныстарын арттыра түседі.

Ұсылынып отырған нұсқаулықтың мақсатына сәйкес, ойынның шарты нақты көрсетілген. Бұл ойындарды оқу–тәрбие процесін ұйымдастрыуда және күннің барлық тәртібінде пайдалануға болады. Сондай-ақ балалардың адамгершілік сезімін оятуға, балаларды ұйымшылдыққа үйретіп, достық, туған жеріне сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеуге көңіл бөлінеді.

Әдістемелік дидактикалық ойындар жинақтары 36 лексикалық тақырыппен қамтылған. Тақырыптар бойынша апталықтарға бөлінген, 4-5 жастағы балаларға арналған, жылдық сағат жүктемесі 36 сағатқа есептелген.













Әдістемелік нұсқаулықтың мақсаты


Баланың тілін дамыту мақсатында ауызекі сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу, байланыстырып сөйлеуді дамыту мен сөздік қорын, баланың ой-танымын дамытып, артыратын ойынның бірі ол дидактикалық дамытушылық ойындар болып табылады. Қоршаған орта туралы түсініктерін кеңейтеді, балаларды ойнай білуге баулып, ақыл-ой қызметін қалыптастырады, әрі адамгершілікке тәрбиелейді.

Балаларды ойната отырып ойландырып, танымдылық қабілеттерін арттырып логикалық ой- өрісін кеңейтіп, сабаққа деген ынталарын арттырып, шығармашылыққа тәрбиелейді..


Әдістемелік нұсқаулықтың міндеті


  1. Балалардың ойынға деген қызығушылықтарын арттыру, шығармашылыққа баулу және ойындарды ойнау іскерліктерін дамыту.

  2. Балалардың достық қарым-қатынаста ұжымдасып ойын ойнату арқылы ойын барысында өзін-өзі ұстай білу қабілеттерін қалыптастыру.

  3. Ойындарды тиімді пайдаланып күн тәртібінің ұйымдастырылуын тартымды әрі белсенділігін арттыра түсу.

  4. Ойната отырып, еңбекке баулу, яғни ойыннан кейін ойыншықтарды жинауға дағдыландыру.



Күтілетін нәтиже:

Біледі: Ойынның үлкен басты рөліне ережелеріне сүйене біледі.

Игереді: Ойын шарты мен ережелер ойынында не істеу керектігін, қалай істеу керектігін, мақсатқа жетудің жолдарын игереді.

Меңгереді: Көңіл аударғыштығы, байқағыштығы.





















Дидактикалық ойындардың тәрбиелік мәні.



Ойынның түрлері көп, соның ішіңде маңыздысы- дидактикалық ойын. Бұл ойынның пайдасы баланың ой-өрісінің қалыптасуын, дамуын мақсат етіп қояды. Дидактикалық ойындарды педагогикалық процестерге қосқанда тәрбиеші солардың ішінен балаларға ыңғайлы ойындарды таңдап алады, олар бүлдіршіндерді ақыл-ой тәрбиесіне, адамгершілікке, эстетикалық сезімге тәрбиелейді. Дидактикалық ойындарды бала тәрбиесіне енгізу үшін тәрбиешілер көптеген жұмыстарды атқарады, балалар ойындарды қалай қабылдайтынына назар аударады. Бұл дидактикалық ойындар жан-жақты қамтылған әртүрлі мағынадағы мақсатқа бағытталған.

Балабақшаға жаңа келген бөбектер үйренгенше өздерін әртүрлі ұстайды. Мектеп жасына дейінгі баланы дамытатын, өсіретін әрі тәрбиелейтін де негізгі іс-әрекет-ойын.

Ойын арқылы бала өзін қоршаған ортамен, табиғатпен, қоғамдық құбылыстармен, адамдардың еңбегімен, қарым-қатынастарымен танысады.Жас бүлдіршіндерге сабақтарды ойын ретінде көркем құралдар арқылы, сабақтан тыс уақытта, серуенде өткізеді. Тәрбиешілер бала бойына ойындарды қызықты да, әсерлі сіңіру арқылы ақыл-ой өрістерін дамытуды мақсат етеді. Сондай-ақ бүлдіршіндердің адамгершілік сезімін оятуға, адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасау, еңбек адамдарына, басқа ұлт өкілдеріне, достық, туған жеріне сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеуге көңіл бөлінеді.

Балалар алдарына қойылған дидактикалық тапсырмаларды өз беттерінше орындау үшін тәрбиеші көркем әдебиет оқып беру, суреттер дайындау, декоративтік заттар тағайындау арқылы алдын ала жұмыс жүргізуі керек.

Дидактикалық ойын формасы кішкене балаларға мейлінше тән оқыту формасы болып табылады. Ойын өлең мен қимылды ұштастыру негізінде жүргізіледі. Мысалы: “Сиқырлы қақпақтың сырын ашайық” деген ойында ересек топтарда тәрбиеші балаларды зат туралы айта білуге үйрету, олардың жүйелі сөйлеу қабілетін дамыту міндетін алға қояды. Ойын міндеті-қақпақтың астында не бар екенін білу.

Дидактикалық ойынның нәтижесі қандай жолмен болса да өту емес, балалардың білімді игеру, ақыл – ой қызметін дамытуда, өзара қарым-қатынас жасауда жеткен жетістіктерінің көрсеткіші.Дидактикалық ойындарда да балалардың алдына қандай да бір міндеттер қойылады, оларды шешу үшін назарды жұмылдыру, ерікті зейін қою, ережені ой елегінен өткізе білу т.б. Олар балалардың түйсіну және қабылдау қабілетін дамытуға, ұғымдарын қалыптастыруға, білімді меңгеруіне көмектеседі. Дидактикалық ойындар айналамен табиғатпен таныстыру сабағында жиі қолданылады.









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
7 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
433
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі