Мектепке дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеу

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мектепке дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеу

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеу жолдары, әдістемелері толық әрі түсінікті жазылған
Материалдың қысқаша нұсқасы

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУ


Оқытушы Зиябек Жібек Бағланқызы


Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа – адамгершілік рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен бастау керек.Қазақ халқының рухани-адамгершілік тәрбиесінің басқа халықтарға ұқсамайтын өзіне тән мән-мазмұны, ерекшеліктері бар. Ұлағатты ата-бабаларымыз ғасырлар бойы ұрпағын бар жақсы қасиеттерге баулып, оның әдепті, ар-ұятты, мейірімді, адамгершілігі мол болуын тілеп отырған. Рухани байлығымыз ұлтымыздың әдет-салты, мәдениеті, әдебиеті, өнері, тарихында жатыр. Адамгершілік-рухани тәрбие мәселесі қазақ ағартушыларының шығармашылығында терең орын алған. Адам тіршілігінің саналылығының белгісі – оның өзгелерге деген адамгершілік қарым-қатынасы.

Адамгершілік дегеніміз – адамдардың гуманизм принциптерін бейнелейтін моральдық қасиет. Ол адалдық, шыншылдық, әдептілік, жанашырлық пен сенім сияқты қасиеттерді қамтиды.«Адам ата-анадан туғанда есті болмайды, естіп көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді, тәрбиелі болады», деп, Абай айтқандай, оқу процесі кезінде адамгершілікке тәрбиелеу мақсаты әр уақытта күні бүгінге дейін күн тәртібінен түскен емес. Сол адамгершілік тәрбиені беруде мұғалім бала жанының бағбаны болса, сол адамгершіліктің дәнін қалай сеуіп, одан қандай өнім алып келеміз?

Егер мұғалім өзін адамгершілік тәрбие беру арқылы адам қалыптастыру міндетін өз дәрижесінде атқарып келе жатса, қоғамдағы жат қылықтар қайдан шығып жатыр? деген сауал туындауы мүмкін. Мысалы, оқушы мектепке келген кезінде тіл алғыш, жүрегі таза, сезімі пәк болып, өссе не жоғарғы буынға келгенде өзгеріп сала береді. Сол кезде мына бала қандай еді, қалай өзгеріп кетті, мынадай жаман әдеттерді қайдан үйреніп ала қойды, неге озбырлық жасауға бейім болып алды деген сұрақтар мазалайды. Әрине, оның себептерін жан-жақты іздеуге болады. Қазіргі таңда баланың рухани-адамгершілік тағылымына кері әсер етуші факторлар: соғыс ойындары, жат қылықты жариялайтын фильмдер, бейнетаспалар және компьютерлік ойындар мен ұялы телефондар бар. Сонымен бірге бала тәрбиесіне ата-анасы мен жүрген ортасына мұғалімнің де қатысы бар. Баланың қалыптасуына ықпал етіп, дамуына үлес қосатын мұғалімнің есте ұстар жағдайлары аз емес. Солардың ішінде ең негізгісі – балаға деген жүрек жылуы. Ол қашан да қажет және ешқашан артық болмайды.

Қазіргі жағдайда тәрбиенің жалпы негізі адамгершілік құндылықтар болуы керек. Адамгершілік құндылықтар үлкен мен кішінің арасындағы шынайы қарым-қатынас кезінде бала бойына дариды. Ал мұғалімнің басты мақсаты – өзіндік адамгершілік құныдылықтарын оқушы бойына дарыта отырып, оның жүрек түкпіріндегі рухани қазынасын жарыққа шығару, әрбір баланы жеке тұлға ретінде жетілдіру үшін оның бойындағы бар құндылықтарды дамыту. Мектептегі, сабақтан тыс уақыттағы біздің ісімізді жалғастыратын жеке тұлға болып табылатын оқушыларды адамгершілікке, гуманистік жүйеге тоғыстыру. Мектеп қабырғасында жақсы тәрбиеленген, саналы білім алған шәкірт өмірде өз орнын табады. Ол үшін ең әуелі ұрпағымызды бала кезінен-ақ ұлттық тәлім-тәрбиеге, адамгершілік әдетке, рухани мәдениетке баулу керек. Сонда жас ұрпақ елі үшін елең қағар азамат, имандылық қасиеттерді жақсы білетін азамат болып қалыптасады.

Тәрбие үдерісі ұзақ уақытты қамтиды. Қазіргі кезде ата –ана көп жағдайда бала тәрбиесін мектепке, мұғалімге артып қойған. Ендеше тұлғаның адамгершілік қасиеттерін дамытуда мұғалім маңызды фактор болып табылады. Мұғалімнің тәрбие үдерісіндегі алатын орны бүкіл тәрбие ісін өз қолына алуында емес, тәрбиелеуде елеулі жетістіктерге жетуде оның ұйымдастырушылық, бағыттаушылық күшінде және шығармашылығында. Осыған орай әрбір тәрбиелік іс-шараларды өткізуде ата – бабаларымыздың тәрбиелік мәні бар, рухани-адамгершілік ойларымен, даналық сөздерінің мән-мағынасын терең түсіндіруге ықпал жасаймын. Мысалы: балаларды адамгершілікке тәрбиелеуде ұлттық педагогика қашанда халық тәрбиесін үлгі ұстайды. Ата-бабаларымыз баланы бесігінен жақсы әдеттерге баулығын. «Үлкенді сыйла», «Сәлем бер, жолын кесіп өтпе» деген ұлағатты сөздердің мәні өте зор. Баланы үлкенді сыйлау, кішіге ізет көрсетуге, иманды болуға, адамгершілікке баулу адамгершілік тәрбиесінің жемісі. Ал, адамгершілікке тәрбиелеудің бірден – бір жолы осы іске көзін жеткізу, сенімін арттыру. Осы қасиеттерді балаға жасынан бойына сіңіре білсек, адамгершілік қасиеттердің берік ірге тасын қалағанымыз. Адамгершілік – адамның рухани арқауы. Өйткені адам баласы қоғамда өзінің жақсы адамгерішілік қасиетімен, адамдығымен, қайырымдылығымен ардақталады.

Баланың жасын, жеке ерекшелігін, психикалық үдерістерін ескере отырып, жетілген ұрпақ тәрбиелеу үшін мынадай міндеттерді орындауымыз керек:

- еңбексүйгіштікке, еңбекті қажетсінуге баулы, күнделікті өмірін мәнді ұйымдастыру, тұрмыстағы, үй шаруашылығындағы еңбекке құлшынысын арттыру. Өзіне-өзі қызмет ету дағдыларына үйрету;

- отбасы мүшелерімен өзара дұрыс қарым-қатынасын, тіл табысып, түсінісуін, бірін-бірі тыңдап, ата-ананы, туыстарын, жасы үлкендерді сыйлап, құрмет тұтуға үйрету.

Бала тәрбиесіндегі негізгі де маңызды роль ата-аналарда. Ата-ана отбасында өздерінің күнделікті жұмысы, тындырған ісі туралы бала – шағасының алдында айтып, әңгіме – дүкен құрады. Бірте-бірте балалары да өз жаңалықтарын ортаға салып, айта бастайды. Осылайша жанұя мүшелерімен сенімі, сүйіспеншілігі, достық қатынастары нығая түседі. «Жанұяға қарап бала өседі, қарағайға қарап тал өседі» деп тегін айтылмаған болса керек. Ата-ана баламен тілдесуде, пікірлесуде бейпіл, бейауыз сөздерді қолданбай, дөрекілікпен жеке басын қоғамай, мейірімді, табиғи, жылы, ақылды сөздер айтып өнеге бола білсе, тәрбиеде табысқа жетеді. Өйткені «Жақсы сөз жан семіртеді». Кейбір ата-аналар өте қатал, айтқанын орындатады. Мұндайда бала қорыққанынан уақытша тыңдайды. Бірақ ата-анасының уысынан шыққаннан соң, өзін-өзі ұстай алмайтын жағдайға жетуі мүмкін. Сондықтан мұғалім ата-ана ескермеген тәрбиенің тиімді сәттерін пайдалану қажет. Мұғалім оқушыға материалдық жағдай жасамағанмен, оның өміріне азық болар ең қымбат асыл қасиеттер – адамгершілік құндылықтармен қамтамасыз етеді. Әрбір оқушының жеке басын тәрбиелеудің стратегиясын білу үшін тек оның күшті және әлсіз жақтарын біліп қоймай, сонымен қатар оның оқитын, тұратын, қарым-қатынас жасайтын жағдайларын білуіміз керек. Ол үшін олардың ата-аналарымен тығыз байланыста болу қажет.Адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіріп жетілген тұлғаның бойындағы әдептілік сипаттар мынадай болуы тиіс:

- өзгелердің мүддесін өз мүддесінен жоғары қойып, кеңпейіл болу, тәкаппарлыққа жол бермеу;

- достарының, отбасының сенімін анықтау;

- жанашырлық таныту – өзгелердің мұң-мұқтажыдығына ортақтаса білу, оларға көмек көрсету;

- кешірімді болу – ренішке, өшпенділікке жол бермеу, ол үшін кек алудан аулақ болу;

- рақымды, мейірімді болу, адамның көңіл-күйін алдын-ала сезе білу;

- жауапкершілік таныту – адал болу, жалғандық пен алдап-арбаудан аулақ болу;

- өзін-өзі қалыпта ұстай білу – өз ойын, сезімін, тілегін, іс-қылықтарын ұстай білу;

- ұқыптылық – қандай іс атқарса да ұқыптылық таныту, еңбек ете білу.

Адамгершілік тақырыбы – мәңгілік. Ол ешқашан ескірмек емес. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіруі ата-ана мен ұстаздардың басты міндеті. Адамгершілік әр адамға тән асыл қасиеттер. Адамгершіліктің қайнар бұлағы – халқында, отбасында, олардың өнерлерінде, әдет-ғұрпында. Әр адам адамгершілікті күнделікті тұрмыс-тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан бойына сіңірді.


Рухани-адамгершілік тәрбиесі өзіндік сананы дамытуға жағдай жасауды, жеке тұлғаның әдеп ұстанымын, оның қоғам өмірінің нормалары мен дәстүрлерімен келістірілетін моральдік қасиеттерін және бағдарларын қалыптастыруды болжайды. Рухани-адамгершілік құндылықтармен білім жүйесін дамытып қалыптастыру жаңа қоғамның дамуындағы мәні зор, маңызды бағыт. Оқушыларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеу, болашағына жол сілтеу – бүгінгі қажетті, кезек күттірмес мәселе. Рухани-адамгершілікке тәрбиелеу білім берумен ғана шектелмейді. Баланың сезіміне әсер ету арқылы ішкі жан дүниесін ояту нәтижесінде оның рухани-адамгершілік қасиеттері қалыптасады.



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


1. Абайдың психологиялық-педагогикалық көзқарасы және қазіргі ауыл мектебі. Қ. Тәлімұлы.

2. Ұлағат. Г. Шатапова, Д. Серікбаева.

3. Әдептілік қағидалар. Н. Шакузадаұлы, Ж. Ерғалиева.

4. Педагогика. М. Жұмабаев.

5. Қазақ тәлім-тәрбиесі. Қ. Жарықбаев, С. Қалиев. Алматы 1995 жыл

6. Үдербаева Б. Әдеп-ғұрып сабағы. Қазақстан мектебі. 2010. 9,10.51-52 бет.

7. Тайжанов А. Халық педагогикамен ұлттық тәрбие. А., Ақиқат. 2011ж. №8.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.06.2025
162
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі